Саяси тәртіптердің (режимдердің) түрлері Саяси тәртіптердің (режимдердің) түсінігі. Тоталитаризм XX ғ. құбылысы ретінде


Авторитаризмның тарихи бастаулары. Қазіргі кездегі авторитаризм



бет3/8
Дата08.02.2022
өлшемі55,14 Kb.
#123020
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 Саяси Режимдер
7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, Лекция № 10 СИК, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер
3. Авторитаризмның тарихи бастаулары. Қазіргі кездегі авторитаризм.
Авторитаризм — саяси жүйенің ең көп тараған типі. XX ғ. дейін диктатура авторитаризмның әрқилы формаларында көрінсе, авторитаризм XX ғ. тоталитаризм сияқты формаға дейін «байытылды».
Авторитаризмның мәнін ашу үшін, оның тоталитаршмнан ай-ырмашылығын көрсету үшін кез-келген саяси жүйенің бастауы туралы мәселеге тоқталамыз. Бұл аталмыш екі жүйенің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Саяси жүйеде үш бастауды бөліп көрсету қабылданған: авторитарлық, демократиялық және элитарлық, бұлардың заттай жүзеге асуы мемлекет, халық және саяси элита. Саяси жүйенің қалыпты қызмет етуі авторитарлық және демократиялық бастаулардың рационалды арақатынасын анықтайды. Олардың бірсуін абсолюттендіру не анархияга, не диктатураға әкеліп соқтырады. Қалыпты саясат, оның ішінде демократия осы екеуінің ортасында кызмет етеді. Бұл көзқарас тұрғысынан антика дәуірінен бастап біздің за-манымызға дейінгі барлық саяси практика мен теория қиын жағдайлардан шығуға мүмкіндік беретін бастаулардың тиімді қатынастарын іздестіріп келеді.
Демократиялык және авторитарлық бастаулардың ара қатынасын және балансын орнатуда елеулі роль саяси элитаның мойнында. Оның қандай да бір идеялар мен принциптерді ұстануы қалыптасқан саяси жүйенің тұрақтылығына септігін тигізеді.
Сонымен қатар саяси жүйс типінің әлеуметтік-экономикалық және социомәдени факторлармен, коғамның менталитетімен және дәстүрлерімен анықталатындығын ескеруіміз қажет. Саяси элита өз функцияларын осы объективті жағдайлар мен факторлардың шеңберінде атқарады.
Авторитаризм мен тоталитаризм ұқсас, авторитарлық жәнс де-мократиялық бастаулар дисбалансының екі типін, яғни антидемократиялық саяси жүйенің екі типін көрсетеді. Сонымен бірге олар авторитарлық бастаудың жүйедегі, биліктің — қоғамдағы үстемдігінің деңгейі бойынша ажыратылады. Авторитаризм — бұл өзіне тән белгісі барлық диктатуралар тәрізді биліктің бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырлануы болып табылатын саяси жүйе. Бұл жағдайда өкілдік органдардың рөлі төмендейді, саяси партиялар қызметі шектеледі, оппозицияның рөлі төменгі деңгейге түсіріледі, сонымен саяси процедуралардың мәні білінеді.
Авторитаризм кезінде көп жағдайда референдумдар мен плебесциттер саяси өкілдік институттарын ауыстырады және өкілдік органдардың бұрмалап берілуінен айырмашылығы халық еркінің тікелей көрінісі ретінде оларға қарама-қарсы қойылады. Бүл жағдайда билік төл мақсаттарын көздей отырып, референдум өтіп жатқан уақытта оппозицияның қызметіне тыйым салу үшін барлық шараларды қолданады.
Авторитаризм үшін үш белгі тән: 1) биліктің орталықтануы, 2) басқарудың директивті-бюрократиялык әдісі, 3) «жоғарыдан» келетін нұсқауларға, биліктің өкімдеріне сөзсіз бағыну. Авторитаризм бостандықты шектеу, ерікті басу мен мәжбүрлеуғе бейім.
Көрініп тұрғандай, көрсетілген белгілер авторитаризмды тота-литаризмге жақындата түседі. Бірақ сонымен бірге екі жүйе бірқатар маңызды белгілер бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл айырмашылық ең алдымен алдына қойған мақсатпен, режимнің «тарихи миссиясымен» байланысты. Тоталитаризмның негізінде әлеуметтік революцияның барысы мен нәтижесі арқылы қоғамның барлық қатынастарын, құрылымдары мен институттарын жою жолымен жаңа қоғамдық құрылысты құрудың утопиялық идеясының жатқандығы белгілі. Бұл жағдайда тоталитаризм ақиқатты игеру монополиясымен ерекшеленеді және «ұлы іліммен» қарсы келетін кез-келген идея мен көзқарастар қате, яғни жалған немесе адасқан болып саналады.
Авторитаризмның тоталитаризмнен ерекшелігі ол мұндай амбициялардан азат, ақиқатты игеру монополиясы бүлыңғыр болғандықтан оған ұмтыла қоймайды.
Тоталитаризм озінің революцияшылдығымен ерекшеленсе, ав-торитаризм, керісінше консерватизмімен, дәстүрлі нормалар мен құндылықтарды ұстануымен ерекшеленеді және органикалық даму идеясына жүгінеді. Бұл идеяның астында кез-келген прогрессивті бастауларға кедергі келтіруге ұмтылу жасырынып жатуы мүмкін, бірақ авторитаризмның ескі тәртіптерді революциялық қиратуға қарсы екендігі күмәнсіз.
Мұнда осы екі саяси жүйенің өтс елеулі айырмашылығы көрінеді. Егер тоталитаризм «ұлы ілімде» бейнеленген өзінің утопиялық идеалына сай алдыңғы әлеуметтік иерархияны, азаматтық қоғамның институттары мен құрылымдарын қиратып, дәстүрлі әлеуметтік байланыстарды үзіп, қалыптасқан әлеуметтік жіктелуді жоюды көздесе, авторитаризм керісінше бұларды сақтауды қолайлы көреді. Ол мемлекеттен араласудан азат аймақтарды қалдырады. Авторитарлық режим орнаған елдерде демократиялық қайта құрылуды жүзегс асыру азды-копті ауыртпалықсыз өтетіндігі де сондықтан.
Егер тоталитаризм өндірістің барлық құралдарын жалпылау жолымен экономиканы толықтай мемлекеттендіруді жүргізсе немесе оған қатаң мемлекеттік бақылауды орнатса, авторитаризмде бұрынғы әлеуметтік-экономикалық ахуал мен экономиканы басқарудың механизмдері сақталынады. Билік басына келген билеуші топ мамандарға экономиканы тікелей басқаруды тапсыра отырып, экономикалық процестерге өте мүқият қатынаста болады. Бүған деген қажеттілік айдан анық, тіпті большевиктер шаруашылық дағдарысы кезеңінде өнеркәсіптерді басқаруға «буржуазиялық мамандарды» тартуға мәжбур болды.
Екі жүйенің айырмашылықтары тек қана азаматтық қоғамның институттарына ғана емес, сонымен қатар билік институттарының құрылымдарына да байланысты. Тоталитарлық жүйенің өзегі монополиялы билеуші партия болып табылады, ал кеңестік конституцияда оның қоғамдағы басқарушы рөлі бекітілген. Партиялық органдар бүкіл мемлекеттік аппаратта, қоғамдық ұйымдар мен өндірістік құрылымдарда болады. Партияның шешімдері биліктік өкілеттіктерді тасымалдаушылардың барлығы үшін, сондай-ақ армия мен ішкі қауіпсіздік қызметтері үшін де міндетті.
Авторитарлық жүйелерде ядро мен жоғары саяси құндылық мемлекет болады. Ол биліктік өкілеттіктер мен функцияларды атқарады. Мемлекеттің өзі заңнамада бекітілген нормаларға бағынады және репрессивтік емес, басқару функцияларын орындайды. Бірақ бұл, әрине, ұйымдасқан қылмыс пен билікті шексіз пайдалану фактілері болмайды дегенді білдірмейді.
Мемлекеттің қарсы топтардың үстінен қарап тұратын және олардың қарсылықтары мен күресін реттеп тұратын өзіндік төреші идеясы сақталынады. Бұл жағдайда авторитаризм мемлекетке әртүрлі қоғамдық күштер мен бір-біріне қарсы саяси топтардың арасындағы компромисті орнататын механизм рөлін беретін дәстүрлі және қазіргі заман доктриналарына сүйенеді.
Тоталитаризмнен айырмашылығы авторитаризм диктатураның жұмсақ, қатаң емес формасында болады, сондықтан да террор мен репрессия тоталитарлық жүйедегі тәрізді рөл мен орынға ие болмайды. Тоталитаризм өзінің утопиясы мен амбициясына сәйкес жүйелік террор мен жаппай репрессияларды жүзеге асырады. Террордың ұлғаятындығы соншалық қауіпсіздік қызметтері тіпті басқарушы партиямен билік үшін бәсекеге түсе бастайды. Репрессияға режимге қарсылар ғана емес, өзгеше ойлайтындар, тіпті «жаңа ортағасырға» іштей наразылар да ұшырайды.
Авторитаризмның тоталитаризмнен тағы бір ерекшелігі, ол сайлау террорын пайдаланады. Егер кімде-кім режимге белсенді түрде қарсы болмаса, ол қудалауға ұшырамайды. Әдетте авторитарлық режим мемлекеттік билік пен оның саясатына ашық қарсы шықпағандардың жеке өміріне араласпайды. Террор режимнің саясатына келісіп қана қоймай, оған белсенді түрде қарсы шығатындарға ғана қолданылады.
Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі антикалық демократия құлағанан кейін авторитарлық режимдер үстемдік құра бастады. Тікелей демократия басқарудың ең бір қатал формаларына өзгеріп, диктатураның әртүрлі формаларына ауыса бастады.
Сонымен, авторитаризм тарихи дамудың әртүрлі кезеңінде әртүрлі елдерде әрқилы формада болды. Барлық саналуандығымен оның келесідегідей негізгі формаларын көрсетелік: абсолюттік монархия, теократия және әскери режим.
Монархия — жоғары мемлекеттік билік бір адамның, яғни монархтың қолына жинақталған және ол мұрагерлік жолмен беріліп отыратын басқару формасы. Монархияның өзіне тән белгісі династиялық билік институтының болуы. Монархия абсолютті, шектелмеген және конституциялық емес сипат алғанда авторитаризмның ерекше формасы болып саналады.
Әскери режимдер үш түрде болады: 1) диктаторлық, 2) хунта, 3) бірпартиялық жүйелер.
Әскери режимнің ең көп тараған түрі хунта. Хунта ұғымы испан тілінен аударғанда «жиналыс», «кеңес», «коллегия» және т.б. мағыналарды білдіреді. Испанияда, Италияда және Латын Америкасының көптеген елдерінде хунта қоғамдық ұйым басшылығын, қалалық басқарманы, муниципиалдық кеңесті, автономды әкімшілік бірлігінің үкіметін білдіреді, яғни азаматтық мазмұнда болады. Кейде бүл атаумен өзін-өзі басқару органының сессиясы да аталады.
Әскери хунтаның әскери төңкеріс пен әскери режимнің орнайтын уақытта қалыптасатындығы белгілі. Ол әскербасылардан құрылады және заң шығарушы, атқарушы, сот және бақылау функцияларына ие жоғары биліктің рөлін орындайды. Мемлекеттік билік толықтай оның қолында болады.
Ақыр аяғында әскери хунтаның ел басқаруы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді, өйткені әскерилер ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да авантюризмге бой алдырады.
Әскери режим жасырын, бүркемеленген және бірпартиялы ел басқару түрінде болуы да мүмкін. «Басқарушы» партияның әскерилердің толық және күшті бақылауында болатындығы анық. Азаматтық басқару астына жасырынған әскери режим ашық диктатураға қарағанда әлдеқайда қауіпті, өйткені ол қоғамдық пікірді бағыттан адастыруға және оппозициялык күштерді қуғын-сүргінге ұшыратуға қабілетті.
Теократия — билік руханилықтың, діни кланның немесе діни конфессия басшысының қолына жинақталған мемлекеттік қүры-лыс формасы. Абсолюттік монархияның мемлекет пен биліктің қүдайлық тегіне сілтеме жасау арқылы легитимділікті қамтамасыз ететіндігін жоғарыда айтып өттік. Бүл аппеляция діни қызметкер-лердің режимі ретіндегі теократияның орнауы үшін негіз болды. Ежелгі дүниеде абсолюттік династиялық биліктің тасымаддаушы-лары абыздар болғандығы кездейсоқтық емес.
Мәселен, б.д.д. V—! ғасырларда Иудеяда жоғары абыз мемлекет-тік билікке толықтай ие болды. Ортағасырларда Омейядтар мен Аббасидтер халифаты теократиялық мемлекеттер болды. XVII ғ. Иезуиттер Парагвайда теократиялық мемлекет қүрды. Шешенстанмен оған жапсарлас жатқан аудандардығы имам Шәмілдің басқа-руы да теократиялық сипатта болды. 1870 ж. Италияға қосылғанға дейінгі Папа облысы да теократиялық мемлекет болды. 1951 ж. Тибеттін ҚХР-на қосылғанға дейін ламалардың дінбасысы — Да-лай-лама зайырлы биліктің басшысы болды. Ватиканның римдік-католиктік шіркеуінің басшысы Папа бірмезгілде мемлекет басшы-сы болып саналады. Түтастай алғанда теократия тарихи анахронизм болса да, 1978 ж. «ислам революциясының» нәтижесіндс Иранда орнатылған режим таза теократиялык, режим болып табылады. Бұл мемлекетте билік шиит дінбасыларының қолында.
Теократиялық режимнің басты белгісін қоғамдағы шіркеудің үстемдігі, коғамдық, саяси және азаматтардың жеке өмірін барлық жағынан діни шектеу құрайды. Діни мейрамдарға мемлекеттік мәртебесі беріледі, сот шіркеулік кұқық нормалары бойынша, шариғат заңдары бойынша жүргізіледі. Діни ілімді үстем идеология деп жариялай отырып, режим өзгеше ойлайтындарға қарсы қатаң репрессия саясатын жүргізеді: режим үшін діни шыдамсыздық пен фанатизм тән болады.
Саяси режимдердің қызмет ету практикасында саясат пен діннің, зайырлы және рухани биліктің, мемлекет пен шіркеудің арақатынастарында екі тараппен қарсы келеміз. Олардың біреуі автократиялық жүйеде жүзеге асады және дін мен діни қызметкерлерді қуғынға ұшыратады. Екінші тарабы теократия болып табылады.
Саясат пен діннің, зайырлы және рухани биліктің арасындағы тиімді қатынастар секуляризация процесін аяқтайтын шіркеуді мемлекеттен бөліп алу жолымен құқықтық мемлекетте орнайды. Сонымен қатар теократиялық жүйенің және діннің жалпы және саяси модениеттегі рөлін томендету мен жоққа шығару ғана емес, «ұлы ілім» деп жарияланған идеологиясына қайшы келетіндіктен дінді тікелей қудалау орын алатың тоталитаризмның пайда болуының алғышарттары жойылады.
Қазіргі уақытта діни конфессиялардың өздерінің қарым-қатынастары да, әсіресе Қазақстандағы тәрізді поликонфессионалды қоғамда өте өзекті болып отыр. Біздің еліміздің екі үлкен әлемдік дін — ислам мен христиандықтың бейбіт түрдегі ынтымақтастықта қатар өмір сүріп отырған ел екендігін ескере кеткеніміз абзал. Екі негізгі діннің сүхбаты біздің қоғамымыздың тұрақтылығының сақталуының бірден-бір механизмі болып отыр.
Бұл — дінде, оның ішінде ислам дінінде ешқандай экстремизмның жоқтығын айғақтап тұр. Бірақ, егер діни догматтарды саяси мақсаттарға пайдалансақ, діни дүниетанымның бастапқы принциптеріне әртүрлі түрдегі сілтеме жасау арқылы экстремизмді дәйектеу болатындығы даусыз. Фундаментализмде де ешқандай экстремизм жоқ, принциптердің ортодоксалдық тазалығы туралы қамқорлығы қауіпті емес, ал осы қамқорлықты бетке үстаған экстремизм қауіпті.
Қазіргі уақыттағы авторитарлық режимдердің негізгі аймағы дамушы елдер болып отыр. Соңғы уақытта оларда көп жағдайда революция деп аталған төңкерістер жиі болды. Олардың нәтижесінде бір авторитарлық режимнің орнына екіншісі келіп отырды. Бұған шах режимінің орнына теократиялық режим келген Иран, Д.Самосаның олигархиялық режимінің орнына сандинистердің авторитарлық режимі орнаған Никарагуа мысал бола алады. «Үшінші дүние» елдерінде авторитаризм неге байланысты кең тарап отыр?
50-60 жылдары дамушы елдер үшін авторитаризмның қажеттігі туралы идея кең тарала бастады. Авторитаризм дәстүрлі қоғамнан қазіргі индустриялық қоғамға өткен елдер үшін басқарудың ең лайықты формасы ретінде қарастырылды. Алдағы уақыттардағы индустрияландыру, урбандалу, өмір сүру мен білім деңгейінің артуы демократияға өту үшін қажетті жағдайларды жасайды деген болжамдар жасалынды.
Бұл теориялық конструкцияда авторитарлық мемлекетке ерекше орын бөлінді. Ол даму саясатының негізгі бағыттарын мамандар дайындаған рационалды ғылыми принциптер негізінде айқындауға шақырыдды. «Даму диктатурасы» деп аталынған авторитаризмның осындай формасының жақтаушылары осындай тәсіл арқылы дәстүрлі құндылықтарды жеңуге және тарихи қалыптасқан әлеуметтік иерархияны өзгертуге болады деп есептеді.
Олардың көзқарастары бойынша, мұндай өзгерістерді тек армия ғана жүзеге асыра алады, өйткені ол өзінің құрамы бойынша халық бірлігі және үйымдасқан күш ретінде ұйымдасқан қылмыспен және билікті шексіз пайдаланумен табысты күресуге қабілетті.
Ақиқат бүл теориялық есептер мен тұжырымдарды жоққа шығарды. Дамушы елдердегі авторитаризм аталмыш мәселелерді шеше алмады, өзіне артылған сенімді ақтай алмады, батыс сарапшылары ұсынған әлеуметтік даму моделін жүзеге асыру жолына кесе-көлденең тұрды. Бұл жайт дәстүрлік қоғам мен билік құрылымдарын заңды түрде қайта жаңғыртушы дәстүрлік құрылымдар үстем болып отырған саяси мәдениеттің сипаты мен деңгейімен түсіндіріледі.
Ежелден-ақ Шығыста дін үлкен рөл ойнады. Оның нормалары көп жағдайда азаматтық және саяси сферада басты болған. Кез-келген, оның ішінде саяси дағдарыс діни сипат алған.
Дамушы елдердегі саяси қатынастар мен саяси процестердің маңызды факторы қауымдық сипаттағы байланыстар болды: отбасылық-туыстық, туыстық-тайпалық, кландық, этнолингвисткалық және т.б. Бұл елдердің тарихи тәжірибесі адамның өзін-өзі бағалау идеясын жасақтай қоймады. Адам өзінің санасында ұжым мен белгілі бір әлеуметтік құрылымнан бөліне қоймайтындығы, өзін бүтіннің бір бөлігі ретінде сезінеді және оның нормалары ол үшін міндетті болады. Әңгіме адамның өзін-өзі идентификациялауы туралы емес, оның жергілікті социуммен, ұжымдық бастаудың жекелікке абсолюттік үстемдігімен бірігуі тұрғысында болып отыр.
Руға, тайпаға және т.б. бағытталыну трайбализмды тудырады, ал қауымдық сипаттағы байланыстардың негізінде билік үшін күресуші топтасулар қалыптасады. Олар әлеуметтік топтардың емсс, белгілі бір кландардың мүдделерін білдіреді. Бөліну әлеуметтік-экономикалық емес, кландық белгілері бойынша өтеді, адамның саяси бағдары меншік қатынастары жүйесінде немесе мүліктік иерархиядағы жағдайы бойынша емес, қандай жергілікті социумға жататындығымен анықталынады. Партиялық жүйені қалыптастырудың қиындығы да осыған байланысты болып отыр.
Нәтижесінде билікті үйымдастырудың патроналды-клиенталдык типі жолға қойылады. Клан басшысы оның мүшелерінің қолдауын және маңына топтасуын пайдаланады, ал олар лидерден материалдық көмек пен әлсуметтік сипаттағы жеңілдіктер алады және мемлекеттің өктемдігінен қорғалады.
Дамушы елдердегі авторитаризмның түрақтылығы азаматтық қоғамның дамымағандығымен байланысты, соның салдарынан мемлекет кең өкілеттіктерге ие болады, ал тежемелік бастаулар, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі атымен болмайды. Мұнымен атқарушы билік рөлінің артуы түсіндіріледі, көптеген этникалық, діни, сословиелік және басқа да жіктерге бөлінген қоғамда мемлекст және жекелей алғанда атқарушы билік біріктіру функциясын атқарады.
Дамушы елдердегі мемлекеттердің ерекше ролі экономикасы дамыған елдермен және трансұлтгық компаниялармен қарым-қатынас про-блемаларын шешетін жергілікті капиталдың әлсіздігімен байланысты. Мемлекет инфрақұрылымды құра отырып, модернделу процестеріне септігін тигізеді, бірақ сонымен бірге өзі де күшейіп, позицияларын нығайтады.
Қазіргі авторитарлық режимдердің эволюциясында екі тенденция байқалуда. Біріншісі — құқықтық мемлекет принциптерін шеттен алып пайдалану жолымен олардың белгілі бір түрғыда либералдануы. Демократиялық авторитаризм немесе авторитарлық демократия деп аталатын режимдер орнап жатыр.
Екіншісі — тоталитарлық мағынадағы режимдерге қарай тартылу. Бұл жағдайда жақындау не билікті жүзеге асырудың террористік әдістеріне, не белгілі бір үстем идеологияның болуына (мысалы, теократиялық режимдер), я болмаса — азаматтық қоғам мен оның институттарының дамымауына сүйене отырып жүргізіледі.
Айтылгандар қазіргі кездегі авторитаризмды түсіну үшін, біріншіден, жіктелген тәсілдің, екіншіден факторлардың, оның ішінде ішкі және сыртқы, материалдық және рухани, саяси және идеологиялық факторлардың барлық жиынтығының есебінің қажет екендігіне айғақ болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет