Сабақтың тақырыбы сынып- «Химиялық элементтердің электртерістігі», сынып «Металдардың периодтық жүйедегі орны және атомдарының құрылысы»



бет3/3
Дата24.12.2021
өлшемі90,2 Kb.
#104759
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ашық сабақ
ПСИХОЛОГИЯ 300 сұрақ, Мереке Жанар 8 апта ӨСӨЖ, Борантаева Ә.Н хб-307 ИББ сөж 3 апта, Лекция
Кеш өтілетін бөлмені көркемдеу

Сахнаның төріне Ә.Бектұрұлының үлкен портреті ілінеді.

Қабырғаға ғалымның өмірі мен қызметін көрсететін стенділер, плакаттар, суреттер ілінген. Ә.Бектұрұлының шығарған кітаптары және зерттеу нәтижесінде алынған заттар көрмесі қойылған.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бүгінгі кеш Қазақстанда химия ғылымының негізін салушы, Республикамыздың Ұлттық Ғылым академиясын алғаш ұйымдастырушыларының бірі, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері – Бектұров Әбікен Бектұрұлына арналады. Келген қонақтармен таныстырылады.

Жүргізуші оқушылар сөз алады:

Жастық шағы, студенттік жылдары


  1. Оқушы. Әбікен Бектұрұлы 1902 жылы Павлодар облысы, Баянауыл өңірінде туған. Сауатын туған ауылында ашқан. Ол еңбекке 16 жасында араласқан, әуелі жер өлшеуші, одан кейін бөлім басшысы, Павлодар уезі ревкомында инструктор, Наркомземда басшы қызметтерін атқарады.

1931ж. Омбының Ауылшаруашылық институтын бітіріп, сол жылы Ташкенттің Орта Азиялық мемлекеттік университетіне аспирантураға түседі. Әбікен Бектұрұлы 1935ж. «Қышқылдардың қосылмайтын екі фаза арасындағы бөлінісу коэффициенттеріне температура мен күшті электролиттер әсері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.

Педагогикалық қызметі.



  1. Оқушы. 1935 ж. Әбікен Бектұрұлы Қазақ мемлекеттік университетінде жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі болып еңбек жолын бастады. Әрі қарай химия факультетінің деканы болды. Ол 25 жыл бойы үздіксіз педагогикалық қызметпен айналысады. Ол жалпы және бейорганикалық химия бойынша лекциялар курсын, бейорганикалық қосылыстарды физика-химиялық әдістермен зерттеудің арнаулы курсын, заттардың құрылысы курсын оқиды. Оның лекциялары әрқашан да ерекше мағыналы, тартымды және әсерлі болып келеді.

Ә. Бектұров Қазақ Ұлттық университетінде химия факультетінің бірінші деканы болды. Бұл қызметте ол 1931-1960 жылдар аралығында істеді. Осы жылдары ол көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарды. Қазір олар республикамыздың түпкір-түкпірінде ұстаздық және ғылым жолындағы қызметтерін атқарып жатыр.

Ғылыми қызметі



  1. Оқушы. Ә.Бектұров өзінің педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарын ғылыммен ұштастырып, 1942 жылдан бастап КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының химия-металлургия институтында зертхана меңгерушісі қызметін қатар атқарады.

Соғыстың ауыр жылдарында қышқылдардың негізгі бөлігі қорғаныс өнеркәсібінде пайдаланғандықтан, Ә.Бектұров КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының тапсырмасы бойынша тыңайтқыштарды қышқылсыз әдістермен алу жұмыстарымен шұғылданды. Бұл зерттеулер 1945ж. Қорғалған «Қаратау фосфоритінен алынған термофосфаттардың химиясы мен технологиясын зерттеу» атты докторлық десертациясы, 1947 ж. Жарық көрген «термофосфат химиясы мен химиялық технологиясын зерттеу» монографиясына кіреді.

  1. Оқушы. Ә.Б.Бектұровтың ғылыми және ұйымдастырушылық қабілеті, әсіресе 1946ж КСРО Ғылым академиясының филиалы негізінде құрылған Қазақ КСР Ғылым академиясындағы қызметінен айқын көрінді. Ол-алғашқы академияның толық мүшелерінің бірі, 8 жыл Президиум мүшесі, минералды ресурстар бөлімінің алғашқы академик-төрағасы, сонымен бірге өз алдында шаңырақ көтерген Химия ғылымдары институтының тұңғыш директоры болды. Бұл қызметте Ә.Бектұров ширек ғасыр бойы жұмыс атқарып, Республикамыздағы химия ғылымының дамуына баға жетпес үлес қосты.

Мұғалім сөзді өзіне алып, оқушыларға викториналық сұрақтар қояды:

  1. Ә.Бектұров қай жылы туды?

  2. Ә.Бектұров қайда туды?

  3. Неше жасынан бастап еңбектенді?

  4. 1931-1960 ж қандай қызмет атқарды?

  5. Қандай факультеттің деканы болды?

  6. 1942ж қандай қызмет атқарды?

  7. 1945ж қандай докторлық диссертация жазды?

  8. 1947ж шыққан монографиясының аты?

  9. 8жыл кім болып істеді?

  10. Қандай институтының тұңғыш директоры?



  1. Оқушы. Әбікен Бектұрұлының ғылыми өрісі өте кең. Оның өмір жолынан Қазақстанда бейорганикалық химияның өркендеу тарихын көруге болады. Біріншіден, 1936ж Қазақстанның Оңтүстік Қаратауында өте сирек кездесетін фосфориттер кенінің (қоры жағынан өте бай кен орны) ашылуына байланысты басталған жұмыстар. Оның алғашқы жұмыстары Қаратау фосфориттерін күкірт, азот, тұз және фосфор қышқылдарымен өңдеуге арналған. Зерттеулерде фосфор қышқылын алу технологиясына көп көңіл бөлінген, ерекше көлемде фосфор тыңайтқыштарын термиялық әдіспен алуды дамыту бағытына жұмыстар жүргізілді.

  2. Оқушы. Әбікен Бектұрұлы- минералды тыңайтқыштар өндіруде көп жұмыс атқарған көрнекті ғалым. Оның басшылығымен фосфат қосылыстарын өңдеудің фторсызданған малазықтық фосфат өңдірудің циклондық әдісі ашылып, Тараз қаласындағы зауытта өндіріске енгізілді. Қаратау фосфориттінен күрделі және концентірлі минералды тыңайтқыштарды өңдіру жүйеге келтірілді.

  3. Оқушы. Әбікен Бектұрұлының басшылығымен 29 адам кандидаттық , 3адам докторлық диссертация қорғады. Ол көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесін кейінге ұрпаққа мұра етіп қалдырды. Оның ішінде, 500 дей ғылыми еңбек, мақалалар және 5 монография бар. Қазақстан Республикасы Үкіметі Әбікен Бектұрұлының еңбегін жоғары бағалады. Ол Ленин , Құрмет белгісі ордендерімен , медальдарымен марапатталды.Әбікен Бектұрұлы адамгершілігі мол, кішіпейіл, өте қарапайым адам еді. Оның ғылыми көзқарастары кең, ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары болатын.

Химиялық жәрмеңке

Химиялық элементтерді тауып, атаңдар.



  1. IV периодта II топтың негізгі топшасында орналасқан металл. Салыстырмалы атомдық массасы 40, күміс түсті ақ металл, ауада тез тотығады, балқу температурасы жоғары 851 C,сілтілікжер металдарының кең таралған.

  2. ІІІ периодта, ІІІ топта негізгі топшасында орналасқан металл. Күміс түсті, жеңіл металл, электрді және жылуды жақсы өткізеді. Салыстырмалы атомдық массасы -27. Химиялық белсенді элемент.

  3. Iv периодта, VIII топтың қосымша топшасында орналасқан металл. Таза зат күмістей ақ түсті, иілімді, оңай магниттеледі,салыстырмалы атомдық массасы -56.

  4. Реттік нөмірі 15. Салыстырмалы атомдық массасы -31. Оның үш аллотропиялық түрөзгерісі бар – ақ,қара және қызыл. Адам және барлық тірі организмдердің тіршілігі үшін өте қажетті элемент болып табылады.

  5. III периодта, VI топта орналасқан бейметалл. Реттік нөмірі 16, екі аллотропиялық түрөзгерісі бар : сары түсті және күңгірт түсті.оңай ұнтақталады және суда ерімейді.

  6. Су туралы 5 мақал мәтел айтып беріңдер.

Кешті қорытындылау.

Белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.

Физика пәнінен «Қызықты физикалық тәжірибелер» атты іс-шара жоспары

Қатысқандар: 7-9 сыныптар

Мақсаты:

Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, білім дағдыларын дамыту, бақылау, зерттеу қабілеттерін дамыту; Шапшандыққа, ұқыптылыққа баулу;

Көрнекіліктер:

Тәжірибе көрсететін құрал-жабдықтар, сыйлықтар, марапаттау қағаздары.

Барысы:

Мұғалім сөзі.

Ұққанға табиғаттың сыры терең,

Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем.

Демесең болсын егер еңбегңм еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем

Бүгінгі физика барлық жерде.

Құрылыста, техникада, өндірісте

Сырларын бұл ғылымның игеріңдер

Шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер!

Қызықты физикалық тәжірибелер атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бұл сайысқа үш топ қатысады: жетінші сынып,сегізінші сынып,тоғызыншы сынып.

Топтардың сайыстардағы бағасы әділқазылар қолында.

І. Викториналық сұрақтар



  1. Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген? (диффузия)

  2. Физиканың «Бірінші ұстазы» кім ? (Аристотель)

  3. Астрономияда пайдаланатын ең басты құрал? (телескоп)

  4. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)

  5. Массаны өлшейтін құрал? (таразы)

  6. Тығыздықтың өлшем бірлігі? (кг/м)

  7. Күн жүйесінің моделін жасаған кім? (Коперник)

  8. Ең бірінші қазақ ғарышкер? (Т.Әубакиров)

  9. Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыстың әсерінен тарайды? (диффузия)

ІІ. «Қызықты тәжірибелер» сайысы бойынша екі топқа тапсырма:

Физика пәнінен

«Қызықты физикалық тәжірибелер»

7-9 сыныптар арасында

Өткізген: пән мұғалімі Нурышева Б.С.

Физика пәнінен «Қызықты физикалық тәжірибелер» атты іс-шара

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет