Сабақтың тақырыбы: «Робот техникасы курсына кіріспе: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері»



бет15/44
Дата18.11.2019
өлшемі7,21 Mb.
#52014
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
робототехника 11111


Сабақ: №13 Күні:_________ Пәні: Робототехника Мұғалімі:_____________ Тексерілді:__________

Тақырыбы: «Роботтың қолын қозғалту: Орташа Мотордың блогы»




Жалпы мақсаты:

Орташа мотордың көмегі арқылы роботтың қолын жоғары және төмен қозғалтуды үйрету. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, топпен жұмыс істей алуға тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері:

  • Орташа мотор арқылы роботтың қолын қозғалтуды үйренеді;

  • Робот жасау техникасына және технологиясына қызығушылық артады;

  • Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, сыни ойлауға дағдыланады.

Оқыту әдістері:

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 

  • Топтық жұмыс.

  • Диалогтық оқыту

 Қажетті ресурстар

 Интерактивті тақта, компьютер, презентация, стикер, бейнеролик, бағалау парағы


Сабақ барысы:


Сабақ кезеңдері / Блум таксономиясы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті



Бағалау

Ұйымдастыру

- Сәлемдесу

- Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын түгендеу



Оқушылар сәлемдеседі




Психологиялық ахуал

«Жүректен-жүрекке». Мұғалім оқушыларға өз тілегін білдіреді.

Оқушылар бір-біріне тілектерін білдіреді.

Топқа бөлу



- Геометриялық фигуралар арқылы оқушыларды топқа бөледі.

Өздеріне ұнайтын фигураларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Білу

«Ой қозғау»

Орташа мотор туралы интернет желісінен ақпарат іздейді.

Талпынады

Түсіну

Жұптық жұмыс

Оқушылар интернет желісінен алынған ақпарат бойынша өз жұптарына сұрақтар қояды.

Формативті бағалау

Қолдану



Топтық жұмыс

Әр топ мотор ұғымын қалай түсінетіндіктерін постерге жазады.

Формативті бағалау

Талдау

Практикалық тапсырмалар

1-топ. Конструкторлар арқылы робот құрастырады.

2-топ. Роботтың қолын қозғалту бағдарламасын жасайды.



Талпынады


Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш» бейнеролигіне қарап, оқушылар билейді

Жинақтау

Өтілген тақырып бойынша өз білгендерін кестеге түсіреді.

Берілген кестені толтырады

Формативті бағалау

Бағалау

Екі топ бір-бірін бағалайды.

Үйге тапсырма

«Болашақтың роботы қандай болмақ?» тақырыбына эссе жазу.


Рефлексия


(Кері байланыс) 
«Бес саусақ» әдісі. Оқушылар критерийлер арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады: 
- Бас бармақ - неден қиналдыңыз? 
- Балан үйрек - кімге көмектестіңіз? 
- Ортан терек - көңіл күйіңіз? 
- Шылдыр шүмек - не үйрендіңіз? 
- Кішкене бөбек - қандай жетістікке жеттіңіз? 

Сабақ: №14 Күні:_________ Пәні: Робототехника Мұғалімі:_____________ Тексерілді:__________

Сабақ тақырыбы: «Қоқыс тазалағыш робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс

Жалпы мақсаты:

Оқушыларды алынған ақпаратты бар білім негіздерімен

байланыстыруға, салыстыруға, жалпылауға, жинақтауға үйрету.




Күтілетін нәтиже:

Берілген тапсырмаларды шешу үшін оқушылардың топтасып жұмыс жүргізеді..

Оқушының маңызды құнды бағдарларды таңдау кезінде көмек

көрсететін құндылықтар әлеміне енуіне жағдай жасайды.


Негізгі идея:

«Қоқыс тазалағыш робот» жобасымен командалық жұмыс орындауы

Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері туралы түсінік қалыптасады. Сұрақ-жауап, диалог, топпен жұмыс,



Әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау («Ой қозғау», «Мағананы тану», «Суретпен жұмыс», «Топтастыру»,

Сабақ жоспары:



Уақыты




Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

ҚБ

1

Сабақтың басталуы

5 минут






Психологиялық ахуал туғызу

«Шаттық шеңбер».


Топқа бөлу «Мен таптым» ойыны. Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін жылдам санайды. Жеті санын айтатын оқушы «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып «Мен таптым» деп айту керек. Кім жаңылысса, сол оқушы ойыннан шығады.


Кәне, достар, тұрайық.

Шеңберді біз құрайық, Қуанышпен, шаттықпен

Сабақты біз бастайық.




2

Сабақтың ортасы
10 минут



Бейне материал және слайд, арқылы тақырып бойынша мағлұмат беру.
Әр топ «Қоқыс тазалағыш робот» түрлерін мозайка арқылы құрастыру

Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері туралы мәлімет алады

Оқушылар ой қозғайды, сызбаны толтырады.





4

15 минут

Топтық жұмыс.

І «Датчиктер»: тобы қоқыс тазалағыш роботының детальін құрастырады

ІІ «Мотор» тобы қоқыс тазалағыш роботының моделін құрастырады


Топ бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар маңызды ойларымен бөліседі.






5

Сабақтың аяқталуы

5 минут


«Түрткі сұрақтар»

  1. Әр детальдарды құрастырғанда қандай кедергілер болды?

  2. Моделдеуде қандай құрылғы қиындық әкелді?

  3. Сіз үшін не маңызды?

  4. Датчиктердің қандай түрлері қолданылды?

6

Ресурстар




Сандар ,интербелсенді тақта,бейнеролик

Оқулық,А-3, маркер, ресурс








7

Үй жұмысы:

Интернеттен қосымша материалдар іздеу







8

Рефлексия





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет