Сақтау шартының теориялық негізі


САҚТАУ ШАРТЫН ЖАСАСУ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет7/10
Дата22.12.2021
өлшемі56,01 Kb.
#127768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сақтау шартының түсінігі, элементтері
Документ
2 САҚТАУ ШАРТЫН ЖАСАСУ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Сақтау шартын жасасу тәртібі және оны бұзу
Затты сақтаудың сақтау шартында көзделген жағдайларын өзгерту қажет болған кезде сақтаушы бұл туралы жүк берушiге дереу хабарлауға және оның жауабын күтуге мiндеттi. Заттың жоғалу және бүлiну қаупi туған жағдайда сақтаушы жүк берушiнiң жауабын күтпестен, сақтаудың шартта көзделген әдiсi мен орнын өзгертуге мiндеттi. Егер зат сақталу кезiнде бүлiнуге ұшыраса немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн және жүк беруші тарапынан шаралар қолдануды күтуге болмайтын басқа жағдайлар туындағанда, сақтаушы сақтау және сату бойынша өз шығындарын өтей отырып, затты немесе оның бiр бөлiгiн сатуға құқылы.Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмеген болса, сақтаушының жүк берушiнiң келiсiмiнсiз, егер бұл орайда жүк берушiнiң мүдделерiндегi қажеттiлiк тумаса және сақтаушы оның келiсуiн алу мүмкiндiгiнен айырылса, затты үшiншi тұлғаға беруге құқығы жоқ. Заттың үшiншi тұлғаға берiлгендiгi туралы сақтаушы дереу жүк берушiге хабарлауға мiндеттi. Сақтаушы затты сақтауға берген үшiншi тұлғаның iс-әрекетi үшiн жауап бередi. Сақтаушы сақтауға алған заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi. Егер ол заттың жоғалуы, кем шыққаны немесе бүлiнуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдесе, жауаптылықтан босатылады. Сақтауды өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне орай жүзеге асыратын тұлға, тек заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлiнуi дүлей күштiң салдарынан не заттың өзiне тән ерекшелiгiнен, не жүк берушiнiң қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан болған жағдайларда ғана заттың сақталмағаны үшiн жауаптылықтан босатылады. Егер шартта көзделген сақтау мерзiмi немесе Азаматтық Кодекстiң 773-бабында белгiленген тәртiппен сақтаушы көрсеткен мерзiм өткен соң жүк берушi затты қайтарып алмаған болса, оның тарапынан қасақана пиғыл немесе өрескел абайсыздық болғанда ғана сақтаушы бұл заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.

Заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен жүк берушiге келтiрiлген шығындарды, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық Кодекстiң 350-бабына сәйкес сақтаушы өтейдi. Егер шартта немесе сақтаушы берген өзге де жазбаша құжатта көрсетiлгендей сақтауға өткiзу кезiнде затқа баға беру жүргiзiлген болса, сақтаушының жауаптылығы баға сомасының негiзiнде айқындалады. Тегiн сақтау кезiнде жүк берушiге заттың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен келтiрiлген залалдар:

1) затты жоғалтқаны және оның кем шыққаны үшiн - жоғалған немесе кем шыққан заттың құны мөлшерiнде;

2) заттың бүлiнгенi үшiн - оның құны төмендеген соманың мөлшерiнде өтеледi.

Егер сақтаушы жауап беретін заттың бүлінуі салдарынан, зат сапасының соншалықты өзгергендiгiнен оны бастапқы мақсат бойынша пайдалану мүмкін болмайтын жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жүк берушi одан бас тартуға және сақтаушыдан бұл заттың құнын өтеуді, сондай-ақ басқа да залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Жүк берушi Азаматтық Кодекстiң 773-бабында көзделген мерзiм аяқталғаннан кейiн сақтауға берiлген затты қайтарып алуға мiндеттi. Жүк берушi өз затын алудан жалтарған жағдайда сақтаушы кемiнде бiр ай бұрын ескерткеннен кейiн, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде көзделген тәртiппен затты сатуды талап етуге құқылы. Затты сатудан түскен сомалар сақтаушыға тиесiлi сома шегерiлiп тастап жүк берушiге берiледi. Егер сақтаушы заттың сақтауға қабылдағанда бұл ерекшелiктер туралы бiлмесе және бiлуi тиiс болмаса, жүк берушi сақтаушыға заттың өз ерекшелiктерiнен туындаған залалдардың орнын толтыруға мiндеттi. Егер Азаматтық Кодекстiң 784-802-баптарында көзделген сақтаудың жекелеген түрлерi туралы ережелерде және (немесе) басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, сақтау туралы жалпы ережелер оның жекелеген түрлерiне қолданылады[10]. Сақтау шартын өзгерту дегеніміз - оның мазмұнын құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің өзгеруі. Сақтау шартын бұзу дегеніміз толықтай немесе ішінара орындалмаған шартты Азаматтық Кодекстің 367-377 баптарында көзделмеген (міндеттемелердің тоқтауы)негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату. Азаматтық Кодекстің 401 -бабында шартты өзгертудің және бұзудын, үш нұсқасы көзделген: тараптардың келісуі бойынша; соттың шешімі бойынша; шартты толықтай немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартудың нәтижесінде. Тараптардың келісуі сақтау шартын өзгертудің және бұзудың шарт бостандығы принципінен туындайтын қалыпты және ең қолайлы тәсілі болып табылады. Сақтау шартынөзгертудің және бұзудың барлық қалған тәсілдері (сот тәртібінде, орындаудан біржақты бас тарту) Азаматтық Кодексте, басқа заң актілерінде және шартта көзделген жагдайларда ғана қолданылуы мүмкін. Сот шешімі бойынша сақтау шартын бұзу тараптардың біреуінің талабы бойынша жүргізіледі. Азаматтық Кодекстің 401 -бабының 2-тармағында шартты бұзудың екі негізі келтірілген. Оның біреуі- шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы, яғни шарттың бұзылуынан екінші тараптың шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғандығынан едәуір дәрежеде айырылып қалатындай шығынға ұшырауы[12].

Сақтау шартын орындаудан бір жақты бас тартуға, егер ол Азаматтық Кодексте, заң актілерінде немесе шартта тікелей көзделгенде ғана, жол беріледі. Бұл ережеде 273 -баптың заңнамада немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермейтіндігі туралы нормаларында негізделген.

Сақтау шартын орындаудан бір жақты бас тарту шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне әкеп соғатын зандық факты болып табылады. Бұл ретте сақтау шартын бұзу немесе өзгерту үшін сотқа жүгінудің қажеті жоқ. Бірақ екінші тарап, егер мұндай бас тарту негізсіз деп тапса, сот арқылы дауласуға құқылы.

Тараптардың жауапкершілігінің жекелеген сәттерін белгілі бір мэселелераясындажоғарыда қарастырып өткенбіз. Біз мүндай жолды әдіснамалықтүрғыдан дүрысы-рақдеп есептейміз, өйткені соның аркасында тараптардың міндеттері мен олардың қүқықтық жағдайының басқа да ерекшеліктері жақсы синатта-лады (нақтыланады).

Даулы жағдайларды шешу жэне кінәлі түлғалардыжауапқатарту үшін азаматтық қүқықтағы жауапкершіліктуралы жалпы ережелерді кеңінен қолданған жөн екенін атап өткен дүрыс. Сақтау стандарпы шарітың ин-ститут, ал жауапкершілік бойынша талап етілмелі ерекшелік оны реттейтін нормаларда ескерілген.

Сақтау шартында кәсіпкерлермен катар кәсіпкер еместер де жиі көрінеді. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, сақтаушының жауапкер-шілігі, борышкордың жауапкершілігі сияқты. Оның кінәлі іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделеді. Сақтауіпы сақгауғаалынған затгың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені үшін егер ол заттың жогалуы, кем шық-каны немесебүлінуін өзінің кінэсіиеи болмағанын дэлелдемесе, жауап береді. Сақтаушы шартбойыншабасқаміндеттемелерді орындамағаны, тиісті түрде орындалмағаны үшін де, егер соның саддарынан жүк берушіге зиян (залалдар) келтірілсе немесе айып толеу түріндегі жауапкершілік санкциялары көзделсе, кінэлі жауапкершілікке тартылады.

Сақтауды өзінің кәсіпкерлік қызметіне орай жүзеге асыратын тұлға, тек заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлінуі дүлей күштің салдарынан не заттың өзіне тән ерекшелігінен, не жүк берушінің қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан болған жағдайларда ғана заттың сақталмағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Кәсіптенген сақтаушыға заттың кез келген кездейсоқ жоғалуы, кем шығуы немесе бүлінуі үшін кінәлі жауапкершілік немесе керісінше, жаушікершілік жүктелетіндігі (сақтау шартымен) көзделуі мүмкін. Бұған әрине, олардың заттың өзіне тән қасиеттері не жүк берушінің қасақана пиғылы немесе дөрекі абайсыздығыі салдарынан болатын жағдайлар кірмейді.

Егер мерзімді сақтау шартында көзделген сақтау мерзімі немесе мерзімсіз сақтау шарты бойынша затты қайтып алу үшін сақтаушымен көзделген қисынды мезгіл өткен соң жүк беруші затты қайтарып алмаған болса, сақтаушы өз тарапынан қасақана пиғыл немесе өрескел абайсыздық болғанда ғана бұл заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені үшін жауап береді.

Жалпы ереже бойынша жүк берушіге заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлінуінен келтірілген залалдар сақтаушымен ҚР АК 350-бабына сәйкес өтеледі. Яғни, ҚР АК 9-бабының 4-тармағына сәйкес анықталатын зиянды толық көлемде өтеу туралы сөз болып отыр. Табыс алу үшін жүкберушімен қолданылған шаралар және осы үшін онымен жасалған дайындықтар ескерілетін болады.

Кез келген жағдайда жоғалған, кем шыққан, бүлінген мүліктің іс жүзіндегі шығынының құны өтелетін болады. Егер сақтауға өткізу кезінде шартта немесе өзге жазбаша құжатта көрсетілгендей заттың бағалануы жүзеге асырылған болса, сақтаушының жауапкершілігі бағалау сомасына сүйене отырып анықталатын болады. Ол барлық жағдайларда даулана алады.

Ақысыз сақтау кезінде сақтаушының міндеттемелерді бұзғаны үшін мөлшері ісжүзіндегі зиянмен шектелген жауапкершілік туындайтын болады.

Ақысыз сақтау кезінде жүк берушіге заттың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлінуінен келтірілген залалдар:

затты жоғалтқаны немесе оның кем шыққаны үшін - жоғалған немесе кем шыққан заттың құны мөлшерінде;

заттың бүлінгені үшін - оның құны төмендеген соманың мөлше-рінде өтеледі.

Егер сақтаушы жауап беретін заттың бүлінуі салдарынан, зат сапасын соншалықты өзгергендігінен оны бастапқы мақсат бойынша пайдалану мүмкін болмайтын жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жүк беруші одан бас тартуға және сақтаушыдан бұл заттың құнын өтеуді, сондай ақ басқа да залалдардың орнып толтыруды талап етуге құқылы.

Егер сақтаушы затты сақтауға қабылдағанда бұл ерекшеліктер туралы білмесе және білуге тиіс болмаса, жүк беруші сақтаушыға заттың өз ерекшеліктерінен туындаған залалдардың орнын толтыруға міндет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет