Салауатты өмір салты Орындаған: тпп 21-14 студенті Мухамеджанова Ш



Дата08.02.2022
өлшемі355,78 Kb.
#123165
Байланысты:
Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты

Орындаған:ТПП 21-14 студенті Мухамеджанова Ш.

Нұрлан Аян

Тексерген:Талгатулы А.

Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең əуелі денсаулықты сақтауға жəне нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-əрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мəліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тəуелді болады.

Денсаулық сақтау шаралары: Қимыл белсенділігі, Организмді шынықтыру Жұқпалы аурулардың алдын алу Зиянды әдеттерден алшақ болу Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау Экологияның денсаулыққа әсері

Қимыл белсенділігі Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.

Дұрыс толыққанды тамақтану. Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.

Жұқпалы аурулардың алдын алу Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау. Зиянды әдеттерден алшақ болу Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді. Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу - бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет