Саясаттану пәнінен сөздік алматы, 2022 Саясаттану


Қоғамдық ұйымдар мен салалық бірлестіктер (қауымдастықтар)



бет3/4
Дата02.10.2022
өлшемі45,5 Kb.
#151384
1   2   3   4
Байланысты:
Саясаттану панінен глоссарий (1)-1
10.11648.j.ajap.s.2015040301.11, Assessment -Feedback-to-Promote-Student-Learning, ОӨЖ (1)
Қоғамдық ұйымдар мен салалық бірлестіктер (қауымдастықтар) - ҚР заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым қоғамдық бірлестік болып табылады. азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерінде әлеуметтік проблемаларды шешуде мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстырушы рөл атқарады және кәсіпкерлік ортада қоғамдық қатынастарды реттеу тетіктерінің бірі болып табылады.
Азаматтық қоғамның ұйымы – халықтың өз еріктерімен құрылатын кез келген қоғамдастық ұйымы.
Азаматтық қоғамның ресурстық ұйымдары – басқа азаматтық қоғам ұйымдары үшін демеушілік және басқа көмек табуға мамандандырылған азаматтық қоғам ұйымының түрі. Донорлар және азаматтық қоғам институттары туралы ақпараттар жинайды және өңдейді, тағы солардың арасында дәнекер ретінде іс-әрекет жүргізеді.
Әлеуметтік желі – адамдарды, әлеуметтік ұстанымдарды, сондай-ақ топтар мен ұйымдарды біріктіретін қатынастар жиынтығы.
Әлеуметтік сала – денсаулық сақтауды, білім беруді, мәдениетті, ғылымды кіргізетін қоғам құрылымының бөлігі.
Бенефициар - қандай да бір іс-әрекеттен пайда көретін тұлға, бірақ оны тұтынушы ұғымымен шатастыруға болмайды, өйткені көптеген әлеуметтік қызметтің бенефициары қоғам мен мемлекет болып табылады. Мысалы, бетімен кеткен немесе жетім балаларға қамқорлық жасау, оларға білім беру бір жағынан қоғамдағы қылмыстық жағдайды жақсартса, екінші жағынан мемлекет қамауда ұстауына бюджеттен шығын кететін қылмыскердің орнына салық төлеуші саналы азаматқа қол жеткізеді.
Коммерциялық емес ұйым – негізгі мақсаты ретінде табыс түсіруді көздемейтін және түскен таза табысты қатысушылар арасында бөліске салмайтын заңды тұлға.
Үкіметтік емес ұйым - қоғамдық мүдделерге, немесе ерекше жеке топтардың мүдделеріне қызмет ететін, коммерциялық емес емес, үкіметтік емес үлгідегі азаматтық қоғам ұйымының түрі.
Гендержыныстың әлеуметтік сындары, ол қоғамның әйелдер мен ерлерге бөлінуі идеологияның, әлеуметтенудің, әлеуметтік тұрмыс жемісі болып табылатынын көрсетеді.
Идеология - адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар ме нкөзқарастар жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет