Саясаттану



Pdf көрінісі
бет109/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

БЕРК ЭДМУНД 
(1729-
1797 жж.) 

ағылшын саяси қайраткері және 
консерватизм теоретигі. Берктің саяси ілімі 
-
өзі қарсы болған 1789 ж. француз 
революциясын зерттеулерінің жемісі. Ол мемлекет пен қоғамды тірі 
организммен салыстыра отырып, тарихи процестің нәтижесі ретінде қарады. 
Берк мемлекеттің негізгі мақсаты ретінде тәртіп пен заңды күзету деп ұғынды. 
Сондықтан ол меншікке құқықты, жеке тұлғаның құқығын өзге барлық 
құқықтардан жоғары санаса да, табиғи құқық идеясын қолдаған жоқ. 


164
Сайланған билік түрін қорғай отырып, Берк ағылшын парламентін 
осындай билік институты деп санады, алайда оның қызметін халық бақылауға 
тиіс емес деді. Бұл 

азшылық көпшілікке “игілік жасайтын үлгі
деп”түсіндірді. Заң шығарушылар мемлекет саясатын жүзеге асыру үшін 
сайланады, олар өз сайлаушыларының сілтеуімен қызмет атқаратын қарапайым 
елшілер болуға тиісті емес. 
Берк мемлекет жүйесін адамзат даналығының жинақталған қоры ретінде 
қарап, реформаларды жақтады. Бірақ реформаторлар мемлекет әкенің 
жарақатына “шынайы ізгілікпен, үлкен қамқорлықпен” қарағандай болуы тиіс. 
Мемлекетті талқандау оңай, оны жаңғырту, аяғынан тұрғызу қиын. Берк 
өркениетке нәзік зат ретінде қарады. Ойшыл қоғамның тұтастығы мен 
қалыптасқан құрылымдарын бүлікші топтардан қорғау керек, әйтпесе 
мемлекетті талқандап тастау қиын емес екенін ескертті.Э.Берк саяси ғылымға 
консерватизм идеологиясын енгізді.
БОДЕН ЖАН 
(1530-
1596 жж.), француз ғалымы адам мінез
-
құлқына 
табиғи ортаның тигізер әсері туралы теорияны дамытты. 
Боденнің пікірі бойынша жанұя 

мемлекеттің негізі, оның беріктігі саяси 
ұйымдардың белсенді қызметімен тығыз байланысты. Мемлекет жанұяның 
жиынтығы, бірақ мемлекет дербес жоғарғы билік болғандықтан жанұядан 
өзгеше. Боден корольдің шексіз билігін қолдайды, ол қоғамдық жүйені табиғат 
заңдарына бағынышты болудан еркін емес деп санап, натуралистік парадигма 
ұсынады, қоғамды географиялық ортамен, биологиялық ерекшеліктер арқылы 
түсіндіреді.Жан
-
Боден географиялық ортаның саясатка ықпалы етуі туралы 
мәселені теориялық деңгейде зерттеудің негізін қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   128




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет