Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет13/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39

  • Ойынды жаксы түсініп тұрмын, қарағым, - деді оған қадала қарап тұрып, - маған демалудың керек екенін айтып тұрған бір ғана сен емес. Сапарластарымның бәрі де осыны айтады. Ниетіңе рахмет, інім. Жұмысынды дәл осылай мұкият жалғастыра бер. Мені уайым етпе. Жас емеспін. Демаламын. Елге барған соң демалмағанда не істеймін?

Ғалым осыны айтып есікке қарай жүре берген еді. Сол мезетте күрделі құралдардын бірі ызындап жөнелді. Айдынбек жалт бұрылды. Жігіт те тез барып жалпақ панельдің қарсы алдындағы жұмсақ орындыққа отыра кеткен. Сол уақыт өтпей ызың арнайы күшейткіштер арқылы анық шыға бастады. Таныс дыбыс, таныс әуен. Айдынбек алтын тапқандай қуанып, жылдам басып келіп, жігіттің арқа тұсына тұра қалды. Әуен кемеден бірте-бірте қашықтай бастағандай болып та сезілді. Айдынбектің ұйқы көрмей іздегені де, күткені де осы емес пе еді.

  • Жазып ал! Ештемесін қалдырмай жазып ал! - деді тұла бойы дірілдегендей де болып дегбірсізденіп.

  • Бәрі, бәрі жазылды. Түгелімен жазылды, аға! Енді ол жағынан еш қам жемеңіз! - деді жігіт те қуанып.

  • Дыбысты бейнеге айналдыратын жүйелерді іске қоса қойшы! - деді енді сасқалақтай бастаған адамдай толқыған Айдынбек жігіттін жанындағы орындыққа отыра кетіп.

  • Қостым.

Экран бетінде иір-иір сызықтар көбейді. Оның дыбыс толқындары екенін екеуі де түсінді. Керегі кейінде-тін. Бірак, бейне жок. Екеуінің де күткені сол еді. Бейне болғанда да әлгі мұхит тереңінде әуен таратқан бейтаныс қыздың бейнесі еді. Ол көрінбеді. Сол мезетте Айдынбек те: «Оны бөтен ғаламшардан ұшып келген кеме деп санағанымыз қате болып шықты. Бұлар су астының тұрғындары болып шықты» деп те ой­лап үлгерді. Бірақ құрғақ ой не нәтиже бере қойсын. Көзбен көру керек. Екеуі енді ширақ қозғалып жүріп қосымша көмек беретін барлық күрделі жүйелерді іске қосты. Самат бұл құбылысты сонымен қатар көрші каюталар мен бөлімдерге де хабарлап үлгерді. Бір кезде негізінен тек ғалымдар ғана тыныш ұйкыда жатыр еді. Айдынбек мәселе анықталмай тұрып ғалымдарды оятуды жөн санамады. Бүкіл кеме экипажын, ұжымын жер тәулігінің түнгі мезгілінде дүрліктіргеннен не пайда. Ең керегі жаңағы жазылып алынған дыбысты бейнеге айналдырып алу ғана. Жазылып алған бетте дыбыс та жоғалды. Ол да өздерінін бұл әрекеттерін сезе қойған тәрізді. Айдынбек одан сайын тыпыршып, бір орнында тыным таппай кетті.

Тек содан кейін ғана барып сәл байыз тапқандай болған. Ойланып барып жаңа ғана жазылып алынғандарды бастан - аяқ қайтадан тындап шықты. Шынымен-ақ сол баяғы таныс дыбыс, таныс әуен. Көптен күткені де осы. Ол табылды. Ғалымнын жүзі бал-бұл жанды. Самат та алтын тапқандай қуанып тұр. Ғалымның бала сияқтанған мына әрекеті жігітті де жігерлендіріп жіберген. Ол да дыбысты қайта-қайта тындауды қалаған. Неше рет қайталап тындаса да тояр емес. Бір жағынан өз көздеріне де, өз құлақтарына да сенетін түрлері де жоқтай. Арасында дыбысты бейнеге айналдыратын құралдарды тексеріп те қояды. Үміт жоқ емес. Сөйтіп аласапыран болып жатса да Айдынбек сапарластарын ұйқыдан тұрғызуды жөн санамады. Әлі де болса сабырлық сақтаған. Бір дыбыс үшін бүкіл кеме құрамын аяғына түрғызудың жөні де жоқ еді. Әрине, мұхит тереңінде дыбыс көп. Әуенге ұксап келетіндерінің болуы да ғажап емес-ті. Сондыктан да сол дыбыстардың ішінен тап сол қыздың дыбысы мен әуенін ажыратып алып, дәл сол деу де оңай іс емес. Бірақ, Айдынбек ғалым ретінде бір дыбыстың тегін дыбыс екеніне еш күмән келтірген жоқ.

Сәлден соң Айдынбек дыбысты былай қойып сол дыбыс шыққан, қыздын сәулелік бейнесі шыққан кеменің қайда жоғалып кеткенін ойлай бастады. Ол да негізгі бір жұмбақ еді. Мұхиттың жан-жағына таратылған арнайы толкындар да ештемені тіркемеді әзірге. Самат жаңа ғана өздерінің сол кеме бо­лтан орында тұрғандарын айтқан болатын. Ендеше, оның аз ғана уакыттың ішінде қайда жоғалып кетуі мүмкін. Су әлеміне тынымсыз тарағылып жатқан толқындар да ештемені тіркер емес. Сондықтан да ол кеменің жерден тыс жақтан келмегеніне сенуге де толық болатын еді. Айдынбек енді Саматтың көмегімен басқа да күрделі құралдарды қосып, төніректен бөтен денені табуға әрекеттеніп көрді. Бірақ ол әрекеттері еш нәтиже берген жоқ. Ендеше, ол кеме мұхит тереңінде жоқ. Көптеген құралдар осыны нақтылап берді. Енді онан біржолата күдерлерін үзсе де болар еді. Бірақ ғалым адам ешкашан да жаңалықтан үмітін үзбейді. «Кемедегілер басқа ғаламшарлық болып, жерден аттанып кеткен болса, бәлкім, қайта оралар. Оларға кеңістікте әрі-бері ұшу деген неге тұрады. Бұл жолы болмаса, сол жолы кезігер. Әйтеуір бір табылса болғаны да. Оған жоқ деп әлден нүкте қою ерте болар-ау» деп те ойлап үлгерді Айдынбек ішінен. Ал ендігі жұмыстары жаңағы дыбысты мұхит тереңіндегі өзге дыбыстар мен әуенге ұксайтын дыбыстардан тазалау. Содан соң ғана кеме құрамын оятуға болар. Ал оған дейін олардың ұйқыдан тұратын мезгілі де жақындамақ.

Айдынбек осындай ой тұжырымымен сол білегіндегі сағатына қарады. Сапарластары оянатын уақыт та шынымен-ақ таяп қалыпты. Жер бетінде бұл таң мезгілі. Сергек адамдар төсегінен тұрып, жуынып-шайынып, жаңа күннін тірлігіне кірісетін мезгілі. Саматта қарсы алдындағы үлкен панельдегі электронды сағатына қараған. Одан кейін Айдынбекке бұрылған. Оның бет-әлпетінен қатты шаршағанынын белгісі айқын көрініп-ақ тұр. Бірақ не десін оған. Ғалымнын қызметі қашан да осындай. Раушанның шаршайтындайы да бар екен. Ол ерінің осындай тынымсыз әрекетінен шаршаған. Дегенмен де Раушан Айдынбектің бұл мінез-кұлқын о бастан білетін болғандықтан да бойы үйренген. Айдынбек бастаған ісінің соңына жетпей тоқтамайтын адам. Ғылым үшін, достары үшін ол қашан да жанын пида етуге дайын. Ғалымнын бұл сырын бірге жүргендер де жақсы біледі. Сондықтан да оған деген құрметтері ерекше. Әрі оған неге ұйықтамайсын, неге демалмайсын, деп те айта бермейді. Айдынбек қалай болғанда да өз дегенінен қайтқан жан емес. Олардың тым-тырыс, тып-тыныш жатқандары да сол. Біреуі оянып, Айдынбектің жанына келер болса, бұл оған кәдімгідей ренжіп те қалады. Біреуі оянған сон екіншісі тұрады, содан сон үшіншісі. Сөйтіп кете береді. Оның соны ушуға айналады. Айдынбек соны жақсы біледі. Сол себепті де бәрінің бір мезгілде жатып, бір мезгілде тұрғанын қалайды. Өзгелер ұйқыда жатқанда өзі қашан да аяғының ұшынан басып жүреді. Анау-мынау дыбыстарды бәсендетеді. Ал мүлдем тыныштык болуы үшін ылғи да осы бөлімге келіп, осы құралдармен ояу отырған кезекшімен бірге жұмыс жасайды. Енді, міне, ұзақ көрінген «Түнгі мезгіл» де өте шыққан. Мұхит тереңінен жеткен дыбысты жазып алып, оны анықтаймын деп жүргендерін де таң да атты Жер тәулігінің есебі бойынша. Ғылыми ізденіс дегеннін құдіреті де осы. Тіпті, кейбір ғалымдар ғылыми зерттеу ісіне қатты берілген кезде өзінің отбасының жайын да ұмытып кетіп жатады екен. Осы­ның бәрі де ғылымның құдіреті болып табылады. Екеуі, тіпті, сапарластарының оянатын сәтінің болып қалғанын да анғармаған. «Бақытты адам уақытқа қарамайды» деген сөз де осыдан туындаса керек-ті. Айдынбек енді басқа бір нәрсені ойлады. Басшы деген қашан да ұжымнын айнасы. Ендеше, ол олардың алдында шаршаған күйін танытпауға тиісті. Жігітпен қысқа қоштасып, жуынып-шайынатын, арнайы жаттығулар жасайтын бөлмесіне қарай асықты. Соның артынша да ояну дабылы берілген. Дабыл болғанда да адамды ұйкыдан селт оятатын қатқыл қоңырау үні емес, әдемі де жұмсақ әуен. Кей­де ол домбыраның ғажайып күйіне де ұласады. Бұл жаңалықты Айдынбектің өзі енгізген. Бұл әуен мен күй саздары барлық каюталарда таңғы мезгілде баяу беріледі.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет