Сабақтың тақырыбы: Тіл-қарым-қатынас құралы. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі №1-сабақ. Бөлім



бет1/93
Дата20.09.2022
өлшемі14,73 Mb.
#150123
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
Қазақ тілі 1-тоқсан 5-сынып


Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Тіл–қарым-қатынас құралы. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі
1-сабақ.

Бөлім:

1-бөлім Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Педагогтің аты-жөні:

Бекхожина Н.А.

Күні:

5.09.2022ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тіл–қарым-қатынас құралы. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.Т/А2.Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру.
5.О1.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар тіл–қарым-қатынас құралы екенін оқып біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесімен танысады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында
беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Тіл неліктен құралға жатады?

2. «Тіл-қарым-қатнас құралы» дегенді қалай түсінесің?



Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет