Сабақтың тақырыбы: Организімнің жеке дамуы. Білімділік



бет1/6
Дата29.03.2017
өлшемі3,68 Mb.
#12585
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Айкенова Айжан Сериккановна, «Көкжайық орта мектебі» КММ, ШҚО. Көкпекті ауданы, биология пәнінің мұғалімі
Биология пәнінен 9-сынып бағдарламасы бойынша құрылған қосарланған сабақ

Сабақтың тақырыбы: Организімнің жеке дамуы.



Білімділік: Оқушыларды организмнің жеке дамуы кезінде болатын биологиялық ерекшеліктерін еске түсіру

Дамытушылық: Организмнің даму кезіндегі бөлшектену, гаструляция, органогенез, постэмбрионды даму кезеңдегі ерекшеліктерді сипаттай білу.

Тәрбиелік: Оқушылардың тірі организмдер туралы дүниетанымын артыру.

Сабақтың түрі: қосарланған сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, еске түсіру, тірек-сызбамен жұмыс, есептер шығару

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сызба-нұсқа,трек-сызба

Жүргізілетін жұмыстың жоспары:

1. Тест тапсырмаларын алу (7-10 минут)

2. Тест тапсырмаларын өзара тексеру (5-7 минут)

3. Дәріс №1 (20 минут)

4. Дәріс №2 бекіту (10 МИНУТ)

5. Дәріс №3 Қорытындылау (7-10 минут)

6. Өзіндік жұмыс (15 минут)

7.Практикалық бөлім тапсырмаларымен жұмыс (7-10 минут)

8.Кері байланыс (15-20 минут)

9. Қорытынды бағалау (5 минут)



I сабақ теориялық бөлім

Тест тапсырмалары

1.Секреция бездері нешеге бөлінеді?



3

2.Экстрипация деген не?

Безді толық не жартылай алып тастау

3.Адамда эндокриндік бездердің барлық салмағы қанша грамм№



100

4.Қалқанша безінің қызметі бұзылып, йод жетіспегенде пайда болатын ауру.



Микседема

5.Гормон дегеніміз не?



Биологиялық белсенді химиялық заттар

6.Гуморальдық реттелу қалай жүзеге асады?



Гормондар арқылы

7.Балалық кезде қалқанша безінің төмендеуі салдарынан пайда болатын ауруды ата?



кретинизм

8.Акромегалия қандай жағдайда пайда болады?



Өсу гармоны артық бөлінген жағдайда

9.Гипофиздің салмағы қанша грамм?



0,5-0,6 грамм

10.Гиперфункцияны қалай түсінесін?



Гормонның мөлшерден артық бөлінуі

11.Қалқанша безінің гормонын ата:



тироксин

12.Ішкі секреция бездерін ата?



Гипофиз, қалқанша безі, бүйрекүсті безі

13.Қалқанша безінің қызметінің шамадан тыс болуы неге әкеп соқтырады?



Бақшаңкөз немесе базедов ауруына

14.Гипофиздің артқы бөлігінің гормоны нені реттейді?



Артериялық қысымды, бүйректің қызметін

15.Гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормоны нені реттейді?



Өсу гормонын, жыныс гормонын
Организмдердің жеке дамуы

Дәріс №1 (20 минут)



Онтогенез-зиготадан бастап тіршілігін тоқтатқанға дейінгі кезең.

Жануарларда онтогенез 1. эмбрионалды – зиготадан бастап дүниеге келгенше 2. Постэмбрионалды - дүниеге келгеннен бастап, тіршілігін тоқтатқанша. ұрықтанған соң зигота митоз жолымен бөлінеді. Бөлшектену кезеңі көп клеткалы бластуланың түзілуімен аяқталады. Оның іші сұйыққа толы қуыс болады. Оны І реттік қуыс деп атайды.



Гаструляция - кезінде ұрық жапырақшалары пайда болады.

Экто және энтодерма, мезодерма пайда болады. Клетка өспейді, жіктеледі ұлпалар пайда болады. Лимфоцит-антидене. Бұлшықет-миозин



ЭКТОДЕРМА

ЭНТОДЕРМА

МЕЗОДЕРМА

Тері эпидермисі

өңештің,асқазанның

және ішектің эпителийі



Бірыңғай салалы бұлшық ет, қаңқа,жүрек бұлшық еттері

Тырақ пен түктер

Кеңірдек, бронхылар және өкпе эпителийлері

дерма


Тері бездері

бауыр

Дәнекер ұлпасы, сүйекпен шеміршектер

Жүйке жүйесі, ми, жұлын, жүйке түйіндері,жүйкелер

Ұйқы безі



Тіс дентині

Сезім мүшелерінің рецептор клеткалары

өт қабының эпителийі

Қан және қан тамырлары

Көз бұршағы

Қалқанша, қалқанша маңы бездері және жемсау безі

шажырқай

Ауыз қуысы мұрын қуысы

Қуық эпителийі

Бүйректер

Тіс кіреукесі

Зәр шығару өзегінің эпителийі

Тұқым және жұмыртқа


Дәріс №2 Бекіту

Жұптық жұмыс.

Бір-біріне түсіндіру жұмыстары

1.Жеке даму

2.Жеке даму кезеңдері

3.Бластула, гаструла, нейрула, органогенез сатылар



Дәріс №3 Қорытындылау

Жекелей, лездемелік сұрақтар қою арқылы қорытындылау.



Өзіндік жұмыс. Кітаппен жұмыс, түсінбеген жерлерін түртіп алу, жаңа термин сөздерді жазу. Қаайталап оқу, өткенді еске түсіру. (15 минут)
II сабақ практикалық бөлім

Практикалық бөлім тапсырмаларымен жұмыс (7-10 минут)



1 тапсырма

Сәйкестендіру тесті

  1. Зиготадан бастап дүниеге келгенге дейінгі даму

  2. Тері эпидермисі түзілетін қабат

  3. Бөлшектену қай сатыда жүреді?

  4. Бауыр, ұйқы безі түзілетін қабат қалай аталады?

  5. Қан және қан тамырлары түзілетін қабатты ата

  6. Ұрықтанған соң зигота митоз жолымен бөлінетін кезең


Постэмбрионалдық, бластула, эктодерма, эмбрионалдық, мезодерма, энтоднрма
Жауаптары: эмбрионалдық, эктодерма, бластула, энтодерма, мезодерма, постэмбрионалдық


2 тапсырма. Суретпен жұмыс

Бұл суретте дамудың қандай түрі көрсетілген?



Жауабы: Тура даму даму барысында пайда болған организмнің ересектеріне ұқсас болуы.

Бұл суретте дамудың қандай түрі көрсетілген?

Жауабы: Түрленіп даму, дамуы барысында дернәсілдік сатының болуы

№3 тапсырма



Каталог: uploads -> doc -> 0217
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0217 -> Физика пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған
0217 -> «жасыл шырша жанында»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет