Сабақтың тақырыбы: Өмірі әнмен өрілген. Ш.Қалдаяқов Сабақтың мақсаты



Дата03.07.2018
өлшемі7,77 Mb.
#46220
түріСабақ


Уаресов Ерлан Сансызбайұлы,

ауданы Казталов балалар саз мектебінің баян сыныбының мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы Казталов
Сабақтың тақырыбы: Өмірі әнмен өрілген. Ш.Қалдаяқов

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ақын-композитордың кім екендігін, оның өлеңдерінің тақырыбын, тарихын аша отырып, өмір жолына ,музыкалық мұраларына тоқталу.

Дамытушылығы: Қосымша деректерді пайдалану, танымдық, шығармашылық ізденіске жетелеу, өз ойларын еркін айтуға және музыкалық мәдениеттілікке бағыттау.

Тәрбиелік мәні: Ұлтжандылыққа, батылдыққа, туған елін, жерін сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ (Музыка және қазақ әдебиеті сабағы )

Сабақ әдісі: СТО стратегиялары . Джигсо .Автор орындығы. Бірін – бірі бағалау.

Көрнекілігі: Видио , DVD, магнитафон таспалары, ән тексті, Ақын-композитордың портреті, тақырыпқа арналған слайдтар. т.б.

Пәнаралық байланысы: Әдебиет ,шешендік өнер т.б .

Сабақтың жүру барысы :

І. Қызығушылығын ояту.

  1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.

  2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру..

Әнмен сәлемдесу :

Саусақ жаттықтыру:

Үй тапсырмасы.

Бүгінгі сабағымызда 4 класс оқушысы Бақытжан Сұлтан. Баянның оң жақ және сол жақ клавиатурасының саусақтарын жаттықтыру. Гамма до-мажор 1, 2 арпеджио-до мажор сындырылған.

Гамма соль-мажор 1, 2 арпеджио-соль мажор

Гамма фа-мажор 1, 2 арпеджио фа-мажор. Роман

Гамма фа-мажор 1, 2 арпеджио фа-мажор. Роман

Гамма ля-минор, ми -минор, ре- минор, натуральный гармон мелодический Хроматикалық гамма 1,2,3,2,3,4-ші саусақтар шынықтыру мақсатында қайталау жаттығулары.




ІІ.Ой шақыру.

Үй жұмысын тексеру «Мен саған, сен маған» ойыны.



Мұғалім: Оқушыға өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтарын қойылады.

  1. Чайковский туралы не білеміз?

П.И.Чайковский 1840 жылы дүниеге келді, орыс композиторы. 1850-1859 ж Петербургта музыка класында оқыған 1862 жылы концерваторияны қызыл дипломға үздік бітірген. 1893 жылы доктор атағына ие болды. Чайковский атымен Москва, Киев қаласындағы концерваториясы, Перьмдегі опера балет театры осы Чайковский аты берілген.

  1. Құрманғазы туралы не білеміз?

Құрманғазы күйлері музыка әлеміне, ұлттық күй тыңдармандарына жақсы таныс, белгілі тұлға. Ол Батыс Қазақстан облысында туып өскен. Шығармаларды нотасыз-ақ орындайтын халық домбырашыларын тыңдап, мөлдір бұлақтан сусындап өскен жан. Құрманғазының күйлері «Балбырауын», «Адай», «Ақ желең», «Қызыл қайын», «Алатау», «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Қуаныш» т.б.

ІІ Жаңа сабақ ЖИГСО стратегиясы. (10 минут)


Оқушыға алдын ала мәтін беріледі, оқушы түсінгенін постерге салып қорғайды.

Ой- қозғау сұрақтары:

  • Еліміздің ән ұраны қашан қабылданды? 2006 жылы 11 қаңтар

  • Әнұранның авторлары кімдер? Н.Назарбаев; Ш.Қалдаяқов; Ж.Нәжмеденов

  • Өте дұрыс. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Өмірі әнмен өрілген» тақырыпта атақты сазгер Ш.Қалдаяқов туралы болмақ.

  • Қазақстанның халық әртісі Ш.Қалдаяқов 1930жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстанда Шәуілдір деген ауылда дүниеге келген. 1951-1954 жылдары Қиыр Шығыста әскери міндетін атқарған. 1955 жылы Ташкенттегі музыкалық училищенің музыка теориясы факультетіне қабылданады. 1956-1962 жылдары Алматыдағы мемлекеттік концерваториясының композиция факультетіне оқыды. 1950 жылдан бастап шығармашылық қызметпен айналысты.

Ақын -композитордың шығармашылық бағыты.

Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы, қабылданып жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік Шәмші шығармаларының басты тақырыбы.


Шәмшінің әндері.

Шәмші шебер композитор болған. Оның азаматтық лирикаға тұнған республиканың кең байтақ жерін жырға қосатын «Ақ ерке Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Отан», «Теріскей», «Мойын құмда», «Менің Қазақстаным», «Бақыт құшағында» т.б. әндерін Р.Бағланова, Б.Төлегенова және көптеген әншілердің репертуарынан берік орын алады.

Ш.Қалдаяқов Қазақстан Республикасының жастар сыйлығының иегері, 1992 жылдан бастап сазгерлермен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіп тұрады.


Сазгер Дарынды Өнерлі

Ш.Қалдаяқов


Әнші Сөнбес жұлдыз Вальс королі

Жаңа ән үйрену.

-Бүгінгі әніміз сазгер Ш.Қалдаяқовтың әніне жазылған «Арыс жағасында» әнін үйренеміз. (Алдымен әнді өзім көрсетіп орындаймын, сонан соң бірге орындаймыз)


ІҮ.Толғаныс. Автор орындығы стратегиясы

  1. Ш. Қалдаяқов туралы не білеміз?

  2. Шәмшінің қандай әндерін білесің?

  3. Шәмшінің әніне жазылған еліміздің Әнұраны қашан қабылданды?


Үйге тапсырма : Ш.Қалдаяқовтың әніне жазылған «Арыс жағасында» әнді жаттау .

Бағалау : Бірін – бірі бағалау бетшесі .


Оқушы аты-жөні.

Үй тапсыр-маларына қатынасуы

Үйге берілген әнді орындауы.

Жаңа сабақты меңгеруі.

Жаңа ән үйрену

Тыңдалған музыканы талдауы

Сұраққа жауап





































































































Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет