Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет23/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

ІҮ.Жаңа білімдерін бекіту кезеңі:

1. Бала не болуды армандады? Ол бір күні не тауып алды?

Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті?

Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді?

2. Әңгімеде қандай мақал кездесетінін тап. Ондағы «Торғай» деген сөздің орнына «Бала» деген сөзді қойып жаз. ( « Аш торғай (бала) тоқ торғаймен (баламен) ойнамайды, тоқ торғай (бала) ештеңені ойламайды»)


Ү. Қорытындылау.

Бүгін не жайлы өттік? Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма? Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге?


ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу,
ҮІІ.Бағалау.
Күні: 23 . 12.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Мен қалай торғай болдым? Мырзабек Дүйсенов.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларды Мырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасымен таныстыру;

Дамытушылығы:түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойды ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелігі:адамгершілікке, қиялдай білуге, армандауға тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Алмабектің жіберген кемшілігі неде? Ағаштар Алмабекті қалай жазалады? Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді? Ол туралы не айтасың?

2.Үй тапсырмасын пысықтау: Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?

Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.



-Балалар сендер өмірде адамнан басқа бірдеңе болуды армандап көрдіңдер ме?
ІІІ. Жаңа сабақ:

-Бүгінгі сабақтаМырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасымен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс.

Дауыстап, іштей, тізбектей жалғастырып оқу.

Баланың торғайға айналған кездегі қуанышы мен өкінішін тауып оқу.

Бөктергінің торғай-баланы жемекші болған жерін тауып оқы. Қандай сезімде болдың?


ІҮ.Жаңа білімдерін бекіту кеөеңі:

1. Бала не болуды армандады? Ол бір күні не тауып алды?

Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті?

Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді?

2. Әңгімеде қандай мақал кездесетінін тап. Ондағы «Торғай» деген сөздің орнына «Бала» деген сөзді қойып жаз. ( « Аш торғай (бала) тоқ торғаймен (баламен) ойнамайды, тоқ торғай (бала) ештеңені ойламайды»)


Ү. Қорытындылау.

Бүгін не жайлы өттік? Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма? Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге?


ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу,
ҮІІ.Бағалау
Күні: 23. 12. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қысқарған сөздер. 41-47 жаттығу
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Күрделі атауларды қысқартып айта және жаза білуге жаттықтыру;

Дамытушылығы:сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту;

Тәрбиелігі: адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне, үлкендерді құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 33--жаттығудың орындалуын тексеру, оқу, талдау.
ІІІ.Жаңа сабақ.

Көркем жазу.
Сөздік диктант.
Оқулықпен жұмыс.
41-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қысқарған сөздердің қалай жасалғандығын айту.

42-жаттығу.Мәтінді оқып, ұзындық өлщемдерінің атауларын қысқартып жазу.

43-жаттығу. Қысқарған сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.

44-жаттығу. Есепті көшіріп жазып, қысқарған сөздердің толық атауын айту және есептің

жауабын қысқарған сөз арқылы сөз арқылы жазу
Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

45,46-жаттығуларды орындау арқылы білімдерін бекіту.


Ү. Қорытындылау.

-Балалар, бүгін біз не үйрендік?

-Күрделі сөздердің қандай түрлерін білесіңдер?

-Қысқарған сөздерге мысал келтіріңдер.
ҮІ.Үйге тапсырма: 47-жаттығу. Ережелерді жаттау.
ҮІІ.Оқушыларды бағалау
Күні: 23 . 12. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Параллель және перпендикуляр түзулер.

Мақсаты:

Білімділігі:«Параллель және перпендикуляр түзулер» туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылығы: есептердің өтілген түрлерін шығару дағдыларын бекіту.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа,әдептілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі:

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 9-мысалдың орындалуын тексеру.

Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс.Зейінділік ойыны:


  1. 350 санын 20 есе арттыр. (7 000)

  2. 86 мыңнан 4 бірлікті азайт.( 85 996)

  3. Ең үлкен бес таңбалы санды жаз. (99 999)

  4. 267 саны 198 санынан қанша артық? (69)

  5. 2 766 санын 6 жүздікке кеміт.(2 166)

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

Тақтада әртүрлі сызықтар берілген.

- Мына геометриялық фигуралар қалай аталады? (Сызықтар) тақтадағы сызықтарды қандай топқа бөлуге болады? (Түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған).


№ 2. Түзу сызықтарға қара. C f



а

b k d s

g l h m


  • Қиылысатын сызықтарды ата. (а,в)

  • Қиылыспайтын сызықтарды ата.(с, d)


Қиылысу кезінде тік бұрыш құрайтын түзулер – перпендикуляр түзулер деп аталады.



a

b


Қанша созсаң да ешқашан қиылыспайтын түзулер – параллель түзулер деп аталады.


d
Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару: № 3(а). Ауызша талдау.

  • Параллель және перпендикуляр түзулер салу үшін, қандай құралдар керек? ( сызғыш, үшбұрышты сызғыш).

№ 3(ә). -Үшбұрышты сызғыштың көмегімен параллель және перпендикуляр салуды үйрену.

№ 3(б). өздігінен түзулер сызу.

№ 4. Ауызша. Қандай құралдар берілген? Оларды не үшін қолданады? (таразы, метраж, электронды счетчик, сағат)

№ 5. Түсіндіріп шығару.

Бөлменің ауданы – 30 м2 Ш: 30м2 ∙ 150г = 4 500г – 1 рет сырлауға кететін сыр.

Егер 1м2 – 150 г сыр 4 500 ∙ 2 = 9 000 г (екі қайтара сырлауға кетеді)

Екі рет сырлауға – ? сыр керек 30м2 ∙ 150г – 2 = 9 000гЖ: 9 000 г сыр керек.

№ 5(ә).

Ш: s = 9м ∙ (9м + 2м) = 99 м299 м2∙ 5 = 495 м2

Ж: 5сынып бөлмесіне 495 м2линолеум керек.

№ 7. Өздік жұмыс. Тиімді тәсілдің астын сыз. № 8. Топтық жұмыс. Теңдеуді шеш.

ІҮ. Қорытындылау. Шығармашылық тапсырма.№ 9.болжау арқылы шығарылады.

5 + 5 = 10 3 + 3 + 3 + 1 = 10 4 + 4 + 2 = 10



Ү. Үйге тапсырма: № 6 . 76 - бет.

ҮІ. Бағалау .

Күні: 25 . 12.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Мен қалай торғай болдым? Мырзабек Дүйсенов.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларды Мырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасымен таныстуды жалғастыру;

Дамытушылығы:түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойды ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелігі:адамгершілікке, қиялдай білуге, армандауға тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар сендер өмірде адамнан басқа бірдеңе болуды армандап көрдіңдер ме?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

-Бала не болуды армандады?

-Ол бір күні не тауып алды?

-Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті?

-Әңгімеде қандай мақал кездесетінін тап. Ол жайында не айта аласың? Қалай түсінесің?


ІІІ. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап, іштей, тізбектей жалғастырып оқу. Баланың торғайға айналған кездегі қуанышы мен өкінішін тауып оқу. Бөктергінің торғай-баланы жемекші болған жерін тауып оқы. Қандай сезімде болдың?

Сергіту сәті
ІҮ.Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1. Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді?

2. «Шіркін, егер мен ... болсам» тақырыбына шағын эссе (арманыңды) жаз



Ү. Қорытындылау.

-Бүгін не жайлы өттік?

-Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма?

-Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге?

ҮІ. Үйге тапсырма: 1.Түсініп оқу.2.Әңгімелеу

ҮІІ. Бағалау.

Күні: 25. 12. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қысқарған сөздер. 41-47 жаттығу
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Күрделі атауларды қысқартып айта және жаза білуге жаттықтыру;

Дамытушылығы:сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту;

Тәрбиелігі: адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне, үлкендерді құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 33--жаттығудың орындалуын тексеру, оқу, талдау.
ІІІ.Жаңа сабақ.

Көркем жазу.
Сөздік диктант.
Оқулықпен жұмыс.
41-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қысқарған сөздердің қалай жасалғандығын айту.

42-жаттығу.Мәтінді оқып, ұзындық өлщемдерінің атауларын қысқартып жазу.

43-жаттығу. Қысқарған сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.

44-жаттығу. Есепті көшіріп жазып, қысқарған сөздердің толық атауын айту және есептің

жауабын қысқарған сөз арқылы сөз арқылы жазу
Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

45,46-жаттығуларды орындау арқылы білімдерін бекіту.


Ү. Қорытындылау.

-Балалар, бүгін біз не үйрендік?

-Күрделі сөздердің қандай түрлерін білесіңдер?

-Қысқарған сөздерге мысал келтіріңдер.
ҮІ.Үйге тапсырма: 47-жаттығу. Ережелерді жаттау.
ҮІІ.Оқушыларды бағалау
Күні: 24 . 12. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Радиус және диаметр туралы түсінік беру,берілген радиусы және диаметрі бойынша шеңбер сызуды үйрету.

Дамытушылығы:Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Түрі:дәстүрлі сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық.

Көрнекілігі: шеңберлердөңгелектер,сызбалар.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеуСабаққа назарларын аудару.



-Мен сабақта,мектептемін. Менің зейінім тұрақты, мен жақсы ойлап отырмын.

Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

8,9-мысалдың орындалуын тексеру,бағалау.



III. Жаңа сабақ.

1. 3- сыныпта өткен шеңбер ұғымын еске түсіру.

Шеңбер – дөңгелектің шекарасы.

Дөңгелек – барлық нүктелері центрінен бірдей қашықтықта жатқан тұйықталған сызық.

О нүктесі-дөңгелектің центрі.

2.Дөңгелектер мен шеңберлерді қолдана отырып, жаңа сабақты түсіндіру.

АВ-диаметр-шеңбердің центрі арқылы өтетін екі нүктені қосатын кесінді.

Радиус-шеңберден центрге дейін жүргізілген кесінді.

Топтарға шеңбер сызылған қағаздарды таратып,радиусын, диаметрін тапқызу.

Диаметр радиустан неше есе артық екенін анықтау



3.Оқулықпен жұмыс жүргізу.

№ 2.Шеңбердің радиусын, диаметрін өлшейді.Миллиметрмен өрнектейді.Бірдей шеңберлерді табу ұсынылады.

№ 3.Циркульдің көмегімен шеңбер сызу.

Сергіту сәті.
IV. Жаңа білімді бекіту.

№ 4,№ 5 орындау

№7. Берілген суретке талдау жасай отырып,сөренің көлемін табу қажет.

Бір қораптың көлемі: 50 ∙ 30 ∙ 40 = 60 000

Сөренің көлемі: 60 000 ∙ 24=1 440 000

№ 8. Геометриялық конструктормен жұмыс.


ІV. Сабақты қорытындылау.

-Бүгін нені өттік?

-Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығы?

V. Үйге тапсырма: №6. Радиусы 2см,25мм шеңберлер сызу.

VІ. Бағалау.

Күні: 25 . 12. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Тіктөртбұрышты салу.

Мақсаты:

Білімділігі:Тіктөртбұрыштың қасиеттерімен (қарама-қарсы қабырғалары параллель, барлық бұрыштары тік) таныстыру; параллель және перпендикуляр түзулерді салу дағдыларын бекіту; тіктөртбұрыштың ауданын, периметрін және тік бұрышты параллелепипедтің периметрі мен ауданын табу.

Дамытушылығы:Өз бетінше жұмыс істеу,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. №8,9-мысалдардың орындалуын тексеру, бағалау..

2. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс.

1). Бір килограмм b теңге тұрады. 7 кг қиярға қанша ақша төлеу керек? (b 7).

2). Бір кг қияр а теңге тұрады, ал қызанақ 2 есе қымбат. 1 кг қияр және 1 кг қызанақ қанша теңге тұрады? ( а + (а 2) ).

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

№ 1. Тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттерін есіңе түсір. Тіктөртбұрыш туралы не білесің?

А В FGLMSP

C D E J N H O T

№ 1(ә). Тапсырмадағы фигураларға қара және сұрақтарға жауап бер:

- Қай қабырғалар параллель? Бұл қабырғалар өзара тең бе?

- қай қабырғалар перпендикуляр? Олар өзара тең бе? Қорытынды жаса.

№ 1(б). Төртбұрыштардың қайсысы тіктөртбұрышқа жатады?



1 2 3 4 5


ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару: № 2. 3 қатарға бөлініп оқушылары шығарады.

І қатар. Ш: 12∙ 8 ∙ 5 = 480(м) Ж: 5 бөлмеге 480м тұсқағаз керек.

ІІ қатар. Ш: 480 : 12 = 40(о). Ж: 40 орам тұсқағаз керек.

ІІІ қатар. Ш: Р = (3 + 4) ∙ 2 = 14(м) Р = (6 + 3) ∙ 2 = 18 (м). (V = 4 ∙ 3 ∙ 3 = 36 м3).

Бөлменің қарама – қарсы қабырғалары теңдей болады.

№ 3 Өздік жұмыс. Есептеу.



S = 3м ∙ 4м = 12м2 3м ∙ 3м = 9 м2v = 3м ∙ 4м ∙ 3м = 36м3 Р = (3м +4м) ∙ 2 ∙ 14м

Төбесінің периметрімен еденнің периметрі тең.

№ 4. Түсіндіріп шығару.

Ш: 500км : 50км ∙ 6л = 60л Ж: 60л бензин жұмсалады.

Ш: 50км/сағ ∙ 4 = 200 км Ж: 200 км жол жүріп өтеді.

№ 6. Жүптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

5кг 82г = 5 082г 5сағ = 300с 600см = 60дм 9 805ц = 980т 5 ц т.с.с.

Ү. Қорытындылау. Шығармашылық тапсырма.№7, 8.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 5. 77 - бет.

ҮІІ.Бағалау

Күні: 26 . 12. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: ШамаханГ.Ш.
Сабақтың тақырыбы:Топсаяхат. Табиғатқа саяхат
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қоршаған ортаны зерделеуге,тануға үйрету.

Дамытушылығы: Ойындар арқылы ойлау белсенділігін дамыту, өз ойын еркін айта білуді қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Табиғат әлеміне сүйіспеншілігін арттыру арқылы экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Тірек - сызба, суреттер «Табиғат көріністері».
Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.


а) Тіл дамыту сұрақтары.
(оқушыларды түгендеу, күн, апта атауларын сұрау.)
б) Оқушылардың сабаққа зейінін аудару үшін психологиялық дайындық
Қазір балалар, дидактикалық ойын ойнаймыз.
Ойынның аты «Қай жыл мезгілі?» деп аталады.
Мен сендерге өлең оқимын, ал сендер қандай жыл мезгілі екенін және әр мезгілдің ай атауларын айтуларың керек.

ІІ. Жаңа сабақ
Енді бүгінгі сабақ тақырыбының негізгі сөзін білу үшін мына сөзжұмбақты шешеміз.
1. Ағаштан ағашқа секіретін аң.
2. Үй құсы.
3. Сиырдың төлі.
4. Үй күзететін жануар.
5. Қысы - жазы жасыл.
6. Қыс бойы ұйықтайтын аң
7. Бұл жануардың аты.
Сонымен, негізгі сөзіміз Табиғат екен

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы -«Табиғатты аяла да бағала!»


Ал табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс балалар, табиғат деген - орман, тау, су, ауа, жер яғни,
бізді қоршаған орта
Балалар, бүгінгі сабағымыз табиғатқа арналатын ерекше фантастикалық саяхат сабағы. Әлемде тіршіліктің төрт құдіреті бар. Олар - күн, жер, ауа мен су. Біз күнделікті өмірде осы төрт құдіретке сүйенеміз. Осының біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды. Қазір біз осы жерлерге саяхатқа шығамыз Бір аялдамадан екінші аялдамаға өту үшін түрлі грамматикалық тапсырмалар орындаймыз. Ал кәне балалар саяхатқа дайынсыңдар ма?
Алғашқы аялдаманың атауын білу үшін жұмбақ жасырамын, соның шешуін табыңдар.
Ақ шапанын үстінен
Алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен
Алты ай бойы түспейді.
- шешуі не екен, балалар. «Жер.»
- Дұрыс.
Топтық жұмыс. Оқушылар тақтадағы тапсырма жазылған гүлдің суретіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы, жерге гүл егеді.
І топ. Жер – Ана - біздің ортақ үйіміз
ІІ топ Ол бізді асырап отыр.
ІІІ топ. Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы.
- Балалар, суреттегі жеріміз әсем гүлге оранды, ал бізді асыраушы Жеріміз гүлденіп тұру үшін не істеуіміз керек?
Қазір сендерге экологиялық белгілері бар суреттер көрсетемін. Сендер оның мағынасын түсіндіріп, қандай қорытынды шығару керек екенін айтыңдар. Оқушылар сурет бойынша өз ойларын айтады.
1. Ағашты сындырма!
2. Көк шөпті жұлма!
3. Аң - құсты атпа!.
4: Ұяны бұзба!
Енді келесі аялдаманың атауын білу үшін мына жұмбақтың шешуін табайық
Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
- Дұрыс шешуі ауа екен.
Аялдаманың аты -«Ауа»
- Балалар, сендер де Үкіметіміздің «Жасыл ел» бағдарламасына өз үлестеріңді қостыңдар. Сонымен, ауаны таза сақтау үшін не істеу керектігін мына өлеңнен оқып білеміз. (Хормен)
Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет