Сабақтың түрі Жаңа сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары


-топ: Белгілі бір аспапта ойнау (қалай отыру, аспапты қалай ұстау т.б) туралы нұсқаулық жазыңыз. 3-топ



бет5/6
Дата04.01.2022
өлшемі35,9 Kb.
#109308
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1- апта дәріс Гүлжанат апай, 1- апта дәріс Гүлжанат апай, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, есеп, есеп, есеп, 8, 173001, 173001
2-топ: Белгілі бір аспапта ойнау (қалай отыру, аспапты қалай ұстау т.б) туралы нұсқаулық жазыңыз.

3-топ: Ұлттық аспаптар домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген туралы шағын әңгіме ертегі құрастырыңыз.

Тапсырма беріліп, оқушылар дайындалғанша

Қосымша ресурс:

Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.
«Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.
Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз. Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық-эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткiздi. Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнерi, тарихы бiрге жүредi. Домбыра аспабының философиясын ашуда аңыз-әңгiмелердiң желiсiне сүйенуге болады. «Ертеде бiр хан қызының кедей жiгiтпен көңiл жарастырғанын сезiп қалады да жiгiттi дереу дарға астырады. Екi қабат болып қалған қыз мезгiлi жетiп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпiр егiз баланы көз көрмес, құлақ естiмес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып iлiп кетедi. Сәбилердiң көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегi тоқтаған нәрестелермен бiрге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгiме халық арасында жата ма, оны естiген қыз егiзiн iздеп, жолға шығады. Жолдан шаршаған қыз бала ағаш түбiне келiп, демалады. Құлағына күмбiрлеген сарын естiледi. Қайдан шығатын әуен екенiн бiлгiсi келiп ағаш үстiне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетедi. Ағаш, түбiнен басына дейiн iшi қуыс екенiн көредi. Екi басында бұтақтан-бұтаққа керiлiп қалған iшектердi көредi. Екi iшек самал желмен тербелiп, одан әуен шығады екен. «Егiз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған iшегi бостау, шығысқа қараған iшегi қаттылау керiлген екен. «Астыңғы iшек - жiңiшке дауысты қызым Зарлық, ал, үстiнгi iшек - бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын» деп екi iшекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен» дейдi аңыз-әңгiмеде.
Ал қазіргі кезеңде ше балалар, осы атадан мұра болып келе жатқан асыл мұраларымызды біз қаншалықты деңгейде пайдаланамыз, дәріптейміз? Қалай ойлайсыңдар?

Мысалы, Қарақат Әбілдинаның «Қарақат»с тудиясы, онда өздерің секілді қыздар жетіген ааспабымен түрлі өнер көрсетеді. Қара домбырны қолынн тастамайтын эстрада әншілері Бекболат Тілеуханов, Мейрамбек Беспаев, «НұрМұқасан» тобы, тағысын тағы.


Болған топ қол шапалақтау арқылы болғандарын айтып, орындаған тапсырмасын оқиды. Орфографиялық норма бойынша жазылым жұмыстарындағы қолданылған шылаулар мен қосымшаларды ажыратып, үндестік заңдылығына сәйкестігін бір-бірінің жұмысынан тексереді.

Бағалау басбармақ әдісі бойынша. Топтар бір бірін бағалайды.

Кері байланыс:
* Оқушылар нұсқаулық, мақала, әңгіменің анықтамасымен танысады:
* өздері критерийге сай мақала, әңгіме, нұсқаулық жазып шығады;
* үндестік заңын басшылыққа ала отырып, бір-бірлерінің жұмыстарына баға береді.

Әр топ жазба жұмыстарынан түйгендерін, яғни әр стиль бойынша анықтамалықты салыстыру кестесіне түсіреді.

Салыстыру кестесі

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D2%B1%D1%81%D2%9B%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1%8B%D2%9B

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D2%A3%D0%B3%D1%96%D0%BC%D0%B5


Қорытындылау

Сабақтың соңы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет