Сабақтың тақырыбы Сағат саны Күні І. Төртбұрыштар (22 сағат)


Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау



бет50/225
Дата18.05.2017
өлшемі19,74 Mb.
#16306
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   225
Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма

10-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Фалес теоремасы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Фалес теоремасының тұжырымдамасын

білу, дәлелдей білу, дәлелдей білу, алған білімді есеп

шығаруда қолдана білу. Кесіндіні циркуль мен

сызғыштың көмегімен тең кесінділерге бөле білу.



Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, жазу, есте

сақтау, сызбамен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдыларын

дамыту.

Тәрбиелік: Дәлдікке, ұқыптылыққа, іскерлікке баулу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Өткен сабақты қайталау.

Циркуль мен сызғыштың көмегімен салу есептерін өткенбіз. Циркуль мен сызғышты пайдаланып кесіндіні тең екі кесіндіге қалай бөлетін едік? Қалай салатынын тақтада бір оқушы көрсетеді.

Ал енді кесіндіні циркульмен сызғышты пайдаланып үш, төрт, бес т.б. кесінділерге қалай бөлуге болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін ежелгі грек математигі Фалес теоремасын қолданады екенбіз.

3. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Фалес теоремасы

а) Тарихына тоқталу

Фалес Милетский грек ғалымдарының тұңғышы б.э.д. 625-547 жылдар шамасында өмір сүрген. Бүгінгі өтетін теоремамыз кесіндіні циркуль мен сызғыштың көмегімен тең бөліктерге бөлуге қолданылады. Фалес диаметр дөңгелекті қақ бөлетінін, тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болатынын, вертикаль бұрыштардың теңдігін, үшбұрыштардың теңдігінің бірінші белгісін алғаш дәлелдеген. Б.ж.с. бұрын 585 жылғы 28 майда болған күн тұтылу құбылысын алдын ала, алты ай бұрын айтқан. Гректер дүниеде жеті-ақ адам данышпан болып туады депойлаған, Фалес солардың біріншісі деп есептеген.

ә) Фалес теоремасы.



Егер бұрыштың қабырғаларын қиятын параллель түзулер оның бір қабырғасында тең кесінділер қиса, онда олар екінші қабырғасында да тең кесінділер қияды.


Берілгені: <АОВ

а1 ІІ а2 ІІ а3 ІІ а4 ІІ а5 ІІ ...



а1 ОА=A1, а2 ОА=A2

а1 ОB=B1 , а2 ОB=B2

OA1=A1A2=A2A3=…



Д/к: ОВ1=B1B2=B2B3=…
Дәлелдеуі: A1C1II OB, A2C2 II OB, A3C3 II OB кесінділерін жүргіземіз.

Параллель түзулерді үшінші түзумен қиғандағы сәйкес бұрыштар болғандықтан < C1A1A2= 2A2A3= 3A3A4 және <С1А2А1=<С2A3A2=< C3A4A3

ал шарт бойынша A1A2=A2A3=A3A4 онда үшбұрыштар бір қабырғасы және оған іргелес екі бұрышы сәйкесінше тең болғандықтан ΔA1C1A2=ΔA2C2A3, ал үшбұрыштардың теңдігінен А1С1=A2C2 болады. Сонда A1B1B2C1; A2B2B3C2 параллелограмм болады. Яғни А1С1=B1B2, A2C2=B2B3 немесе В1В2=B2B3

Қалған кесінділердің теңдігі де осылай дәлелденеді.

Ескерту: Бұрыштың қабырғаларының орнына кез келген екі түзуді алуға да болады. Теореманың қорытындысы сол күйінде қала береді. Берілген екі түзуді қиып өтетін және бір түзуден тең кесінділер қиып түсіретін параллель түзулер екінші түзуден де тең кесінділер қиып түседі.


Каталог: uploads -> doc -> 120f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
120f -> Сабақ (кесте бойынша) Модуль «Домбыра үйірмесіне жазылдым»
120f -> 1. Кіріспе. "Біз табиғат қорғаны"
120f -> Сабақтың тақырбы : «Көңілді информатиктер сайысы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   225




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет