Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет9/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39

Әбділданың мұны ойлап, екі шынтағын орындыққа тіреп, алақандарын иегіне жанастыра отыруынын басты себебі —жана ғана өзіне келіп кеткен Айдынбектің айтқан әңгімесі еді. Оны өзі шақыртқан. Раушанның өтінішін түсіндірген. Екеуінің арасында ренжушілік тудырмау үшін әңгімені де байыппен бастаған еді. Енді сол естіген сөздері магнит таспасынан қайталанғандай миының жарты шарында жанғырығып шығады.

Айдынбек айтқанына келіспеді. Ал, Раушанның өзіне айтпай келгенін айтқанда, түрі бұзылып та кеткен. Әбділданың көз алдынан Айдынбектің сол сәттегі бет мимикасы да кетіп үлгермеген. Дәл қазір істі неден бастауды да білмей дағдарды. Дағдармай қайтсін, олардың отбасына амалсыз араласып отырса. Раушанның өтінішін орындап, Айдынбекті құрамнан шығарып тастай қояйын десе, оның өзі туралы қандай күмәнді ойға қалатынын болжалдай ойланды. Ал, Раушанның өтінішін былай сырып тастайын десе, оның айтқандары да жанына батып-ақ барады. Ол аға деп отырып бар сырын ашып еді. Түсінсе деген үміті еді ғой оның. Оған қоса ол анау - мынау адам емес, академикке кірдім, көмек сұрадым демей ме? Көмектесемін деген уәдесі тағы бар. Айдынбектің мұндай қайсар мінезі барын қайдан білсін? «Айтсам, жасымды сыйласа да көнер» дегенді. Оның ендігі бет алысы «Шешінген судан тайынбастың» нақ өзі.

Осындай ойдан соң Әбділда Сұлтанұлы оң жағындағы жалпақ панельге қарады. Сәл кідіріп қалды. Қарағаны - өткенде өзі айтып, мына автомат жазып алған бейнетелефон нөміріне қоңырау соқпақ болғаны, ал кідіргені — «не айтсам екен», «әлде бірдемені бүлдіріп алып жүрмеймін бе» дегені еді. Бірақ қазір ойланып-толғанып отыратын уақыт па?! Қаншама ғалым бейнетелефон соғып жатыр. Қаншасы босуақыты мен қабылдайтын күнін күтіп жүр. Ғалымдар тобының су астына жасайтын сапары да жақын. Әбділда енді шыдамады. Панельден бір түймені нұкып қалған. Артынша экран беті жар кетіп таныс әйелдін жүзі көрінді. Раушанның өзі.

  • Аман-есенбісің, карағым? — деп бастады ол сөзін салмақпен.

  • Жақсы, аға, — деп елең ете түсті Раушан академиктін ойлы жүзін экраннан көрген бойда, — өз халіңіз ше?

  • Құдайға шүкір.

  • Сізге бүгін Айдынбек барып па еді? - деді Раушан ә дегеннен академиктің өзіне бейнетелефон қоңырауын соғып отырғанына танданып әрі сәл толқып.

  • Иә, қарағым келін... — академик бір сәтке кідіріп барып сөзін әрі қарай жалғады, — әлгі өзініз білетін әңгіме ғой өткендегі...

  • Түсініп отырмын, аға. Айта беріңіз. Бір нәтиже бар ма?

  • Мен Айдынбектің мұндай мінезін бұрын-сонды білмейді екенмін, — деді академик жеңіл күрсініп, — ол өзі...

  • Тыныштықпа, әйтеуір, аға?

  • Тыныштық, әрине. Ол жағынан қам жемеңіз, Раушан келін. Менің уақытым да аз болып тұр, қарағым. Біздің жұмысымыз қашан да осылайша қауырт өтіп жатады емес пе? Оны өзініз де жақсы сезесіз. Мен соған қарамастан уақыт тауып Айдынбекпен оңаша сөйлескен едім.

  • Көнбеді ме, аға?

  • Көнбегенде, былай, қарағым. Оның білім мен ғылымға қаншалықты беріліп кеткен адам екенін өзіңіз де жақсы білесіз. Айдынбектің мінез-құлқы менен гөрі сізге жақсы мәлім. Ал сөздің тоқетері, мен Айдынбекті сіз айтқан өтінішке көндіре алмадым. Сіз жөніңде артық-ауыз сөз айтқаным жоқ. Соны да ескерте кетейін дегенім. Қарағым, ғылым жолы деген, осындай қалтарысы мен қиындығы көп жол. Ал сіз Айдынбектің сол жауапты жолындағы айнымас жалғыз сенімді серігісіз. Өзіңізге-өзіңіз берік болыңыз. Оған ренжудің қажеті жоқ. Айдынбек сіздің ма­ран келгеніңізді де білмейді. Мен оны айткан жоқ пын. Бейнетелефонмен тілдестік деумен шектелдім. Сондықтан да майда - шүйде әнгімені доғарып бір-біріңе тек түсіністікпен ғана қараңдар, қарақтарым. Алты ай деген немене. Алты күндей зымырап өте шығады емес пе? Тек екі жақта да амандық-саулық болсын. Мұндай жағдайда болатын тек сіз бе? Құрбы-құрдастарыңыз бар емес пе? Солармен араласа-құраласа жүріңіз, Айдынбек келгенше. Ал әлгі елес-қыз деген мәселені мен мықтап қолға аламын. Оның бейнесін тікелей осы академияға телебайланыс арқылы жіберткіземін. Бола қалса, өзіңізге көрсеткізермін. Болмаса, тіпті жаксы. Осылай, қарағым келін. Маған ренжіме. Айдынбекпен де тату бол. Білімініз бар. Парасатыңыз болса да мол. Ал енді аман-сау бол, қарағым.

Раушан үлкен адамның бүл сөздерін бұзып-жармай, үзбейкилікпей мұқият тындады. Ойындағысы орындалмаса да, мынандай үлағатты сөздерден кейін өзіне мықты бір тірек тапқандай болып, толқып, іштей қуанып, тіпті, Құдайға шүкіршілік те етті. Тап бір өз әкесі құлағына ақыл кұйып жатқандай-ау. Екінші жағынан Айдынбек екеуіне ерекше қамқор, әкелерінің орнын басқандай түлғалы адамның бар екенінеде іштей куанды.

  • Рахмет, аға, уақытыңызды бөліп маған ақыл-кеңес бергеніңізге. Бәрін де түсіндім. Айдынбек екеуміз бәрін де түсіністікпен шешетін боламыз. Ол жағынан еш қам жемеңіз. Біз сіздің бұл жақсылығыңызды ешқашан да ұмытпаймыз, аға! Менен кеткен бір әбестік болып жатса, кешіріңіз. Айдынбектің жолына кедергі болмаймын. Болып та көрген емеспін, осы кезге дейін. Бара берсін. Жолы болсын, аман-есен оралсын! Өзіңізде қашан да аман-сау жүріңіз, — деп барып бір-ақ тоқтады Раушан.

-Аман-сау болып түрындар, қарақтарым! Бақытгы болыңдар! Үбірлі-шүбірлі болыңдар, - деп академик бейнетелефонын сөндірді.

Содан соң үстінен ауыр жүк түскендей жұмсақ орындықтың биік жақтауына шалқалай беріп көзін бір сәтке жұмды. Көзінің қарашығын оңға-солға, жоғары-төмен қозғалтты. Оқудан, жазудан шаршағанда осылай жаттығу жасайтын әдеті. Бұл көзді де, миды да сәл де болса демалтатын жаттығу. Әбділда мұндай көз жаттығуын жиі жасайды. Мұны, тіпті, алдында кісі отырғанда да байқамай жасап қалатын әдеті бар. Әзірге сырттан ешкім кірген жоқ. Қабылдау бөлмесіндегі қыз да өзі бейнетелефон мен әлдекіммен сөйлескен мезетте ешкімді ішке жібере қоймайды, өзі де есік ашпайды. Бірақ бұл өте қысқа мерзімді тыныштық еді. Сәлден соң-ақ бейнетелефонның қонырауы безілдеп, қабылдау бөлмесі жақтан келген кісілердің сөздері де талып жете бастады. Академик енді оларды рет-ретімен қабылдай бастады. Бәрініңде бір-бір өтініші, бір-бір ұсынысы бар. Ғылым болған сон оның көкейкесті мәселесі таусыла ма, бұл дүниеде?! Келген ғалымдардың көбінің айтатыны алдағы күрделі су асты сапарының жайы. Әбділда жұмыс қауырттана түскенде өзінің орынбасары Әділғазы Қараманұлын шақыртып алды. Келісіп пішкен тон келте болмайды деген де осы. Бірақ бұл жолы әңгімеге Айдынбектің мәселесі де енген. Сол жөнінде сөйлеспек-ті. Орынбасары жылдам жетті. Әрбір минуттың қымбат екені жақсы белгілі. Әділғазы да Әбділданың он бес минуттық үзілісін он бес жылдай күткен еді.

Оның басты себебі де сол Айдынбектің жағдайы болатын. Егер Айдынбек су астына түсуден бас тартса, «Оның орнына барамын» — деушілер көп. Тіпті, кейбір жас ғалымдар оның бара алмай қалуын іштей тілеп те жүрді-ау. Раушанның академикке келіп жолығып кеткенін естігендері де сырттай елеңдескен. Бірақ ол жөнінде Әбділда орынбасарынан басқа ешкімге де тіс жарып айтқан емес. Сөз деген жата ма?! Сонда да тарап үлгерген. Академик Раушанның келіп-кеткені жөнінде Айдынбектің де білмеуін қалаған. Кейбір ғалымдар ұзын құлақтан естігенім деп, Айдынбекке айта қоймаған. Бір отбасына зиян жасаудың не қажеті бар деп санаған. Олары азаматтық та еді. Тіпті, ешкайсысы да оған: «Осы сенің әйелің өткенде институтқа не мәселемен келді» деп те тіс жарған емес. Сондыктан да Ай­дынбек ол мәселеден шын мәнінде бейхабар.

Әділғазы қабылдау бөлмесіндегі қызбен амандасып өтіп ішке енгенде, Әбділда бірнеше кісімен қыска-кысқа пікірлесіп те үлгерген еді. Енді ол ішкі бейнебайланыспен қызға тағы да он бес минутқа бос емес екенін ескертіп орынбасарына қарай бұрылды. Әділғазы да сол кезде: «Не болды?», «Не шештініз?» дегендей бастығына қадала қарап қалған. Академик әңгімесін әдеттегіше салмақпен бастады.

  • Ал, жағдайларыңыз калай?

  • Бәрі де жақсы. Сүңгуір кеме «Жайынның» мұхиттереңіне түсуге толық дайын болғаны жөнінде хабар алдық. Ендегі мәселе кұрамда.

  • Тағы бір өзгеріс болмақ па? - деп елең ете қалды акаде­мик.

  • Жок. Әлгі, Айдынбекке байланысты айтып отырғаным ғой.

  • Ә, Айдынбектің мәселесі ме? Ол мәселені мен жаңа ғана шештім. Өзімен де, әйелімен де жеке-жеке сөйлескенмін. Ай­дынбек сапарға баратын болды.

  • Мұныңыз үлкен іс болған екен, - деп жадырады Әділғазы, - әйтпесе, оның орнына басшы болып барамын деушілер көбейіп кетіп еді. Бөлмедегі бейнетелефонға да тыныштық болмады-ау. Айдынбек алмастыруға келмейтін аса талантты да, батыр ғалым. Баратыны тамаша екен. Ол өзі небір ғажайыптын куәгері болып та жүр емес пе?.. Оны әлі әлем таниды. Сонда болар, нағыз жаңалык деген. Осының алдындағы сапарындағы су астынан көргендері дүние жүзі ғалымдарын шулатуға сәл-ақ тұр. Тек соған толық көз жеткізетін күн туса. Ондай жаңалықты аша алатын да осы Айдынбек. Онан басқалардың қолдарынан келеді деп айта алмаймын. Ғылымға, өзінің зерттеу обьектісіне бар жан-тәнімен берілетін адамдар бұл дүниеде сирек қой. Сондай адамдардын бірі де, бірегейі де осы Айдынбек қой.

  • Мен де соны ескеріп, сонысын бағалап, жауапты сапардан қалмауын қалап отырмын ғой, - деді академик орындығының жақтауынан алға қарай сәл еңкейіп. Әйелі де түсінген сияқты. Бірақ Айдынбектің қайсар мінезі алған бетінен қайтармайды. «Мен ол кұпияның сырын ашпай токтамай- мын», - деген еді Айдынбек маған әңгімелескенімде. Ғылымға осындай адамдар қажет-ақ. Иә, сонымен Айдынбектің мәселесі толығымен шешілді. Ал кұрам қашан аттанбак?

  • Ертең түске таман деп отырмыз, - деді Әділғазы оң білегіндегі сағатына бір қарап алып, - пәлендей өзгеріс жоқ. Жалғыз қорыққанымыз да осы Айдынбек еді ғой. Оны реттепсіз. Мұныңыз бізгеде, бүкіл ғылымғада үлкен көмек болды. Рахмет.

  • Ізденгісі, білгісі, жаңалық ашкысы келіп түрған адамның бетін қайтарғаннан өткен залалдық жок. Бұл - ғылым ғой.

  • Екі ғалымның арасында үнсіздік орнады. Екеуінің де осындай ұлы істерден шаршап-шалдыккандары бет-жүздерінен айқын аңғарылады. Әсіресе, мынандай жауапты су асты сапарына құрамды жинап, оларды аттандыру қиын-ақ. Олар қашан жиналып, аттанып, одан мерзім біткенде дер кезінде аман-есен отбасыларына оралғандарынша уайым. Ғалымдар- дың олардан басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстары жетеді. Олар қашан да өз кезегін күтуде. Демалыс дегенге мойын бұруларына да шамалары жоқ. Соған қарамастан «Жайынмен» күн сайын хабар алысып отырады. Өткенде мұхит тереңінде кезіккен құпия кеме осы институт ғалымдарын елең еткізген. Сондықтан да бұл сапарға ерекше мән берілген. «Оған барамын» деушілердің де күн санап көбейіп жатқанынын бір себебі де осында. Екі ғалым түстен кейін де кең бөлмеде ұзақ отырды. Ертеңгі сапарға аттанатындардың дайындықтарын бақылады. Ал құрам мүшелері бұдан бірнеше күн бұрын үйлеріне демалуға, дайындалуға қызметтерінен босатылған еді. Сөйтіп, жұмыс жалғасын тапты. Қазақ Ғылым академиясының бас корпусындағы академик Әбділда Сұлтанұлы мен басқа да ғалымдар отырған кен бөлменің шамы бүгін әдеттегі жұмыс мезгілі аяқталған мезгілден көп кеш сөнді.



Адасу

Кеме басшысы бастап жүзіп келе жатқан серуен-сапар ұзаққа созылды. Қыз мұндай ұзын-сонар әрі күрделі серуенді бұрын - сонды көрмеген-ді. Қайдан көрсін, үнемі байланыс торабында отырса. Оның үстіне бұл кезге дейін кеме басшысының өзіне деген көзқарасы бөлек-ті. Енді мүлдем өзгерген. Тек өзі ме, күллі құрам мүшелерін қарсы қойғандай. Қыздың жас жүрегі оны жақсы сезеді. Солай бола тұрса да олардан жаман әрекет күткен жоқ, олардан көмек көруге деген үмітін де өшірмеген. «Тағдыр» құралы болашақ тағдырын тайға таңба басқандай етіп экраннан көрсетіп берсе де, бәрібір адам-пенде адамнан ешқашан да жамандықты күткісі келмейді екен. Қыз да достарынан жамандықты күткен жоқ. Ілесіп жүзе берген.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет