Саяси тәртіптердің (режимдердің) түрлері Саяси тәртіптердің (режимдердің) түсінігі. Тоталитаризм XX ғ. құбылысы ретінде



бет8/8
Дата08.02.2022
өлшемі55,14 Kb.
#123020
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 Саяси Режимдер
7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, Лекция № 10 СИК, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер
индивидуализмге жол беру принципінде жасырынып жатқан араласпау саясатының шектелгендігін тану болып отыр.
Қазіргі саяси жүйенің өзгеше ерекшелігі әлеуметтік серіктестікті, мемлекет пен қоғам арасында ынтымақтастықты жолға қою, бірқатар фундаментальды принциптер бойынша негізгі әлеуметтік топтардың келісімі негізінде әлеуметтік қақтығыстарды шешу болып отыр.
Қазіргі демократиялық жүйені бірқатар демократиялық процедуралар анықтайды:
1. қоғам мен билік органдары қатынасындағы симметриялық пен өзаралық (онын ішінде өзара жауапкершілік);
2. демократиялық принциптер мен нормалардың сақталуы үшін әрдайым қоғамдық бақылау жүргізу;
3. барлық деңгейдегі: билік тармақтарының, азшылық пен көпшілік, әлеумсттік топтар, ұлттар, орталық пен региондар және т.б. арасындағы қақтығыстардың алдын алудың тиімді механизмдері.
Демократия билеу мен бағыну қабілеттілігін ғана бейнелемейді, адамды тек қана демократияны қалыптастыруды ғана емес, сонымен қатар ол жағдайда өмір сүруге қабілетті қылатын саяси жүріс-тұрыстың ерекше мәдениетіне үйретеді.
Қазір бізге белгілі, социализмның екі тарихи формасын айырып алу қажет, социализмды талдап-таразылай отырып, оның тағдыры туралы сөз қозғай отырып, абстрактілі емес, нақты пайымдау керек. Бұл ретте ең табанды мәселелерге айқындық енгізу қажет. Шынайы социализмның, коммунистік жүйенің күйреуінен социализм идеясы күйреуге ұшыраған жоқ.
Посткеңестік практиканың дамуы кеңестік және посткеңестік жүйеде қалыптасқан капитализм концепциясын қайта зерделеу қажеттігін көрсетті. Ол үшін көп жағдайда осы феноменге ыңғайдың жіктелмегендігімен, оның өзгерістері мен тенденцияларының ішкі бастауларын жоққа шығарумен байланысты бағалаудағы жаңсақтықтар тән. Олардың арасында капитализмның дамуында тарихи кезеңдері мен модельдерін айырып алуымыз қажет.
Соңғы он жылда капитализм сапалы жаңа түрге өзгерді және классикалық мағынадағы капитализм болудан қалды. Қазіргі қоғамды классикалық мағынадағы капитализм мен социализм ұғымдарында сипаттау мүмкін емес, және бұл тұрғыда қоғамдық-экономикалық формация үғымы мағынасын жоғалтып алды және жарамсыз болып қалды. Оны «капитализм» және «социализм» ұғымында тиісінше ізгі мемлекет және әлеуметтік демократия қоғамы мағынасында сипаттауға болады. Олардың әрқайсысы әртүрлі формада бола алады. Осыған сай казіргі қоғамның модельдерін ажыратады.
Қазақстанға келер болсақ, онда барынша ықтимал деп социал-демократиялық сценарийді есептейміз.
Либералды-демократиялық модел азаматтық мәдениет және Батыс үшін тән тұлғаның индивидуалистік типін білдіреді. Біздегі құндылықтар жүйесі мен мәдениеттің типі тіптен бөлек. Тиісінше, егер ақиқатпен бетпе-бет келсек, либерализм тіпті өзінің қазіргі формасында біздің қоғамның ерекшеліктерімен сай келмейтінін мойындауымыз керек.
Әлеуметтік демократияның, керісінше, біздің дәстүрімізге, біздің қоғамның менталитетіне, сондай-ақ әлемдік саяси процестің объективті тенденцияларына сай болғандықтан тарихи болашағы бар. Алайда социал-демократияның бағдарламалық мақсаттарың жүзеге асыру үшін қажетті шарттар әлі пісіп-жетілген жоқ. Әңгіме әлеуметтік мемлекеттің экономикалық дамудың ең жоғары деңгейінде қалыптасатындығында және азаматтық қоғам мен социал-демократиялық қозғалыстың әлеуметтік базасы орта таптың жоғары дамуын білдіретіндігінде болып отыр. Аталған алғышарттар қазіргі уақытта не жоқ, не әлі дамымаған.
Бұл жағдайлардағы социал-демократиялық бағыттылық кәсіпкерлік пен нарықты дамытуға арналған бағдарлар мен экономиканы либерализациялаудың сақталынуы әлеуметтік проблемаларға, мемлекеттің әлеуметтік функциялары мен реттеуші рөлін күшейтуге баса назар аудару қажеттігін білдіреді. Стратегиялардың жүзеге асу жолдарын іздестіру қазіргі саяси дамудың өзекті проблемасы болып отыр.
Қазіргі қоғамды сипаттайтын әмбебап критерийлер мен стандарттар бар, бірақ олар қоғамдағы саяси мәдениеттін деңгейімен, үстем құндылықтар жүйесімен, халық дәстүрлерімен анықталынатын ерекше формада көрінуде. Оларға барлық эмоциялар мен орынсыз таңданулар мен наразылықтарды алып тастап жақындау керек. Оларда коллективизмды, қоғамдық парызға адалдықты, көмекке келуге дайындықты жоғары сезінудің позитивті екендігі күмәнсіз. Демократиялық процестің тіректері ретінде пұтқа табыну, аруақтың тәңірлік идеяларына араласқан тарихи тәжірибеге деген құрмет, компромиске ұмтылу, байсалдылық, сондай-ақ қазақтарға іштей тән өзін-өзі шектеу мен өзіндік тәртіп қызмет етуі мүмкін. Соңғысы өте маңызды, өйткені ол саяси жүйенің шамасы келмейтін шектен шыққан ұсыныстар мен талаптардан қорғауға кепілдік береді. Аскетизмге жетпеген өзін-өзі шектсудің және құлдық психологияға өзгермеген өзіндік тәртіптің жоғары мәндері батыстық қоғаммен және «талаптар революциясы» біріншіден - демократияны, екіншіден - оның элементтерін жерлеуге қабілетті қазіргі Ресеймен салыстырғанда өте ерекшеліп тұрады.
Қазіргі демократияға карай жылжудың Қазақстан Республикасындағы саяси процестер үрдісі екендігі сөзсіз, өйткені бұл әрқашанда нақты формада жүзеге асатын, ұлттық модельді құрайтын әмбебап критерийлер мен құндылықтарға қарай жылжу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет