Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет26/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Құраған сөйлемдерін тексеру,ереже сұрау.

1. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

2. Жан-жақты білімдерін тексеру



ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Көркем жазу.Бб Бб Бб Бб Бб

2.Шағын диктант жаздыру.

3. Оқулықпен жұмыс

3-жаттығу. Сөздерді талдау.Сөздерді мағыналарына қарай топтап айтып, оларға сұрақ қой?Әр топтағы сөздерге қойылатын сұрақтың әр басқа болуы неліктен деп ойлайсың?Сызба бойынша сөз таптары туралы білетініңді айт. Анықтаманы еске түсіру.

Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді.

Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер?



Сын есім дегеніміз – заттың сынын білдіреді. Сұрақтары: Қандай? Қай?

Сан есім – заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіреді. Сұрақтары: Неше? Қанша?

Етістік – заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: Не істеді? Қайтті?

Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Сонымен қатар, жер-су аттары, адамдардың аттары, жануарлардың аттары барлығы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы, Алатау, Балқаш.

Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Жалпы есімдер кіші әріптерден басталып жазылады. Мысалы, қыз, қала, құс.

а) оқулықпен жұмыс

4-жаттығу. Кестені толықтыр.

Зат есім

Жалқы есім
...
Баянауыл

...


Жалпы есім

Адам


...

өзен


Негізгі зат есім
Көл

...


орын

Туынды

Зат есім


...

Достық


...


ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

5-жаттығу. Жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап, өзінің алдындағы сөзбен байланыстырып жаз. Мысалы: Кітаптың беті, жаңбырдың суы, қуыршақтың көйлегі, бөлменің ауасы.

6-жаттығу. Өлеңді мәнрлеп оқы.Тәуелдеулі зат есмідерді тап.

Ү. Қорытындылау .

-Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІ. Үйге тапсырма: Ребусты дәптерлеріңе жазып шешімін тап?

Ребустың шешуіндегі сөзді жекеше, көпше түрде үш жақта тәуелдеп жаз.



ҮІІ. Оқушыларды бағалау


Күні: 14 . 01. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау;

Дамытушылығы: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі:білімділікке, дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа

тәрбиелеу.



Түрі: аралас сабақ

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: жолақшалар, суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

Мақсат қою кезеңі:

-Балалар, бүгін біз Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін қайталаймыз. Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін кім қалай меңгергенін байқап көреміз.

ІІ. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс:

№1. Мысалдарды тиімді тәсілмен, әрі тез есептеу.

Суретті және жазуларды пайдаланып, өрнектердің мәндерін есептеп табу тәсілдерін түсіндіру.

№2. Әрбір өрнектің мәнін екі түрлі тәсілмен есептеп шығару.



А) (30*5):5=150:5=30

(30*5):5= 30*(5:5)=30



Ә) Тиімді тәсілмен есептеп шығар:

(15*3):9=45:9= 5



(40*7):7 =40* (7:7) =40*1 =40

№3. Есепті шығар.

а) Ш: 60* (50+37+23) =6600 (тг)

60*(62+20+33)=6900(тг)

Ж: 4"а" сыныбына 6600 тг, 4"Ә"сыныбына 6900 тг жұмсалды.

№5. Есепті шығар.

а = 200м

в =121м


Р=(200+121)*2=642 м

а = 300м


в =43м

Р=(300+43)*2=686 м

Ж: 4"А" сыныбы уақыт пен материалды аз жұмсайды.

№6 (ауызша.) а) 40+ 40: 8=45 дәптер.

ә) 15+15:5 = 18 дәптер.

ІІІ. Қорытындылау. -Бүгінгі сабақтан не білдік?

ІҮ. Үйге тапсырма: № 7,№4; 6- бет.

Ү. Оқушыларды бағалау.

Күні: 15 . 01.2016 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Балмұздақ. Ермек Өтетілеуұлы.

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларды Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесімен таныстыра

отырып, әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау.



Дамытушылығы: өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,

байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.



Тәрбиелігі: адалдыққа, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Типі: Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді?

Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды?

Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты?

Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды?

Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің?

2. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің? Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Жұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру.

Ұнатары баланың –

Балдай тәтті тағаммын.

Ортаңғы буын алынса,

Сүйеніш боп қаламын. ( бал-мұз-дақ)



ІІІ. Жаңа сабақ:

Ермек Өтетілеуұлы – балаларға арнап көптеген әңгімелер, өлеңдер жазған жазушы. Оның «Өсіп келе жатырмыз» деген өлеңдер жинағы, «Жанашыр» деген әңгімелер жинағы, т.б. кітаптары бар.

Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесінен Мирастың балмұздақтан неліктен бас тартқаны жайлы білеміз. Әңгімені іштей, тізбектей жалғастырып оқу.



ІҮ.Жаңа материалды түсінгенін бекіту кезеңі:

Балалар не тауып алды?

Мирас не істеді? Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты?

Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты?

Әңгімені өз ойыңмен аяқта.

Ү. Қорытындылау.

Бүгін не жайлы өттік? Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің?



ҮІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, әңгімелеу.

ҮІІ. Бағалау.
Күні: 15. 01. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Бақылау диктанты

Мақсаты:

Білімділігі:оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу:

Дамытушылығы: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Тәрбиелігі: Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыларын бекіту кезеңі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.
Орман – халық байлығы
Орманның халық шаруашылығы және адамзат өмірі үшін зор маңызы бар. Құрылыс жұмыстарына керекті заттардың көбі ағаштан жасалады. Күнделікті тұрмыста ағаштан жасалған бұйымдар көп қолданылады. Олар табиғи зат. Адам десаулығына пайдалы. Еменнен, қайыңнан, теректен жасалған нәрселер өте шыдамды болады. Орман, тоғай – баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтан да мемлекет ормандарын таза ұстап, өрттен сақтауға сендер де ат салысыңдар. (60)
Тапсырма:
1. Екінші сөйлемді сөз таптарына талда.

2. Шаруашылықта, теректен сөздерін сөз құрамына талда.

3.Қайыңнан сөзіне фонетикалық (дыбыстық) талдау жаса.
ІҮ. Сабақты қорытындылау .
Ү. Үйге тапсырма

Күні: 15 . 01. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Көбейту және бөлу. 34*23 782:34

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу

құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау;



Дамытушылығы: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі:білімділікке, дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа

тәрбиелеу.



Түрі: аралас сабақ

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: жолақшалар, суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

Мақсат қою кезеңі:

-Балалар, бүгін біз Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін қайталаймыз. Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін кім қалай меңгергенін байқап көреміз.

ІІ. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс:

№1. Жазуды пайдаланып, екі таңбалы санға көбейту тәсілін түсіндіру:

34*23=34* (20+3)= 34*20+34*3=680+102=782

№2. 34-ті 23-ке көбейтуді бөлумен тексер.


№3.Жазуларды толықтырып, түсіндіру.
№4. Амалдарды орында және тексер:

952: 34 =28 832:32=26 24*12 =288

№5. Амалдарды орында:

73*56 =4088 4088: 56 =73 64*53 =3392 3392: 64= 53

48*65 =3120 3120:65=48 29*74 =2146 2146:29 = 74
№6 (ауызша.) а) 40+ 40: 8=45 дәптер.

ә) 15+15:5 = 18 дәптер.


ІІІ. Қорытындылау. -Бүгінгі сабақтан не білдік?
ІҮ. Үйге тапсырма: № 7,№8; 12- бет.
Ү. Оқушыларды бағалау.

Күні: 16.01.16.

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты:

Білімділігі:Шалғын өсімдіктері мен жануарлары ,оларды қорғау туралы түсіндіру.

Дамытушылығы:Ой-өрісін , тіл байлығын, шалғын туралы ойын дамыту.

Тәрбиелігі:Табиғатқа жанашыр болуға, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді үйрету сабағы.



Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелері материалдар
Сабақ барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Балалар,сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық.

Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары ,шалғынды қорғау.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

" Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік мекенжайларына бейімделуі" тақырыбы бойынша білімдерін тексеру, бағалау.



ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе:

Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары жайында қысқаша түсінік.

Жазықтарды далалық өңір немесе дала деп атайды.Ал таулары көп аймақтар таулы өлке деп деп жиі аталады. Еліміздің барлық жерінде өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді.

Әр өңірдің өзіне тән өсімдіктері,жануарлары бар. Олардың табиғат жағдайлары: топырағы, ауа райы бірдей емес; жыл бойы түсетін жауын- шашын мөлшері де әртүрлі; тіпті жыл маусымдарының өзінде (басталу,аяқталу) айырмашылықтар бар.

Қандай жерде ,қандай үлескілерде таралса да тірі ағзалар өзара және өлі табиғатпен бірлесіп қана тіршілік ете алады. Осыны табиғи бірлестік дейді.

2.Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы түсіндіру.

Шалғын—еліміздің табиғи байлығы.Шөптекті өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді –көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін –шалғын дейді.Шалғындағы шөп жаздың басы мен ортасында жұмсақ болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады.Пішен дайындайтын шалғынды шабындық дейді.

Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі.Олар- уқорғасын,сарғалдақ.

Шалғында бунақденелілер көп болады. Алуан түрлі қоңыздар,шекшектер, түкті аралар да қаптап жүреді.Бозторғай, бөдене, бөктергі,бүркіт сияқты құстар,саршұнақ,көртышқан сияқты жануарлар да аз емес.



Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей дауыстап оқыту.



Дәптермен жұмыс.

Күн ретін.ауа райын жазу.

Улы өсімдіктерді теріп жазу.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Суреттер бойынша түсіндіру. Фильм көрсету.Өздеріне көргендерін әңгімелету.



Ү.Қорытындылау.

--Шалғын деген не?Көгал деген ше?

--Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер бар?

--Шалғынды аман сақтап қалу үшін не істеу керек?Пішенді қай кезде даярлау керек?



VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 58-61-беттерді оқу,мазмұны

Дәптерге өсімдіктер мен жануарлар атауларын жазу.



VІІ. Бағалау

Күні: 16. 01.16. ж.

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Шиден композиция құрастыру. Ши тоқу тәсілін үйрету

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға шиден гүл композициясын құрастыруды үйрету.

Дамытушылығы:Танымдық қабілеттерін арттыру, қол икемін дамыту.

Тәрбиелігі:Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың типі:жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі:шиден жасалған гүл композициясы. Қажетті материалдар мен құралдар: қатты

қағаз, ши, қайшы, желім, сызғыш, қарындаш.


Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
II.Жаңа сабақ

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.


Ши тоқу ерте заманнан бері халқымыздың қолөнерінің бір түрі болып келеді. Шиді жаңбырдан кейін, кешке немесе таңертең шық кеппей тұрғанда жинаған жөн. Мұндай кезде шидің түбі жібіп, суырылғыш келеді. Шидің бәрі тоқуға жарамайды, сондықтан олардың жарамдысын іріктеп алады, қабағын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді. Тоқылған ши сыртқы түріне қарай: ақ ши, орама ши, шым ши болып 3 топқа бөлінеді. Ал біз шиді пайдалана отырып, гүл композициясын орындаймыз.
Сергіту сәті
IІІ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1.Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей оқыту.



2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Қатты қағазға гүл композициясын қарындашпен орындаймыз.

2.Шиден гүлдің сабағын,жапырағын, күлтесін дайындап аламыз.

3.Жұмысты гүлдің сабағын желімдеуден бастаймыз. Ол үшін шиге аз ғана желім жағып, ұқыппен жапсырамыз.
V.Қорытындылау.

Шиді қай мезгілде жинайды?

Тоқылған шилер сыртқы түріне қарай қандай топтарға бөлінеді?
VI.Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Күні: 18. 01.16. ж.

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Шиден композиция құрастыру. Ши тоқу тәсілін үйрету

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға шиден гүл композициясын құрастыруды үйрету.

Дамытушылығы:Танымдық қабілеттерін арттыру, қол икемін дамыту.

Тәрбиелігі:Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың типі:жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі:шиден жасалған гүл композициясы. Қажетті материалдар мен құралдар: қатты

қағаз, ши, қайшы, желім, сызғыш, қарындаш.


Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
II.Жаңа сабақ

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.


Ши тоқу ерте заманнан бері халқымыздың қолөнерінің бір түрі болып келеді. Шиді жаңбырдан кейін, кешке немесе таңертең шық кеппей тұрғанда жинаған жөн. Мұндай кезде шидің түбі жібіп, суырылғыш келеді. Шидің бәрі тоқуға жарамайды, сондықтан олардың жарамдысын іріктеп алады, қабағын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді. Тоқылған ши сыртқы түріне қарай: ақ ши, орама ши, шым ши болып 3 топқа бөлінеді. Ал біз шиді пайдалана отырып, гүл композициясын орындаймыз.
Сергіту сәті
IІІ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1.Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей оқыту.



2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Қатты қағазға гүл композициясын қарындашпен орындаймыз.

2.Шиден гүлдің сабағын,жапырағын, күлтесін дайындап аламыз.

3.Жұмысты гүлдің сабағын желімдеуден бастаймыз. Ол үшін шиге аз ғана желім жағып, ұқыппен жапсырамыз.
V.Қорытындылау.

Шиді қай мезгілде жинайды?

Тоқылған шилер сыртқы түріне қарай қандай топтарға бөлінеді?
VI.Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Күні: 18 . 01.2016 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Алғашқы көмек. Бедел Тұрсынбаев.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға Бедел Тұрсынбаевтың «Алғашқы көмек» атты әңгімесі бойынша қазақтың ашаршылық кезіндегі өмірімен таныстыру.

Дамытушылығы:оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту;

Тәрбиелігі:қыйындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Ермек Өтетілеуовтың "Балмұздақ" әңгімесі бойынша білімдерін тексеру, бағалау.



Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Қазақ халқы қиын кезеңді бастан кешірді. Соның бірі – 1931 – 1932 жылдардағы ашаршылық. Сол нәубет кезеңде үш жарым миллион қазақ халқы аштан қырылды. Ел басына түскен ауыр зұлматтың бір көрінісі Бедел Тұрсынбаевтың төмендегі «Алғашқы көмек» әңгімесімен танысамыз.

2. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу.



3. Сөздік жұмыс.

Нәубет – апат, кесапат, ауыртпалық.

Зұлмат – алапат, ауыр, қиын, зобалаң.

Білте – майшамның тұтатқанда жарық беретін ширатылған талшығы.

Құман – шәугім.

Сықылды – сияқты, тәрізді.

ІҮ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі:

1. Әңгімеде автор қай кезеңдегі оқиғаны баяндайды? «Қансонар» дегенді қалай түсінесің? Ел басындағы ауыртпалықты әңгімедегі қай сөздерден аңғаруға болады?

2. Сол тұсты тауып оқы. ( «Егер әкем түк әкелмесе, сонда біз не болдық?! ... », «Әттең, үстіме киімім бүтін болса, ...»). Мәтіннен баланың әкесі мен шешесіне берген мінездемесін тауып оқы. Егер әкем түк әкелмесе, сонда біз не болдық?! Деген бала ойын ары қарай жалғастырып көр. Не болуы мүмкін деп ойлайсың?

3. Әңгімені бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қой. (Аңшылыққа даярлық. Әкесін күтуі. Алғашқы көмек. ...). 4. Әңгімеден ашаршылықтың белгілерін танытатын сөздерді тауып, дәптеріңе толықтырып жаз. (... Жыртығын жамау, киімім бүтін болса; шай дейтін шай да жоқ; Талдың кептірген бүршігі, жасыл шөптің қураған жапырағы сықылдыларға ...; қара қазанға құры суды құйып қайнатып отырғалы талай заман болды. ...)


Ү. Қорытындылау. 1.Әңгіме неліктен «Алғашқы көмек» деп аталған? Еңбектің ең алғашқы қасиетін бала қалай сезінді?

2. Әңгіме мазмұны бойынша мына сөзжұмбақты шеш. «Қансонар» сөзінің мағынасын сөздіктен ізде.



Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет