Саясаттану пәнінен сөздік алматы, 2022 Саясаттану



бет1/4
Дата02.10.2022
өлшемі45,5 Kb.
#151384
  1   2   3   4
Байланысты:
Саясаттану панінен глоссарий (1)-1
10.11648.j.ajap.s.2015040301.11, Assessment -Feedback-to-Promote-Student-Learning, ОӨЖ (1)


САЯСАТТАНУ ПӘНІНЕН
СӨЗДІК

Алматы, 2022


Саясаттану - саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарың оның жұмыс істеуі мен пайдалануың түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Парадигма (гректің paradeiqма - теория, үлгі деген сөзінен) - зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.
Монархия - мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі.
Республика - мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (Парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі.
Салыстырмалы әдіс – әр-түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.
Жүйелеу әдісі – саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Социологиялық әдіс – саясатты қоғам өмірінің экономикалық әлеуметтік құрылым, мәдениет және т. б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл – саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әртүрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет