Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет23/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39

Осындай ығы-жығы халықты көре тұрса да Раушан олардың «Жайын» сүңгуірінің құрамына құрмет көрсетуге жиналғандарын түсініп, іштей бір риза болып, мерейі өсіп тек алды. Ал ол құрамның басшысы өзінің сүйікті ері Айдынбек. Сондықтан да Раушан халықтың қақ орасында, ғалымдардың дәл жанында тұр. «Мұндай құрмет, мұндай дәрежеге жеткеніме де құдайға шүкір», - деп қойды ішінен Раушан. Расында да, Рау­шан дәл қазір көптеген адамдардың қолы жете бермейтін бір биікте тұр еді. Бұл болса да Айдынбектің арқасы. Сол себепті де Раушан елде болған кездерінде Айдынбек қайда барса, өзі де оның жанынан қалмауға тырысады. Ал мына құрметтің жөні мүлдем бөлек-ау.

Алаңнан арнайы көлік көрінген кезде халық қозғалуын да, шулауын да кілт доғарып, тып-тыныш болып қалды. Артынша әуеден үлкендігі әжептеуір әуе кемесі көрініп, жаңағы арнайы көлік тұрған жерге қарай жаймен қона берді. Әуе кемесінің дыбысы мейлінше жай шығады. Ол қозғалтқыштар пен пәрелер сәлден соң айналысын баяулатып барып кілт тоқтады. Нағыз толқулы сәт те тап осы кезде басталды. Раушанның көз шараларына еріксіз жас үйірілді. Басқалар да солай. Бәрі де әуе кемесінің шығар есігіне қадала қарап қалған. «Ай­дынбек қашан көрінер екен» деген ой да Раушанды мазалап әкетіп барады-ау. Ол енді айналасында тұрғандарды да ұмыта бастаған. «Айдынбек қандай болып кетті екен? Азды ма екен? Жүдеу ме екен?» деген толассыз сұрақтар Раушанның тұла бойын шымырлатып-ақ барады. Мұндай толқу кезінде уақыттында өтпегендей болып кететін жайы бар. Адамдар сонда да үнсіз. Сәлден сон әуе кемесінің есігі де ашылды. Әуелі кемеден алдағы жайттарды қадағалайтын екі әскери адам көрінді. Екеуі жаймен ғана тепкешік бойымен төмен түсті де, сатынын екі қапталына түп-түзу болып тұра-тұра қалды. Содан кейін кемеден ғалымдар шыгып, оң қолдарын бұлғап, тепкешікпен төмендей берген. Раушанның: «Әуелі Айдынбек бастап шығатын болар», — деген ойы мүлдем керісінше болып шықты. Түскен ғалымдар күтушілер мен, Раушанмен қол қысып амандасып өтіп кетіп жатты. Текең соңынан шықты- ay, Айдынбек. Жанында өзі айтқан, телехабардан айтқан бейтаныс қыз. Сұлу десе, сұлу-ақ екен. Оның жанында Раушан әжедей болып көрінеді екен. Қыздың бет-әлпеті жаңа туған баланыкіндей, шашы қап-қара әрі ұзын, денесі нәзік. Өткір қара көздері күн сәулесіне шағылысқандай болып жылт-жылт көрінеді. Сұлулықтың басты белгісінің де осы көзден көрінетініне Раушан алғаш рет көзін жеткізген. Қыз орта бойлы, екі аяғы түп-түзу. Өзіне өте бір жарасымды. Қолдары ақ ұнтақ жағып қойғандай аппақ. Бет-жүзі де жас баладай болғанымен қызылшырайлы емес. Бейне бір су сорып тастағандай сұр. Бірақ өзінің тұла бойы табиғатына бәрі де жарасымды. Бойы Айдынбектен сәл ғана төмен.

Бұл көрініс сағынып-сарғайып күтіп тұрған Раушанның бойына ерекше қызғаныш сезімін тудырды. «Айдынбектің қызғанатынындай, көп ойлайтынындай да бар екен ғой өзі», — деп қойды ішінен. Бірақ мына қара халықтың алдында қалай сыр берсін. Жасанды жымиып Айдынбектің алдына барды да, оны құшақтай алып, екі бетінен кезек-кезек сүйді. Ал қызға бір қарады да қойды. Содан бір кезде қолы қыздың қолына байқаусыз тиіп кеткенде, оның сұп-суық екенін сезді. Бейнебір су астында қатты тоңып қалғандай. Осыдан соң ғана Раушанның қызғанышы сәл басылайын деді. «Су астының қызы болған соң тап балық сияқты мұп-мұздай болады екен-ау. Мұндай қызға Айдынбек түгілі, ешбір жігіт жақындай қоймас», - деп өзін-өзі жұбатты сол мезет. Одан соң Айдынбек­тен әлденені сұрамақ болып ыңғайлана беріп еді, сол замат халық қатты гулеп, алға қарай лап қойысты. Бәрінің де су астынан табылған ғажайып қызды жақыннан көріп қалуға деген ниеті зор. Сол замат халық сақшылары да бір-бірімен ұстасқан қолдарын қыса түсіп, шеңберлерін бұзбауға тырысты. Олардың ара-арасында қосымша әрі негізгі күш болып тұрған биороботтар да сол кезде елеңдей бастаған. Халық қайта тынышталды.

Раушан өзінің ері болғандықтан сабыр сақтап сәл шеткерек шығып тұра берді. Мұны халықта түсінді. Бәріде енді көз жеткен жерден қараумен шектелген. Айдынбек пен қызды тағы екі әскери адам келіп қоршады. Тек содан кейін ғана тұрғандардың бірі Раушанға «Жүріңіз» деген белгі берді. Ғалымдардың жұбайлары мен балалары да сол топпен бірге келеді. Сол бағытпен келіп бәрі Қазақ Ғылым академиясының үйіне енді. Қара халық қана сыртта, сол аланда қалған. Көпшілігі бұдан арғы істі көре алмайтындықтан тарай да берген. Тек әлі де болса да бір қызықтан үміттенетін бірен-саран адамдар әр жер, әр жерде тұрып-тұрып қалған. Олар бейтаныс қызды сыртынан болса да тағы бір көруден үміткер.

Ал бұл кезде ғылыми топ бас үйдің ең үлкен залына келіп кірген еді. Осы залда үлкен жиын болды. Бірақ бұл залға ғалымдардың жұбайларынан өзге ешкім жіберілмеді. Балалар да келесі бөлмеге шығарылған. Бейтаныс қыз торға түскен торғайдай жан-жағына жиі-жиі қарап қояды. Оның жанында Айдынбектен басқа тағы бір адам бар. Ол — дәрігер. Айдынбек оны қыздың деңсаулығы мен психологиясын мезгіл-мезгіл бақылап жүруі үшін алған. Оның андығаны да қыздын өзі. Дәрігер ерекіме бөлек бір шағын ғана құралды иығына асынып алған. Ол құрал арқылы ол қыздың денсаулығын, қан қысымын, жүрек соғысын, тыныс алу жиілігін және басқадай жағдайын қол тигізбей-ақ біле береді.Оның бәрі де дәрігер үстаған құралдын экранында ап-айқын көрініп тұр. Егер қыздың денсаулығында немесе оның психологиясында қандай да бір титтей өзгеріс бола қалса, онда ол кұрал тез арада арнайы дабылын бере қояды. Қыз оның бәрін де біледі. Тек тіл қата алмайды. Онысын бет мимикасы арқылы да сездіреді кейде ол.

Іштегілер орын-орынға жайғасып, тынышталған соң Қазақ Ғылым академиясының басшысы сөз алды. Ол қысқа ғана сөзінде ғылымның үлкен жетістікке жеткенін, осы ғылыми зерттеушілер құрамының жаңалық ашып, бұл жаңалықтың көз алдарында тұрғанын айтып өтті. Ендігі жағдай айтпаса да түсінікті еді. Раушанның екі көзі ғалымдардың дәл ортасында отырған жас қызда. Онын әрбір қимыл-қозғалысын қалт жібермейді. Ерінің есін шығарған бұл қыздың қандай құдіретінін барын да түсіне алар емес. Бір жағынан бұл оқиғаның шын мәнінде өтіп жатқанына сенер-сенбесін де білмейді. Бәрі он мен түстің арасында болып жаткандай.

Қазақ Ғылым академиясы басшысынан кейін Айдынбек сөз алды. Ол өздерінің қиын да қатерлі сапарлары мен ғылыми зерттеу жұмыстары жөнінде қысқаша айтты. Одан кейін де бір-екі ғалым сөз алған. Тек содан соң ғана барып ғалымдар манадан сағынып жете алмай отырған жұбайларымен, ұл- қыздарымен еркін қауышты. Раушан да өзінің еріне жетті-ау. Айдынбек шаршау отырса да мұхит тереңінде көргендерін мүмкіндігінше жасырмай айтып жатыр. Ал бұл кезде қыз басқа бөлмеге әкетілген. Ол сусыз жерде көп жүре алмайтын. Оның үстіне мына үй ішіндегі тарлау, тымырсықтау ауа да оған кері әсер еткен. Айдынбек оның бұл жағдайын жақсы білетіндіктен әйелімен әңгімелесе отырып оған аландаумен болды. Ол аландаған сайын Раушанның қызғанышы да арта түседі. Раушанға қыз не болса ол болсын, ері осылай жанында отырса болғаны. Екі көзі Айдынбектің бет-жүзінде. Қатты сағыныштан тұла бойы сезімі ояна түсіп, бір түрлі толқып, еріне жиі-жиі көз салумен отырды. Қайта-қайта қолын ұстайды. Ал Айдынбектің қолы мәз емес. Мұп-мұздай. Суық судың астында әбден тоңып қалған адам сияқты. Алғашында әлгі қыздың мұздай қолынан шошыған еді, енді ерінің де сондай салқын болғанына іштей қайран қалды.

Айналада, фойенің бұрыш-бұрышындағы көптеген жұмсақ орындықтарда өзге ғалымдар да өз жұбайларымен, ұл-қыздарымен қауышып, шүйіркелесе әңгімелесіп отыр. Бақытты ұл мен қыздары әкелерін жан-жағынан қоршап алған, енді бірі мойнынан құшақтаған. Ал осы бұрышта оқшау қалғандай бо­лып Айдынбек пен Раушан ғана отыр. Әңгімелері де бір сарынды. Жаңа қосылғандай бір-біріне ұзақ қарасады. Бірақ қанша қадалып қараса да Айдынбек бұрынғыдай емес, салқындау көрінеді. Онысын Раушан шаршағандығына жорыған. Айдынбектің өзінен ұзап ешқайда да кетпейтінің жақсы біледі. Атағы бар, кызметі бар. Ажырасса бәрінен де айрылады. Екі лауазымынан да айрылады. Сол үшін де ол түсауланған аттай тып-тыныш жүреді. Қыз-келіншек дегенге қадам баспайды. Бір жағынан Айдынбектің ғылымға деген ынта-ықыласы қашан да оның әйел затына деген сёзімін жеңіп келеді. Ал мына қызға көңілінің ауғаны ол ғылыми зерттеу жағына да дөп келгенінен. Раушаннын аса қауіптенетіні де осы жағы еді.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет