Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері. Мақсаты



бет2/4
Дата04.08.2017
өлшемі1,46 Mb.
#22748
түріСабақ
1   2   3   4

ІІ. 1.Үй жұмысын тексеру (Кеме капитанының тапсырмасы)

397- жаттығу

2. Өтілген материалды қайталау, пысықтау.

«Күннің көзін» бұлттан арылту ойын - жаттығуы арқылы өткен сабақтан алған білімдерін пысықтау.



Ойынның шарты: Күннің көзін бұлттар жауып тұрады.Әр бұлттың артында сұрақтар жазылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде күн ашылады.

  • Балалар, біз күнді бұлттан арылттық. Экранға назар аударайық.Күн деген сөз «бір күн» деген, бұлттар деген сөз «көп бұлттар » деген ұғымды білдіреді. (Яғни зат есімнің жекеше, көпше түрі туралы толық түсінік беру)

3. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. 1. Жаңа сабақ (Блум таксономиясы бойынша жүргізіледі.)

Білім.

( Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру. Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды)



2. Дәптермен жұмыс

а) Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.

ә) Көркем жазу жұмысын жүргізу. «а» дыбысынан басталып, «а» дыбысынан аяқталатын зат есімдерді жазу. Мысалы: ара, ата, аға, апа, ана.

Саяхатты жалғастыру.



3. Оқулықпен жұмыс.

400-жаттығу.(акуланың тапсырмасы)

Сурет бойынша жұмыс. Суреттегі заттардың атын атап және санын анықтау. Олардың бір-бірінен айырмашылығын тапқызу.

Түсіну.

(Жаңа материалда берілетін білімді түсіну,өзінше түсіндіру немесе болжам жасау. Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады)

Саяхатты жалғастыру.

401-жаттығу (айсбергтің тапсырмасы) Қарамен жазылған сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстыру.

-Балалар бұл қай ақынның өлеңі?

- Әнуарбек Дүйсенбиев.

- А Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?

- А. Дүйсенбиев 1931 жылы Алматы облысы, Қарақастек атты тау етегінде дүниеге келген. Балалар ақыны Ә.Дүйсенбиев Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. «Сыйлық», «Не деу керек?», «Қайырлы таң балалар» өлеңдері бар. Дүйсенбиевтің өлеңдер жинағы қырғыз, татар, украин тілдерінде де басылып шыққан.



4. Ережемен таныстыру, оқыту.

5. Сергіту сәті

Ал,балалар,тұрайық

Алақанды ұрайық.

Бір отырып,бір тұрып,

Біз демалып алайық.
Қолдану.

(Жаңа білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді таба білу, біртіндеп бөліктерге жіктеу, арасындағы байланысты айқындау. Ойланады, салыстырады, табады,талқылайды, талдайды, ашады, іздейді)



Саяхатты жалғастыру.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет