Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру. Барысы: Ұйымдастыру



бет1/2
Дата28.06.2017
өлшемі180,65 Kb.
#20430
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор.

Мақсаты: 1.жарық толқынының алдында кездескен тосқауылды айналып өту қасиетін түсіндіріп,

дифракция ұғымына түсінік беру. Дифракциялық тордың қызыметімен таныстыру.



2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, табандылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Барысы: 1. Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру. Жарық интерференциясы.

1.Интерференция дегеніміз не ?

2.Когерентті толқындар деп қандай толқындарды айтамыз?

3.Интерференция құбылысы қандай толқындардан алынады?

4. Когерентті толқындарды алудың қандай жолдары бар?

А. Юнг әдісі .

Б.Френель әдісі.

В. Жұқа пленка әдісі.

Г.Ньютон сақиналары.

Жарық интерференциясының тұрмыста қолданылуы.



Есептер:Домбыраның ішегін ν= 40Гц жиілікпен тербелткенде ,оның бойнда төрт тұрғын толқын пайда болды.

Пайда болған толқын қандай жылдамдықпен таралады? Ішектің ұзындығы 1м тең.



ν= 40Гц

n=4

l= 1м

V=?

2 есеп. 113 суретте жарық жылдамдығын анықтауға арналған Майкельсон тәжірибесінің суреті көрсетілген.

Егер жарық сәулесі шамамен 71 км қашықтықтан өтсе, жарық көзі көру түтікшесінен көріну үшін сегіз



Бұрышты айналы призма қандай жиілікпен айналу керек?



2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.Жарық дифракциясы деп жарықтың түзу сызық бойымен таралудан ауытқуын немесе жарықтың тосқауылды айналып өтуін айтады. (127,128,129 суреттерді көрсету)

1665ж.Итальян физигі Франческо Мария Гримальди ашты.



2.Бір нүктеге жиналатын сәулелердің дифракциясы. 4.18сурет бойынша түсіндіру.



3.Параллель сәулелердегі дифракция.

4.Дифракциялық тор дегеніміз- жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар мен саңылаулардың жиынтығы.

1. реттелген д.т –деп саңылаулары белгілі бір тәртіппен орналасқан торларды айтады.

. 2. Реттелмеген д.т – деп саңылаулары тәртіпсіз орналасқан торларды айтады.

Геметриялық құрлысына қарай торларды жазық және кеңістіктік торлар депте бөледі.



а-саңылаудың ені. в-тосқауыл штрихтың ені а+в= d тордың тұрақтысы немесе периоды деп аталады.

4.19 сурет бойынша түсіндіру.

d sin φ= κλ

Қазіргі дифракциялық торлардың 1мм –де 1200 штрих бар.

Өте аз бұрыш үшін sin φ = tg φ алуға болады. tg φ=



Пысықтау сұрақтары: 1Дифракция дегеніміз не?

2.Бір нүктеге жиналатын сәулелердің дифракциясы қалай болады?

3.параллель сәулелердің дифракциясы қалай көрінеді?

4.Дифракциялық тор дегеніміз не ?



5.Д.Т түрлері. 6.Д.Т тұрақтысы немесе периоды . Оны қалай анықтаймыз?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет