Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет16/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31

ҮІІ.Қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма: № 5. 105 бет.

ҮІІІ.Бағалау.


Күні: 21. 11. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Жер асты сулары. Минералды сулар.

Мақсаты:

Білімділігі:Жер асты сулары, олар қайдан пайда болатыны жайлы түсінік беру.

Дамытушылығы:Ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, мазмұнын өз сөзімен жеткізе білу

қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелігі:Тазалыққа ,достыққа ,табиғатқа зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақ түрі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

  1. Мазмұнын айтқызу. Дәптерлерін тексеру. Тақтада су айналымы қалай жүретінін бейнелету.

2. Білімді тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?

-Адам су ішпей қанша уақыт төзе алады?

-Қанша кг. су азайса адам өліп кетуі мүмкін?

3. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау Жер асты сулары.



ІІІ.Жаңа сабақ.

1. Кіріспе.

Жер асты суы дегенді қалай түсінеміз?

Біз жер асты суын пайдаланамыз ба?

Сурет бойынша жер асты сулары қалай пайда болатынын өзіміз түсіндіріп көрейік.

Судың бір қасиеті-еріткіштігі. Ол осы қасиетімен жерге сіңген кезінде тау жыныстарындағы түрлі минералдарды ерітеді. Судың физикалық қасиеті өзгереді.Дәм,иіс пайда болады. Температурасы өзгереді. Енді ол сулар минералды су болды.Минералды сулардың ішуге жарамды, жарамсызы болады.Ішуге жарамды судың бір литрінде 2-20 грамм еріген тұз болады. Әртүрлі сырқаттардан айығуға көмектеседі. Оларды шипалы су деп те атайды. Шипалы су шығатын жердің маңына курорттар салынады.Ел арасында «арасан» деп те аталады.Алмаарасан,Қапаларасан, Барлықарасан,Арасанталды,Жаркентарасан атаулары осыдан шыққан.

2. Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей дауыстап оқыту.



3.Дәптермен жұмыс.

Күн ретін,ауа райын жазу.

Суреттер бойынша еліміздегі шипажайларды жазу.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

Минералды су қайдан пайда болады? Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен? Жер асты суының қандай пайдасы бар?

V. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 42,43-беттерді оқу, мазмұндау.

VIІ.Бағалау.

Күні: 21. 11. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Әртүрлі материалдардан панно,компазиция және аппликация жасау.«Наурыз

мейрамы» аппликациясы.



Мақсаты:

Білімділігі:Халықтық мерекелермен және дәстүрлермен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы

түсінік беру.



Дамытушылығы:Танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: арнайы суреттер.

Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті мата қиындылары, қатты қағаз, желім, қайшы.
Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III.Жаңа сабақ.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Наурыз қазақша «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы бұл мейрамға ерекше дайындалады. Киіз үйлер тігіліп, халық жаңа, таза киімдерін киіп, наурыз көже пісіреді, айтыс, ат жарысын ұйымдастырады.Ұлттық ойындар ойналады. Міне, енді түрлі-түсті матадан осы көріністің аппликациясын орындайық.
Сергіту сәті

IІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3. Практикалық жұмыс.


Жұмыстың орындалу реті:

Ұзындығы 30 см, ені 20 см қатты қағаздың төменгі бөлігіне жасыл түсті матаны, жоғарғы бөлігіне көкшіл түсті матаны желімдейміз. Жайылып кетпеуі үшін желімді аздап жағамыз. Қатырма қағаздан киіз үйдің қалып үлгісін дайындап аламыз. Ақ түсті мата қиындысының бетіне дайын қалып үлгіні қойып, киіз үйді жасаймыз. Қызыл түсті матадан оюын дайындап, киіз үйге желімдейміз. Киіз үйдің есігін қиып, қайырып қоямыз. Одан кейін дайын киіз үйді жасыл матаның бетіне жапсырамыз. Жылқылар мен ешкілерді ақ, қара, қоңыр матадан қиып алып, желімдейміз.

4.Техника қауіпсіздігін сақтау.
ІІІ. Қорытындылау.Наурыз мейрамы туралы не білесіңдер? Наурыз мейрамы аппликациясын неге жасыл түспен алдық? Наурыз мейрамы қай мезгілде болады?
ІV. Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Күні: 23. 11. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Абылай хан. Шоқан Уәлиханов.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтарымен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру.

Дамытушылығы: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелігі: өз еліне, халқына, жеріне деген азаматтық борыш сезімін тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Типі:жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Абай қайдан келді деп ойлайсың? Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған тәрізді? Ол баласы Абайды қалай қарсы алды? Құнанбайдың әңгімедегі түр-түсінен, сөйлеген сөзінен қимыл-әрекетінен қандай адам екенін байқауға бола ма? Абайдың сыпайылығы, байқағыштығы қай әрекетінен көрінеді?

2.Үй тапсырмасын пысықтау: Құнанбайға сипаттама бер. Абайға мінездеме бер. Олардан өзіңе қандай жақсы қасиет алдың?

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Мағжан Жұмабаевтың «Өткен күн» өлеңінен үзіндіні пайдалану. (еске түсіру)

Хан Назар сынды әділ хан, Абылай сынды ер сұлтан...

Ақ найзаның ұшымен. Ақ білектің күшімен

Дұшпанға қысым көрсеткен.



ІІІ. Жаңа сабақ:

Кіріспе.

1.3 кластың «Ана тілінен» Шоқан Уәлиханов туралы білетіндерін сұрау. (Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы. 1835 – 1865. Омбыда кадет корпусында оқыған, өзі зерек, ақылды).

2. Шоқанның өзінің айтқан сөзін оқыту. «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін ...».

3. Абылай хан – қазақ ордасының ханы. Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарды. Абылай хан (шын аты Әбілмансұр) (1711 – 1781) қазақ ханы, батыл қолбасшы. 15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен. Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы күреске ұйымдастырады. 1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін хан болады.



Абылай хан – өктем әкім, айлакер дипломат, өте шешен, үлкен өнер иесі, арқалы күйші. Оның «Алабайрақ», «Ақ толқын», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шаңды жорық», және тағы басқа күйлері осы күнге дейін жеткен. Ресей патшасы, Қытай империясы, Жоңғар, Бұхар, Хиуа хандары Абылай хан тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. Он сегізінші ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығымен Маньчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды.

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу.

Тізбектей оқу.

Сөздік жұмыс.



Тауқымет – ауыртпалық, бейнет, азап.

Қоңтайшы – жоңғар ханы.

Ақ киізге көтеру – қазақтар хан сайлаған кезде, оны халық ақ киізге көтеріп, сонан кейін ғана таққа отырғызатын.

Тәңірі – құдай, Алла Тағала.

Тәбәрік – естелік үшін қасиеттеп берілетін дүние, мүлік.

Дәрмені – қуаты, күші.

Дәптермен жұмыс.

ІІІ.Жаңа білімдерін бекіту:

1. Шоқан кім?

Абылай ханның шын аты кім?

Халық неден қатты қиналады?

1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім?

Әңгімеден тағы не түсіндің?


  1. «Абылай» сөзжұмбақ шешу. (Қалмақ, Башқұрт, аштық, Қалдан Серен, Йасауи, Ресей.)

ІҮ. Қорытындылау.

Абылайдың денесі қай жерде жерленген?

Абылай өсиетінде кіммен байланысты үзбеу керек деді?

Ү. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу.

ҮІ.Бағалау.

Күні: 23. 11. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Әртүрлі материалдардан панно,компазиция және аппликация жасау.«Наурыз

мейрамы» аппликациясы.



Мақсаты:

Білімділігі:Халықтық мерекелермен және дәстүрлермен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы

түсінік беру.



Дамытушылығы:Танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: арнайы суреттер.

Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті мата қиындылары, қатты қағаз, желім, қайшы.
Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III.Жаңа сабақ.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Наурыз қазақша «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы бұл мейрамға ерекше дайындалады. Киіз үйлер тігіліп, халық жаңа, таза киімдерін киіп, наурыз көже пісіреді, айтыс, ат жарысын ұйымдастырады.Ұлттық ойындар ойналады. Міне, енді түрлі-түсті матадан осы көріністің аппликациясын орындайық.
Сергіту сәті

IІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3. Практикалық жұмыс.


Жұмыстың орындалу реті:

Ұзындығы 30 см, ені 20 см қатты қағаздың төменгі бөлігіне жасыл түсті матаны, жоғарғы бөлігіне көкшіл түсті матаны желімдейміз. Жайылып кетпеуі үшін желімді аздап жағамыз. Қатырма қағаздан киіз үйдің қалып үлгісін дайындап аламыз. Ақ түсті мата қиындысының бетіне дайын қалып үлгіні қойып, киіз үйді жасаймыз. Қызыл түсті матадан оюын дайындап, киіз үйге желімдейміз. Киіз үйдің есігін қиып, қайырып қоямыз. Одан кейін дайын киіз үйді жасыл матаның бетіне жапсырамыз. Жылқылар мен ешкілерді ақ, қара, қоңыр матадан қиып алып, желімдейміз.

4.Техника қауіпсіздігін сақтау.
ІІІ. Қорытындылау.Наурыз мейрамы туралы не білесіңдер? Наурыз мейрамы аппликациясын неге жасыл түспен алдық? Наурыз мейрамы қай мезгілде болады?
ІV. Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
Күні: 23 . 11. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Теңдеу және оны шешу тәсілдері.

Мақсаты:

Білімділігі: есепті теңдеу құру арқылы шығару қабілетін қалыптастыру.

Дамытушылығы:есептеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа,әдептілікке тәрбиелеу

Түрі: аралас сабақ

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,өздігінен жұмыс істеу. Көрнекілігі:қосымша тапсырма жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу.түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


II.Үй жұмысын тексеру:

1. №7 (балалардың жазбаша жұмысын тексеру) Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

2.Білім дағдыларын тексеру. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1)Жұмыстың жылдамдығы (өнімділік) 2) Әріппен белгіленіп,ауыспалы шамамен берілген теңдік (теңдеу) 3) Арифметикалық амал, кері көбейту (бөлу) 4) Бұрыштарды өлшеуге арналған құрал ( транспортир) 5) Бөлу амалының нәтижесі (бөлінді) ІІІ.Жаңа сабақ. №3 Есепті шығар

а)Жәшікте бірнеше килограмм алма болды. Жәшіктен 8 кг алма алынғаннан кейін, онда тағы 13 кг алма қалды.Бастапқы жәшікте неше килограмм алма болған? Шешуі:х-8=13 13+8 х=21 21-8=13 Жауабы: бастапқы шәшікте 21 кг алма б)Айғаным 3 қорап айран мен 64 теңге тұратын бір нан сатып алды.Барлық қорап айран неше теңге тұрады?Сызбаға қарап,теңдеу құрастыр.

Х х х 64 теңге

514 теңге

4 есеп Суреттен параллель және перпендикуляр түзулер мен кесінділерді тап. № 6 тапсырма. Оқушылар өз бетінше орындай отырып дұрыс-бұрыстығын тексереді. №7 тапсырмаКуб мәндерін есепте. 8 -506= 9-67 0 94 857-9 10- 534= 2+4 000 10 009-8 ІV.Жаңа білімдібекіту.

8 тапсырмаЕсепке нұсқау. 1- машина 1 доп+2 текше 1 машина+ 1 текше 2 доп 1 машина 1 доппен және 2 текшемен алмастырамыз,сода: 1 доп+ 2 текше +1 текше 2 доп,әр бөліктен бір –бір допты алып тастайсыз: 3 текше 1 доп.Есептің бастапқы шарты бойынша, 1 машина 3 текше+ 2 текше, яғни, 1 машина 5 текше.



Y. Қорытындылау.

YI.Үйге тапсырма: 5 117бет.

YIІ. Бағалау.

Күні: 23. 11. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Сапарғали Бегалин.Қырдың жас түлегі. (Шоқан туралы әңгімеден үзінді)

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларды Шоқан бейнесімен таныстыру, автордың негізгі идеясын ашуға

жағдай жасау.



Дамытушылығы:шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін,

шығармашылық ойлауын дамыту.



Тәрбиелігі: білімділікке, еңбекқорлыққа, елжандылыұұа тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі:суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Шоқан кім? Абылай ханның шын аты кім? Халық неден қатты қиналады? 1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім? Әңгімеден тағы не түсіндің?



Пысықтау:

Абылайдың денесі қай жерде жерленген?

Абылай қандай өсиет айтты?

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Өткен сабақтан Шоқан жайлы тағы не білдік?

«Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін ...». Бұл сөздерді қашан айтты?



ІІІ. Жаңа сабақ:

Кіріспе. Шоқан (шын аты Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – Абылай ханның шөбересі. ӘкесіШыңғыс – ел билеуші аға сұлтан болған әйгілі адам. Шоқан білімі жағынан өзімен бірге оқыған жолдастарынан әлдеқайда озық болды. Ол туралы кітап жазған жазушы Сапарғали Бегалин: « Иә, иә сен қырдың түлегісің, қыран қырды аңсамай тұра ма?!» деп жазды.

Мұғалім тарапынан қосымша деректер беру.

Шоқан шын аты Мұхаммед Ханафия. Қазақтың ғұлама ғалымы, саяхатшы, этнограф. Небары 30 жастың ішінде көптеген ғылыми еңбектер жазып, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеген. Ол тек Қазақстан бойынша ғана емес, Құлжаға (Қытай жерінде), Ыстықкөл өңіріне (Қырғыз елі) экспедицияларға қатысып, зерттеулер жүргізді.

Омбының кадет копусын бітірген (1853 ж.), Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған (1861-62 жж.). Арғы атасы – Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) – Шоқанның туған атасы.

Уәлиханов жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерге ден қойып, соларға құлақ түріп өскен. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды.

Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу. Мәтіннен Шоқанның еліне деген сағынышы суреттелген жерді тауып оқы. Тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Қамау көше – тұйық көше. Кадет корпусы – патша ұкіметі заманындағы әскери оқу орны. Жатақ – жатақхана. Дәптермен жұмыс. 2 -3 кластарда оқыған әңгіме мен үлгілік сызбаға сүйеніп, Шоқан Уәлиханов туралы жаз. Сызбаны толтыру.



Шоқан Уәлиханов



Кім, қайда туған?

Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы.

Қандай шығармалары бар?

Ғалым туралы мен не білемін?



ІҮ.Жаңа білімді бекіту кезеңі:

3 - класта Шоқан туралы қандай әңгіме оқығаныңды есіңе түсір. Ертіс бойында не болады? Шоқанның тәтті сезімі қандай еді? Шоқан нені аңсады? Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады? «Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің? Анатолийдің қылығы дұрыс па?



Ү. Қорыту. Егер офицердің орнында сен болсаң, не істер едің?

ҮІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқу.

ҮІ. Бағалау.


Күні: 24. 11. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қыстырма сөздер. 57-60 жаттығулар

Мақсаты:

Білімділігі:Қыстырма сөздер туралы түсінік беру, олардың сөйлемге үстейтін мағанасымен

және тыныс балгісімен таныстыру;



Дамытушылығы:сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелігі:еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 56-жаттығуды тексеру.

Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:

Дәптермен жұмысКүн ретін жазу,сөздік диктант.
Төмендегі кесте арқылы қыстырма сөз туралы түсінік беруге болады:


Мағынасы

Мысалдар:

Кісінің көңіл күйін, сезімін білдіреді.

Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы.

Сенуді немесе жорамалдауды білдіреді

Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді

Мүмкін, ол бүгін келіп қалар.

Айтылған ойға айтушының көзқарасын білдіреді т.б.

Меніңше, ол - өте жақсы адам.

Қарттардың айтуына қарағанда, биыл қыс қатты болады.

57- жаттығуда жаңа сабақты түсіндіру мақсатында пайдалануға болады.


Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс:

58-жаттығу.

а) Сөйлемдерді көшіріп жазып, қыстырма сөздің астын сызу, олардың сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын түсіндіру.
59 – жаттығуда сөйлемдерді оқып, қыстырма сөздердің астын сызу және олардың тыныс белгісі туралы тұжырым жасау.
ІҮ.Қорытындылау -Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Ү. Үйге тапсырма: 60 –жаттығу. Ереже жаттау.
ҮІ. Оқушыларды бағалау

Күні: 24 . 11. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы:Теңдеу және оны шешу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:арифметикалық есеп шығару және теңдеу құру амалдарын салыстыру:

Дамытушылығы: есептеу қабілеті мен күрделі теңдеулерді шешу қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелігі:еңбекқорлыққа, білімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ

Типі: жаңа білімді үйрету кезеңіӘдісі: түсіндіру көрсету. Көрнекілігі:қосымша тапсырмалар
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді пысықтау 1-2 мысалды теңдеу құру арқылы тәсілін көрсету. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ.Жаңа сабақ

1 Ауызша тапсырма

2 Есепті шығарудың түрлі тәсілдерін қарастыр. 1-тәсіл Амалдар бойнша немесе өрнек түрінде жазу Кітап-300 теңге Дәптер-100 теңгеден 1 000 тг ? дана

1)Барлық дәптер қанша тұрады? 1000-300 = 700(теңге) 2)Неше дәптер сатып алынды: 700:100 = 7 (дәптер) Өрнек: (1 000-300):100 = 7 (дәптер) Жауабы:7 дәптер сатып алынды.


ІY.Жаңа білімді бекіту кезеңі.

Есепті теңдеу арқылы шығару қабілетін бекіту. 3 Сызбаны қарап шық және есепті шығар.

15кг 15кг15кг15кг 25кг

Х кг

Жәшікте х кг болдыделік: х-25 = 15 .4 х-25= 60 х = 85



4Кестебойыншаөрнектердіқұрастыр. №6-тапсырмаӨзіндікжұмыс

7 есептісыныппенбіргешығарамыз


Y.Үйтапсырмасы: № 8 Шығармашылықдеңгейгеарналғантапсырма: теңдеуарқылышығарылатынесепқұрастыру,есептішығару.
YІ. Бағалау.
Күні: 25. 11. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы:А.Байтұрсынұлы туралы.Ақкөл жағасында.Әмірхан Абдуллин.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыны Әмірхан Абдуллиннің«Ақкөл жағасында» атты шығармасы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы өмірімен таныстыру, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.

Дамытушылығы:Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет