Сатыбалдиев Дидар Қайратұлы Тақырыбы: XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы


Кеңес билігінің Қазақстандағы аграрлық саясатының нәтижелері тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі



бет11/22
Дата31.01.2022
өлшемі110,46 Kb.
#116526
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
Дидар дип работа
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар статья 1, abuev
2.2 Кеңес билігінің Қазақстандағы аграрлық саясатының нәтижелері тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі
Қазіргі алға дамып бара жатқан XXI ғасырдағы қоғам үрдістері бүгінгі өскелең ұрпаққа қат-қабат міндеттер қойды. Солардың бірі білім саласында оқушыларға осы заманғы сай білім жүйесі, білім әдістерімен сабақ беру. Яғни бұл орта мектептерде тарих пәнінен сабақ беруде интерактивті оқыту тәсілдерін қолданудың тиімділігі болып табылады. Оқытудың ойындық формасын тарих сабақтарында қолданып оқыту оқушыларды сол өтіліп жатқан материалдарға заман кезеңіне тереңірек үңілуге, сол кез лебін сезінуге, белсенді лидерлік етуге итермелейді.

Оқытудың ойындық формасына кіретін әдістерге –рөлдік ойындар, конкурстар, жарыстар, тренингтер, интелектуалдық шолулар, брейн-ринг т.б. іс-шаралар өз кезіндегі оқушылардың осы пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз. Қолданылатын ойын атауларын тізбелесек, олар: «Тарихи шынжыр», «Саяхат», «Жас деректанушы», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Проблемалық полемика», «Тестік конкурс», «Тарихи саналық қойылымдар», т.б.

Бұл аталған әдіс-тәсілдердің мәні:

1.Әдістемелік мәні –тарих пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.

2.Тәрбиелік мәні- оқушылардың өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге үгіттейді.

3. Теориялық сипаттама –оқушылардың өзін-өзі ұстау ерекшеліктері, сөйлеу стильдерін қалыптастыруға көмектеседі.

Оқыту мен үйрету арасында айырмашылық .

Іскерлікке үйрету тренингтері

Interactive learning-стихиялық немесе арнайы ұйымдастырылған үйрету, өзара байланысқа негізделген үйрету, өзара байланысқа негізделген оқыту.

Оқыту арнайы ұйымдастырылған үрдіс.

Тәжірибемен өзара байланыс.

Оқушылардың білім ортасымен тікелей байланысы.

Оқыту шындыққа негізделген, оқушылар меңгерілетін тәжірибе саласын табады.

Оқушылардың тәжірибесі негізгі қызмет атқарады.

Дәстүрлі оқытуда мұғалім фильтер –ақпаратты өзі арқылы өткізелі.

Мұғалім белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, мұғалім міндеті-оқушы белсенділігіне жағдай жасау.

Мұғалім дайын білім бермейді, оқушыны өз бетінше ізденуіне итермелейді.

Бұрынғы тәжірибені өзгерту, құрылым жасау , белгілі логикамен құру, бұрынғы тәірибемен жұмыс жасау –интерактивті оқытуға тән белгі.Оқушыларды түрлі тәсілдермен белсенді қылуға болады, бірақ оқушылар жай ғана көрермен немесе тыңдаушы болып қала беруі мүмкін.

Физикалық белсенділік: жұмыс орынын ауыстыру, сөйлеу, жазу, тыңдау, сурет салу, т.б

Әлеуметтік белсенділік: сұрақ қою, сұраққа жауап беру, пікір алмасу, т.б

Танымдық белсенділік: мұғалім сөзін толықтыру, проблеманың шешімін табу.

Белсенділіктің 3 түрі бір-бірімен байланыста болуы шарт.

Мұғалім лектор-эксперт позициясында болса жаңа материалды түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді т.б.

Мұғалім ұйымдастырушы позициясында болса, оқушының әлеуметтік және физикалық ортамен байланысын қамтамасыз етеді (топтарға бөлу, мини презентациялар жасау т.б)

Мұғалім кеңесші позициясында болса, оқушы тәжірибесіне сүйенеді, оқушының өз бетінше мәлімет жинауына, қойылған міндеттердің шешімін іздеуге, өз бетінше міндеттер қоюға итермелейді.

Оқушының ойы –мұғалім біз білмейтін нәрсені біледі. Мұғалім барлық сұрақтың жауабын білуі міндетті ме? Мұғалімнің тәжірибесі оқушының әлі айқын емес жолынан тайдырмай ма?

Фасилитация –көмек

Мұғалім белгілі бір уақытқа білім әкелуші ролінен шығады, бұл ролге оқушының өзін қояды. Эксперт ролінен шығып, көмекші ролін атқарады.

Оқушыға білім беру емес, оқушының білім ала білуге үйрету, бағыт көрсету, әдіс-тәсілдерін үйрету, мұғалім бүкіл сұрақтың жауаптарын білуі міндетті емес, бірақ оларды талқылай білуі , жаупты қалай іздеу керек екенін білуі керек.

Мұғалім кез-келген мәселені талқылауға дайын болуы керек.

Дәстүрлі және интерактивті оқыту әдістерінің салыстырмалы кестесі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет