Саясаттың субъектісі



бет1/4
Дата04.02.2022
өлшемі474,44 Kb.
#130704
  1   2   3   4
Байланысты:
570975.pptx
1-sor algebra 8-klasss-kaz, 1-sor algebra 8-klasss-kaz, 651573, 2 лекция

Саясаттың субъектісі
саясат адамдардың мінез — құлқы мен әрекеттеріне ықпал ететін және биліктің қалыптасуы мен қызмет ету мәселелеріне қатысты әлеуметтік қатынастар, көзқарастар, принциптер, бағдарлар мен коммуникациялар әлемі. Билік — саясаттың негізі, өзегі және құралы. Саясат биліктің арқасында ғана жүзеге асып, қоғам өміріндегі ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке айнала алады. Сонымен қатар саясат қоғамның саяси сферасындағы саясат субъектілерінің іс-әрекетін де қамтиды.
Саясат субъектілері болып мыналар табылады:
1. Жеке адам, индивид.
2. Әлеуметтік топтар
4Саяси элита
5. Мемлекеттік билік.
1. Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен бостандық сияқты тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке өз субъектілігін танытуға мүмкіндік береді. Индивид әлеуметтік белсенділігінің арқасында өз мүдделерін айқындап, оларды саяси сфераға бағыттайды, яғни саяси белсенді субъектіге айналады, ал бостандығы оның әрекетіне дербестік береді.
2. Әлеуметтік топтар — адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары, саяси қатынастардың ең тиімді әрекет етуші субъектісі. Әлеуметтік топтар көлеміне қарай (кіші, орташа, үлкен), ассоциациялардың тұрақтылығы мен ұзақтылығы, ТОП элементтері арасындағы байланыстың қарқындылығы мен әлсіздігі, ұйымдық құрылымы және т.б ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады: таптар; дәрежелік, жыныстық және жас ерекшеліктік, этникалық, кәсіби және басқа топтар; мүдде бірлігіне байланысты пайда болатын тұрақты және уақытша ассоциациялар. Бірақ әлеуметтік топтар — біршама аморфты құрылым. Ұйым оның әрекетіне бірізділік пен тиімділік береді және осының арқасында әлеуметтік топ саясаттың субъектісіне айналады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет