Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет39/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

Жоғалған қыз

Айдынбек әлденеден қатты шошынғандай ұйқыдан селт оянып кетті. Көзін ашып алып, қарсы қабырғадағы электронды сағаттың цифрларына қарады. Уакыт таңғы бес екен. Жаз айы болған сон тан атып, дала жарықтанып қалыпты. Қасындағы Раушанға қараса, ол алаңсыз ұйқыда. Пәтер іші тып-тыныш. Екеуінен өзге ешкім жоқ сияқты. Әдетте мұндай тыныштықта көрші жатын бөлмедегі Сәуленің тыныс алғаны, арагідіқозғалғаны естілетін. Бүгін оның бірі де жоқ. Бейнебір ол қозғалмай, демалмай үйықтап жатқандай. Айдынбек электронды сағатқа тағы бір көз тастады да әлі ертелеу болған соң «Жата тұрайын» деген оймен төсегіне қайта қисайды. Кеше кештегі көңілсіз әңгіменің мысы басты ма, денесін бір зіл басқандай болып, қайтадан ұйықтап кетті.

Содан бір кезде тағы да біреу денесін түртіп қалғандай селт оянған. Енді езіліп жата берудің жөні де жоқ еді. Өзі көңілсіз жатқанда мына ерекше тыныштық қосылып, көңілін онан сайын құлазыта түскендей. Әдетте бұл кезде үшеуі асханада таңғы астарын ішіп, емен-жарық әңгімелесіп отыратын. Бүгін күн демалыс болған соң ба, адам психологиясы соған әбден қалыптасқандықтан ба, біртүрлі денесі дел-сал болғандай да сезіліп кеткен. «Жексенбі күні тек біз ғана емес, бүкіл қала тұрғындары дәл осылай ұйықтады-ау. Ерте тұрып анау-мынау жұмыстарына баратындар некен-саяқ-ау», - деп бір ойлап қойды Айдынбек.Расында да қала тұрғындарының психологиясы солай қалыптасқан. Күн жексенбі болса бітті, көп адамның төсектен тұрғысы келмейді. Осы үйдегі жүзден асатын пәтерлердегі тұрғындардың бәрі де шырт ұйқыда. Қалада мал жоқ, сауатын қой мен сиыр да жоқ. Сондықтан да қайда асықсын. Ұйқылары әбден қанған соң ғана сағат он-он бірлер- де қалатұрғындары қозғалабастайды. Бірақ Айдынбек мұндай ұзақ жатқанды ұнатқан емес. Денесі дел-сал болып, кейде белі де ауырып қалады. Тек үй іші тым-тырыс болған соң жалғыз өзі асхананы тықырлатып жүргенге ыңғайсызданады.

Раушан мұндай күндері рахаттанатып тыныш ұйықтайды. Біржағынан олда дұрыс. Пәтерде бәрі дерлік дайын. Тіпті,ол әйел болып қолын суға да малмайды. Бәрін автомат асханадағы күрделі жүйелер мен аспазшы био роботтар жасайды. Біреу көмек беріп жатса, араласып несі бар. Бұдан бұрыны- рақ ғұмыр кешкен адамдар мұндай үйлерде жағдайлары келсе, қызметші қыз ұстайтын. Бүгінде ол қалған. Айдынбек не істерін білмеді. Үй іші әліде тып-тыныш. Бүгін,тіпті, Сәуледе қатты шаршап қатты ұйықтап калғандай. Оның жатын бөлмесі жағынан да еш дыбыс естілмейді. Айдынбек ол жақтан анда-санда болса да тың тындап қояды. Жалпы, Сәуле өте сезімтал жан. «Бәлкім, ол да үй-ішін, көрші-қоландарды оятып алмайын дегі жатқан болар» деп те бір ойлады Айдынбек. Өзінің де тұрғысы келмейтіндей бір күйді кеше бастаған. Неге екені белгісіз, әйтеуір бүгін түрегеле кетуге зауқы жоқ, қандай да бір көңілсіздік тұла бойын басып алғандай. Бірақ шығыс көкжиектен Күн көтерілгенше жата бергеннің де жөні жоқ. Анасы айтқан бір аңызда бір патша әйеліне құстын қауырсындарынан үй тігіп бермек болып кұстарды жинапты. Сонда Байғыз дейтін құс келмей қалады. Оған патша қаршыға құсты жіберіп алдырады. Содан Байғызды сұрақтың астына алады. «Басың жалпайып, көзіңбадырайып неге келмей жаттың, барлықкұс келгенде?!» — деп жекіпті патша оған. Сонда Байғыз: «Е, Патшам, басым жалпақ болса, милы шы- ғармын, көзім бакырайған болса, қырағы шығармын» депті. Патша оған: «Ендеше мен саған мынандай сұрақ қоямын, егер жауап бере алмасаң, басынды аламын» дейді. «Құп, тақсыр!» дейді Байғыз. Сол кезде патша: «Ал, айтшы, бұл дүиеде өлі көп пе, тірі көп пе?» депті. Байғыз оған: «Өлі көп, таксыр» дейді ойланбастан. «Неге, тірінің біреуі артықемес пе?» деп патша құска қадалғанда, ол саспастан: «Күн шыққанша жатқан адам да өліге саналады» дейді. Патша сәл ойланып барып: «Ал енді айтшы, бұл дүниеде әйел көп пе, ер адам көп пе?» деп сұрайды. Байғыз: «Әрине, әйел көп», - дейді. Сонда патша сәл ашу шақырып: «Әй, Байгыз, шатаспа, бұл дүниеде әйелден еркек көп әрі күшті», - деп шалқая түседі. Сонда Байгыз патшаға қадала қарап: «Ей, тақсыр, мен әйелдің тілін ал- ған еркекті де әйелге санаймын!» дейді еш қорықпастан. Патша не айтарын білмей катты ыңгайсызданып калады. Ол әйелінің бұйрығымен кұстарды жинаған екен. Содан патша Байғыздың ақылына бас иіп, бүкіл құстарды қайтадан тара-тып жіберіпті.

Айдынбек осы аңызды ойына түсіріп, тез сергіді. Жаймен түрегелді. Жаймен ғана киімін киді. Раушанды оятып алмауға тырысты. Жұмыс бөлмесіне өтіп, онда шамалы ертеңгілік жаттығуын жасап, жуынып-шайынатын бөлмеде салқын сумен шайынды. Содан соң автомат асханаға барып өздері қалайтын таңгы асты пісіруге тапсырыс берді. Содан қайта жатын бөлмесіне келген. Бұл кезде Раушан да көзін ашып, төбе тұсына қарап, ойға батып жатыр екен. Айдынбек оның жанына келіп отыра кетті. Өзінің осы бөлмеден шықса болды, Раушаннын көзін ашып алып, Сәуледен қызғана бастайтынын жақсы біледі. Жаңағы істерін тез-тез бітіріп, жылдам оралғаны да соданды.

— Сәуле әлі ұйықтап жатыр ма? — деді сол кезде Раушан.

— Білмедім. Әдетте, бұл кезде ол жуынып-шайынып, автомат асханаға тамақ жасауга тапсырыс беріп те үлгеруші еді. Бүгін тым-тырыс. Демалыс күн болған сон ол да бір ұйқысы қанғанша жатқысы келген шығар, - деді Айдынбек ештемеден хабарсыз.

- Шаршаған болар, — деді Раушан төсегіне түрегеп отырып, — оған да неше түрлі сөздерді айтып жібердім мен ашумен. Кеше мен қатты ренжіп келген едім. Артық сөйлеп кетсем кешірші мені, Айдынбек.

- Кешірім сұрайтындай маған не айтып едің? Айтқандарыңның бәрі дұрыс, бәрі занды, Раушан. Сәуле жайлы сөз көп. Оған көзі түсіп жүргендердің саны да күн санап өсіп келеді.

- Түсінемін оны, Айдынбек. Раушан жаймен орнынан түрегеп үй желеңін киді. — Оны ренжіте бермейікші. Онсыз да оның бұл дүниеде бізден өзге жанашыры жоқ. Қой, мен оны барып оятайын. Содан соң таңғы асқа отырармыз.

- Иә, солай етші. Күн де мынау шакырайып маңдай тұсымыздан да жоғары көтеріліп қалған. Мен бүйтіп ұзақ жатпаушы едім. Бүгін білмеймін, өзіме не болғанын. Әйтеуір, бірдеме бүкіл денемді дел-сал етіп төсекке қарай тартты да тұрды. Бәлкім, түнде жақсы ұйыктай алмағанымнан шығар.

- Оның бәріне кінәлі мына мен... - деді Раушан домбық қан бет-жүзін айнаға қарай бұра беріп.

Айдынбек ештеме демеді. «Сәулені ояту керек» дегендей белгі беріп, өзі қабырғаға тақай орнатылған диванға отыра кетті. Раушан басын изеп, сол бойда барып сәл ғана ашық түрған есікті қаттырақ ашты. Сәуле жатын бөлмесінде жоқ. Раушан «Бұл өзі ерте тұрып кеткен екен ғой» деген оймен дереу жуынып-шайынатын бөлмеге енді. Онда да болмай шықты. Содан есікке қарай жүрген. Есік те жабық қалпы. Бірак есіктің жасырын сандарын Сәуле жақсы біледі. Сондықтан да оның ашылып-жабылғанын анық білу де қиын. Дегенмен де Раушанның іші бірдемені сезе бастаған. Есік табалдырығындағы шағын кілемшеаздап қозғалған. Раушанның жүрегі зу ете түсті. Бірақ онысын ешкімге де сездірмеуге тырысты. Тез-тезбасып Сәуле жатқан жатын бөлмеге келген. Сол кезде барып оның төсегінің жанындағы шағын үстел үстінен бір жапырақ ақ қағазды көрді. Оны үстелдін үстінен жұлып алып оқи жөнелді. «Айдынбек аға, Раушан әпке! Мені айыпқа бұйырмаңыздар. Бүдан әрі қарай сіздермен бірге тұруға арым бармайды. Мен үшін ренжіспеңіздер. Өте сұранамын. Мен мұхитқа кеттім. Ендігі өмірім сонда жалғасатын болады. Бақытты өмір сүріңіздер. Қош, аман-сау болыңыздар. Сәуле».

Раушан ақ қағазды сол ұстаған бойда не болғанын білмей тұрды да қалды. Не өңі, не түсі екеніне көзі жетпеген күйге түскендей. Қатты куанғанын да, катты ренжігенін де түсіне алмады. Әйтеуір тұр. Қағаздағы ірі-ірі қазақ әріптерімен жазылған жазуларды бір емес, бірнеше қайтара оқып шықты. Сол кезде мұның бұлайша күйгелектеніп кеткеніне шыдамаған Айдынбек:

- Раушан, неге әрі-бері күйгелектеп жүгіріп кеттің?Сәуле қайда? - деді.

- Қазір, - деді Раушан.

Басқа сөз айта алмады. Жаймен ғана басып келді де хат жазылған ақ қағазды Айдынбектің қолына ұстатты. Айдынбек кағаздағы жазуларды оқи бастағанда-ак мән-жайды ә, дегеннен түсіне берді. Сонда да жазуды қайта-қайта оқыды. Содан сон он қолынын сұқ саусағының ұшы төсегінен сәл-ақ арыда тұрған бейнетелефонның көп түймелерінің біріне жақындай берді. Оны қосқан бетте экран беті жарқетіп жанып, қалалык халық сақшылары үйіндегі кезекшінің жүзі анық көрінді. Айдынбек қатты толқып, сөйлеп кетті.

- Біздегі Сәуле түн мезгілінде, біз шырт ұйкыда жатканда кетіп қалыпты. Мұхитқа, — деді ол сәл толқып.

- Қалайша, аға? - деді кезекші Сәуленің есімін жақсы білетіндіктен артық-ауыз сөзге келместен.

- Жай киініп, жай ғана басып, есіктен білдірмей ғана шығып кетіпті.

-Жақсы,түсіндім, аға. Көшедегі барлық жеңіл көліктерді, әуежайды тағы басқадай адам таситын көліктер бар жердің бәрінде бақылауға аламыз. Мен қазір басшылыққа мәлімет беремін. Ол қызды табамыз. Ол жағынан еш қам жемеңіз, Айдынбек аға, - деді жас халық сақшысы әлденеге асығып.

- Ол бізге «Мұхитка кеттім» деп бір жапырақ ақ кағазға хат қалдырыпты, — деді Айдынбек әлі де болса өз-өзіне келе алмай.

- Ол түсінікті, аға, - деді жігіт, - барлык жер тексеріледі. Табамыз. Ол жағынан еш қам жемеңіз. Жаңалықты өзіміз хабарлап тұрамыз. Бейнетелефондарыңыздың нөмірі белгілі. Сау болып тұрыңыз.

- Рахмет, інім, ізденістеріңе сәттілік тілеймін, - деді Айдынбек шаршау қоныр үнімен.

Басқа сөз айтуға шамасы да қалмағандай еді. Артынша өзі дебасы айналғандай болып диванға сылқ отыра кетгі. Енді бір кезде бет-әлпеті де бозғылттана берген. Раушан қорқып кетті. Келесі бөлмеге жүгіріп барып қабырғаға ілінген «Дәрі- дәрмек» деген жазуы бар шағын жәшіктен жүйке-жүйесін қалыпқа келтіретін дәріні алып келді. Бірақ Айдынбек оны ішпеді. Бұл шаршауының жүректен де, жүйке-жүйесінен де емес, Сәулеге деген шынайы сезімінен екенін ішінен біліп, Раушанға білдірмеді. Күллі денесі дел-сал. Раушан да ерінің Сәулені қаншалықты жақсы көретінін енді байқады. Екеуіпе өзінің қиянат жасағандай болғанында түсінді. «Бәрінекінәлі өзім! Тек қана өзім!» деп күйінді ішінен. Анау-мынау нәрселерді айта берудің де жөні жоқ еді. Енді жағдайды шиеленістіріп алды. Енді Айдынбекке тіл қатуға батылы барар емес. Үндемеген қалпында тұрып-тұрып барып Айдынбектің жанына отыра кетті. Айдынбек енді сәлден соң сәл де болса есін жиғандай болып Қазақ Ғылым академиясының басшысының үйіне бейнетелефон қоңырауын соқты. Ол кісіге түнде болған жайды, оны халық сақшыларына хабарлағанын тез-тез айтты. Одан кейін басқа ғалымдармен де хабарласты. Достары ренжіп, өкініп, дұшпандары іштерінен куанып жатты.

- Ендігі жағдай болса да түсінікті еді. Уақыт жоғалтпай Сәулені мұхиттереңінен іздеп табу керек. Кешігуге жол жоқ. Ол кыз су астында қанша мықты болса да, ұзақ өмір сүре алмақ емес. Оның не тірі, не өл денесін табу енді Айдынбектің бұл жалған дүниедегі басты арманы. Осыны ойлаған Айдынбек орнынан біреу тұрткендей ширақ түрегеліп, киімін ауыстырды. Сол кезде одан шошына бастаған Раушан:

- Қайда бармақсың, Айдынбек? - деп қалды.

- Академияға.

- Бүгін демалыс емес пе?

- Академия басшысының жұмыс бөлмесіне барамын. Сол жерде кездесетін болдық. Онда басқа да мұхит мамандары жиналмақ. Бүгін кешке немесе ертең ертемен әуе кемесімен мұхитка аттануымыз керек. Уақьгг өткізуге болмайды.

- Жарайды, мен қалай десең де қарсы емеспін, - деді Раушан сүлесоқ, — тамақ дайын...

Екеуі үнсіз отырып тамақ ішті. Қалай дегенде де Айдынбектін мына әрекеті Раушанға жеңіл соққан жоқ. Айдынбектің Сәулегедеген махаббатының қаншалықты ыстық екені мына әрекеттерінен анық көрінгендей. Ол бұл кезге дейін Сәуле үйде болған соң сыпайылық жасап, білдірмей жүрген екен. Жұмы- сындағы құрбыларының айтқандары да енді шынымен-ақ дәлелдене бастағандай. Бір жағынан келгенде, Айдынбектің балажандығы да бар. Ол қайбір жасқа да дәл осылай қарайды. Біреу бір жағдайға ұшырай қалса, бәрін тастап соған көмек беруге үмтылады. Сондай бір ерекше жанашырлығы болмаса, Сәулені де үйге алмаған болар ма еді?! Оған еркіндік беріп, мұндай жағдайға жеткізбек те емес. Раушан аз уақыттын ішінде осындай бір-біріне кереғар ойларға шырмалды.

Сөйтіп отырып шай ішіп болып қалғандарын да аңғармаған. Сонда да болса ой шырмауынан шыға алар емес. Кезінде Айдынбекті олай да андыды, былай да андыды. Бірақ онан ештеме де өзгермеді. Айдынбек алған бағытынан кайтқан жан емес. Сондыктан да онын кейбір достары. «Айдынбек қадалған жерінен қан алатын жігіт» дейтін. Ол сөздер де өз-өзінен дәлелденіп келеді. Айдынбек пен Сәуленің арасында текқана сыйластық қана емес, сонымен қатар, одан да жоғары тұрған махаббат сезімі бар еді. Оны енді, міне, Айдынбек Сәулені ала- сұрып іздеуі, ештемеге қарамай мұхитқа дереу аттануға бел байлауы арқылы корсетіп отыр. Раушан енді оған тосқауыл бола алмак емес. Өйткені Сәуленің бұлайша бір түн ішінде зым-зия болуының басты себепкері де өзі болып саналады. Өзініңтүндегі создері Сәулеге қатты әсер еткен. Онсыз да кеуілі жарым болып, жалғызсырап, бөтен ел ғана емес, бөтен ғаламшарда жүрген қызға ол шектен тыс әсер еткен болса керек. Былайша қарағанда, оның да өмірі өмір емес. Не мұнда бір жігітті қалап онымен отбасын кұрған жоқ. Сөйтіп жүріп аяғы мынау болды. «Сонда ол мұхитқа, діттеген аумағына калай жетпек?» деп те ойлады Раушан. Тек бұл ойларын Айдынбекке айта алмады. Қалай айтсын, бар болғаны тамағын беріп, шәйін құйып берумен шектелген. Оның үстіне Айдынбек те алып-ұшып, тамағын ат үсті жеп отырса...

Айдынбек тамақ ішіп болған бетте бата жасап орнынан тұрды да, үйден шығуға бет алды. Есікке жақындап барып кейін бұрылды да:

— Раушан, Сәуле сутереңі нетүскенде киетін арнайы калың киімдерін алып па? — деді.

— Қазір, қарайын.

Раушан жылдам басып барып, Сәуле ұйықтайтын бөлменін ішін түгел карап шақты. Раушан енді баяу басып Айдынбекке қайта жақындап Сәуленің бар киімдері мен заттарын алып кеткенін айтты. Ғалым сәл ойланды да.

— Түсінікті. Оның мұхитқа кеткені анық болды, - деді.

— Сонда ол мұхитқа қалай жетпек? - деді Раушан.

— Мұхитқа жету өзге жұлдыз жүйесінен Жерімізге келген адам үшін сөз бе екен?

Айдынбек осыны айтып Раушанмен бас изеп қоштасып, есіктен шығып кетті. Бұл сөздің мәні Раушанға женіл тиген жоқ. Бір ауыз да сөз айта алмай сол тұрған орнында тұрып қалған. Есік сырт жабылысымен іште кұлаққа ұрған танадай тыныштық орнап, көңіл-күйі онан сайын кұлазыды. Көзіне еріксіз жас та алған. Алғаш білгенде Сәуленің бұл үйден бір жолата кеткеніне іштей қуанса да, енді оған өкіне де бастаған. Қаңырап бос қалған бөлмелерді аралап біраз жүрді. О баста бір үй дәл осылай еді. Ешкім есіктен бас сұқпайтын. Өздері де ешқайда бармайтын. Ол кезде Раушан сол тыныштыкка үйренген. Ал Сәуле болған күндерде үйге ғалымдар да, басқа таныс-тамыр адамдар да ағылып, үй іші абыр-сабыр болатын. Енді, міне, үй іші жалғыз төбедегі моладай тып-тыныш. Тектыныш емес-ау, құлазыған көңілсіздік жайлаған. Деген мен де, Раушан қашан да осындай оңашалықты көбірек қалайтын. Сол арманына да жеткен сияқты. Енді Айдынбек мұхитқа кетіп, одан кайтып ораламын дегенше, мұнда адам баласы ізін салмайды. Енді өзі океанариумдегі, аквариумдей тілсіз, дыбыссыз балықтарды ғана қызықтамак. Радио, теледидарды ғанатындап-көрмек. Күндері солай өтпек. Іші пыскан кездерінде сол су астынын тіршілік иелеріне жем тастап, суын ауыстырып, үй ішін жинастырып уақытын өткізбек.

Ал Айдынбектін ендігі бар ой-жүйесі тек мұхитта, ондағы Сәулені тірі табуда. Ол үйден шыққан бойда жылжымалы тротуарар қылы жылдам жылжып, жеңіл көлік ұстап, тіке академияға тарткан. Академияның бас ғимаратының кіреберіс жерінде жалғыз күзетшіден өзге ешкім де жоқеді. Ғалымдардың бәрі дерлік үйлерінде. Айдынбек күзетшімен жеңіл амандасты да, жоғарғы қабатқа қарай көтеріле жөнелді. Академия басшысы отыратын бөлме аса жоғарыда орналаспағандықтан оған көтерме жәшіксіз-ақтез жетті. Одан академик отырған бөлмеге кірді. Бүгін оның хатшы қызы да жоқ. Оңаша. Тек бір-екі ғалым ғана кабылдау бөлмесінде отыр. Айдынбек олар мен қысқа амандасып, кайта шықты да, өзінің жұмыс бөлмесіне енді. Жұмсақ, жақтауы биік орындығына жайғасты. Содан сон сәл кідіріп, оң жағындағы бейнетелефонның панеліндегін жыпырлаған түймелердің біреуін сұқ саусағымен нұқыды. Экран беті жарқ етіп жанып, онда Раушанның бет-бей- несі тұла бойымен тұтас пайда болды. Айдынбек өзіне жаңа ғана үйінен асығып шығып кеткенде Раушан ренжіп қалды ма деп ойлаған. Сол ойын орнықтыру үшін жасаған әрекеті еді бұл. Расында да оның реңі солғын тартыпты. Айдынбек Раушанды ойлап отырса да, өзінің реңінің қандай күйде екенін біле алмаған. Оны Раушан аңғарып тұр.

- Мен жұмыс бөлмеме келдім. Академия басшысы да осын- да, - деді ол коңілі орныққандай болып.

- Жақсы жеттің бе?

- Бәрі жақсы, Раушан. Тек сен ренжіме. ,

- Басшыдан өзге кімдер бар екен онда?

- Бір-екі ғалым бар.

- Енді не істейтін ойларың бар?

- Оны енді казір академия басшысының болмесінде шешеміз. Әуе кемесі дайын болса, кешікпей мұхитқа аттанып кетеміз.

- Сонда сен үйге де соқпайсың ба?

- Оны дәл айта алмаймын, Раушан. Біз ұзақ уақытқа кетпеймізғой.

- Ал егер ол қыз тез арада табыла қоймаса ше?

- Табылады, Раушан. Ол жағынан еш қам жеме. Мені де уайым етпе. Мен кешікпей ораламын. Бәрі де жақсы болады.

- Менің жүрегім бір жайсыз оқиғаны сезетін сиякты.

- Қойшы,қайдағыны айтпай.

- Ол саған байланысты болатын жағдай емес.

- Бәрі жақсы болады, Раушан. Сәулені біз қалайда табамыз. Бәлкім, мұхитқа да бармақпыз. Басқа бір жолын іздестірерміз. Ал, жақсы. Сау бол, Раушан.

- Жақсы, жолдарың болсын. Аман барып cay қайтыңдар.

- Айдынбек бейнетелефонның баска түймелерін кезегімен басып, өзімен бірге мұхитқа баратын, Сәулеге жаны ашитын сенімді деген ғалымдармен қысқа-қысқа сөйлесті. Содан соң жұмыс бөлмесінен шығып, ұзыннан ұзақ жатқан дәліз бойымен ширақжүріп отырып әлгі қабылдау бөлмесіне жетті. Бүл кезде академия басшысы да әлденеден қолы жаңа ғана босап кабылдау бөлмесінен шықкан екен. Үш бірдей ғалымның өзін күтіп отырғанын көріп, кешірім сұрап, ішке шакырды. Соның артынша тағы бірнеше ғалым келіп ішке кіруге рұксат сұрады. Басшы ғалым Айдынбектің ұсынысының бәрін қабыл алып, өтінішін бұлжытпай орындады. Тездетіп мұхит жағалауына жеткізіп салатын әуе кемесін дайындауды оған қатыс адамдарға тапсырды. Осылайша демалыс күні болса да академиянын осы бір бөлігі жұмыс күніндегідей абыр-сабыр болды да кетгі. Бірақ бұл жағдай әзірге радио, теледидар арқылы халыққа жарияланған жоқ. Газет-журнал тілшілеріне айтылмады. Оқиға кұпия сақталды. Ал халық сақшылары аз ғана уақыттың ішінде қыздың әуе кемелері ұшып-қонып жататын әуежайға қарай жеке жеңіл көлікпен барғанын, жол билетін сатып алып мұхитқа таяу орналаскан елге әуе кемесімен ұшып кеткенін хабарлады.

- Енді қарапотырудың жөнітіптіде жоқ еді. Бағытайқын. Тек арада құрылған іздеушілер құрамы шұғыл мәжілістен кейін әуе кемелері ұшып-қонатын әуежайға қарай суытжүріп кетті.

ғана уақьптың ішінде абыр-сабырға, келім-кетім адамдарға үйреніп қалған ол енді бұл онашалықтасәлде болса елегізейін деді. Адам кейде ашумен осындай қателікке барады. Содан соңорны толмас өкінішке тап болады. Сәуледе соған ұшырады. Еңболмаса,осы мұхиттереңінде өзінік аламаған сапарластары бірге болса, дәл қазір олармен де жылап көрісер еді. Олар да жоқ енді. Айдынбек болса да Раушанның қармағынан босап мұнда келе қоймайды. Раушан оның өмірлік серігі. Бар кінәсі Жер адамдарының ішінен Айдынбекке бауыр басуы мен оған деген шынайы бір махаббат сезімінің оянуы. Бірак бұл өзінің емес, Ұлы Жаратушынын, ол жаратқан табиғаттың, бүкіл жарық дүниенің жазмышы. Оған не шара? Қазақта: «Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді», «Тағдырадам- ның емес, Ұлы Жаратушынын калауымен құбылады» деген ұлағатты сөздерін Сәуле есінде мықтап сақтап қалған. Енді соны ойлады Сәуле. Бірақ ойлағанда не пайда?! Ол үйге енді қайтып бара алмақ емес ешқашанда. Өзінің ендігі мәңгілік орны да осы мұхит тереңі болмақ. Ел арасында: «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» деген де мақал бар. Сәуле соның кебін де киетін сияқты. Енді өзіне кім мұнда қолының ұшын беріп, кім аялай қоярекен? Ешкімде,әрине. Сәулехалықарасында кен тараған: «Он қолың ашу көтерсе, оны сол қолыңмен бас» деген мақалды да ұстана алмады. Кеше кешкісін ғана Раушаннын ашулы сөзін естіген бетте ашуға катты булығып, түнімен ұйықтай алмай, ақыр сонында үйден біржолата шығып кеткен. Құрлықта, анандай жағдайлы үйде жүргенде осы мұхит тереңі де бір таңсық бола бастаған еді. Енді мұның тереніне бойлағанда бойын бір көңілсіздік сезімі билеп ала жөнелді. Сәуле су теренінде жүзіп келе жатып осындай-осындай ойларды таразылады.

Ал мұхит тереңіне жеткен соң су астына арналған комбинезонындағы түрлі хабар ғаратқыш және хабар қабылдағыш, анау-мынау катерлерді алдын ала байқатқыш құралдарын іске косып, айнала-төңірегін барлады. Өзінің мұхиттереңінің қай ғұсында екенін анықтады. Адасқанға дейін сапарластарымен бірге жүзген жерлерін есінетүсірді. Кемелері осы манда жарылған. Одан, тігіті, майда бөлшектер де қалмаған. Су тереңіне жайылыи тарагі кеткен. Оның бәрін Сәуле сезгіш құралдары Су астындагы жалғыздық

Сәуле мандай тұсына бекітілген қуатты шамын жарқыратып, арқа тұсындағы қозғалтқышпен су тереңіне жақындағанда тастай караңғы төңірек пен тыныштық, су қысымы мен салқындық бойына біртүрлі қорқыныш сезімін үялатгы. Аз ғана уақыттың ішінде абыр-сабырға, келім-кетім адамдарға үйреніп қалған ол енді бұл онашалық та сәл де болса елегізейін деді. Адам кейде ашумен осындай қателікке барады. Содан соң орны толмас өкінішке тап болады. Сәуледе соған ұшырады. Ең болмаса, осы мұхиттереңінде озінің қаламаған сапарластары бірге болса, дәл қазір олармен де жылап көрісер еді. Олар да жоқ енді. Айдынбек болса да Раушанның қармағынан босап мүнда келе қоймайды. Раушан оның өмірлік серігі. Бар кінәсі Жер адамдарының ішінен Айдынбекке бауыр басуы мен оған деген шынайы бір махаббат сезімінің оянуы. Бірақ бұл өзінің емес, Ұлы Жаратушының, ол жаратқан ұды табиғаттың, бүкіл жарық дүниенің жазмышы. Оған не шара? Қазақта: «Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді», «Тағдыр адамнын емес, Ұлы Жаратушының қалауымен құбылады» деген ұлағатты сөздерін Сәуле есінде мықтап сақтап калған. Енді соны ойлады Сәуле. Бірақ ойлағанда не пайда?! Ол үйге енді қайтып бара алмақ емес ешқашанда. Өзінің ендігі мәңгілік орны да осы мұхит тереңі болмақ. Ел арасында: «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» деген де мақал бар. Сәуле соның кебін де киетін сияқты. Енд іөзіне кім мұнда қолының ұшын беріп, кім аялай қояр екен? Ешкім де, әрине. Сәуле халық арасында кең тараған: «Он қолың ашу көтерсе, оны сол қолынмен бас» деген мақалды да ұстана алмады. Кеше кешкісін ғана Раушаннын ашулы сөзін естіген бетте ашуға катты булығып, түнімен ұйықтай алмай, ақыр сонында үйден біржолата шығып кеткен. Құрлықта, анандай жағдайлы үйде жүргенде осы мұхит тереңі де бір таңсық бола бастаған еді. Енді мұның тереніне бойлағанда бойын бір көнілсіздік сезімі билеп ала жөнелді. Сәуле су тереңінде жүзіп келе жатып осындай-осындай ой- ларды таразылады.

Ал мұхит тереніне жеткен сон су астына арналған комбинезонындағы түрлі хабар таратқыш және хабар қабылдағыш, анау-мынау қатерлерді алдын ала байқатқыш құралдарын іске қосып, айнала-төнірегін барлады. Өзінің мұхит тереңінің қай тұсында екенін анықтады. Адасқанға дейін сапарластарымен бірге жүзген жерлерін есіне түсірді. Кемелері осы манда жарылған. Одан, тіпті, майда бөлшектер де қалмаған. Су тереңіне жайылып тарап кеткен. Оның бәрін Сәуле сезгіш құралдары арқылы білді. Содан соң өзі сапарластарынан адасып қалған іші тас қараңғы үңгірдің ішіне қарай жүзді. Оның іші әлі де қауіпті еді. Маңдайшамсыз бірдемеге соқтығыспай жүзу қиын. Өз бойынан шығатын жарық бұл тұста ешқандай да көмек көрсете алмайды. Ал үңгір ішінде не болмайды? Небір жыртқыш балықтар осында аялдайды, демалады, жемін аңди- ды. Үңгір ішінде жыртқыш балықтардан өзге де қатерлі су асты иелері жетеді. Олардың дамыл табар орны да, ордасы да осы үңгір. Сәуле мандай тұсындағы шамының өткір сәулесін қажет деген жақтарына қарай жиі-жиі бұрып кояды. Айдынбектің үйінде жүргенде, колы бос кездерінде бірде бол маса да, бірде осы мұхитқа келетінін алдын ала сезгендей маңцайшамды өз денесіндегі жоғары жиілікті электр энергиясымен қуаттанатын етіп те алған. Бірақ әзірге шамның қуат алатын көзі бар. Оның қуаты да таусыла қойған жоқ. Өзденесіндегі энер- гияны Сәуле сол таусылған қиын жағдайда ғана қолданбақ. Қалың комбинезоны болмаса, өз денесінен тарайтын жарық та әжептеуір көмектесер еді, үңгірден тыс су асты кеңістігінде. Қалың киім ол жарығын перделеп тұр. Егер ешбір киімсіз, тек суға шомылуға арналған жеңіл лыпамен жүзер болса, онда өзі алыстан қараған адамға бір ғажайып көрініске айналар еді. Мұхит тереңінде тұла бойы алтындалған су перісі жүзіп бар ма деп ойлап қалар еді оны сырттан көрген адам.

Бірақ Сәуле мынандай қысымы жоғары тереңде, мынандай суық ортада ондай ғажайып бейнесін корсете алмақ емес. Дәл қазір сырттан бақылаған адамдар тек маңдайшамынан ғана таба алады. Сәуле канша дегенмен де су астында адам баласының болмай қалмайтынын жақсы бідді. Сондықтан да ертерек осы үңгір ішінен өзіне пана іздеген. Құрлыққа қайта оралмай- тыны болсада белгілі. Қаласада, каламасада енді осы сутереңі мен мұхит бегінің арасында жүзіп жүрмек. Қажет кезде су бетіне шығып күн сәулесіне жылынбақ. Балықтарды тамақетпек. Адам шындап жаны қиналғанда бәріне де төзеді екен, қажет дегенде бәрін де табады екен. Сәуле о бастағыдай емес, ерекше жігерленіп, ерекше батылданып кеткен. Оның үстіне қанша дегенмен де құрлыкта, Айдынбек пен Раушанның үйінде болған күндерінде есін жиған, салмақ қосқан. Денсаулығын көп түзеген. Сол күшқуат енді керек. Сәуле үнгір ішін шарлай жүзді.

Жаксы, кауіпсізбір панатабуғадеген үміті мен ұмтылысы онын қос жанарын аша түскен. Ол екі колын алға қарай созып, үңгірдің қалтарыс- калтарыстарыи, ұядай-ұядай ғана орындарын мұқият қарап келеді. Әзірге алдынан да, ізінен де пәлендей бір құбыжық байқала коймаған соц сәл де болса көңілі орнығайын деген. Осы үңгірдің іші енді коркынышты емес, тап бір өзінін үйіне айналыгі бара жатқандай да. Басқа түскенде бәрі де осылай болып кетеді екен-ау. Сәуле бірте-бірте бұл үңгірдің ішін мекен еткен анау-мынау су асты жыртқыштарынын әлде қашан біржолага тастап кеткенін де сезе бастады. Үнгірдін ішінін тоза бастағаны оған бірден бір дәлел еді. Осы ортаны мекен етіп алса, балықпен тамақтанып, су бетінде жылынса, сөйтіп күнін кешеберсе, одан арғы не керек? Әлдекімнін үйіне барығі, ерлізайыптының арасын ашып, ел-жұртка жек көрінішті болғаннан осы өмірі артық емес пе? Сәулебұл жағын да ойламай қалған жоқ. Бірақ өзі осындай ойда келе жатса да, қолын да қаруы, көзі алда болды. Дегенмен де Сәуле Жерғалам- шарынынтұрғыны емес, озінін «Мұхит» деп аталатын ғаламшарындағы су астын талай шарлаған. Онда су асты қалалары көпақ. Дәл қазір Сәуленін көз алдына сол қалалары да елестеп кеткен. Ой-қиялымен өз ғаламшарына да ұшып барып келді-ау. Шіркін, адам қиялынан ұшқыр нәрсе бар ма екен, бұл жарық дүниеде?! Бірақ қанша қиял десе де, Сәуле сол ғаламшарындағы әдіс ойларын есіне алды. Өзі мұндағы кез келген жылдам жүзе алады, жылдам бұрылып кете алады. Сол тұрғыдан келгенде, Сәулеге қорқатын да ештеме жок еді. Су астында жүзуден тәжірибесі жетеді. Дүниеге шыр етігі келіп, көзін ашып, қозғала бастағаннан су астын көріп өссе, қалайша машықтанбасын?! Тек құрлықта болған кездерінде су аясы шектеулі бассейнде шомылғаны күш қуатын біршама шектеп тастапты. Адам организмі неге үйренсе, соған қалыптаса бастайды. Кен далада емін-еркін жүрген жыртқыш андар мен хайуанатгар бағындағы, яғни шектеулі ортадағы жыртқыштардын күш-қуаттарын салыстыруға болар ма еді? Сәуле күрлыкта жүруге әжептеуір қалыптасып-ақ қалған екен. Енді су астында біршама жүзген соңтоқтап демалатынды шығарған. Ал брын мұндай қашыктықты ойнап жүзіп өтетін. Балықтарша шоршып, балықтарша ойнақшитын су әлемінде.

Ендігі әрекеті, міне, осылай жалғасуда. Көз алдына кайта- қайта құрлықелестеп кетебереді. Құрлықтыңшуы дакұлағы- на жиі жеткендей болады. Сырттын шуы бөлекше. Мұхит тереңі онымен салысгырғанда тып-тыныш-ау. Дәл сыртта- ғыдай қатты дыбыс жок. Су асты әуенге толы, кысқа-кысқа дыбысқа толы. Олардың бәрі де адамның колынан жасалған техникалардан шыққан дыбыстар емес, нағызтабиғи, су асты тіршілік иелерінің жауынан корғанғанда, жемін кезіктіргенде бір-біріне беретін дыбысы ғана. Оның үстіне мұндағы дыбыстың кейбірі өздерінің сөйлеу мәнерлеріне де келеді. Ол әуен Сәуленің жүрегіне жылы тиеді. Тап бір осы мұхит тереңінен өзінің жақын туыстарын тауып алғандай күйге де көшеді. Өз әуендеріне ұқсаған ғажайып сазды Сәуле Айдынбектің үйінен талай естіді. Ол — домбыра мен қылқобыздан шыккан әуен. Ол әуендерден қыз қаншама қазақтарихын зерделеген. Соңғы кездері өзі де қыл қобыз бен домбыраны қолы на ала бастаған болатын. Раушанның кызғанышын сол да күшейтті ме, соңы осылай болды. Кейде Айдынбек екеуі қолдары боста отыра отыра қалып, бірі қылкобызды, екіншісі домбыраны қолдарына алып, сол құралдармен, сол ғажайып та сиқырлы саздармен тілдесетін. Ондай сәттерде Раушан қызғаныш оғына пісіп қала жаздайтын.

Енді оның бәрі де тек қиял болып қалған. Енді тек жалғыз өзі өз үйірінен адасып қалған бакытсыз балықтай су тереңінде, оның мына бір адам баласы бас сұғуға келмейтін үнгірдін ішінен пана іздеп жүзуде. Егер де әлгі өз әуендеріне ұқсаған дыбыс шығаратын балықтар адамға айналса, Сәуле ешқашан да құрлық пен онда өмір сүретін адамдар жөнінде ойламас еді. Енді жалғыз. Күллі мұхиттереңі әлемінде жалғыз. Әрине, айналада, алыста су астын зерттеп жүрген, тағы басқадай мақсаттармен жүзіп жүрген сүңгуір кемелер бар. Бірақ олардан Сәулеге келер пайда жоқ. Өзімен жүздесіп, тілдесіп, кол үшын бермеген сон. Жер бетіндегі адам баласының ішінде өзінің бауыр басқаны да, ішкі жан дүниесімен ұнатқаны да жалғыз Айдынбек еді. Құдай оны да қос көрмеді. «Енді онын мұнда келуі болса да екі ғалай ғой», — деді Сәуле ішінен, — Раушан жібере қоймас. Оның үстіне сол бір оқиғадан кейін дәрігерлер қауымы кеңесе келе оған су астына түсуге болмайгынын талай ескертті емес пе?» Сәуле осыны ойлағанда болашағынын күнгірттеніп кеткендей болғаныи да сезінді. Егер өз кемесі аман болғанда ондағы «Тағдыр» кұралы арқылы алдында не болатынын басын қатырып ойлагі жатпайак біліп алған болар еді. Енді ол да жоқ.Сол кұралмен жұмыс жасағанда есінде қалғаныда,білетініде өзінін ғұмырынын ұзақ болатыны. Бірақ мынандай күйде ол болжау ақылына еш сыймайтын да сияқты. Бірақ, біржағынан қарағанда, сапарластарының тағдыр- лары тап сол «Тағдыр» құралы көрсеткендей болып шықты. Олардын бәрі де сол бір ғұмырлары үшін кыз атаулыға үйленуден бас тартқан болатын. Бәрібір, олардын ажалдары қыздан емес, басқадан келді. Тек аяныштысы, олар жолдан қайтып, өзін іздеуге келгенде қазаға ұшырады. Сондыктан да олар Сәулеге ыстық болып қалған. Сәуле олар жасаған, көрсеткен ағаттықтын бәрінде сол әрекеттері үшін біржолата кешті. Құрлықтан біржолата кетіп, осындай жалғыздықта, мұхиттеренінде ғұмыр кешуге бел байлауының өзі де сол сапарластарына жасаған бір кұрметі мен ерлігі іспетті еді. Солар мерт болған мұхитта өзі де уакыты келгенде біржолата көз жұмбақ.

Үңгір ішін шарлай жүзу барысында Сәуле осындай-осындай ойларға батты. Енді өзі де солай. Мұхит тереніне жетті. Өзімен әнгімелесетін де, өзіне жәрдем корсететін де жан баласы жоқ. Кез келген сәтте кандайда бір қатерге тап болуы әбден мүмкін. Ал содан соң осыншама шалқып жатқан мұхитгың теренінен кім тауып алмақ? Кімге керек, өзінің өлі денесі?.. Одан да бұрын су астының жырт қыштары сол заматта-ақ қылғыта салмай ма денесін? Сәуле осындай ойларды да ойлап койды. Жалғыз болған сон адам пенде деген өз-өзімен осылайша сырласа береді екен. Тіпті, өмірде өзімен-өзі дауыстап сөйлесіп кетіп бара жататын, бір өзі болса да дауыстап сөйлейтін, әлденені айтатын адамдар дабар бұл өмірде. Сәуле де сондай бір күйге түсіп бара жатқандай сезінді өзін. Осы тұста Сәуленін ойына Айдынбектін ұсынысы түсті. Сол кезде өзі ғалымды аяған еді. Онын өміріне қиянат жасағысы келмеген. Ал онын бұл жарық дүниеден ұргі ақсыз өтіп бара жатканы жанына тағы баткан. Айдынбектің толып жаткан жас қыздарға неге назар аудармайтынын да түсінді. Өзінің махаббат сезімінін антеннасы да тап сол Айдынбекке бұрылмап па еді?!

Сол сезімі оз сапарластарынын осындай бір қаранғы үнгір ішінде адастырыгі тастап кетулеріне себегі болды. Айдыбектің көмегімен құрлыққа шақты. Оның үйіне барды. Ол үйде талай-талай оқиғаны басынан кешірді. Оның аяғы осы болды. Бір ғажабы, Сәуле Айдынбекті есіне алғанда, ерекше бөлек жігерленіп кетеді. Өмір сүруге, келешекке деген ынтасы пайда болады. Көңіл-күйі көтеріледі. Ол махаббатдеген құдіретті сезімнің мұндай болатынын енді ғана білгендей де еді. Тек ойға алу, тек көзге елестетумен де махаббат сезімінен ләззат алуға болады екен. Егер өзінің ерекше табиғаты болмаса, Айдынбектін баяғыда отау тігер ме еді? Бірақ ол болмады. Білмейді өзін...

Ойлай берсе, ой ғұңғиығы мұхиттан да терең. Титті, оның түбі жоқ. Ғажайып үңгір ішін олай-былай шарлап жүзіп, осындай-осындай ойлармен Сәуле рахат бір сезімге де бөленді. Айдынбектін тағы бір жүздескендей ләззат алды. Енді оған мына айналасындағы қараңғылықті атшалығы да қорқынышты болмай кеткен. Бейне бір ол өзімен қатарласа жүзігі жүргендей де әсер алды. «Өмір деген кызық, — деді Сәуле содан сон күбірлеп, — қасымда соншама уақьгг бірге болған сапарлас- тарымның бірін де ұнатқан жоқ едім. Ал Айдынбекке бір көргеннен ғашықбола кеттім. Оның жұбайының барын біле тұрып сүйдім». Сәуле осыны ойлап бола бергенде қандай да бір қозғалыстан гіайда болған толқын келіп денесін қозғагі жіберді. Сәуле бір қатердің өзіне жақындап қалғанын бірден сезді. Тағы да ірі балық. Қатерлі жырткыш. Сәуле қолындағы қаруын дайын үстап, үнгірдін бір қабырғасына карай ығысты. Оның қуыстау жеріне еніп, әлгі келген бетте жұмсап қалмақ болды.

Бірақ канша күтсе де қарайған ештеме көрінбеді. Оның орнына қандай да бір шам жарқ ете түсті. Сәуле жүрегі дүрсілдеп, үңгірдің өзі тұрған қуысына қарай тығыла берді. «Мұнан бірдемелерді іздеп жүрген қарақшылар емес пекен, бұлар?» деп қатты сескеніп ге үлгерді қыз алғашында. Сәлден соң мандайша мыныи жарығымен бөтеннің жүзісі де байкапа бастады. Бірақ ол Сәулепі байқамады. Балық сиякты зу етіп жүзіп оте шықты. Онын сонынан тағы екі сүнгуір адам өтті. Сәуле не істерінбілмеді. Пана етемін, ешкім дет аппайды деп

тандаған үңгірі осы еді. Жер адамдары мұхиттереңіндегі барлық үңгірді жақсыбілетін болып шықты. Бірақ Сәуленін жобалауынша жанағылардын ниеттері жаман емес. Алдыңғысы Сәуленің мандайшамынан шыккан сәулені өз адамдарынын мандай шамдарынан шыққан жарықпен шатастырып алса керек. Қолдарында әлденені қырып-жоюға арналған кай ерлі құрал атаулы жоқ. Тек қорғануға арналған құралдар бар. Егер бүл құбылыс құрлықта, шайдай ашық аспаннын астында өтсе, Сәуле олардын кімдер екендерін бірден-ақ таныр еді. Ал су астында бәрі де бір келкі киінген, беттерінде болса да масқа. Сондыктан да бір-бірінен ажырату қиын, еш мүмкін емес.

Сәуле осыны ойлап тұрғанда әлгі әлденені, әлде кімдерді іздеушілер кейін қарай жүзе жөнелді. Сәуле тағы да жасырына түскен. Бірак қыз бұл жолы жанынан жүзін өткендердщ арқаларынан «Жайын сүңгуірлері* деген жазуды баикай қалды. «Бәлкім, бүл Айдынбек бастап келген құрамның сүңгуірлері болар?» деп елен ете қалды Сәуле. Сойтіп қуыстан шыға бергенде дәл қарсы алдынан бір шам жарқ ете қалды. Ол шамнын қатты жарығы Сәуленін қалын шыны шлемі арқылы жүзіне түсті. Енді одан қашудын жөні жокеді. Үш сүңгуір адам тездетін бері қарай жүзе жонелді. Сәуле сонда да болса олармен қарсыласпаққа дайындала берген еді, сүнгуір жакын келгенде онын. алдыңғысынын Айдынбектің озі екенін жазбаи таныды. Онын көзі шарасынан шығардай ашылған. Бірақ ол қуаныштын белгісі еді.

Айдынбек ойланбастан Сәулеге қарай он қолын созды. Сәуле сәл кідіріп қалды да, озіне ыстықадамның алдына келіп тұрғанына іштей қатты толқып, жаймен ғана оған жақындай берді. Екі қол жалғасты. Айдынбек Сәуленінсол қолынан он қолы мен мықтылап ұстаған бойда тас қаранғы үнгірден тезірек мұхит кеністігіне шығуға асықты. Екі сүнгуір бүл екеуінін қайта табысқан бір бақьпты сәтін түсініп,толкып, екі жағынан ала жүзіп келеді. Тек жай жүзбей сүңгуірлер екі ғашықты жан-жактан күтпеген жерден болуы мүмкін жырткыштар шабуылынан қорғауға тырысады. Сол жылдамдыктарымен сәлден кейін-ақ мұхит кеңістігіне шықты. Сонын артынша алыстан болса да «Жайынның» қуатты шамдарының жарығы Айдынбек пен Сәуленің аса қуанышты бет-әлпеттерін бар төңірекке таныта түскендей болды. Екі суңгуір адам ол кеме- дегілерге теңізде жүзушілердік арнайы белгілерімен жақсы жаналықтарынын бар екенін білдірді. Олар да ол белгіні қабылдағандарын жеткізіп, кеменін кабылдау люгін ашуға кірісті. Бұлар тездетіп жеткен бойда сол люкарқылы ішке енді. Әуелі Сәуле, Айдынбек, содан сон екі жігіт. Қалың есіктер бір бағытқа жылжып жабылып, іштегі су ығыстырылып шығарылды. Кеме ішіндегі ауа қысымы реттелді. Содан соң ол мұхит бетіне карай жаймен ғана көтеріле берді.Ашылған құпия Сәуле кемеге кайта оралып, онын денсаулығы тексеріліп, тамақтандырылғаннан кейін Айдынбек онымен жеке әңгімелесуге көшті. Екеуі де кемедегі арнайы бөлмеге кірген. Бөлме терезесінен мұхиттың толқынды айдыны апанық көрінеді. Тек кей-кейде сол толқындар ғажайып сүнгуірді бір жоғары көтеріп, бір төмен тастап қояды. Бұл теңізшілерге о бастан үйреншікті құбылыс. Екі ғашық терезе арқылы айнала дүниеге бір-бір қарап та алған. Судын қараңғы тереңі мен мына жарық дүниені салыстыра қараған адам көп нәрсені түсінер еді. Сәуле өзін екінші рет су тереңнен шығарып алған Айдынбекке тандана қарады. Бірақ ештеме дей алмады. Айдынбек те көкейіне жиналып қалған сөздерін ақтарып салмақ болып-ақұм тылған арынынан қайтқан. «Махаббат тілі - тілсіз тіл» деп ұлы ақын Абай осыны айтқан болар, бәлкім? — деп те қойды ішінен Айдынбек. Қайсы бір ғашықтар да сезім күдіреті осылай билеген мезетте бір-біріне айтатын сөз де таба алмай қалып жататыны сол екен. Бірақ, енді қалай болғанда да Айдынбекке үнсіз калудың еш реті жоқ. Сәуленін бар құпиясын тап осы мұхит әлемінде анықтауы керек. Бұдан кейін оның сәті келе бермек емес. Барлық нәрсенің басталуы мен аякталуы бар. Басқаны былай койғанда адам-пенденің озі дедүниеге келеді, өседі, қартаяды, қаласын-қаламасын дүниеден өтеді. Бұл табиғат пен тағдырдың бұл жымас заңы. Адам-пенде де қанша ғұлама, қанша данышпан болса да өмірін мәнгілік ете алмайды. Ендеше қай нәрсеге де асығу қажет, бүгінгі істі ертеңге созбау тағы қажет.

Онсыз да осы Сәуле үшін талай созге ілікті, талай қатерді басынан өткерді. Көгітеген дүиіпандары неше түрлі сөздер де таратқан. Ол сөздердін ен бастылары да Сәуле екеуінің арасындағы шынайы махаббат болатын. Сол сезімнін шегіне жетіп, сырыныш ашылатын мезгілі де келгенді.

Сәуленің өзіне деген шынайы махаббаты Айдынбекке о бастан жақсы белгілі еді. Өзінің жүрек сезімінін де қаншалықты қуатгы екені де тек өзіне ғана емес, өзгелерге де түсінікті. Ол сезімнің шырмауынан бұл жарық дүниеде тірі жүргенде құтыла алмайтынын тағы сезеді. Сезеді емес-ау, оған әбден көзі дежеткен. Бірақ сөйте тұра соншамаұ жыл бірге отасқан Раушанды да ұмыта алар емес. Оны да қимайды. Сәулеге үйлене қалған жағдайда Раушан мен екі арада кандай жағдайдын белен алатынын көз алдына елестетпей қалмайды. «Бұл өзі «екі қайықтын басын ұстаған суға кетеді» дегеннін көрінісі ме?»дегенде ойға келген ол. Бірақ, енді қалай десенде де іс тығырыққа тірелген. Бұдан әрі кейін шегінер жол жоқ. Осы ойлар Айдынбекті Сәулемен осылайша онаша ашық сойлесуге итермелеген. Сөзді өзі бастады.

- Сәуле, - деді ол оған тіке қарап, - мен бір құдіретті сезімге шырмалдым. Одан бұл жарық дүниеде сенсіз құтыла алар емеспін. Мені мұнда, су тереніне сол сезім айдап алып келді. Ол сезім сені іздеді. Енді, міне, қайта тапты. Мен осы кезге дейін бәрін де ішімде сақтап келген болатынмын. Ғалыммын дедім, қызметкермін дедім,әйелімбар,жасым үлкен дедім. Енді бар жан дүнием қиналғанда, онын бәрін де шетке біржолата ысырдым. Тек маған ренжімеші, мен мұны қиналганнан айтып отырған жокпын, шынай махаббат сезіміне біржолата бөленгендіктен айтып отырмын. Адам бүл дүниеде бойында шынайы махаббаты оянған кезде ғана өзін бакытты сезіне алады екен. Сенсіз маған, өмір - түн!

- Мен сізді түсінемін, аға, - деді Сәуле көзін төмен сала отырып, -ондай сезім менде де оянған. Әрі ол сізге бұрылған болатын. Сағарластарым мені соным үшін мұхит тереңінде жалғыз қалдырып кеткен. Мен олардың ешқайсысын да үнатқан жоқпын. Бірде басшымыз өзінің тағдырын кемеміздегі адам тағдырын алдын ала корсете алатын «Тағдыр» атты құрал арқылы болашағына барлау жасады. Онын да, сапарластарымның да ғұмырлары менен қысқа екен. Содан олар менен тез арылуды ойлады. Бәрі маған суық қарай бастады. Ең соңында басшы су астында серуен ұйымдастырды. Іші тас қараңғы үңгір ішінде белгісіз себеппен менін мандай шамым күйіп кетті. Содан мен олардан адастым. Сапарластарым кейіннен аяса керек, қайта оралыпты. Сонда ол кемені сіздердін жігіттеріңіз жаңа жасалынған қуатты оққарумен жойын жіберді. Осылайша олар дүниеден өтті. Олардынтағдырлары кемедегі «Тағдыр» құралы көрсеткендегіден баскашалау аяқталды. Мен сіздің үйіңізден кеткенде солар мерт болған осы мүхитта мен де бүл жарық дүниедегі ғұмырымды тәмамдамақ едім. Сіз тағы да мені жарық дүниеге алып шықтыңыз. Сонда сіз мені қалай тезтаптыныз?

— Менғалым емеспін бе, Сәуле? -деді Айдынбек сәл жымиып, — сен үйде жүргенде комбинезоныңдағы бүкіл байланыс құралдарының тарататын, қабылдайтын толқын жиілігін зерттеп алғанмын. Соның пайдасы тиді. Сені тез таптым. Әйтпесе.кім біледі?..

— Сіз маған екінші рет өмір сыйладыңыз, бұл жақсылығыңызды немен ақтасам екен? - деді Сәуле кәдімгідей мұнайып.

— Онын еш қиындыгы жоқ, — деді сол замат Айдынбек, — менін тағдырымды болжап берсең болғаны. Бар парызыңнан құтыласын.

— Қалай десем екен?..

— Не қалай дейтіні бар? Сен оны айта аласын ба.;

— Айта аламын, — деді Сәуле жанарын Айдынбекке қадай қарап.

— Қалай болмақ сонда менін болашақ тағдырым?

— Болашақта сіз маған үйленесіз. Ұлды боласыз. Бірақ ол қуаныштан кейін о дүниеге жөнейсіз.

-Түсінбедім?..

— Сізге маған үйленгеннен гөрі өмір сүру артық болар. Менін сапарластарым да солай ойлаған елімізде жүргенде.

— Егер мен сізге үйленіп, үл көретін болсам, одан әрі қарай маған өмір сүрудін еш қажеті жоқ.

— Неге олай дейсіз, аға Ұрпағынызды кім тәрбиелеп өсіреді? Онан да басқа қызға үйленгеніңіз әлде қайда дұрыс болар еді. Қазақта қыз аз ба?

-Өйтігі менің жүрегімді ауыртпа, жаным. Сен нағыз қазақтын қызына айналдың. Рас, қазақтын мөлдір қара көзді қыздары көп. Бірақ жүрек сезімім оянбаған қызға қалайша жалған қол созамын? Соны түсінші?!

- Сонда сіз мені не үшін ұнатып жүрсіз?

- Нәзік сезімініз үшін, қазақтын әуені мен сазын терен түсінетіндігініз үшін. Дәл сіздей кылқобыз сарыны мен күй сазын түсінетін кызды бұл өмірімде әлі кездестірген жокедім.

- Кездестірмесеңіз, кездестіресіз, өмірініз алда емес пе? - деп жымиды Сәуле.

- Қойшы, жаным, - деді Айдынбек қатты толқып, — мені басқа бір әлемге қарай бұрып әкетіп барасыз. Жана ғана маған өзінізге үйленіп ұлды болатымынымды болжап едіңізғой?

- Оным рас, бірақсіз одан кейінгі тағдырыңызды еске алмайсыз ба? Маған үйленген жігіт бұл дүниеден өтеді деп айттым ғой жаңа.

- Айтшы, Сәуле, одан да. Сізге менің отбасылы екенім кедергі емес пе?

- Жоқ, аға. Шынайы махаббат сезімі ондайға қарамайды.

Сәуленін бұл сөзінен кейін Айдынбектің оған деген ішкі сезімі күшейе түсті. Қызға онан сайын мейірлене, өзіне жақын тарта қарады. Сезім толқынысынан дауысы да сәл дірілдегендей болып шықты.

- Енді не болады екен, екеуміздің арамызға кедергі болып тұрған?

- Оны айтуға дәтім бармайды, Айдынбек аға. Сіздің пер- зентіңіз жоқ болғанымен, ғылымынызбар. Сіз ашқан ғылым жаңалықтары халықтын игілігі. Сондыктан да мен сізге қиянат жасай алмаймын. Кім-кімнің де өмір сүргісі келеді, бұл жарық дүниеге шыр етіп келген сон. Мен енді осы мұхитта ғұмырымнын соңына дейін жалғыз қаламын. Өзіңіз іздеп тауып алған сон сонғы рет болса да бір тілдесіп мауқымды басайын дегенім бұл. Маған ренжіменіз, аға.

Айдынбек Сәуледен күтпеген бұл создерден кейін бір түрлі абыржып қалды. «Мен отбасыма қарамай ғалымдарды аяғына тұрғызып, өмірімс катер төнетінінеде қарамай сүнгуірлермен бірге су тереніне түсіп, тас қараңғы үңгір ішін шарлай іздеп,«таптым ба», «Сәулеге қолым қайта жетті ме?» деп қуанғанымда бұл не созі?» деп те ойлап үлгерді ол. Содан соң Сәулеге көздерін қадай қарады да:

- Жақсы, екеуміз соңғы рет кездесіп отыр екенбіз. Мен оны түсіндім. Енді сіз менің соңғы өтінішімді орымданыз. Бұл не құпия? Ен болмаса мен соны біліп жүрейін. Соны айт жасырмай. Содан соң қоштасармыз. Мен осы жасыма дейін бір де бір қыз баланы сезімінсіз ырқыма көндіруге тырысып көрген емеспін. Өмірімде алғаш peт сізге ғана жүрек сезімім оянған еді. Бұл да сәтсіз аяқталды. Мен сонда да бақыттымын. Өз тағдырыма ешқашан даренішті емеспін. Барға көнем. Барға қанағат етемін. Сізбен осьінша уақыт бірге болып, дәмдес болып, сырлас болғаныма ризамын. Тек айтыныз маған, бар сырынызды. Ол кұпия менің ішімде қалады. Бұл бөлмеге менін рұқсатымсыз тәуліктеп отырсақта ешкім бас сұқпайды. Мұндағы жазу, түсіру құралдары да толығымен ажыратулы. Айтыныз, Сәуле. Жасырмаңыз.

Қыз төмен салып отырған көздерін жаймен ғана жоғары көтеріп Айдынбекке мейірлене қарады. Содан сон жаймен бөлме ішін шолып өтті. Сөйтіп барып әңгімесін бастады.

- Айтайын, аға. Сіз менік өзіңізге деген жан сезімімнің шексіз екенін ешқашан да ұмытпаныз. Жаңағы мен айтқан сөздердін бәрі де менің ол сезіміме титтей де қатысы жоқ және оған титтей де кедергі бола алмақ емес. Мен сізге ғашықпын. Ғашық болып қаламын. Тек менің айта алмай жүрген сырым мынау еді. Менін өзге жұлдыз жүйесіндегі өзге ғаламшардан келгенім сізге құпия емес. Біздің ғаламшарымыз Жерден кішілеу болмаса үлкен емес. Онда да бір заманда құрлык болған. Тек ғылыми-техникалык прогрестің қарқынды дамуына байланысты техникалар мен зауыт, фабрикалар көбейді. Ғаламшарымыздын атмосферасы жылына түсті. Ол ғаламшарымыздың оңтүстік, солтүстік полюстеріндегі, тау шындарындағы қар мен мұздардын еруіне әкеліп соқты. Құрлық азайды. Біз су беті мен су астында өмірсүрудің жолын іздестірдік. Негізгі ғұмырымыз сонда өтетін болды. Су астында емін-еркін жүзе алатынымызда сол. Бізге қараганда сіздер бақытты сындар. Әлі де құрлықта жер басып жүрсіздер. Мен құрлықта болған күндерімде өзімді Алланын алақанында жүргендей бақытты сезінем.

Ал енді сізге өмірлік жар болудан неге бас тартатынымды түсіндірейін. Мен сізге қашан да сенемін. Сіз өте адал жансыз. Мен үшін отқа да, суға да түсуге дайыпсыз. Оны мен жақсы білемін. Біле тұра мен сізді махаббат шекарасынан өткізбедім. Біздін ғаламшарда бір-бірін шынайы сезіммен ұнатпаған жастар отбасын құрай алмайды. Жалған сезіммен некетүнін өткізген жігітертеңіне көзжұмады мәнгілікке. Сондықтан да біздін ғаламшарда жалған махаббат деген атымен жоқ. Бір-бірінін тұрмыс жағдайына, қызмет дәрежесіне қарап отау құра салу деген де болған емес. Тек бір-бірін таза, жан дүниесі мен сүйгендерғана бақытты отбасын құрай алады. Бүл менің сіздін маған деген махаббат сезімінізге сенбейтінімнің дәлелі емес. Мен сізге сенемін. Бірақ, сіздін бойыңызда маған деген шынайы, нағыз табиғи махаббат сезімі орын алмаган болса, онда сіздін өміріңізге қауіп төнеді. Ондай жағдайда неке түнінде менің бойымнан жоғары жиілікті ток өнеді. Осы себепті де біздің жігіттер шын сүймеген қызына, қыздар өзі шын сүймеген жігітіне жақындамайды. Ал егер сіздің маған деген махаббатыңыз шын мәнінде шынайы, табиғи болса, біз бақытты боламыз. Дүниеге ұлыңыз келеді, өзінізде ұзақ ғұмыр кешетін боласыз. Менін бар құпия сырым осы, Айдынбек аға.

Айдынбек ойланып калды. Тұла бойы шымырлап та кеткен. «Онда мен Раушанмен бірге осыншама жылды жалған сезіммен бірге өткіздімбе? Бәлкім, Құдай бізге сонымыз үшін перзент сыйламаған шыгар. Ал елімізде, қоғамымызда некесіз, шынайы сезімсіз неке түнін оп оңай өткізіп не ұл, не қызды жетім етіп жүрген жігіттер мен қыздар қаншама, есеппен үйленіп, бастарынан бақ тайғанда ажырасып жүре беретін, қызметті ен лауазымды, байлықпен мансап қорлықты іздейтін жастарымыз қаншама? Сәуле келген ғаламшардын тазалығы кандай! Қандай бақытты адамдар олар?! Махаббат сезімі жалған адамға бұл жарық дүниеде орын жоқ. Неке түнінде кімнін махаббатсезімі жалған болса. мейлі ол жігіт болсын, мейлі ол қыз болсын, сол жалғандығы үшін Кұдайдын каһарына шалдығады. Ал мына жағдайда менің ғана тағдырым шешілмек» деп толғанды Айдынбек қыз алдында. Содан сон басын тез көтеріп алып, оған бұрылды да:

- Сәуле, сүйіктім, -деп оның сол қолынан жайғана ұстады, — мен бәрін де түсіндім. Иіет-жағасын бұл кезге дейін де түсінген болатынмын. Енді анық болды. Мен ешқашан да өлімнен қорықкан жан емеспін. Ал мына жағдайда мен өзімнін саған шынай сезіммен ғашық екенімді дәлелдеуге тиістімін.

- Жо-жоқ, Айдынбек аға, - деді қыз қолын өзіне қарай сәл ғанатартып, - сіз әлі де ойланыңыз. Бұл күні сіздің тағдырыңыз шешіледі. Артыңызда Раушан әпкем мен бүкіл ғылымыңыз, оның арғы жағында бүкіл халқыңыз тұр.

- Мен Раушанмен бірге тұрдым. Бірақ бақытты өмір сүрдім деп айта алмаймын. Мен оған денсаулығым мен лауазымым барда ғана керек адам екенмін. Оның шет-жағасын өткенде қатты жарақат алып ауырғанда сездім. Жасым болса келе жатыр. Сіз мені қанша жасартсаңыз да замандастарым мені жасарта қоймайды. Ал ғылым дегенде, менің артымда қалатын ұрпағым болмаса, ол ұрпағымнан еліне ерен еңбек ететін ұрпақтар тарамаса, бұл уақытша дүниенің не мәні болмақ?

- Мен оның бәрін түсінемін, аға, - деп Сәуле бәсең сөйледі.

- Қазақта «Шешінген судан тайынбас» деген де мақал бар. Мен сол суға түскен адаммын. Мен енді сізсіз өмір сүре алмаймын. Сіз осы мұхиттереңінде қалай қалсаңыз, мен дедәл солай қаламын. Осыны дұрыс түсініңіз. Немесе...

Айдынбек Сәулені өзіне қарай тарта берді. Қыз тартынбады. Оның бойын да көптен бері толқытқан махаббат сезімі шарпыған еді. Қанша тартынғысы келседе,ғалымнын одүниелік болып кетуі мүмкіндігін ойласада қолы әреңжеткен ыстық сәттен бас тарта алмады. Бойын ғажайып сезім билеп, буын буыны босап, әлсізденіп те қалды. «Қойыңыз, Айдынбек аға. Сізге әлі өмір сүру керек» деп қана жай сыбырлауға шамасы келді. Айдынбек те махаббат сезімінің буына масан. Сәулені құшағына қысып, тамағынан сүйе берді, сүйе берді. Қанша уақыттан бері бір-біріне жетеалмаған армандары мұхиттереңінде, сүңгуір кеменің ішінде жүзеге асты. «Мен бұл дүниеден ұрпақсыз өте алмаймын. Еліме қанша еңбек етсем де, қанша енбек жазып қалдырсам да бір ғана тірі ұрпағыма татымайды. Халқымнын алдында ұрпақсыз қалғаннан өткен қылмысым жок менің» деп жай ғана күбірлеп, көз шарасына ыстық жас үйірді Айдынбек. Сәуледе енді еркін босай түсіп. «Сіздің ұрпағыңыз болады. Ол жолыңызды қуады. Еліңіз үшін енбек етеді. Мен оған кепілдік бере аламын. Тек сіздін махаббат сезімініз...» деп сыбырлай сойледі оған.

Екеуі осы болме-каютадағы шаршағанда, түн мезгілінде Айдынбек демалатын кен де жұмсақ төсек үстінде ұзақ жатты. Ұзақ аймаласты. Енді мына мұхиттереңінде не болып жатса да, бар дүние әлемі айналып-төңкеріліп кетседе бәрі бір екеуіне. Шынайы махаббат сезімінін ұлы құдіреті еді бұл. Айдынбек Сәулені армансыз аймалады. Армансыз сүйді. Сәуледе де оған деген қарсылық минут санап азайып бара жатқандай еді. Оның бойында қарсыласуға деген күш-куаты та қалмағандай. Бір мезетте қыз:

- Жоқ, сіз өмір сүруге тиістісіз!

Қыз осы сөзді ғана айтып үлгерді. Бірак енді кеш еді. Рені солғын-солғын тартып барып, көтеріле берген Айдынбек он жаққа қарай қисайып барып, төсек үстіне кұлап түсті. Сәуле сезім теренінен шыға алмай, оның бет-әлпетін қос алақаны мен тынымсыз сипалап жатыр. Бұл Сәуленін қыз болып жаралғалы өмірінде ең алғаш көрген қорқынышты сәті еді. Өзінің тұла бойының ауыр тартқандай болғанына қарамастан Айдынбекті бір шетке жатқызып, өзі жуынып шайынатын бөлмеге еніп реттеліп, төсек-орынды қалыпқа келтірді. Тек содан сон барып басқа бөлмедегі дәрігерлерге шақыру дабылын берді. Олар лезде жеткен. Айдынбек сұлқ жатыр. Бет- әлпеті боп-боз. Бас дәрігер оны тез түсінді.

- Айдынбек тоққа түскен. Тез арада қалыпқа келтіру бөліміне апарып бойындағы тоқты аластату қажет, - деді дегбірсіз деніп.

- Тоқ соққаны қалай? Бұл бөлмеде ондай ештеме де жоқ қой? - деді оған танырқай қараған комекшілерінің бірі.

- Оны талдап тұратын уақыт жоқ. Тек көмек керек. Жеткізіп сіздер айтқан жерге, - деді бас дәрігер.

Дәрігерлер жылдам қозғалды. Айдынбектің денсаулығын қалыпқа келтіретін болмеге алып кетті. Сәулені жылдам қамауға алды. Кеме ішінде Жер тәулігі уакытымен таң атпай әбігерлік басталып та кетті. Сәуле шынайы махаббаттын буына берілгеніне қатты өкінді. Егер кемедегілер озін тез қамауға алмағанда әлде қашан мұхиттереніне сүңгіп, бас шлемін ашып жіберіп, бұл дүниемен қош айтысқан болар еді. Бірақ арада көп уакыт өтпей үміт оты жана бастағандай болды. Өзін бақылаушы қарауыл жігіттердің бірі бөлменің есігіне жақын келіп:

— Сәуле, уайым кешпеңіз, Айдынбек көзін ашты. Шамалы тоқ әсер еткен екен. Қауіпті ештеме де жоқ, — деді.

— Сіз рас айтып тұрсыз ба? — деді Сәуле есені іреген адамдай жай сөйлеп.

— Біздің құрамда өтірік, жалған сөйлеуге қатаң тыйым салынған, - деп жігіт әрі карай бұрылып кетті.

Сәуле арқатұсын қабырғаға тақай сырғанап барып еденге отыра кетті де солқылдап кеп жылады. Бұлда өзінің өміріндегі алғашқы көз жасы еді. Осы сәтке дейін қыз бала болып жаралса да жылау дегенді білген емес. Бойы босаңсып, жүйке тамырлары кеңейіп, бір рахат сезімге бөленгендей болды. Сол кезде әлгі қарауыл жігіт есікті ашып:

— Сізді Айдынбек шакырып жатыр, жүріңіз, — деді.

Сол кезде Сәуле орнынан тұра бере есінен айырылып, құлап түсті. Қарауыл жігіт дереу дәрігерлерді шақырды. Сәуленіде тездетіп Айдынбек жаткан бөлмеге жеткізді. Шамалы уақыттан сон Сәуле есін жиды. Айдынбектін шын мәнінде тірі екеніне, өзінің онын жанында жатқанына көз жеткізді. Енді еке- уінің қуаныштарында шек жоқ еді. Дәрігерлер де, өзге сапарластары да Айдынбекке жиі-жиі көз салады. «Тағдыр деген қандай күрделі еді, — деп қойды ішінен Жебеуші, — осыншама уакыт өткенде Айдынбекке бақыт қонады деп ешқашан да ойламаған едім».

Жағдай түсінікті болғаннан кейін Айдынбек пен Сәуле сол каютада бірнеше күн бойы тұрды. Ғалымдар Сәуленің ақыл кеңестерімен мұхиттереңінің біршама құпияларын ашты. Талай су асты жәндіктерінің фото суреттері мен бейне фильмдерін түсіріп алды. Оның бәрін арнайы бейнетаспаларға жазып, ашқан жаңалықтарын академияға жеткізуге асықты. Айдынбектіңде, ғалымдардын да көңілдері көтерінкі еді. Бұл жолы тек Сәулені ғана емес, мұхиттереңінін небір маржандарын да кемеге алған. Мұхит жағасына шыққан соңонда өздерін күтіп тұрған әуе лайнері шағын аланнан аспанға қарай тік көтеріліп, қажетті биіктігін алған сон қазақ жеріне қарай бет қойды.

Су әлемінің саздары

«Океанолог Айдынбек басшылык еткен іздеушілер тобы мұхит теренінен Сәулені тауып, ол аймақтан жаналықтар ашып елге аман-есен оралды» деген хабарды естіген Раушан не күлерін, не жыларын білмеді. Сырт көзге қанша жылы жүректі болып көрінсе де, ішкі дүниесі енді түтін еді. Сәуленің бұл үйден біржолата кеткендей болғаны жалғанға айналды. Олар үйге келе жатыр. Енді тағы да сол бір қызғанышты күндер кайталана бермек. Одан енді не мән, не мағына болмақ. Раушан қаңыраған көп болмелі үйдін ішінде ұзақ сенделді. Қатты ызадан бейнетелефонды байланыстан ажыратып тастады. Стереотеледидарды да көрмеді. Үй океанариумы мен аквариумы на да зер салмады. Ол екеуі енді өзіне бақыт емес, бақытсыздық әкелгендей көрініп те кетті. Сойтіп айналшықтап жүргенде есік қоңырауы сыңғыр ете түсті. Раушан алғашында елең етті де: «Жоқ, жоқ, мен Сәулеге енді қайтып есігімді ашпаймын!» деп, өз-өзіне серт беріп, есіктің алдына барып тың тыңдады. Бірақ одан Айдынбектінде, Сәуленіңде дауыстары естілмеді. Байқауынша, басқа біреу секілді. Жайменғана келген адамды тұла бойымен көрсететін ұзын айна тәрізді бейне байланысты іске қосатын түймені нұқыды. Міне, қызық. Күтпеген мейманы келіптүр. Қадыр. «Бұл неге келіп тұр?»деген ой келді Раушанға, «Сәуле жоқ кой?» Сол кезде есік қоңырауы тағы берілді. Раушанға енді шегінер жер қалмаған. Есімін сұрап барып есік кұлпының құпия цифрларын басты. Қадыр ә дегеннен кешірім сұрай кірді. Өзі шамалы шаршау. Ұйқысы қанбаған тәрізді. Раушан онын мәнісін түсіне алмады, түсінгісі де келген жоқ. Қазаққа тән меймангерлікке салып:

- Келініз, Қадыр, жоғары шығыңыз, - деді жаймен ғана.

- Рахмет, — деді Қадыр, — айып етпеніз, мен асығыстаумын. Айдынбек пен Сәуле келген жок па еді әлі?

- Ол екеуін неге қосып айтып тұрсыз? — деп Раушан секем алғандай елеңетгіп...

- Сіз әлі естімегенсіз бе?

- Нені?

- Сәуле табылды ғой!



- Одан хабарым бар, — деді көңілі басылып қалғандай — Айдынбек пен Сәуле бірдемеге ұшырап қалган екен демеймін бе?

- Жоқ, әпкесі, - деді Қадыр қайтадан шығар есікке қарай жүріп, - бүгінде ол екеуі ерлі-зайыпты. Соңғы жаңалық осы.

- Шын айтып тұрсыз ба сіз мұны?

- Біздің академияда жалған сөйлеуге катан тыйым салынған, әпкесі.

- Сонда сіз, немене, маған соны айту үшін келдініз бе?

- Жок, әпкесі, - деді Қадыр сәл мұнайып.

- Әлде, Сәуледен айырылып қалғанына өкініп, соны айтайын деп келдінбе?

- Менің сізге осы оңашада айтатын бір сырым бар. Айдынбек пен Сәуледен бұрын асыға келіп тұрғаным да сол еді...

Раушан аң-таң. «Тағы не жаналык айтпақ, бұл інім?» деп бір ойладыда, жылы шыраймен:

- Есік ауызында тұрып қалғаныныз қалай, асханаға кіріп наннан дәм татсанызшы, ен болмаса, — деді өзі солай қарай бастап жүріп.

Қадыр аяқ киімін шешіп, жуынып-шайынатын бөлмеге кіріп, беті-қолын шайды да, Раушан шақырған дастарханға отырды. Автомат аспазшылар мен аспазшы биороботтар жылдам қозғалып, екеуі бірер сөз айтқанша женіл тамақта әзірлеп үлгерді. Екеуі дәмнен ала отырып әңгімелерін одан әрі жалға- ған. Айдынбек пен Сәуленің келуіне әлі біраз уакыт бар еді. Олардың академиядағы арнайы орында дәрігерлік бақылаулардан өтетіні де белгілі. Оларға үйге қайтуға тек содан сон ғана рұқсат етпек. Үйдегі байланыс атаулынын бәрі де сөндірулі, болсада. Оңаша әңгіменін сәті түсіп-ақтұр. Қадыр да соны білігі дәл келген екен.

- Раушан әпке, - деді шамалы отырып, көңілдері орныққан сон, - мен осы үйге талай келдім. Рас, алғашқы кезде түсінбеушілікпен Сәулеге де көзім түсті. Бірақ мен сол кезде-ак Айдынбек пен Сәуленін шынайы махаббатын сезген едім. Сізде сезіп жүрдініз. Онын нәтижесі, міне, енді айқын болды. Олар өмірлікке қол ұстасты. Мен жастайымнан анасыз өстім. Анам мені дүниеге әкелерде коп қан жоғалтып, мәңгілікке көз жұмыпты. Содан бері әкем мені мандайымнан шертпей өсіріп келеді. Енді ол кісі де шаршады. Бірақ дене қуатын жоғалтқан жоқ.. Ол кісі сізді жиі сұрайтын. Мына жаңалықты есті- генде тіпті терен ойға кетті. Сіз білімді, парасатты жансыз. Бәрін де айтпай-ақ түсінесіз. Менін сізге айта алмай жүрген сырым осы ғана. Ал енді жөнелейін. Айдынбек пен Сәуле келіп қалса, жаман ойлап қалар.

- Айдынбектінде, Сәуленің де енді менде жұмыстары бола қоймас. Мен сені түсіндім, балам,-деді Раушан көзіне жас алып.

Қадыр кетуге тез жиналды. Раушаннын көз жасын одан әрі көргісі келмеді. Жылы қоштасып, есіктен тез шығып кетті. Содан коп уакыт отпей Айдынбек пен Сәуледе келген. Екеуі де кінәлі адамдар екендерін сездіргендей төмен қарай береді. Раушан жаңалыққа қанық болғандықтан ештеме деген жоқ. Айдынбек пен Сәулені асханаға шақырып жаңа ғана Қадыр екеуі алган тамақты алдарына қойды. Содан сон жаймен ғана Айдынбекке бұрылып:

- Айдынбек, осыншама жыл бірге отастық. Маған ренішің жоқ шығар. Мен саған Сәулеге үйленуге әлдеқашан рұксат еткенмін. Оған өзін көнбеп едін. Тағдыр оған сені де, мені көндірді. Амал не?! Мен екеуіңе тек қана баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, мол ұрпак тілеймін. Бүгіннен,тап осы сәттен бастап үй сендердікі. Мен де өз үйімді таптым. Іздемендер! - деп анау- мынау киім-кешегін алып сыртқа қарай жөнеді.

- Әпке! - деп Сәуле дауыстап жылап жіберді.

- Раушан, сен де мені кешір. Тағдыр осылай! - деген сөзді ғана айтып үлгерді оның артынан Айдынбек.

Кешке қарай үйге Қадыр бейнетелефон соқты. Жүзі албыртып, ерекше қуанып гұр. Раушан үйден шығып кетісімен бейнетелефонды іске қосқан Айдынбек академиядан жаңалык күткен еді. Өзінін Сәулеге бақталасындай болған Қадырды көріп сәл ширығып қалды. Қадыр оған қарайтын емес.

- Айдынбек, Сәуле, бәрін де естіп жатырмыз, бақытты болыңыздар! Мен сіздердін алдарыңызда ғана үйлеріңізде болғанмын. Раушан менін әкем Алмаспен тіл табысты. Менін көзімді ашқалы коре алмаған анамнын орнын басты. Осыны ғана айтайын деп едім. Сау болыңыздар! — деп бейнетелефо- нын өшірді.

Айбынбек пен Сәуле бір-біріне қарап тұрып қалған. Бәрі де енді түсінікті еді. Түсінбейтін не бар? Келесі күннен бастап Айдынбек ол үйді басқа үйге ауыстыру ісіне кірісіп кетті. Ал ол мәселе шешілген соң мұхит тереңіндегі кезекті зерттеуін жалғастыру үшін жолға аттанды. Тағы да мұхит. Тағы да су әлемінің саздары. Мыңсан тіршілік иелері. Бәріде қым-қуыт әрекеттерін жасауда. «Жайын» кемесінін кеңде дөңгелек терезесінен Айдынбек ол ғажайып көріністерге мейірлене қарайды. Су әлемініңсаздары енді жай ғана саз емес, қылқобыз бен домбыраның саздарындай кұлағына жағып барады. Бәріде Сәуле екеуінің табысқандарына қуанатын сияқты. Бәрі де екеуіне бақыт тілейтін секілді. Осылайша су астында тоғыз айдан аса уакытгы Сәулемен бірге өткізген Айдынбек бір күнде, бірер сәтте өмірінде болып көрмеген алғашқы қуанышқа кенелді. Кеменің арнайы жасалған перзентханасында дүниеге шыр етіп келген алғашқы перзентінін үні естілді.

- Сәуле аман-есен босанды, ұл туды, сүйіншіңізді дайындаңыз, ағасы! - деп риясыз жымиды перзентхананың бас дәрігері Жәмила перзентхананың фойесінде осы қуанышты жаңалықты дегбірсіз күтіп тұрған Айдынбекке.

- Сүйіншініз дайын, осы сәттен бастап мына бүкіл кемедегі асыл заттың бәрі сіздікі, - деп әзілдей жауап қатты Айдынбек.

Соның артынша-ақ кемедегі барлық сапарластары ағылып келе берген. Айдынбек бас дәрігерге олар жеткізген қымбат сыйлық, бума-бума гүл мен заттай сыйлықтарды табыс етті. Айдынбек оның бәрін алдан ала дайындатып қойған болатын. Бәрі мәз-мәйрам. Кеме іші тойханаға айналды. Шамалы уақыттан сон Сәуле Айдынбек екеуінін кеңейтілген қаютасына келген. Ұлдын есімін Айдынбек Жалғасым деп қойды. Екеуі оны ортаға алып, қаютаның дөңгелек терезесінен мұхит теренінің көрінісіне қарады. Сол кезде ол жақтан құлақтарына су әлемінің саздары келіп жетіп жатқандай болды. Екеуі бір-біріне риясыз жымиып ұзақ қадалды...

Мазмұны

БІРІНШІ БӨЛІМ. Т¥ҢҒИҚТАҒЫ ТАҢҒАЖАЙЫПТАР

Күрделі жоспар 3

Аралдағы дайыңдық 8

Қысым құрсауында 19

Кезекті хабар 23

Жарыкты куған кеме 28

Оянған сезім 35

Мұхит астындағы әуен 41

Жалғыздықтағы еске алу 49

Кеме ішіндегі елес қыз 56



ЕКІНШІ БӨЛІМ. СЕЗІМ СИҚЫРЛАРЫ

Мазасыз түндер 79

Құпия ұйғарым 88

Күтпеген өтініш 94

Айкындалған тағдыр 106

Қайсар мінез 113

Адасу 120

Жоғалған кеме 129

Шындыққа айналған түс 143

Қолға түскен бейтаныс қыз 147



ҮШІНШІБӨЛІМ. СУ АСТЫНЫҢ ПАТШАХАНЫМЫ

Үйдегі әбіржу 157

Айрық шакеме 164

Күшейе түскен қызғаныш 171

Дұрыс шешім 179

Алғашкы оңашалықта 188

Қаламентанысу 207

Сәуле шашкан кыз 223



ТӨРТІНШІ БӨЛІМ.СУ ӘЛЕМІНІҢ САЗДАРЫ

Бассейнде 233

Қаладағы жаңалық 241

Жоқ іздеушілер 249

Жайсыз хабар 258

Алғаш айтылған сыр 265

Күтпеген құрмет 276

Күшейген қызғаныш 287

Жоғалған қыз 293

Су астындағы жалғыздық 302



Ашылған құпия 310

Су әлемінің саздары 319
Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет