Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап



Дата19.12.2016
өлшемі1,57 Mb.
#4181
түріСабақ
Ана тілі

Тақырыбы: Туған тілім Дихан Әбілев

Мақсаты: Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқуға үйрету

Міндеті: Ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл екенін оқушы жүрегіне орнықтыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз болған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену.

Оқушылардың ой-өрісін дамыту сөздік қорын молайту

Адамгершілікке елжандылыққа қазақ тілін қастерлеп оның тұғырының биік болуына өз үлесін қосуына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Әдісі:түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер,тіл туралы тебірене жырлаған ақын жазушы ағаларымыздың суреттері мен еңбектерін пайдалану,қанатты сөздер.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушы назарын сабаққа аудару,өзіме қарату.
2.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Астана өлеңін мәнерлеп оқу

2.Сұрақ-жауап.

А.Астана қаласы қай кезден бастап Астана қаласы болып аталды?

Ә.Бұрынғы аты қалай аталған еді?

Б.Өлеңде Астана,Алматы қалалары неге қатар айтылыды?

В.Қандай көрікті жерлерін атап айта аласыңдар?

3”Әсем қала-Астана” әңгіме өлең жазуға тапсырылған.Оқытуү

3.Жаңа сабақ:

Мақсат қою:Туған жер.Отан туралы кіріспе әңгіме жүргізу.

1.М.Мақатаевтың Отан туралы өленің еске түсірейік?Жатқа айту/1 оқушы/

2.Осы өлеңде ақынның Мен оның қасиетті тілін сүйем деген жолдардағы қасиетті тіл деп отырған қай тіл?/қазақ тілі/

3.Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесін қойып,сөйлемдерді дауыстап оқыту.

Қазақ тілі-ана тілім

Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.

Ендеше белгілі ақын Дихиан Әбілев атамыз/Туған тілім/ атты өлең жазған.

/Интерактивті тақтадан оның суреті шығады.Оның өміріне,еңбек жолына қысқаша тоқталу./

1.Дихан Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы,Баянауыл ауданының Мойылды қыстауында дүниеге келген.Семей ауылшаруашылық техникумын бітіріп,хатшы,мұғалім,мектеп-интернаттың директоры,газет редакторының орынбасары болып қызмет атқарған.Ең алғашқы өлеңі 1926 жылы/Қызыл әскер/.Бұдан басқа да көптеген өлең әңгімелер жазған халық жазушысы.



2./Туған тілім/өлеңін оқып,талдау

А.Бірнеше оқушыға мәнерлеп оқыту

Ә.Ақынның туған тіл деп отырғаны қай тіл?

Б.өлеңдегі туған тіл деген тіркестің орнына қазақ тілі деген сөзді қойып дұрыс,түсініп мәнерлеп оқыту.
Сергіту сәті
3.Балалар әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын,өзінің ата мекенің қалай сүюімен,өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек.Тіл туралы жырламаған ақын жоқтың қасы.Басқа да тіл туралы қандай өлеңдер білеміз?

Балалар өздері жаттаған өлеңдерін айтады/бірнеше оқушы/

4.Тілдің маңызы мен құдыретті күші туралы әр халықтың даналық сөздеріңе тамаша пікірлер айтылған.

Тіл туралы:

Арабтар:/Шын журектен шыққан сөз,жүрек тербейді/

/Тіл сүйексіз болса да,өзі сүйектен өтеді/

Армянда:Қылыш жарасы жазылады,тіл жарасы жазылмайды/

Қырғызда:/жақсының сөзінен тас балқиды,жаманның сөзінен бас қаңғиды/деген екен.

5.Сендер қандай мақал-мәтел білесіңдер?

/өнер алды қызыл тіл/

Тіл білмеген-дым білмейді.т.б.

6.Мақалдар сөзтуымы

1.Атадан жақсы ұл туса

Елдің қамын жейді

Атадан жаман ұл туса

Елінің ..... жейді.

2.бұлақ-судың анасы

Тұяқ-жолдың анасы

...-сөздің анасы.

3.Ұрлық,ұрлық түбі....

4.Бақа көлінде патша

..... суында патша

Жігіт елінде патша

5.Туған жердей жер болмас 6.Кәрі,кәрінің сөзі...

Туған елдей ел .....
7..... жолында жүк қалмас. 8.Туысы бірдің уысы ....
7.Дәптермен жұмыс:Эссе жазу./Туған тілім/

Бірнеше оқушыға оқыту.

8.Тест тапсырмалар.

4.Қорыту: 1.Бүгін нені өттік?Біздің мемлекеттік тіліміз қандай тіл?Оны қалай құрметтейміз?

2.Сызба толтыру.

.Үй тапсырмасы.Өлеңді жаттау.

6.Бағалау.

Сабақты /Анамның тілі – аяулы үні/ әнімен аяқтау.

Қаратал ауданы

Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Жаңаталап орта мектебі



Ашық сабақ

Ана тілі

2 сынып

Тақырыбы:

Дихан Әбілев.

Туған тілім

Бастауыш сынып мұғалімі:

Тоғасова Хатифа Қапаржанқызы

жыл
Каталог: uploads -> doc -> 0ca5
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ca5 -> Сабақ Тақырып: Таным белестері. Құндылық:Ішкі тыныштық
0ca5 -> Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Кіріспе Мақсаты
0ca5 -> Сабақтың тақырыбы: § 25 Жасушадағы энергетикалық алмасудың негізгі кезеңдері
0ca5 -> Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы толық түсінік беру. Білімділік
0ca5 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру
0ca5 -> Бағдарламаның мақсаты
0ca5 -> Жалпы қолданыстағы сөздер Қолдану аясы шектеулі сөздер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет