Сабақтың тақырыбы: темірдіңтабиғатта таралуы, алынуы,физикалық, химиялық қасиеттері. Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі133,67 Kb.
#31208
түріСабақ
Химиядан ашық сабақ жоспары

Пән мұғалімі Алтаева Ш.А.

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: §6.5.Темірдіңтабиғатта таралуы, алынуы,физикалық, химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға темір және оның қосылыстары жайлы мағлұмат беріп, білімдерін толықтыру.Оқушылардыңбілімдерін жүйелендіру, пәнге біртұтас көзқарасын қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушылардың тақырып бойынша ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып ой – өрісін дамыту,қорытындылау, жүйлу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелілік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, сұрақ – жауап.

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Көрнекі-құралдар:слайд, оқулық



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Жаңа сабақты бекіту.

5.Үйге тапсырма.

6.Бағалау.

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Темірдің периодтық жүйедегі орыны;

2. Атом құрлысы

3. Табиғатта таралуы және маңызы,ашылу тарихы

4. Физикалық қасиеттері

5. Темірдің химиялық қасиеттері

6. Темірдің биологиялық маңызы

7. Темірдің қосылыстары

8.Темірдің қолданылуы

9. Бекіту:(Деңгейлік тапсырмалар,бекіту сұрақтары,тәжірибе,тест)

10.ҚорытындылауТемір туралы мақал – мәтелдер
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі Психогимнастикалық жаттығу

2.Үй тапсырмасын тексеру:


  • Хром периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы

  • Алынуы және табиғатта таралуы

  • Физикалық ,химиялық қасиеттері

  • Қолданылуы

  • Айналымды жүзеге асыру:

  1. Сr → CrCI3 → Cr(OH)3 → Cr(NO3)3

K [Cr(OH)4]

ә) Cr2(SO4)3 → Cr(OH)3 → Cr2O3 → Cr → Cr2S3

б) Cr2(SO4)3 → K2Cr2O7 → K2CrO4 → BaCrO4



Жаңа сабақ:

Сыныптағы оқушылар3 топқабөлінеді

s-элементтер

р-элементтер

d-элементтер

Данышпан Абайдың бір үзік жұмбағын келтірелік:

Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әр түрлі кен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен? Шешуі: темір



Темір.

Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс, темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған , өсімдіктер семіп ,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса, тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.»

бұл көріністі суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минеролог, академик А.Е.Ферсман.
Темірдің ашылу тарихы:


  • Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.

1.ХҮІ-ХҮІІ ғ темірден жасалған бұйымдар(шкатулка,есік өрнегі)музей,Санкт-Петербург.

2. Меккедегі қара тастың өзі де таза темірден жасалғаны белгілі,

оның тіреусіз қалқып тұруы магниттік қасиетіне негізделген .

3. Делидегі темір бағана (б.э.д. ІҮ-Ү ғасыр)



    • (Дели) Индияда б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі

    • 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.

4. Эйфель мұнарасы

1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель

алып мұнара құрылысын аяқтады.

Париж эмблемасына

айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.
3топтағыоқушыларға тапсырма беру өз бетінше жұмысы

s-элементтер Темірдің атом құрылысы, табиғатта таралуы, алынуы

р-элементтер Темірдің физикалық,химиялық қасиеттері,биологиялық маңызы

d-элементтер Темірдің маңыздық қосылыстары,қолданылуы

ХЭПЖ орны: 4 период, 8топ,қосымша топша , 26 протон, 30 нейтрон, 26 электрон.

Табиғатта кездесуі : гематит - триоксид дитемір – қызыл теміртас; магнетит – магнитті теміртас – тетраоксид тритемір; лимонит, пирит, сидерит. Соколов-Сарбай кен орны .

Алынуы: алюмотермия, сутекпен немесе көміртек (2) оксидімен тотықсыздандыру

Қолданылуы: құймаларында магнитсіздену қасиеті.



Физикалық қасиеті:





Темірдің химиялық қасиеттері:

Неге темір көптеген қосылыстармен әрекеттеседі? (активтілігі жоғары)

2, +Н2О, +С12, +С, +күкірт, +қышқыл, +солтұз: Тотықсыздандырғыш бола алады. Дәлелдеңдер. Электрондық баланс.

4Fe + 3О2 ---------2Fe2О3 4Fe + 2 Н2О+3О2 ------4FeO(OH)

2Fe +3С12 ------2FeС13 3Fe + С-------Fe3С

Fe +S -----FeS

-------------------------------------

3Fe +4Н2О ------2Fe3О4 +4Н2 Fe + 4НNО3 (p)-------Fe(NO3)3 +NO+2H2O

Fe + H2SO4--------FeSO4 +H2 Fe +2HCl ----------FeCl2 + H2

Fe +CuSO4--------- FeSO4 + Fe

FeO

Қара түсті ұнтақ, суда ерімейді. Негіздік қасиет көрсетеді

Fe(OH)2 жасыл тұнба

Fe2O3

Күрең, қоңыр ұнтақ, суда ерімейді. Бұл оксидке де негіздік қасиет тән.Бірақ жоғары температурада ол екідайлы оксидтер сияқты негіздік оксидтермен және балқытқанда сілтімен қосылады.

Fe(OH)3

қызыл қоңыр тұнба



магнетит

гематит

лимонит

пирит

Fe3O4 (FeO Fe2O3)

магнитті теміртас қатты зат

Құрамындағы темірдің мөлшері – 72%


Fe2O3

қызыл теміртас қатты зат

Құрамындағы темірдің мөлшері – 65%


Fe2O3nH2O

Құрамындағы темірдің мөлшері – 60%




FeS2

Құрамындағы темірдің мөлшері – 47%






Лабораториялық тәжірибе «Мыс,темір, мырыш иондарын сапалық анықтау»

Мыс,мырыш хлориттері + сілті ==көкілдір және ақ түсті қоймалжың тұнбалар

Үш валентті темір иондарын анықтау үшін калий тиоцианатын да реактив ретінде қолданады:

FeCl3 + 3KSCN = Fe(SCN)3 + 3KCl калий тиоцианаты темір тиоцианаты(қан қызыл түсті)

Fe3+ катиондарын анықтау үшін сары қан тұзы калий (ll) гексацианоферратын K4[Fe(CN)6] қолданады. 4FeCl3 + K4[Fe(CN)6] ↔ Fe4[Fe(CN)6]3↓ + KCl

Гексацианоферрат (ll) иондары [Fe(CN)6]4- темір Fe3+ катиондарымен әрекеттескенде қара көк тұнба – темір (lll) гексацианоферраты(ll) (берлин көгілдірі) түзіледі:

3[Fe(CN)6]4- + 4Fe3+ ↔ Fe4[Fe(CN)6]3

Fe2+ иондарын анықтау үшін калий гексацианоферрат (lll) - [Fe(CN)]3- иондары Fe2+ катиондарымен әрекеттескенде де, қара көк тұнба – темір (ll) гексацианоферраты (lll) (турнбуль көгі) түзіледі:

2[Fe(CN)6]3- + 3Fe2+ = Fe3[Fe(CN)6]2
Темірдің биологиялық маңызы:


  • Адам ағзасы құрамында 4-7 г темір бар.

  • -Хемосинтездеуші бактериялар темір,марганец қосылыстарын тотықтырып,осы металдар рудаларын түзеді.

  • -Темір латын тіліне аударғанда ферро-қылыш деген сөз.

  • -Адам денесіндегі темірдің атом сандары 4,5*1022, ал 1жасушада 4,5*108.

  • -100 мл адам қанында 13-16г гемоглобин болады.

  • -Гемоглобин молекуласын жинақтау үшін адам ағзасына 90с уақыт керек.

  • -Көптеген тірі ағзаларға биомагнит тән.

  • -Адам ағзасында темір көбейіп кететін болса ,онда ерте жастан атеросклероз

  • ауруы,ишемиялық ауру білінеді.

  • -Темір ионы ғана қанға қызыл түс береді.


Темірдің қолданылуы:

Темір купоросы (FeSO4 ∙ 7H2O) – ағаш сүрлеуде;

Fe3C – цементит шойында қолданылады.

(NH4)2SO4 ∙ FeSO4 ∙ 6H2O – Мор тұзы, тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланылады.

Fe(NH4)2 ∙ (SO4)2 ∙ 12H2O – темір-аммонийлі ашудас, тері илеуде қолданылады.

Fe2O3 – темір сүрегі (бояу) шатырларды бояуда, болат пен шыны беттерін тегістеуде, термиялық пісіруде қолданылады.




Деңгейлік тапсырмалар:

Толықтыру тестісі.

  1. Темір ------- түстес ------- металл.

  2. Темір иілімді,------- қасиеті бар,тығыздығы-------,балқу температурасы--------.

  3. Темір қосылыстарында -------тотығу дәрежелерін көрсетеді.

  4. Темір құймалары -------және-----түрінде қолданылады.

Керекті сөздер: күміс,ақ,магниттелетін,3,87г/см , 1539,+2,+3,шойын,болат.
Мақал-мәтелді жалғастыр:

  • «Темірші –....................................»

  • «Темірді қызған ...................................»

  • «Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-.......................»

  • «Темір кессең ..........................,Ұзартуың оңай.

Ағаш кессең ұзын кес,.........................................».

  • «Болат бүгілмес-.......................................».

Сәйкестендіру кестесі:

N

Формуласы

Аттары

1.

Fe2O3

А) сидерит

2.

AL2O3

Ә) ғаныш

3.

CaSO4* 2H2O

Б)корунд

4.

CuSO4 *5H2O

В) гематит

5.

Fe2O3 ∙ nH2O

Г) тотияйын

Үйге тапсырма:

§ 6.5 тақырып;185-190 бет, есеп(190-бет 6.7)



Бағалау:
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет