Сагалиева Жанар Каукербековна Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы, Орта білім беру ғылыми- зерттеу институты «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты


Функционалды сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма түрлері 3 компоненттен тұрады



бет2/5
Дата22.09.2023
өлшемі10,37 Mb.
#182022
1   2   3   4   5
Байланысты:
Оқу сауаттылығы
история моей школы, Ғалым апа, Балалар әдебиеті мәнерлеп оқу практикумымен (семинар )

Функционалды сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма түрлері 3 компоненттен тұрады:

  • Мәтін оқу қандай мақсат пен жағдаятқа негізделеді?
  • Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қандай мәтіндерді таңдау қажет?
  • Оқылым барысында қандай когнитивті үдеріс іске қосылуы тиіс?

1-компонент. Мәтін оқу қандай мақсат пен жағдаятқа негізделеді?

  • Мәтінді оқу – ол белгілі бір мақсатқа бағытталған әрекет, өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу үшін мәтін мазмұнын түсіну, одан қажетті ақпаратты алу, көтерілген мәселені анықтау деген сияқты оқырманның жеке мақсаттарынан құралады. Алайда мәтінді оқу «мақсаты» дәстүрлі оқылым тапсырмаларында жай ғана мәтіндегі жалпы сұрақтар бойынша жекелеген сұрақтарға жауап беру және келесі мәтінге көшумен шектелетін. Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар дәстүрлі тапсырмаларға қарағанда белгілі бір сценарийге негізделеді. Мәтін бойынша әр тапсырмада алдымен кіріспе ұсынылады, ал кіріспеде бір немесе бірнеше мәтінді оқудың мақсаты алдын ала айқын көрсетіледі. Басқаша айтқанда, тапсырмада жағдаят пен нақты мақсатты ұсыну арқылы оқырманға қажетті ақпаратты табу, түсіну және басқа пәндерден меңгерген біліммен ұштастыруға арналған тәсілді таңдауға мүмкіндік беріледі.

бұл жағдаят интеллектуалдық және практикалық тұрғыдан жеке адамның қызығушылығына бағытталған. Мысалы: хаттар, электрондық хаттар, қысқа хабарлама, блог, әдеби шығармалар, биография және ақпараттық мәтіндерді айтуға болады

  • Әр тапсырма үшін жасалатын жағдаяттың түрлері

2-компонент. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қандай мәтіндерді таңдау қажет?

  • Мәтінді оқу – адам баласының қазіргі қоршаған әлемде ақпаратты тани білудегі сан қырлы қабілеті. Шындығында, мәтін – кез келген объективті шындықтың жазбаша көрінісі.
  • Халықаралық білім беру үдерісінде мәтін түрлері бойынша ортақ жүйе жоқ. Белгілі
  • бір мәтінде мәтін түрлерінің барлық белгілері кездесуі мүмкін. Оқу сауаттылығы үшін мәтіннің мынадай жалпы белгілері маңызды болып саналады: ойдың байланыстылығы және жүйелілігі; аутенттілігі, фактілерге құрылуы (ғылыми, ресми және басқа мәтіндер) және ойдан шығарылуы, көркемдігі (көркем әдеби, публицистикалық және басқа мәтіндер); тұтас және аралас мәтіндер. Оқу сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмаларда оқушылардың мәтін стилі мен жанрларын, түрлерін ажырата білуін (білімін) тексеру міндеті қойылмайды. Оқу сауаттылығының негізгі міндеті шынайы өмірде кездесетін мәтіндермен танысу барысында оқушылардың ой елегінен өткізіп оқуы және кері байланыс жасай білуіне мүмкіндік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет