Сабақтың тақырыбы: Зерттеу сұрағы: Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар Мұғалімнің аты-жөні: Лукпанова Д. У



бет6/9
Дата17.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43167
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 (Б.з.д. ҮІІ – ІҮ ғғ) Өркениетнемесе дамыған мемлекет деген ұғым. Алайда алғашқы көшпелілер өркениетін дәл бүгінгі өркениеттің тұрғысынан түсінбеу керек. Көшпелілер өркениетін темір дәуірінің алғашқы кезіндегі ру – тайпалардың тіршілік көздерінің дамуы көріністері ретінде түсінген жөн. Көшпелілер сан мыңдаған басы артық төрт түлік мал өсірген. Олар материалдық және рухани игіліктерін өздері ғана пайдаланып қоймай, басқа да өркениетті елдермен байланыс жасаған. Қаружарақ, құралсаймандары, әсіресе металл өңдеудің өркендеуі, әйгілі аң стилінде жасалған бұйымдары өнердің дамуында ерекше орын алған. Олар бүгінгі таңдағы мәдениетіміздің дамуына үлкен үлес қосқан.



Бұрын отырықшы жер өңдеу кәсібімен айналысқандар ғана өркениетті ел болып саналған. Ал мал өсіріп, жартылай көшпелі өмірмен айналысқандардың мәдениетіне көңіл аударылмай келді. Алайда археологиялық зерттеулер көшпелілер өркениеті бар екендігін дәлелдеді. Шындығында, бұл екі өркениет бір – бірінсіз өмір сүрмеген. Олардың арасындағы байланыс ежелгі дәуірлерден – ақ белгілі.Б.з.д. ҮІІ – Ү ғасырлардағы жазба және археологиялық деректерге қарағанда, Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген тайпалар Қытай, Ассирия, Мидия, Парсы сияқты елдермен өркениетті қарымқатынас жасаған. Әрине бұл байланыстар бірде тату, бірде соғыс жағдайында болған. Сақтар мен сармат тайпалары алғашқы мемлекеттік дәржеде өмір сүріп, атақты парсы, грек жаулаушылары Кир мен А.Македонский сияқты жеңімпаз әскерге соққы берген тайпалар.Жібектен және жүннен жасалған бұйымдар Оңтүстік және Батыс Еуропа жерлерінен б.з.д. ҮІ – Ү ғасырларға жататын қабірлерден де табылған. Бұдан сақтар мен скифтердің Батыс пен Шығыс аралығында байланыстыру ерекше рөл атқарғандығы көрінеді.

Темір дәуірінің соңғы кезіндегі (б.з.д. ІІІ – б.з. Ү ғғ) көшпелі және отырықшы өркениетті елдер арасындағы байланыстар.

 Дәуірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Егер темір дәуірінің алғашқы кезеңінде көшпелілердің мемлекеттік ұжымы енді ғана құрыла бастаса, оның соңғы кезеңінде мемлекеттік ұжым бір жола құрылып болғандығын көруге болады. Оның басты дәлелі – көрші Қытай сияқты елдердің үйсін, қаңлы, ғұн елдерін мемлекет деп тануы.

Ал б.з.д. 437 жылы үйсіндер Қытай сарайына елшіліктер жіберген. Қытай деректерінде үйсіндердің елбасын гуньмо, қазақша күнби деп  атаған. Ал

үйсіндер мен қытайлар арасында жібек саудасының болғандығы тек жазба деректерден ғана емес, археологиялық деректерден де белгілі.

Б.з.д. 206 жылы Ғұн мемлекет басқарған Мөде Қытайдың шекаралық аудандарына шабуыл жасап, оларды өздерінің Ордостағы жеріне көшіп – қонып жүргісі келетіндігі туралы ойларынан мүлде бас тартуға мәжбүр еткен. Қаңлылардың қабірлері мен тұрақжайларына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде оларда б.з.д. 1 – мыңжылдықтың соңында басқа елдерден келген бұйымдардың көптен кездесетіні байқалған.Ғалымдар: «Бұл көріністің басты себебі халықаралық сауданың дамуынан», — деп көрсетеді. Өйткені Қаңлы мемлекеті Ұлы Жібек жолының орталық бөлігінде жатты. Өз жерінен өтетін жолға өздері иелік етті. Бұл жағдай қаңлылардың өркениетті елдермен тікелей байланыста болуына себебін тигізді

Қалалардың өсуі, жартылай көшпелілермен қарым – қатынастың дамуы.

 Отырықшылар мен көшпелілердің арасындағы байланыстың күшеюі қалалық мәдениеттің дамуын тездетті. Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның бойында Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, ал Қаратаудың солтүстігінде Созақ, Баба ата, Құмкент, Шолаққорған, Сайрам сияқты қалалар бой көтерді. Жетісу аймағында Тараз, Талхиз, Мерке, Құлан, Баласұғын сияқты қалаларда қалалық отырықшылық мәдениет өркендеді, қалалар саны өсті. Егер жазба  деректерде ерте орта ғасырларда 6 қала белгілі болса, орта ғасырлардың орта кезінде олардың саны 33- ке жеткен. Ал Жетісудың оңтүстік  — батыс бөлігі бойынша 26 қала белгілі.

Қала тұрғындарының саны өсе бастаған. Олардың қатарын кедейленген мал өсірушілер толықтырған. Археологиялық зерттеулер қалалар көлемінің кеңеюі, әсіресе рабад бөліктеріндегі үй – жайлардың көбеюі жазба деректердегі мәліметтерді толығымен қуаттайды. Сонымен қатар ірі қалалар аймағында қыстақ, кенттердің саны өсіп, онда жартылай көшпелі мал өсірушілер тұрақты мекен – жай салып, біржолата отырықшыланған. Мысалы, Тараз, Сайрам, Түркістан, Сығанақ, Отырар, т.б. ірі қалалар аймағында аты белгісіз болып, Ақтөбе, Төрткүлтөбе, Алтынтөбе аталып жүрген көптеген төбелер сол кездегі қыстақ – кенттердің орындары. Бұл түркі тілдес тайпалардың отырықшылануына байланысты Талас, Шу аңғарларында қалалық мәдениеттің дамығандығын көрсетеді.

Қала мәдениетінің өсуін Жетісу аймағының солтүстік – шығыс жағындағы қалалардың бой көтеруінен де байқауға болады. Егер ІХ – Х ғасырларда 10 қала белгілі болса, ХІ –ХІІІ ғасырларда қалалардың саны 70 –ке дейін жеткен. Ал түркі ақсүйектері ірі қалаларда өздеріне салтанатты сарай салғызған. Оның қабырғаларын безендіру үшін Орталық Азиядан шеберлер жалдаған. Ал қала тұрғындары жартылай көшпелілерден қару – жарақ, сәндік заттарды, бағалы металдардан жасалған ыдыстарды алған. Сөйтіп, қалалық  мәдениеттің өсіп — өркендеуі жартылай көшпелілердің қоныстануы барысындағы қарым – қатынастың нәтижесі екені белгілі. Екі жақтың бір – біріне тигізген әсері қоғамның дамуына да өз үлестерін қосып отырған




Оқулық,

мәтіндер.



Ортасы

10 минут




Қолдану

«Үш қадамдық сұхбат» (Жеке, Талдау, Постер құру)

Бұл әдіс арқылы топтық жұмыс жүргізіледі. Тақырып талқыланады, қортындыланады. Түйіндейді.







Талдау «Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында кактығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды. Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі "аң стилі" Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Талдау «Жариялау» әдісі




Сергіту сәті

2 минут


«Ойын ойнайық!»


Оқушылар сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


Ой қорытыу

БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді












Ой қорытыу

БББ кестесі



Бағалау
5 минут

Кері байланыс



3 минут



Кері байланыс

Білім қоржыны



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет