7. Үйге тапсырма беру : 4- тапсырма. 63 бет Тамақтағы дәрумендердің пайдасымен танысып. Есте сақтау. (2мин)
Бағалау Топ басшылары тобындағы балаларға әр жауапқа 1 балдан қояды.(3 мин)
1-3 б - «3»
4-5 б - «4»
6-7 б - «5»
Сабақтықтың соңында балаларға сабақтың ұнағаны ұнамағаны туралы кері байланыс жасаймын.
Рефлексия. Ұнады. (1 мин)
Түсінбедім .
Қызықты болды
Мен тапсырмаларды орындадым
Қазақ тілі мұғалімі: Мейрамова Айгуль Жумабековна.
Қалалық семинарда өткізген сабақтың талдауы.
Күні: 17.11.2016 ж. Сыныбы: 5 “б” сынып Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Түскі ас
Сыныпта 15 оқушы, барлығы сабақа белсенді қатысты.
Сабақтың мақсаты: Ауызша, жазбаша жұмыстарын жүргізе асыра отырып білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету, топпен жұмыс жүргізіп, бірін – бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.
Топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, Ыстық орындық әдісі( үй тапсырмасын тексере отырып жаңа сабақта білімдерін толықтыру мақсаты үшін пайдаланылды); үш топқа бөлек сын есім, етістіктің ауысалы осы шақ жұрнатары, септік жалғауларымен байланысты тапсырмалар берілді (Граматиканың барлығын қамту үшін) Синквейін әдісі өткізілді.
3 Сабақтың алдында қойылған міндет А) Сын есім туралы, етістіктің ауыспалы осы шағынан алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізу;
Ә) Сауатты, таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту;
Б) Халықтық педагогика негізінде тәрбиелей отырып, отбасын, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл алған міндеттер байланысып бірін - бірі толықтырып тұрды.
4. Оқушыларды үш топқа бөлу берілген грамматиканы лексикамен байланыстыра сөйлету үшін тиімді болды.
5. Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.
6. Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, “Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, сын есімнен, етістіктің ауыспалы осы шағы,септік жалғауларын қайталауда оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды”.
7.Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.
Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және намысшылдыққа, ұйымшылдыққа, елін, отбасын сүйуге тәрбиеленді. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету басшылыққа алынды.
8.Үйге тапсырма тамақтағы дәрумендердің пайдасымен танысып. Есте сақтау.
Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Ыстық орындық, Мыйға шабуыл, Топтық тапсырмалар, Синквейін әдісі, Сергіту сәті сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
№2 Красный Яр орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Түскі ас.
5 сынып
Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Мейрамова А.Ж.
2016 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |