Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар»


Мұғалім: Сагиндикова Сандугаш



бет2/3
Дата22.08.2017
өлшемі326,98 Kb.
#24127
түріСабақ
1   2   3

Мұғалім: Сагиндикова Сандугаш

Кадиргалиқызы

Сыныбы: 7 cыныптар

Ақтау қаласы


Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар»

Информатика пәнінен сыныптан тыс сабақ жоспары.



Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік Бұрын алған теориялық білімдерді бір жүйеге келтіріп, графикалық редактормен жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру, информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту, өз пікірін айтуға, пайымдауға талпындыру.

В) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, саналылыққа, компьютерлік іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, интерактивті тақта, MS Power Point-та жасалған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

Сайыс сабақ 10 кезеңнен тұрады. Сайысқа 2 топ қатысады.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Тапқыр достар» атты сайыс сабаққа қош келдіңіздер!

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, сайысымыздың барысымен танысып өтейік.

Сайыс сабағының бағдарламасы:



  1. Таныстыру (Әр топ өздерін таныстыру)

  2. «Келесі» ойыны (Сұрақтар қою)

  3. Сөзжұмбақ шешу

  4. «Қатені тап» ойыны

  5. Ребустар

  6. «Ұшқыр оймен» (Берілген әріптерден сөз құрастыру)

  7. «Ойлан, тап!»

  8. Кодтау

  9. Қылқалам сыры (Сурет салу)

  10. Қорыту. (Топты марапаттау)

Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ мүшелерімен таныс болыңыздар. (Әділқазылар алқасының төрағасы және мүшелерімен таныстыру).

  1. бөлім. «Таныстыру»

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).

  1. «Алғырлар» тобы:

Ұраны:

Болашақтың ұрпағымыз алғырлы,

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.


  1. «Тапқырлар» тобы

Ұраны:

Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.


  1. бөлім. «Келесі» ойыны.

«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Келесі» атты 2- бөлімді бастайық.

Шарты: әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі топтың сайыскерлері жауап береді. Әр дұрыс жауапқа топқа 5 ұпайдан қосылады.

«Алғырлар» тобына:


  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  2. Сурет салуға арналған программа (пайнт)

  3. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)

  4. Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)

  5. Масштаб құралының қызметі (суреттің үзінділерін үлкейту)

  6. 1 байтта неше бит бар? (8)

«Тапқырлар» тобына:

  1. Екілік жүйесінің сандары (0,1)

  2. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)

  3. Компьютердің «миы» (процессор)

  4. Paint графикалық редакторның терезесінің элементтері (тақырып жолағы, меню жолы, құралдар жиыны, сурет салу алаңы, түстер палитрасы).

  5. Жазу құралының қызметі (сурет ішіне мәтін орналастырады)

  6. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)

3-бөлім. Сөзжұмбақтар шешу

- «Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі бөлімімізгекөшейік.

«Алғырлар» тобына:

1. Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы (Принтер)

2. Дыбысты шығаратын құрылғы (Колонка)

3. Ақпаратты сақтайтын құрылғы (Диск)

4. Модем не үшін керек (Интернет)



5. Компьютерді басқаратын құрылғы (Тінтуір)

























П

р

и

н

т

е

р







к

о

л

о

Н

к

А








































д

И

с

К


































и

Н

т

е

р

н

е

т

























т

і

н

т

у

і

р

«Тапқырлар» тобына:

  1. Ең ұзын клавиша.

  2. Компьютерге мәтін жазу құрылғысы

  3. Экранға ақпаратты шығаратын құрылғы.

  4. Жазу құралының орысша атауы

  5. Монитор, клавиатура, жүйелік блок, тінтуір - мұның бәрі .................

деп аталады.


























П

р

о

б

е

л










к

к

л

а

в

и

А

т

у

р

а






















м

о

н

И

т

о

р































Н

а

д

п

и

с

ь







к

о

м

п

ь

ю

т

е

р





  1. бөлім. «Қатені тап»

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

«Алғырлар» тобына:



  1. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .bmp форматында сақтаймын.

Жауабы: 3 қате жіберілген

1. Word графикалық редактор емес

2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес

3. Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.

«Тапқырлар» тобына:

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.


  1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын

Жауабы: 8 қате жіберілген

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Сәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – графиксызғыш құрылғы

5- бөлім. Ребустарды шешу.



«Алғырлар» тобына:

Жауабы: «Пайнт»



«Тапқырлар» тобына:

Жауабы: «Компьютер»

6- бөлім. «Ұшқыр оймен» (Берілген әріптерден сөз құрастыру)

Берілген «Фывапролджэюбьтимсчяйцукенгшщзхъ» тізбегінен компьютер терминіне байланысты сөздерді құрастыр. Бір әріп бірнеше рет қайталануына болады. Екі топтың қайсысы көп сөз құрастырса, ұпай саны көбірек қосылады. Мысалы; Файл, диск, форма, код, компьютер, колонка, мышь, курсор, т.с.



7- бөлім. «Ойлан, тап!»

Кестеде әріптер орналасқан, осылардан Paint графикалық редакторының құралдарының атын оқи аламыз. Қай топ бірінші болып, барлық сурет салу құралдарын тапса, сол жеңіске жетеді.



Жауаптары: өшіргіш, қарындаш, қисық сызық, құю, кисть, масштаб, эллипс, бүріккіш, жазу.





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет