Сақтау шартының теориялық негізі


КІРІСПЕ Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет2/10
Дата22.12.2021
өлшемі56,01 Kb.
#127768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сақтау шартының түсінігі, элементтері
Документ
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.

Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.

Уақыттың өтуіне сәйкес шартқа қатысушылардың құрамы өсе түсті. Жеке тұлғалармен қатар бұл рөлге ұжымдық сипаттағы үйымдар, яғни заңды тұлғалар да шартқа қатысушылар болып табылды.

Кез-келген азаматтық құқық субъектісінің коммерциялық жоспарын жарыққа шығару, ол жеке кәсіпкер немесе өнеркәсіп болмасын, мәмілелер мен шарттар жасаудан тысқары қала алмайды .

Сонымен қатар, заңды, сауатты жасалған сақтау шарты – бұл субъектілердің алдарындағы мақсаттары мен тапсырмаларының сәтті орындалуының және олардың құқықтары мен мүдделерінің жақсы, сапалы қорғалуының кепілі.

Ал, алдын-ала болжаусыз жасалған шарттың нәтижесінде азаматтық айналымға қатысушылар арасында даулар туады. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: шарты орындау кезінде туатын даулар, шарт талаптарын бұзғандығы үшін айыппұл өндіру т.б.

Курстық жұмыс екі тараудан тұрады.

Бірінші тарауда – сақтау шартының жалпы жағдайлары, соның ішінде: сақтау шартының түсінігі, пайда болып, дамуы, шарттың мазмұны, елеулі жағдайлары, шарт жасасу тәртібі, сақтау шартының жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар, шартты өзгерту және бұзу тәртібі сипатталады. Жұмыстың екінші тарауында- сақтау шартының жекелеген түрлерінің құқықтық реттелуі сипатталады. Соның ішінде, кәсіпкерлік саласында жаңадан қолданысқа түскен тауар қоймасында сақтау, даулы заттарды сақтау шарттарына жекелей тоқталып, аталған шарт түрлеріне мысалдар келтіріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет