Саясаттану пәнінен сөздік алматы, 2022 Саясаттану



бет4/4
Дата02.10.2022
өлшемі45,5 Kb.
#151384
1   2   3   4
Байланысты:
Саясаттану панінен глоссарий (1)-1
10.11648.j.ajap.s.2015040301.11, Assessment -Feedback-to-Promote-Student-Learning, ОӨЖ (1)
Саяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси санамен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы.
Саяси әлеуметтену - адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесі.
Конфликт - әрбір қарсы жақты қалайсыздыққа ұшыратып, істі насырга шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір талас.
Қоғамдық капитал – АҚ қалыптасуы үшін арналған қорлар, адам ресурстары, инфрақұрылымдар, ақпараттық желілер мен басқа да ресурстар жиынтығы.
Қоғамдық бірлестік – заңдарға қайшы емес, ортақ мақсаттарға жету мақсатымен азаматтардың ерікті бірлесуі нәтижесінде құрылған ұйым.
Толеранттылық - көпшілік адамдарға немесе әлеуметтік топтарға ұқсамайтын басқаларға қатысты құрмет, төзімділік көрсету. Адамның, қоғамдастықтың, мемлекеттің басқалардың пікірлеріне құлақ асулары және құрметтеулері, өз пікірлерін бөлек пікірді төзімділікпен тыңдау.
Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады.
"Партия" деген сөз латын тілінен шықкан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеалогия негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.
"Элита" термині француздың "еlite" деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы.

Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
Бет барлығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет