Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан Мақсаты



Дата26.06.2018
өлшемі45,88 Kb.
түріСабақ
Астана қаласы

№49 орта мектептің

тарих пәні мұғалімі

Мақұлбаева Фарида Жалалқызы



Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімін қола дәуірінің сипаты және Андрон мәдениеті мен Беғазы- Дәндібай мәдениетімен ұштастыра отырып қорытындылау.

Дамытушылық: Оқушылардың топтық жұмыс шығармашылығы арқылы ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Ұрпақ санасына ұлағатты ой ұялату.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ізгілікке, тәрбиелеу, елжандылық сезімге баулу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, сұрақтар жазылған тапсырмалар , сұлбалар мен кестелер.



Әдісі: Топтық жұмыс

Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы

Сабақты жүргізу барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі / сабақтың мақсатымен таңыстыру/. (2 мин )

II. 1.Оқушылар екі топқа бөлінеді

2. топтағы оқушылардың әрбір дұрыс жауабына аң суреттерін беріп отыру

3. Соңында топтың жұмысын талқылау, нысанаға дәл тигізіп, аң суретін көп жинаған топты бағалау.



I топ «Андрон мәдениеті»

II топ «Беғазы – Дәндібай мәдениеті»

III. Екі топқа тапсырмалар беру (оқушыларға дайын сызбалар беріледі)



(3 мин )

I топ 1.Қола қалай пайда болды?

2.Қоланың кезеңін жаз?

3.Қоланың үш түрлі ерекшелігін жаз?

II топ 1.Қола қалай пайда болды?

2.Қоланың кезеңін жаз?

3.Қоланың үш түрлі ерекшелігін жаз?
Қола қалай пайда болды ?

______________________________________________________________


Қола дәуірінің кезеңін жаз ?

_______________________________________________________________

Қоланың үш түрлі ерекшелігін жаз ?
1.________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________

IV. Топтастыру әдісі (оқушыларға топтастыруға арналған тапсырмалар беріледі)



(5 мин )

I топ «Андрон мәдениеті»

II топ «Беғазы –Дәндібай мәдениеті»


Андрон мәдениеті

Беғазы-Дәндібай

мәдениеті

IV. Сыныптағы үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жасау.

Сөйлемде қалып қойған сөздерді жазып толықтыр?

Андрондықтар дене құрылысы жағынан ................ ұқсаған. Археологтар алғашқы олжаларын Оңтүстік Сібірдегі ............. ауылының маңынан тапқан. Ғалымдар Ресей мен Қазақстанның шекарасында қазіргі қалалардың негізін қалаушы .............қаласына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп отыр. Орталық Қазақстан аумағынан ........ қоныс пен ........... оба зерттелді. .................мәдениетінің ескерткіштері ........... мен ........... өзендерінің аралығындағы аймақтардан табылды.



Кілт сөздер: Андроново, Жайық, еуропейдтерге, 150, Арқайым, 30, Енисей, Андрон.
V. Екі топтың топ басшыларына сұрақтар қою арқылы тапсырмалар беру. Оқушылар сұрақты өзара топта талқылайды. Бір оқушы шығып қорғайды.(10 мин )

I топ «Андронов мәдениеті» тобына

1. Жезқазған қаласында 1- млн тоннадай мыс кенін өндірген кім ?

(Қ.И.Сәтпаев)

2. Қ.И.Сәтпаев туралы қысқаша мәлімет беру.



II топ «Беғазы –Дәндібай мәдениеті» тобына

1. Беғазы – Дәндібай мәдениетін зерттеген кім ? (Ә.Марғұлан )

2. Ә.Марғұлан туралы қысқаша мәлімет беру.

Ой сергіту. (оқушыларға төмендегідей дайын парақтар беру,бір-екі оқушының жауабын оқыту)

Есім_________________

Кіммен _________________

Қашан __________________

Қайда __________________

Не істеді ____________________

Мен көрдім де былай дедім?_____________________
VI. Екі топқа ауызша сұрақтар беру. (5 мин )

Сұлбалар мен кестелер (электронды оқулықпен жұмыс жасау, сұрақтың дұрыстығын сызбадан тексеру.)

13 Қола дәуірінің кезеңдері қалай аталады және оның ескерткіштерін атаңыз?

14 Қола дәуірінің үш ерекшелігін ата?

15 Қола дәуірінің тайпалары неге табынды?

16 Аталық рудың қалыптасу себептерін ата?

VII. Электронды оқулықпен жұмыс (10 мин )



Тапсырмалар:

  1. 5 Суреттегі тұрғын үйлер қай кезеңдерге жатады? Осының ішінде кейінгі қола дәуіріне жататын тұрғын үйді тап ?

  2. 6 Суретте қай тайпалардың жауынгерлері бейнеленген? Соның ішінде Андронов жауынгерін табамыз ?

  3. 7 Антропологиялық өзгерістер туралы кесте толтырыңдар? Сипаттама бер?

  4. 8 Керамикалық (қыш) ыдыстардың ішінде Андронов мәдениетіне жататын ыдысты тап?

  5. 11 Андрон мәдениеті жайлы алаған білімдеріңе сүйене отырып, кестені толтыр? (компьютерге жазып, шығару)

  6. 13 Бақташылық негізін малдың қандай түрлері құрады? (5- түрін табамыз)

  7. 14 Төмендегі ыдыс –аяқтың суреттері. Көшпенділер бұл ыдыс-аяқтардың қай түрін пайдаланған? (4- түрін табамыз)

Ежелгі адамдардың өмірі: (тапсырмалар)

  1. 17 Мына суретте андрондық жауынгерлер бейнеленген.Андрондықтардың әскери күш қуаты неде деп ойлайсыңдар ? (компьютерге жазып, шығару)

  2. 18 Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың нәсілі қандай болды? (компьютерге жазып, шығару)

VIII. Тақтамен жұмыс. (5 мин )

Андрон мәдениеті мен Беғазы –Дәндібай мәдениетін салыстыру.

  1. Неге Андрон мәдениеті деп аталды?

  2. Алғаш зерттеген кім?

  3. Ескерткіштері?

  4. Жерлеу әдістері?

  5. Неге Беғазы – Дәндібай мәдениеті деп аталды?

  6. Алғаш зерттеген кім?

  7. Ескерткіштері?

  8. Жерлеу әдістері?

IX. Топтардың жұмыстарын бағалау, жинаған аң суреттерін есептеп айту, оқушылардың бағасын журналға қою. (5 мин )

Мақұлбаева Фарида Жалалқызы №49 орта мектеп Астана қаласы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет