Саяси тәртіптердің (режимдердің) түрлері Саяси тәртіптердің (режимдердің) түсінігі. Тоталитаризм XX ғ. құбылысы ретінде



бет7/8
Дата08.02.2022
өлшемі55,14 Kb.
#123020
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 Саяси Режимдер
7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, Лекция № 10 СИК, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер
Н.А. Философия неравенства. М.,1990, 104- 120 б.) Көпшілік принципі эгалитаризмның, әділеттілік критерийі ретінде түсіндірілетін әлеуметтік теңдік концепциясының арнасында жатыр. Жоғарыда атап еткеніміздей, теңдік демократияның критериі екендігі сөзсіз. Теңдіктің қазіргі түсінігінде адамдардың туғаннан бірдей еместігін жоққа шығармайды және сонымен бірге теңсіздік бәрінен бұрын әлеуметтік және антропологиялық категория. Бірақ адамдардың бірдей еместігі әлеуметтік және саяси теңсіздіктің аргументі болып табылмайды. Әлеуметгік тұрғыдағы теңдік мүмкіндіктердің теңдігі, бастапқы мүмкіншіліктердің теңдігі, демократиялық мемлекет мұндай теңдікті институтционалды-құқықтық формада қамтамасыз етуі және кепілдік беруі керек. Саяси түрғыдағы теңдік саяси құқықтар-
дың теңдігі мен заң алдындағы теңдік.
Осыған ұқсас, көпшілік принципі азшылық пен тұлғанын құқықтарын құрметтеумен және кепілдік берумен санасуы шарт және керісінше жағдайда демократия көпшіліктің деспотиясын (диктатурасын) тудырады, дәл осылай халық суверенитеті принципі де тұлғаның, яғни адам мен азаматтын құқықтарын қүрметтеу мен кепілдемесін танитын либерализммен органикалық түрде санауы қажет. Либерализм – бұл принципті демократияның фундаменталды принципі ретінде дәйектеді – оның тарихи еңбегінің өзі осы.
Тарихи тәжірибе көрсеткендей, саяси билік пен қоғам, мемлекет пен индивид қатынасында екі тенденция бар екен. Біріншісі, Батыс үшін тән, саяси билік пен азаматтық қоғам бөлінуінде, мемлекет өкілеттіктерінің шектелуі мен индивидтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдемесінде тұрады. Екіншісі, керісінше, мемлекет пен қоғамның бірігуінде, адам құқықтары мен бостандықтарының шектелуінде.
Бірінші тенденция либерализмның, екіншісі тоталитаризмның теориясы мен практикасында жүзеге асады. Классикалық либерализм демократиясы Жаңа замандағы тамырларымен Қайта Өрлеу дәуіріне дейін кететін еуропалық ағартушылық шеңберінде калыптасты. Жаңа замандағы демократия абсолютизммен, оның өктемдігімен күресте орнады. Антидогматизм мен ойлау еркіндігі демократияның қажетті шарттары болды.
Сонымен, либерализм келесі саяси принциптерді ұсынды және дәйектеді:
1) мемлекеттің жеке сфера мен адамның жеке өміріне араласпауы;
2) тұлғаның немесе индивидуалды бостандықтын автономиялығы;
3) адамның өзін-өзі бағалауы;
4) тұлғаның: адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдемесі.
Соңғы он жыл бойына қазіргі қоғам, қазіргі мемлекет және қазіргі демократия туралы жиі айтылып та, жазылып та жүр. Қазіргі қоғамның критерилері шынайы саяси жүйелер мен мемлекеттерді, адамның құқығы мен бостандығынын, ахуалын, халық билігінің деңгейін бағалау үшін қызмет етеді. Осы рухта модернизмның көптүрлі теориялары пайдаланылып келеді.
Қазіргі, мүмкін демократиялық қоғам екі формада болуы мүмкін және болады да: ізгі мемлекет және әлеуметтік демократияның қоғамы формасында. Бұл тарихи формалар ішкі және сыртқы факторлардың жиынтығымен, тарихи дәстүрлермен (ұлттық, діни, әлеуметгік-мәдени және т.б.), қоғамның менталитетімен, қазіргі шынайылықтармен және саясаттан тыс жағдайлармен анықталынады.
Демократия, біздің көзіміз жеткендей, тарихи, яғни әрбір тарихи дәуірде белгілі бір нақты формада көрінеді.
Қазіргі күндегі демократия тарихи дамудың нәтижесі және бұрынғы формалардың шектеулерін жеңе отырып, олардың өтпелі емес, яғни барлық жағымды көптеген белгілерін жинақтаған.
Қазіргі демократия — бүл:
- өкілдік (репрезантативті) және тікелей демократияның бірлігі;
- әлеуметтік-шектеулерден бөлек барлығына ортақ демократия;
- плюралистік демократия;
- әлеуметтік демократия.
Қазіргі демократиялық саяси жүйе демократияның фундаментальды принциптерін тануға негізделінген және оларды түсінудің жаңа деңгейін бейнелейді. Ол осы принциптер тек толықтай ғана емес, көп жағдайда жаңаша, уақыт талаптарын ескере отырып іске асатын саяси институттардың жүйесін білдіреді.
Ізгі мемлекет құқықтық мемлекет пен олар үйымдастырған саяси қауымдастық ретінде қалыптасады.
Қазіргі демократиялық мемлекет әлеуметтік мемлекет, яғни әлеуметтік аспектілермен байытылған құқықтық мемлекет. Басқаша айтқанда, бұл құқықтық және әлеуметтік аспектілердің бірлігін жүзеге асырған мемлекет. Сонымен қатар, ол формалды теңдікті жариялаумен табыспайды, шынайы бірлікті азаматтардың саяси өмірге, мемлекет істерін басқаруға қатысуының мүмкіндіктерінің теңдігі ретінде қамтамасыз етеді. Бұл демократияның басқа фундаменталды принциптерінің бірі — халық билігі принципі толықтай жүзеге асады.
Реттеудің маңызы өзін-өзі дамыту үшін барлық қажетті шарттар мен мүмкіндіктердің ұсынылуында бекітіледі.
Қазіргі мемлекеттік реттеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- монополизацияға қарсы әрекет;
- капиталдың билікті «сатып алуын» шектеу;
- ҒТР-дың теріс салдарының алдын-алу;
- халықтың әлеуметтік мұқтаж жіктерін қорғау. Мемлекет жерге меншіктің мөлшерінің шегін белгілеуі мүмкін.
Мемлекет реттеуші концепциямен отбасыға деген қатынасты түзейді. Отбасы ерікті одаққа, махаббатқа негізделінген әлеуметтік организм болғандықтан, оның қол сұғылмайтындығы және автономдығы соншалықты болады. Алайда, қоғам жалған отбасыға кезіксе, яғни одақ пен жақсы көрушіліктің орнына — қатыгездік, бірулердің басқаларды қанауы орын алса, онда мемлекет адам құқығын қорғауға толықтай құқылы. Мұнда отба-сылық қатынастарға мемлекеттің араласуы дұрыс емес деп айтуға орын жоқ, өйткені бұл жағдайда отбасы жоқ.
Мемлекеттің реттеуші идеясымен қатар билік пен қоғамның қатынастарында жаңа анықталмағандық пайда болды. Бұл идеяда араласпай қоғамдық процестерді қалай реттеуге болады деген сұраққа нақты жауап жоқ. Алайда мемлекеттің белсенді рөлінің қажеттілігін түсінуге орай мемлекеттік реттеудің мүмкін болатың жаңа каналдары мен формаларын іздестіру басталды. Бұл тұрғыда XX ғасырдың жетістігі реттеу мен араласу арасындағы айырмашылықты дәл анықтау емес, әділетсіздікке араласпау (мемлекет - минимум, мемлекет - түнгі күзетші), агрессивтілікке,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет