Сабақтың тақырыбы: "Орманға саяхат" (сызба арқылы әңгіме құрастыру). Сабақтың мақсаты: "



Дата11.01.2017
өлшемі40,61 Kb.
#7065
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:

“Орманға саяхат” (сызба арқылы әңгіме құрастыру).


Сабақтың мақсаты:

“Жабайы аңдар” тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.



Сабақтын міндеттері:

Білімділігі:

Зат есім, сын есім , етістіктерді сөздерде дұрыс қолдану, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.Жабайы аңдар қайда мекендейді , немен көректенеді екені туралы, балалардың түсініктерін анықтау.Аңдардың балаларын қазақша қалай аталатының,бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру .



Дамытушылығы:

Балалардың сызба арқылы әңгіме құрастыру іскерлігін қалыптастыру .



Тәрбиелігі: Аңдарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Көрнекі құралдар: сызба, карточкалар,түлкінің суреті, “Орман” суреті

Меңгерілетін сөздер: “Тығылыспақ ”
Сабақ барысы:

Амандасу, шеңбер ұйымдастыру.

- Балалар бүгін бізге көп қонақтар келген екен. Қонтақтармен амандасайық!

Қалдарың қалай?

Балалар: “Жақсы” деп бас бармақтарын көрсетеді

Балалар көтеріңкі күйде, қимыл – қозғалыс жасап, бір – біріне сәлем береді.


Ал енді шеңберге тұрып, көніл – күйімізді көтерейік

Армысың, қайырымды Аспан ата!

Армысың, шұғылалы Алтын күн!

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!
Сыйлық кезені

Балалар, біздің балабақшаға хат келді . Кімнен екен?


Жұмбақ жасыру

Өзі қу , жүрген жері шу .

Балалар:- Түлкі

-Түлкі бізді туған күніне шақырады орманға саяхатқа барамыз ба?

-Немен ормаңға барамыз?

Қыр үстінде, қар- қар

Шырша үстінде қар- қар.

Қар жамылған ақ аю,

Ұйықтайды екен, ай- ай

Тыныш -тыныш балақай ,

Шуламаймыз біз бұлай .

-Балалар, мынау не?


Сұрақ- жауап

-Орман қандай ?

-Орманда жазда не өседі?

-Орманда не ұшады?

-Орманда нелер өмір сүреді?

Балалардың жауаптары:

-Мынау орман.

-Орман үлкен,әдемі , аппақ , қалын орман қар жамылған .

-Гүл , шөп , ағаштар, саңырауқұлақ өседі

-Орманда құстар ұшады

-Орманда аңдар өмір сүреді


Дыбыстық жаттығу

-ян -ян -ян – қорқақ қоян.

-ю-ю-ю-маймақ аю

-ыр-ыр-ыр- ұлыиды қасқыр.

-кі-кі-кі-қу түлкі

-пі-пі-пі-тікенек кірпі
-Бүгін түлкінің туған күні екен. Түлкі ормандағы достарына дастархан дайындапты . (тірек сызбаға қарап айту )

-Балалар, ойландаршы түлкі туған күніне қандай аңдарды шақырды?

-Оны қайдан білдіңдер,себебі үстелге не дайындап қойыпты?

-Бұл тағамдарды , қандай аңдар жейді?

Балалардың жауаптары:

Ет,сәбіз,бал, саңырауқұлақ.

-Қасқыр ет жейді.

-Қоян сәбіз жейді .

-Аю бал жейді.

-Кірпі саңырауқұлақ жейді.

-Ал түлкі өзіне балық дайындады.
-Тамақ ішкеннен кейін аңдар “Тығылыспақ” ойнады

-Табындаршы,мынау қандай аңның құйрығы?


-Аңдар қонаққа кеткенде , балалары үйлерінде қалды .

Оларда “Тығылыспақ” ойнады.Аналарына балаларын табуға көмектесейік


Әңгімелету

Мынау көжек екенін қайдан білдің?

-Мынау қонжық екенін қайдан білдің?

Балалар тапсырма орындайды

-Мынау түлкінің құйрығы

- Мынау қасқырдың құйрығы

- Мынау қоянның құйрығы

- Мынау аюдың құлағы

-Кірпі шөптің арасына тығылды
-Аңдар қонақта ән айтты, би биледі ,ойнады. Кәне, біз де ойнайық

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ , сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.


Туған күнде сыйлық сыйлау керек. Аңдарда түлкіге сыйлық әкелді

Дидактикалық ойын ,,Не сыйлады?”

-Қоян доп сыйлады

-Қасқыр ойыншық балапан сыйлады

-Аю машина сыйлады

-Кірпі алма сыйлады


Дидактикалық ойын ,,Не жейді?”
Ал, біз түлкіге не сыйласақ екен?

-Туған күніне арнап жылы сөздер сыйлайық (жылы сөздерден бір шоқ гүл шығады)

-Кімнің ертегісі ұнады ?

-Кімнің ертегісі қызықты болды?

-Кімнің туған күні болды?

-Сабақта не істедіндер ?

-Сабақта не үйрендіндер?

-Сабақ ұнады ма?


Сендерге сабақ ұнаса тиінның себетіне саңырауқұлақ апарып салындар . Ал кімге сабақта бір нәрсе түсініксіз болса сабақ ұнамаса онда-тиінның себетіне жаңғақ салындар
Күтілетін нәтиже :

Білу керек : Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту

Игеру керек : Зат есім, сын есім , етістіктерді қолдана білу

Үйрену керек: Сызба бойынша әңгімелей білуге үйрену
Каталог: uploads -> doc -> 0a23
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a23 -> Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің формуласы Сабақтың мақсаты
0a23 -> Ою – өрнек құрастыру
0a23 -> Жобаның түрі: ақпараттық-шығармашылық. Жобаға қатысушылар
0a23 -> Термометр, шығу тарихы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет