Сабақтың тақырыбы Отбасы аясында Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары Отбасы бастаулары



Дата08.02.2022
өлшемі26,58 Kb.
#130919
түріСабақ
Байланысты:
10 сынып 17 сабак
stud.kz 40864, 9 cынып 16 сабақ, джин, Радио Мадина (копия)


Бөлім

Қоғамдағы өмір

Педагогтың аты – жөні

А. Блискельдинова

Күні

19.01.2022



17

Сабақтың тақырыбы

Отбасы аясында

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Отбасы бастаулары

Құндылығы

Сүйіспеншілік

Қасиеттері

Отбасындағы сүйіспеншілік, жанашырлық, бауырмалдық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға отбасындағы риясыз сүйіспеншілік туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. 

Міндеттері

  1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті



Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй




5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.

«Нұрға бөлену» мәтінін оқу

«Хрустальная грусть» композициясы

  1. Үйге тапсырманы тексеру




«Менің әкем» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:

  1. Автор әкесінің қандай қасиеттері туралы айтады?

  2. Бекхожиндердің отбасын бақытты, өнегелі деп айтуға бола ма? Неліктен?

  3. Аталған отбасының қандай құндылықтары жөнінде білдіңіз?

  4. Қазіргі заманғы отбасы құндылықтары қандай деп санайсыз?

  5. Сіздің ойыңызша, өз отбасының тарихын білу керек пе? Неліктен?

  6. Сіздің ұғымыңызда өнегелі отбасы қандай болуы керек?

Оқулық.
https://okulyk.kz/wp-content/books/596/596.pdf

  1. Сабақтың дәйексөзі

Отбасы – бақыт бастауы.
Халық нақылы

  • - Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?




  1. Оқиға айту (Әңгіме)

Уақытыңды сатып алсам боладыма? Мәтінін оқу


Сұрақтар:

  1. Қалай ойласыздар әкесі тарапынан балаға шын мәнінде не жетпеді?

  2. Әкесі баласына риясыз сүйіспеншілігін жүрегінен беру үшін не істеу керек еді?

  3. Риясыз сүйіспеншілік отбасыдағы әке мен бала қарым-қатынасыныңнегізі бола ма? Неге? Өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріп, дәлелдеңіздер.

  4. Қалай ойлайсыздар, осы әлемдебарлығын не біріктіреді? Өз тәжірибелеріңізден мысалдаркелтіріңіздер.







  1. Шығармашылық жұмыс.

2-тапсырма. Отбасы туралы мақалдарды оқып шығыңыздар. Қазіргі уақытта мақалдардың қайсысы өзекті деп санайсыздар? Жауаптарыңызды нақты мысалмен дәйектеп айтыңыздар.
• «Сіз», «біз» – деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
• Қарындасың – қарлығашың.
• Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
• Ата – баланың қорғаны.
• Ананы сыйламаған,
ел қамын ойламаған.
• Ата – арым, ана – дәрім.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
• Ердің анасы – елдің анасы.
• Бала – бауыр етің.
• Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры.
• Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.






  1. Жобалау қызметі







  1. Топпен ән айту

Ана
Сөзі Жұбан Молдағалиевтікі
Әні Александр Зацепиндікі



Тақтада ән мәтіні көрсетіледі



  1. Үйге тапсырма

«Бала Шоқан» мәтінін оқып келу.

Оқулық

  1. Сабақтың қорытынды сәті.




Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет