Саясаттану



Pdf көрінісі
бет108/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

ӘЛ
-
ФАРАБИ
(870-
950 жж.) 

шығыстық аристотельдік ілімнің көрнекті 
өкілі. Оның философиялық қызметі көпқырлы, ол ғалым
-
энциклопедист болды. 
Әл
-
Фараби саясат жөнінде терең ойлар айтқан. Оның ілімі бойынша қоғамның 
құрылымы әлемнің құрылымына сәйкес, ұқсас келеді. Ойшылдың саясатта 
әсіресе көп көңіл бөлген мәселесі адам мен биліктің арақатынасы. Әл
-
Фараби 
адамды ардақтап қадір тұтады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда 
ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деп атап көрсетті.
Әл
-
Фарабидің саяси идеаялары қайырымды және қайырымсыз қалаларды 
салыстыру арқылы беріледі. Қайырымды қалада билеушісінің және оның 
тұрғындарының болмыс және бақыт жөнінде шынайы түсініктері бар, ал 
қайырымсыз, күнәға батқан қалада ондай ұғым жоқ. 
Мұндай қалалар мұраларға қатысы жағынан да өзгеше. Бақытсыз және 
опасыз қала тұрғындары сезім мен қиялға негізделген әрекетке сүйеніп рахатты 
жоғары бағалайды; қайырымды қалада адам бақыты, ізгілік, әділдік және 
әсемдік салтанат құрады. 
Әл
-
Фараби мынадай адамгершілік қасиеттерін даралап көрсетеді: 
шындықты сүю, игіліктілік, мінезінің парасаттылығы. Тұтас алғанда Әл
-
Фараби Платонның философ
-
ел билеушісі болу идеясын қолдайды. Ол 
мемлекетті қоғамдық организмнің жүрегі деп санайды. 
Әл
-
Фарабидің адам туралы ойлары терең де құнды: «Адам еңбектің 
арқасында жануарлық жағдайдан құтылатын қабілеті бар бірден
-
бір тіршілік 
иесі, ол осы қалпы санасына сәйкес өзін
-
өзі дамытуы тиіс».
Аристотель шығармаларының терең шолушысы ретінде Әл
-
Фарабиді 
ғалымдар “Екінші ұстаз” деп атады. (Біріншісі 

Аристотельдің өзі). Оның 
көпқырлы біліміне мына даңқты еңбектері куә: “Философияны меңгеруді ілгері 
апаруға не қажеттігі туралы”, “Екі философ 

құдіретті Платон мен Аристотель 
көзқарастарының үндестігі туралы”, “Рахымды қала тұрғындарының 
көзқарастары туралы трактат” және басқалары. 
Әл
-
Фараби өзінің зерттеулерінде қоғамдағы адамның алатын орнын 
анықтауға көп көңіл бөлді.
Әл
-
Фараби мемлекет басшысын барлық ізгілікті, мықты денсаулықты, 
кемел ойды, жоғары ар
-
намысты, терең білім меңгерген үлгілі тұлға ретінде 
ұсынады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   128




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет