Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет31/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39

  • Сіз осы бірдемені жасырып тұрған жоқсыз ба?

  • Жоқ... — келіншек төмен қарады.

  • Әлі де болса ойланып көріңізші?

  • Ойланатын ештеме де жоқ, інілерім. Бәрі де жаңағы айтқанымдай.

  • Ал, жаңа біз осында жақындап қалғанда ең сонынан көліктен түскен жігіт пен қыз кімдер?

  • Олар ағайынды жігіт пен қыз,—деді Жазира еш саспастан.

  • Олар неге бірін-бірі қуалап іздеп жүр?

  • Қыз осы көлікте келе жатқан болатын, ал ағасы оны көшеде өз көлігінің терезесінен көріп қалып бізді қуып жетті. Көлікке мінді. Қарындасын өз көлігіне алып кетті. Бар бол­таны осы.

  • Олар қайда тұратын адамдар сонда?

  • Ол жағын сұрауға менің құқым жоқ болар. Бар болғаны мен жүргізушімін. Не көрдім, не естідім, мен сіздерге соны түгел айтып тұрмын.

  • Ол түсінікті. Бізге осы көлікте болған бір жолаушы бейнетелефон соғып, өмірінде көрмеген бір құбылыстын куәгері болғанын айтқан еді. Содан келіп жеткеніміз ғой, женеше. Айыпқа бүйырманыз бізді.

  • Олар қандай оқиғаны, қандай құбылысты көріп жүр екен өзі? Түсінсем бұйырмасын, — деді Жазира халық сақшысына тіке қарап.

  • Сымда тоқ болмай қалып, көлік ұзақ тұрып қалған кезде бір бөтен қыз келіп, көліктін қарсы алдына тұрып екі қолын көтеріпті. Содан тоқ пайда болып көлік жүре берген. Мұнда қыз да болған. Осылай ма, женеше?

  • Айтып тұрған әңгімелерін халык сақшысының әңгімесіне ұқсамайды ғой, қарақтарым-ау. Бір ертегі сияқты ма бұл өзі? Осындай әскери қызметкер бола тұра сол бір жолаушынын сандырағына сендіңіздер ме, тәйірі?

  • Біздің мақсатымыз сену емес, тексеру. Қызметіміз солай, жеңгей! — деді екінші халық сақшысы жымия күліп, біздің қызметіміз сенуден емес, тексеруден тұрады. Негізгі мақсатымыз да сол. Сіз мұнда көлікті жүргізіп келгенде тоқ бол­тан жоқ. Тоқ енді берілді. Бұл жағына не дерсіз?

  • Ал өздеріңіз маған не демек сіздер?




    • Ой, жеңгей-ай, өзіңіз нағыз бір бет кісі екенсіз. Ағай шыдап жүрген сізге?.. Неге сонша жасырасыз? Ол жігіт пен қыз кім еді сізге?

    • Айналайындар, ол екеуі маған ешкім де емес. Енді маған жұмыс істеуге мұрсат беріңіздерші?

    • Мұрсат береміз. Тек мұндай нәрсені аяғына дейін тексеру - анықтау біздің төл міндетіміз. Осыны ұмытпаңыз, жеңгей

    -Қалайша міндеттеріңіз болады, түсінбеймін, - деді Жазира иығын қозғап, - мұнда ешқандай көлік соқтығысуы бол­ған жоқ. Адам жарақаталған жоқ, ешкім төбелескен жоқ. Бәрі тыныш, бәрі орнында ғой!

    - Ал егер ол қыз басқа бір жерде қылмыс жасап жүрсе не болмақ?

    • Біріншіден, ол ондай қылмыс жасайтын қыз емес. Екіншіден, ондай қылмыс жасаса өзі жауап береді.

    • Жақсы, түсінікті. Қысқасы ол жөнінде ештеме айтқыңыз келмейді. Түсінікті, - деді халық сақшысының алдыңғысы жас балаша бұртиып.

    • Өкпелейтін ештеме жоқ, - деді Жазира көліктің жүргізетін бөлігіне отырып жатып, - ондай құбылыс болса, қыз тыныш қала, алмас. Бір жерде болмаса да бір жерде өзінің жағымсыз қылығын танытар. Сол кезде оны оп-оңай ұстап аларсыздар. Ал егер енді қайтып маған келе қалатындай болса, мен оны өз қолыммен ұстап бере қоямын. Осыған келісесіздер ме?

    -Жақсы, келістік, - деді Рамазан Садықұлы, - тек кешіктірмеңіз.

    Халық сақшылары осыны айтып, көліктен тез-тез түсіп кетгі. Жазира бұру дөнгелегіне екі қолын айқастыра қойып онын үстіне маңдайын тіреп, екі көзін тарс жұмып, біраз отырды. Әлгілер алыстап, көліктерінің үні естілмей кеткен кезде барып алдындағы панельдегі түймелердің бірін нұқыды.

    Ал бұл кезде Болатбек пен Сәуле жеңіл көлікпен қаланың біраз жерін шарлап та үлгерген еді. Жігіт қаланы қаншама аралатып, көңілін көтерсе де, Сәуле жаңағы сиқырының сырын аша қоймаған. Ол да тоқтың сым бойымен келгенін, өзінің көлік жүргізуші келіншекке жай ғана көмектескенің түсіндірген. Алғашында: «Бұл қыздың бір құдіреті бар ма өзі» деп қалған Болат­бек енді сәлден соң қайтадан еркінси бастаған. Жігіт қаланың көрікті деген жерлерін аралатып болып, азық-түлік әперген соң ішімдік сатылатын дүкеннің алдына келіп тоқтады. Бірақ іштегі құпия мақсатын қызға айтқан жоқ. Дүкенге жүгіріп кіріп, екі шөлмек ішімдік алып қайта жылдам басып шыққан. Сәуле оның бұл жаман ойы мен әрекетін әдегенде түсіне қойған жоқ. Бірақ бойын бір қорқыныш билей бастағандай болғанды. Сонда да бойында Жер адамдарының жанашырлық қасиетіне деген сенім бар болатын әлі де болса. Ал Болатбек соңғы сәттерде ерекше бөлек коңілденіп кеткен. Ыңылдап ән айтып, әкелген ішімдіктерін арнайы бір шағын кораптың ішіне салды да, өзі көліктің басқару пультіне отырып, Сәулеге қарап:

    • Ал, енді қалай қарай жүреміз? — деп қойды.

    • Ешқайда. Түс мезгілі болайын деп қалды. Мені алған жеріңізге апарып салыңыз.

    • Ол қай жақ еді?! - деп кейін қарай созыла керіліп қойды Болатбек.

    • Сіз әзілді қойыңыз. Мен түскі тамақ дайындайтын авто­мат асханаға тапсырыс беруім керек!

    • Кімге?

    • Оны өзіңіз де жақсы білесіз!

    • Е, Айдынбек пен Раушанға ма?

    • Иә.

    • Сонда олар автомат асханаға өздері тапсырыс бере ал­май ма? Тамақты сол автомат жүйелер жасамай ма?

    • Жасайды. Бірақ уақыт керек емес пе?

    • Солай деңіз, қарындасым. Жоқ, олар бүгін түскі асын да, кешкі асын да өздері ішеді. Ал біз, мына жаққа барамыз.

    Болатбек Сәулеге бір қарап алып, панельдегі бір түймені жай ғана нұқып қалды. Сол сәтте кішкене от жарқ ете түсті. Сәулеге жалт қарағанда, оның реңінің бозара бастағанын көрді. Бірақ әлі де болса ештеме ойламай, оның қолынан үстап еді, жоғары жиілікті ток соққандай бүкіл денесі дыз етіп, жүрек соғысы сирегендей болды. Болатбек ештемені түсінбеді. Есін жиған бетте Сәулеге қарады да:

    • Сізге не болды? Маған ренжіп қалдыңыз ба? Мен жай қалжындадым ғой, - деді.

    • Жоқ, сіз қалжындаған жоқсыз!

    • Жай қалжын бұл, Сәуле! Жаман ештеме де ойламаңыз. Қазір өзіңізді көлігіме мінгізіп, алған жеріме апарып саламын. Тек ренжімеңізші.

    • Жарайды, ренжімеймін. Тек пәтеріме жеткізіп салсаңыз болғаны. Мені күтіп қалады. Мен сыртқа оларға айтпай алғаш рет шығып кеткен едім.

    • Мен сізді түсіндім, - деді Болатбек.

    Өзі енді қыздан қорқайын деді. Манағы жолаушылар көлігінің орнынан тоқсыз қозғалуы себебін де енді іштей ұққандай еді. Оған ток берген де осы қыз. Болатбек осындай тұжырым жасады. «Бәрі де құпияланған екен», - деді содан соң ішінен. Сөйтті де сұқ саусағын пульттегі көлікті оталдыратын түймені басуға жақындата берді. Сәуле жігіттің көлікті жүргізуге әлі де ықыласты емес екенін сезіп, өзінің сұқ саусағын сәл ғана көтерді. Соның артынша Болатбектің саусағы түймеге жетпей-ақ көліктің қозғалтқышы зыр деп оталып, жаймен жүре берді. Болатбек күтпеген бұл құбылыстан селк ете қалса да, артынша онысын қызға білдірмеуге тырысты. Сәулеге таңырқай бір қарап алды. Ол сәл ғана бас изеді. Әңгіме түсінікті еді. Көлік жылдамдық ала бастады. Жігіт тек алдына қарап отыр. Ішкі дүниесі аласапыран. Бар жоспары быт – шыт болды. Өмірінде қыз баладан ұтылып көргені де осы. Оның үстіне енді өз көлігіне өзінің иелігі жетпей қалғандай. Сәлден соң жігіт ішінен. « Бұл қыздың «су әлемінен келдім» дегені рас екен ғой деп те күрсініп алды. Мұның бір құдіретінің бар екені де рас екен. Бұл қызбен байланысып та береке таппапсын, жаңағы ток бойымнан әлі кетер емес. Егер ондай ток екінші рет әсер етсе, онда біткенім». Сөйтіп қызға қадала бірқарап алды. Қыз бұрылып қарайтын да емес. Екі көзі алда. Реңі әлгідегіден шырайлана бастаған. Қуанғаны болар ішінен. Ашуы да басылған. Осыны көрген кезде талай қыздармен әзілдесіп – қалжыңдасып үйреніп қалған Болатбек үнсіз қала алмады. Сәлден соң ол қызға бұрылып:

    • Үй жұмысынан қолыңыз босаған сәттерде немен айналысысыз, Сәуле?

    • Үй жұмысымен.

    • Онан басқа?

    • Онан басқа да жұмыстарым көп қой үйде, ағасы!

    • Ал суда жүзуді жақсы көресіз бе?

    • Әрине, су әлемі менің екінші өмірім ғөй.

    • Мен суда жүзгенді қатты ұнатамын, - деді жігіт.

    Одан кейін көлік ішін тағы да үнсіздік басты. Сәуле қала көркін тамашалап отыр. Көліктің кең де теп

    тегіс жолмен зымырап жүргені де бір жақсы әсер береді. Сөйтіп отырып, қыз өзі осы көлікке мінген жерге келіп қалғанын да аңғармады. Енді бір кезде Сәуле өзі ішінен шыққан үлкен үй мен пәтеріне енетін кіреберс дәлізді де таныды. Көңілі көтеріліп, Болатбекке бұрылып сәл жымиды да:



    • Мен келдім. Маған ренжімеңіз. Қаланы аралатып көрсеткеніңізге көп рахмет. Талай нәрсені түсіндім.

    • Жоқ, - деді жігіт, - қайта сіз маған ренжімеңіз. Қолы бос адамдар осындай болады кейде.

    • Ештемесі жоқ, - деді қыз көліктен түсуге дайыңдала беріп, - әрі қарай жаяу барамын. Үй иелері келіп те қалды ма екен. Сау болып тұрыңыз, аға!

    • Аман болыңыз, - деді Болатбек қызға әлі де таңырқай қадала қараған күйі.

    Сәуле жеңіл көліктен ширақ түсіп, асфальт тротуардың бойымен жылдам басып жөнелді.
    Сәуле шашқан қыз

    Ойламаған жерден үйден шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған қызды ешкімге білдірмей шарқ ұрып іздеп, пәтерге жақын маңнан кездестіріп, бөлмеге келгеннен кейін көңілі орныққан Айдынбек Раушан екеуінің жатын бөлмесіндегі жұмсақ төсектің үстіне етбеттей құлап ұйықтап та кеткен еді. Кештің қалай бо­лып, Раушанның өзінің киімдерін қалай шешіндіріп, өз орнына қалай жатқызғанын да еміс-еміс біледі. Сол жатқаннан мол жатып, тек түннің бір мезгілінде ғана біреу түрткендей ұйқыдан селт оянып кеткен. Қараса, өз төсегінде. Жанында Раушан. Ол қатты ұйқыда. Айдынбектің бұл қозғалысын сезер емес. Тым-тырыс, тып-тыныш жатыр. Айдынбек ұйқы сәтінде әп- әдемі, сұп-сұлу болып көрінетін әйелінің бұл көркіне біршама қарап отырды. Өзінін қай кезде жатқанын есіне түсіре алмады. Өз төсегінде адамша жатып ұйықтағанын әйелінін арқасы екенін түсінді. Енді Раушанның өзі де шаршаған. Онын шаршау жүзі қыз жатқан көрші бөлмедегі түн шамынан тараған мардымсыз жарықтан айна арқылы сәл ғана байқалады. Ай­дынбек әйелінің сұлу жүзіне қызыға түскендей сәл ғана еңкейіп, оның мандайынан иіскеді. Раушан оны да сезген жоқ. Содан соң Айдынбек жұбайының сәл де болса сарғыштанған шашынан сипады. Раушан оны да сезбеді. Қатты шаршағаны, терен ұйқыға кеткені көрініп түр. Содан Айдынбек тамағынын құрғағаның сезген. Сәуленің үйде жоқ екенін Раушаннан естігеннен бастап күні бойы аласұрып, іздеп, тыным таппаған. Енді сол шаршағанының білінгені сондай, бүкіл денесі дел-сал болып ауыр тартып тұр. Егер әлдене бір түстен шошып оянып кетпегенде, кім біледі, әлі де тамсанып-тамсанып қойып жата берер ме еді'. Түсінде үлкен бір аю өзін тұра қуа жөнелген. Бұл зымырап қаша берді, каша берді. Бір кезде сол аяғынан сүрініп кетіп етбеттей құламасы бар ма? Арбандаған аю алдыңғы екі аяғын сермей-сермей мұны қуып жетіп, үстіне гүрс кұлаған мезетте, өзі оның астынан сытылып шығып кетуге тырысты. Сол ме­зетте өзі оянып кеткен.

    Каталог: admin -> files
    files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
    files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
    files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
    files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
    files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
    files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
    files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
    files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
    files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
    files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет