Сақтау шартының теориялық негізі


Сақтау шартының мазмұны және түрлері



бет6/10
Дата22.12.2021
өлшемі56,01 Kb.
#127768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сақтау шартының түсінігі, элементтері
Документ
1.2 Сақтау шартының мазмұны және түрлері
Заңдық факт деп саналатын сақтау шартының мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы құрайды. Сақтау шартының ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.

Сақтау шартының ережелерін анықтаудың жалпы қағидасы шарт еркіндігінен туындайды.

Азаматтық Кодекстің 382 - бабының 1-тармағында императивтік және диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.

Тиісті ереженің мазмұны заңда тікелей міндеттелген болса (императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар олнормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған қарамастан, оны олар заңда көрсетілген қалпында орындауға міндетті.

Егер сақтау шарты ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса, тараптар оны қолданбауға немесе оларды өзгеше белгілеуге құқылы.

Мысалы, Азаматтық Кодекстің 285-бабына сәйкес екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі. Сондықтан, тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра алады.

Егер тараптар сақтау шартында осы ережеге қатысты ешнәрсе қарастырмаған болса, онда заңмен белгіленген норма қолданылады[9].

Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар. Ол сақтау шартының еркіндігіне сүйене отырып, тараптардың оның барлық ерекшеліктерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тараптар сақтау шартына кез-келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай), онда диспозитивтік нормалар қолданылады.

Қандай да бір ережені сақтау шартының тараптарының өздері де, диспозитивтік нормалар да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Ондай, іскерлік айналым дағдысы бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа алынады.

Дегенмен, мүндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әрқашан да дау туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.

Сақтау шартының жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Сақтау шартының жарамды болу жағдайларына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдіруінің сәйкестігі, нысанын сақтау. Сақтау шарты шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс; яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған сақтау шарты жарамсыз болып табылады.

Сақтау шарты ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан сақтау шартын жасауға қабілетті деп саналады.

Сақтау шартының жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір бірімен сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік шартты жарамсыз етіп көрсетеді. Шарт оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады, сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен, оған шартты нотариалдық куәландыру мен тіркеуді айтуға болады. Сонымен, шарттың жарамдылығын қамтамасыз ету үшін оның еріктілігіне, субъектісіне, объектісіие нысанына қойылатын талаптар сақталуы тиіс.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. Азаматтық Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылданған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

Сақтау шартының еркіндігі туралы норма азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережеге негізделген. Сақтау шартының еркіндігі Азаматтық Кодексте бекімін тапқан кәсіпкерлік кызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігі құқығымен үйлестікте болады[10].

Сақтау шартының еркіндігі принципі тараптардың зандарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады. Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада көзделген сақтау шартының түрлеріне арналған.

Сақтау шартының еркіндігі азаматтық құқықтың аса маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Бұл кез келген адам өз қалауы бойынша және сырттан мәжбүрлеусіз мыналарды атқаруға құқылы екенін білдіреді:

сақтау шартын жасасуға немесе жасаспауға;

өзі сақтау шартын жасасуды қалайтын серіктесін тандауға;

сақтау шартының түрін тандауға:

сақтау шартының жағдайларын анықтауға.

Бұл арада шарттас серіктестің де осындай құқықтары болатынын ескеру керек. Сондықтан ерікті түрде және өзара қабылданған келісім ғана шынайы азаматтық – құқыктық сақтау шарты ретінде танылуы мүмкін. Сақтау шартын жасаса отырып, оған қатысушылар өздеріне қабыл алған шектеулерді шарттың еркіндігі принципімен шатастыруға болмайды. Өзіне - өзі қоятын мұндай шектеулер міндетті болып шығады және олардан біржақты бас тартуға болмайды. Шарттар орындалуға тиісті.

Сақтау шартының объектілері болып азаматтық айналымда еркін жүретін, егер арнайы мемлекеттік органның рұқсаты бар болса айналымы шектелген объектілер бола алады.

Сақтау шартының объектілерінің негізгілерінің бірі - мүлік.

Материалдық заттарда мүліктің немесе мүліктік игіліктің қасиеті -бұл оларға табиғаттан емес, қоғамдық қатынастардан берілген қоғамдық, заңдық қасиет. Құқықытық субъектінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын және азаматтық құқықты реттейтін қатынастар саласына тартылатын материалдық заттар мен өзге де құндылықтарды ғана мүлік деп түсіну керек. Табиғат ресурстары болып табылатын табиғат объектілері ғана, яғни адам әрекетінің объектілері болатындықтан , зандарда меншік объектілері ретінде танылатын себепті мүліктік игіліктерге жатады.

Шарттың объектілеріне қатысты мүліктің мынандай түрлерін атап көрсетуге болады:

Заттар.

Ақша және бағалы қағаздар.

Мүліктік кұқықтар.

Айналымда еркін жүретін объектілер. Оны иеліктен шығару, белгіленген тәртіппен бір субъектіден екінші субъектіге тұрақты немесе уакытша пайдалануға ауысуы деп түсіндіріледі. Мүліктік объектілердің айналымы - бұл нарықтық экономиканың қажетті жағы ретіндегі тауарлардың экономикалық айналымының заңдылық нысаны.

Иеліктен еркін шығарылатын немесе әмбебап құқық мирасқорлық тәртібімен бір адамнан екінші адамға ауыса алатын мүліктер- азаматтық айналымда еркін жүретін объектілер деп аталады[10].

Азаматтық айналымы шектелген объектілер, біріншіден, айналымның белгілі бір мүшелеріне ғана тиесілі болады және екіншіден, оларды сатып алуға және иеліктен шығаруға құзыретті мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) ғана жол жол беріледі. Оларға мыналар жатады: қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құрамында радиоактивті заттар кездесетін өнімдер, аңшылық және спорттык ату қарулары тағы да басқалар.

Сонымен қорыта келгенде, азаматтық - құқықтық сақтау шарты неге байланысты пайда болып жасалса, сол Сақтау шартының объектісі болып табылады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, сақтау шарты жеке тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандырушы бола алады. Бұл азаматтың ұзақ іссапарға кетуіне байланысты өз туысқанын (танысын) затты сақтауға қабылдауға өтінетін жағдайларда орын алады. Бұл сақтауға үй-жануарларын өсімдіктерді жәнет.б. беруге қатысты болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сол бір азаматтар қандай да бір объективті не субъективті себептер бойынша ломбард мекемелеріне (теле- радио жабдықтарын сақтау үшін) арнайы құрылған фирмаларға, асыл тастар мен металлдардан жасалған бұйымдарды, құжаттарды сақтау үшін банктерге жүгінетін болады.Сақтау жоғарыда аталғандай кәсіпкерлік айналым қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін сақтау шешуші маңызға ие. Егер тиісті түрде жабдықталған қоймалар пайдаланылмайтын болса, онда ауыл шаруашылық өнімін өндірудің өзі еш мағынаға ие болмайды, өйткені өнім бүлініп кетеді[11].

Сақтау шартының колданылу аяларын косымша сипаттау оның субъектілік қатарын айқындау мақсатында беріліп отыр.

Аса көп жағдайларда сақтаушылар ретінде де жүк берушілер ретінде де азаматтар шыға алады (тұрмыстық сақтау). Кейде шартты азаматтармен жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретіндегі ұйымдастырушылық құқықтық нысандағы кәсіпкерлер, ломбардтар, банктер бекітеді. Бұл сақтау шартының тұтынушылық сипатын қамтамасыз етеді. Заңмен көзделген жағдайларда, кәсіби сақтаушылар жекелеген заттарды сақтауға лицензия алуға тиіс,

Коммерциялық болып табылмайтын заңды түлғалар (мекемелер) сақтау қатынастарына тек сыртқы киімді, сөмкелерді, қол шатырларды, бас киімдерді және т.б. орналастыру үшін ғана түседі. Кейбір жағдайларда олар сақтауды (міндеттемені, сақтау шарты емес) іс жүргізушілік заңнама өзге де заңнама (мәселен табылған заттар орны (стол находок) нормаларының әрекет етуіне байланысты немесе өзінің арнайы құқық кабілеттілігін жүзеге асыру аясында жүзеге асырады. Коммерциял ық емес заңды тұлғалар өздерінің уақытша бос тұрған үй-жайларын сақтау қызметтеріне мұқтаж субъектілермен сақтау жасасудың белгіленген режимін сақтауға міндетті.

Сондай-ақ сақтау шартының екі жағынан да жеке кәсіпкерлікті де заңды тұлға түріндегі ұйымдастырушылық кәсіпкерлікті де жүзеге асыратын кәсіпкерлер шыға алады.

Сақтау шартының сол бір немесе өзге түрлеріндегі нақты субъектілік құрамды кейінірек қарастырамыз.

Сақтау шартының субъектісі болып кез келген азаматтық -құқық субъектілері қатысады. Атап айтқанда:

1.Заңды тұлғалар - шартқа олардың әрекет және құқық қабілеттіліктері бар болса ғана қатысады.

Занды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан заңды тұлға міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.

Әділет органдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге занды тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын иеленуінің ресми дәлелі болады. Тіркеуден өтпеген заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкілдігінің қызмет жүргізуіне, соның ішінде шарт жасауға қатысуына тыйым салынады.

Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік саласындағы құқықтық қабілеттілігі белгілі бір қызмет түрін лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асырудың міндетті шарты -лицензия, яғни құзыретті мемлекеттік органның арнайы рұқсатын алу- лицензиялауды қажет ететін әрекеттерді лицензиясыз жасау құқық бұзушылық болып табылады. Лицензия берілген мерзім аяқталса, лицензия мерзімінен бұрын қайтарып алынса, тұлғалардың қызметі доғарылса немесе жарамсыз деп танылса, мұндай занды тұлғалар азаматтық- құқықтық шарттың субъектісі бола алмайды.

«Жеке тұлға» жалпы ұғымы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 12 - бабында тұжырымдалған. Бұл бап жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын (шетелдіктерді) сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді.

Азаматтың азаматтық кұқықтар мен міндеттерді атқару қабілеті оның құқық қабілеттілігі болады. Азаматтың өз іс-әрекетімен азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түзіп, оларды орындау қабілеті оның әрекет қабілеттілігі болады[10].

Кәмелетке толған есі дұрыс адам сақтау шартына өзі қатысып, өздерінің іс-әрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.14 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады.

Сондықтан егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары сақтау шартына қатысады. Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін де солар жауап береді. Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жагынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот шектесе, оның атынан шартқа әрекет қабілеттілігі шектелген адамның қорғаншысы қатысады.

Субъектілік қатардың айырмашылығына, күтіп-ұстаудың және нормативтік бекітудің кейбір ерекшеліктеріне байланысты мынадай шарттар бөлінеді: 1) заттарды ломбардта сақтау; 2) құндылықтарды банкте сақтау; 3) көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау; 4) ұйымдардың гардеробтарында сақтау; 5) қонақ үйде сақтау; 6) даулы заттарды сақтау-секвестр.

Кәсіпкерлік қатынастарды реттеудің арнайы мақсатына және одан туындайтын Тараптардың нысаны, құқықтары мен міндеттерінің маңызды айырмашылықтарына байланысты бөлек бөлінген сақтау шартының тағы бір түрі-бұл қоймада сақтау шарты.

Сақтау шарты туралы нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде 39-тарауда (768-802-баптар) қамтылған. Бұдан басқа, сақтау қатынастарына қатысты нормалар өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік актілерде қамтылған. Оларға 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы" Заңы. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Заң күші бар жарлығы, "есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы және басқа да жекелеген заңдар. Заңға тәуелді нормативтік актілердің қатарына ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 1995 жылғы 16 қарашада бекіткен ломбардтар туралы ереже жатады. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 35 бұйрығымен бекітілген тыйым салынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулық, Қазақстан Республикасы Кабинеті жанындағы Кеден комитетінің 1995 жылғы 6 қарашадағы№ 125 бұйрығымен бекітілген кеден қоймалары туралы Ереже, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 ақпандағы № 273 "элеваторларда астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері" Қаулысы. Бұл сондай-ақ сақтау мәселелері бойынша нормативтік актілердің толық емес тізімі

Затты ломбардта сақтау шарты ломбардтың атаулы сақтау түбiртегiн беруiмен ресiмделедi. Ломбардқа сақтауға өткізілетін зат тараптардың келісуі бойынша, осы тектес және сапасы сондай затқа, оны сақтауға қабылдау кезі мен жеріндегі саудада әдетте белгіленетін бағаларға сәйкес бағалануға тиiс. Ломбард сақтауға қабылдаған затты оның осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген толық бағасының сомасына қарай жүк берушiнiң пайдасына сақтандыруға мiндеттi[13].

Жүк берушi затты қайтарып алудан жалтарған жағдайда ломбард оны үш ай бойына сақтауға мiндеттi. Бұл мерзiм өткен соң ломбард талап етiлмеген затты Азаматтық Кодекстiң 781-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен сатуы мүмкiн. Затты сатудан түскен сомадан сақтағаны үшiн ақы және ломбардқа тиесiлi өзге де төлемдер өтеледi. Қалған соманы ломбард сақтау түбiртегінiң иесiне оны көрсетуі бойынша қайтарады.

Заттарды ломбардта сақтау шарты сондай-ақ қосылу шарты да болып табылады. Әрбір ломбард ҚР АК мен ломбардтар туралы ереженің негізінде заттарды сақтаудың ішкі ережелерін шығарады, олар заңнаманың императивтік нормаларына қайшы келмеуге тиіс. Сақтауға бекітілген косылу шартының жағдайлары негізінен осындай ережелермен реттеледі. Біздің білуімізше, қосылу шартының негізгі белгілерінің бірі -бұл оның барлық тұтынушылар үшін бір ізге түсірілген мазмұны.

Заннама нормаларыньң мазмұнына сәйкес ломбардта сақтау шартының нысаны ауызша болып табылады. Алайда, шарттың бекітілуін куәландыратын арнайы жазбаша нысан атаулы сақтау түбіртегі көзделген.

Егер ломбардтың кінәсі бойынша осындай түбіртек берілмеген болса немесе ол жоғалтылса, шартты бекіту фактісі басқа дәлелдемелердің көмегімен анықталуға тиіс[14].

Ломбард затты сақтауға қабылдай отырып оған баға беруді жүргізеді. Бағалау сомасы оны сақтауға қабылдау сәті мен орнында сауда да белгіленетін бағаларға сүйене отырып тараптардың келісімінен анықталады. Яғни, олардың барлық параметрлерін, соның ішінде оларға деген сұраныс олардың тозу дәрежесі және т.б. ескеретін, заттардың іс жүзіндегі нарықтық бағалары туралы сөз болып отыр.

Ломбард жүк берушінің пайдасына сақтауға қабылданған заттарды сақтандыруға міндетті (олардың жоғалу кем шығу немесе бүліну қауіпін). Сақтандыру кезіндегі сақтандыру сомасы сақтандыру шартын бекіту үшін есептеліп, заттың толық бағалау құнына сүйене отырып анықталады. Сақтандырушыға заттың толық бағалау құнына сүйене отырып анықталады. Сақтандырушыға төленетін сақтандыру премиялар оның мөлшері жүк беруші ломбардтқа төлеуге міндетті болатын сыйақы мөлшеріне тиісінше әсер ететін болады.

Кәдімгі сақтау шартына қарағанда, ломбардта сақтау шарты бойынша сақтауға өткізілген затты қайтып алудан жалтарып жүрген жүк берушіге ықпал етудің өзге тәртібі көзделген. Жүк беруші затты қайтарып алудан жалтарған жағдайда ломбард оны үш ай бойына сактауға міндетті. Осы мерзім ішінде жүк беруші сақтау үшін төлем жасауды жалғастыруға міндетті.

Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау, ең алдымен. олардағы белгіленген тәртіпте сақтау қажеттілігімен тікелей байланысты болатындығын ескере отырып, осы сақтау жалпы ереже бойынша ақысыз сипатқа ие болады. Коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл оларға рұқсат етілген кәсіпкерлік негіз аясында немесе бір жолғы негізде мәселен, семинар конференция, съезд ие соған ұқсас басқа да іс-шаралар өткізілгенде, сақтау үшін төлем белгіленуі мүмкін. Киім ілгіште сақтаудың шығындары аталған іс шараларға катысу үшін белгіленген төлемге енгізілуі мүмкін. Мемлекеттік мекемелер, егер ақылы сақтау оларға белгіленген тәртіпте рұқсат етілген ақылы қызмет көрсету қатарына кіретін болса. сақтау үшін ақы белгілей алады.

Заңда осы шарттың жария сипаттылығына қатысты нұсқау жоқ. Ол логикаға сүйенетін болсақ, керісінше, мақсатты сипатқа ие болуға және сол бір иемесе өзге ұйымиың келіпдік етушілерінің заттарын сақтау үшін арналуға тиіс.Шарт нысаны ауызша. Сақтаушы заттың киім ілгішке сақтауға қабылданғанын растап, жүк берушіге заттың сақтауға қабылданғандығын растайтын нөмірлі жетон немесе басқада таңба береді[16].

Осындай шарт бекітілетін өзіне тән жағдайларды ескере отырып, заңнама жүк берушіге заттарды киім ілгіште сақтау шартын бекітудің атаулы растау белгісін емес, затты оны ұсынып көрсеткен кез келген тұлғамен алу құкығын куәландыратын белгіні беруді көздейді. Бұл ретте сақтаушы жетонды (басқа растайтын белгіні) ұсынып көрсетушінің затты алуға өкілеттігін гексеруге міндетті емес. Егер ұрлықшымен бөтеннің жетонын ұсынып көрсету жолымен затты ұрлау орын алса, онда заттың меншік иесі қылмыстық іс қозғау үшін (ұрлықшыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін) ұрлық туралы арыздана алады.

Бұрын әрекет еткен заңнамамен секвестр көзделмеген болатын. Нарық пен толыққанды меншік қатынастарының калыптасуымен барлық қажетті құқықтық атрибуттар да қалыптаса бастады. Олардың қатарына секвестрді де жатқызуға болады. Секвестр дауласушы тараптардан дау пәнін "бірдей аластатуға" мүмкіндік береді, яғни дауға қатысушылардың мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беред[10]і.

Секвестр туралы шарт бойынша затқа деген құқық жөнінде араларында дау туған екі немесе бірнеше адам даулы затты даудың шешілуі бойынша соттың шешімі не дауласып жүрген барлық тұлғалардың келісуі бойынша бұл зат кімге берілсе, соған кайтаруды міндетіне алатын үшінші адамға береді. Мұндай секвестр шарттық секвестр деген атауга ие, ойткеиі ол нағыз борышқорды затты беруге мәжбүрлеуге негізделмеген. Бұған қарағанда соттық секвестр бойынша зат үшінші тұлғаға, соттың басқа да актілері сияқты барлық тұлғалар үшін міндетті сипатқа ие болатын сот анықтамасының негізінде беріледі және сол себептен секвестр мәжбүрлеуші болып табылады. Секвестрді Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізушілік кодексінің 15-тарауына сәйкес борышқордың мүлкін арестке алу сияқты талап арызды қамтамасыз ету бойынша осындай шараны жүзеге асырудың нотариалды-құкықтық механизмі ретінде қарастыруға болады.

Зат сақталу үшін сотпен тағайындалған адамға да немесе дауласушы тараптардың өзара келісуі бойынша белгіленген адамға да беріле алады. Екі жағдайда да, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, осы адамдар даулы мүлікті сақтайтын сақтаушы болуға өз келісімдерін беруге міндетті. Егер сақтау шартымен немесе заң актілерімен өзгеше көзделмесе, секвестр ақылы болып табылады. Секвестр ерекшеліктерінің бірі бол ып, оның пәні ретінде жылжитын да, жылжымайтын да заттар бола алатындығында. Басқа жағдайларға қарағанда жылжымайтын мүлік іс жүзінде сақтаушының иелігіне берілетін болғандықтан секвестр үшін осыған қатысты ерекшелік беріледі. Бұған қоса мұндай шешім секвестрді қолданудың ерекшелігімен де қамтамасыз етіледі. (Яғни мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін басқа амалдың болмауымен). Секвестрге жылжымайтын заттар берілгенде, сақтау мәмілелері белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге алынуға жатады.Секвестр туралы шарт бойынша затқа деген құқық жөнiнде араларында дау туған екi немесе бiрнеше адам даулы затты даудың шешiлуi бойынша соттың шешiмi не дауласып жүрген барлық адамның келiсуi (шарттық секвестр) бойынша бұл зат кiмге берiлсе, соған қайтаруды мiндетiне алатын үшiншi адамға бередi. Даулы зат соттың шешiмi бойынша секвестр тәртiбiмен сақтауға берiлуi мүмкiн (сот секвестрi).

Сот секвестрi бойынша сақтаушы сот тағайындаған адам да, дауласушы жақтардың өзара келiсуi бойынша белгiленген адам да болуы мүмкiн. Екi жағдайда да, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сақтаушының келiсiмi талап етiледi. Секвестр тәртiбiмен сақтауға қозғалатын да, қозғалмайтын да заттар берiлуi мүмкiн.

ҚР АК - де қоймада сақтау шартының жеке анықтамасы берілмеген (ҚР АК 769 баптық 1 -т есептемегенде) Осы шарт бойын ша да сақтау шы мүліктің сақталуын камтамасыз етуге және оны жүк берушіге шарт талаптарына сәйкес беруге міндеттенеді.

Қоймада сақтау шартының негізгі ерекшеліктерінің бірі-сақтаушы болып әрқашан тауар қоймасы (олардың қатарына, сондай-ақ көкөніс сақтайтын қоймалар, элеваторлар және басқалары) табылады. Тауарлар сақтауды жүзеге асыратын және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтауға байланысты қызметтер көрсететін коммерциялық ұйымдар тауар қоймасы деп табылады. Тауар қоймасында сақтау шарты жеке анықталған заттарды иесіздендіріп сақтауды да реттеуге бағытталуы мүмкін.

Тауар қоймасында сактаудың тағы бір ерекшелігі болып орындалуы ерекше құжаттарды - қойма куәліктерін беру жолымен жүргізілетін шарттың ерекше жазбаша нысаны болып табылады.

Аталған қойма құжаттары жай куәліктеріне және қос қойма куәлік-теріне бөлінеді. Қос койма куәлігі, сондай- ақ оның әрбір бөлігі және жай қойма куәлігі бағалы қағаздар болып табылады. Заңның тікелей нұсқауына (ҚР АК-ң 798 бабы) орай жай қойма куәлігі ұсынып көрсетушіге бағалы қағаз болып табылады, ал кос қойма куәлігі, ҚР АК 799-бабының мәнісі бойынша, атаулы бағалы қағаз болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет