Сабақтың тақырыбы: Зерттеу сұрағы: Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар Мұғалімнің аты-жөні: Лукпанова Д. У


Сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз



бет8/9
Дата17.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43167
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз......


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Қысқа мерзімді жоспар

Қазақстан тарихы

10-сынып

.


Сабақтың тақырыбы:

Зерттеу сұрағы: Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар

Мұғалімнің аты-жөні: Лукпанова Д.У

Күні: 20.11.17

СЫНЫП: 10б


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Көшпелілердегі қоғамдық қатынастарды ажырату

Материалдық, рухани мәдениетті ажырату. Көшпелілердің діни наным сенімдерін оқып үйрену. Көшпелілер мәдениетімен білім беру, әлеуметтік саяси дамуын түсіндіру, көшпелі тайпалар – сақ, сармат, скифтердің материалдық және рухани мәдениеті, олардың көшпелі өркениетке қосқан үлесін көрсету.



Сабақ нәтижесі:


1)Көшпелілірдегі қоғамдық қатыныстардың дамуын әлеуметтік теңсіздік көріністерінен бажырата алады.

2)Көшпелі қоғамдағы әскери істің бағыттарын анықтайды



3)Тарихи маңызына баға береді

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Орта ғасырлар тарихы

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

География, Тарих

Алдыңғы оқу

Өткен білімді пысықтау

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

3 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Напиши свое имя на японском» сөзі жазылған қағаздарды тарата отырып, оқушылардан өз аттарын тауып жазу сұралады. Жекелеп оқып шығамыз.


Үй тапсырмасын сұрау

Блиц-турнир

  • Көшпелі өркениет қай кезден басталады?

  • Мал шаруашылығы дамуынының қандай кезеңдерін білесіңдер?

  • Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар? Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?

  • Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?




Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.



Жаңа білім

7 минут




Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді бөлінген топтар бойынша оқып алады.

1. Б. з. д. VІІ ғасырдан б. з. V ғасыры аралығында Жетісу, Алтай өңірлерін мекендеген тайпалардың материалдық ескерткіштеріне тоқталар болса, қола дәуіріне қарағанда әлдеқайда жетілгенін көреміз. Өмірге темірдің енуі еңбек өнімділігін арттыруға үлкен үлес қосты. Материалдық мәдениеті: Обалар, күмбездер, екі, төрт дөңгелекті арбалар, киіз үйлер, қолөнер және әшекей бұйымдар, киім-кешектер, жазба деректер. Қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық заттар ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлы тайпаларының көшпелі өркениетінің мәдени дамуының толық дәлелі бола алады.
Рухани мәдениет дегеніміз не?
2. Сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының жерлеу әдет – ғұрыптарына қарағанда, о дүниелік өмір бар деп сеніп, өлгендердің ең қажетті деген бұйымдарын бірге жерлеген. Ежелгі дәуір және көне қытай, иран деректемелерінде ертедегі көшпелі халықтардың сиынатын басты Құдайы – күн болған. Отқа табыну осы Күнге табынудан келіп шыққан сияқты. Діни наным – сенімге байланысты «аң стилі» пайда болған. «Аң стилі» өнері мазмұны жағынан тайпалар өмірін, қиялын, аңыздарын бейнелеген. Ондағы аңдар таласы бейнелері сол кездегі рулар мен тайпалар арасындағы талас – тартыстарды, жайлаушылық кездерді білдірді. Олар сақтардың алтын тоғаларында кездеседі. Ертедегі шеберлер көп жағдайда өздерін қоршаған жануарлар дүниесін бейнелеуге тырысқан. Жалпы аң стилінің пайда болуы екі ғылыми болжам бар.
Біріншісін жақтаушылар: «Скиф – сақ тайпалары бұл өнерді алдыңғы Азиядан қабылдаған», - деп санайды. Себебі олар б. з. д V ғасырдан бастап өнерлерін тарата бастаған. Ал екінші пікірді жақтаушылар «Бұл ықпал б. з. б. VІ ғасырдың соңғы кезінен бастап өнерлерін тарата бастап, Ахеменидтер кезінде ерекше күшті», - деп дәлелдеуге тырысады, бірақ бірінші пікірді жоққа шығармайды.
Рухани мәдениетті құраушы салалары: әдет – ғұрыптар, зергерлік бұйымдар, салт – дәстүрлер, аң стилі, бейнелеу өнері.
Құрбандық шалу, отқа табыну, безендіру өнері, аң стилі.
3. Жер жүзіндегі халықтардың қайсысында болсын, олардың діни – наным сенімдерінде алғашқы дәуірден сақталып келе жатқан салт – дәстүрлері болады. Алматы қаласының солтүстік – батыс жағында 180 шақырым жердегі Таңбалы таста Күн Құдайы бейнеленген. Мысалы түріктерде отқа табынудың бірден бір мысалы Византия елшісі Земарх түрік қағаны Дизабұлға келгенде, оны жанып тұрған оттың арасынан өткізгеннен кейін қағанның қабылдағанын жазады.
Сонымен қатар жеріміздің Ұлы Жібек жолының бойында жатуы дүниежүзілік діндердің орнығуына мүмкіндік туғызады. VІІІ – ІХ ғасырда жеріміздің оңтүстік және Жетісу аймағында ислам діні тарай бастады. Дін: наным - сенім, табыну, несториан діні, құрбандық шалу, христиан діні, ислам діні, будда діні, рух.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет