Саяси тәртіптердің (режимдердің) түрлері Саяси тәртіптердің (режимдердің) түсінігі. Тоталитаризм XX ғ. құбылысы ретінде


охлократия мен көпшілік тираниясыныц белгілерін ала бастады. Демостың билігі абсолютікке айналды



бет6/8
Дата08.02.2022
өлшемі55,14 Kb.
#123020
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 Саяси Режимдер
7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, Лекция № 10 СИК, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер
охлократия мен көпшілік тираниясыныц белгілерін ала бастады. Демостың билігі абсолютікке айналды.
Сонымен, антикалық демократияның өз артықшылықтары, күшті жақтары, және шектеулігі бар екен.
1. Антикалық демократия әлеуметтік, дәлірек айтқанда, азшылық үшін таптық шектелген демократия болды. Антикалық қоғамда азаматтық құқықтарға барлығы ие болмады, құқықтар мен міндеттердің теңдігі тек азаматтар қауымдастығы ішінде танылды, ерікті адамдардың барлығының құқығы танылмады.
2. Оған түлғаның табиғи құқықтары жат болды.
3. Қоғамның индивидтің жеке өміріне, оның наным-сенімдеріне бақылауы жоғары дәрежеде болды.
4. Афины демократиясының оның тікелей формаларының принциптері мен институттары территориясы кең мемлекеттердің пайда болуы, саяси-биліктік шешімдердің күрделенуі, қоғамның әлеуметтік жіктелуінің күшеюі жағдайында жарамсыз болды.
Бірақ сонда да антикалық демократияның құнды белгілері теория мен практикаға ендірілді. Оларға мына ұғымдар жатады:
1) заңның үстемдігі
2) азаматтардың заң алдындағы теңдігі
3) саяси құкықтардың теңдігі
Демократияның классикалық теориясы қоғамның сословиелік бөлінуінің қирау жағдайында қалыптасты, халықтың еркін білдірудің жаңа формаларын іздестіруді бейнеледі. Классикалық бағыт өкілдері проблеманы мемлекет міндеттерін халықтың анықтауында көрді. Утилитаристер жасақтаған классикалық теория көп жағдайда антикалықтың ықпалында болды. Ол, ең алдымен, барлық адамдар тең және саяси шешімдер қабылдау процесіне барлығы қатысуға міндетті деп таниды.
Мәселен, демократия проблемасы орталық орын алатын Руссоның теориясында халықтың суверенитетін тек халықтың өзі ғана жүзеге асыра алады делінген. Тек шешімдер қабылдауға тікелей қатысу арқылы ғана азамат мемлекеттен бөлінбейді және оның бөлігі ретінде көрінеді. Классикалық теория басқарудың субъектісі мен объектісіне бөліну жағдайында мемлекеттен биліктен жаттану қаупін көре алуымен ұлы болды. Бірақ ол бір мезгілде утопия болады, себебі тікелей демократия өзінің қол-дануында шектеулі болады.
Классикалық теория бұл түрғыда саяси жүйелердің қалыптасу және дамуының шынайы практикасымен қайшылықта болады. Сондықтан да олар саяси өкілдіктер жүйесін дәйектеумен толықтырылған.
Демократияның классикалық теориясының келесі маңызды компоненті — бұл азаматтық құқыктардың басымдығы, биліктің конституционализм режимінде қызмет етуі. Д.Мэдисон көпшілік тираниясының алдын-алу жолдарын дамытады және дәйектейді. А.Токвиль жас американ демократиясында таза емес және жеккорінішті ереже — көпшілік өктемдігінің пайда болу қаупін аңғарады. Ол сондай-ақ мемлекет қызметінің сферасын шектеу жолын, яғни қысым көрсету топтарының, ассоциациялардың және жергілікті өзін-өзі басқарудың пайда болуының заңгерлер мен соттар беделін ашады.
Демократия институттар жүйесімен және тұтастай алғанда саяси жүйемен табыспайтын, ал саяси аспектімен қатар экономикалық, әлеуметтік, дүниетанымдық және т.б. аспектілерді қамтитын көпөлшемді құбылыс. Біреулер барлық «демократиялық кешенді» анықтайтын базалық белгі экономикалық және саяси жүйелердің бөлінуі деп есептесе, басқалары мұндай белгі деп экономикалық, ал үшіншілері - мәдени факторды есептейді.
Бізді әлбетте бірінші кезекте барлық «демократиялық кешен» контекстінде қарастыруға қажетті саяси аспект қызықтырады.
Халық таңдаған және халық үшін халық билігі ретіндегі демократияда зерттеушілер ғылыми позициядан және саяси бағдардан тәуелсіз оларсыз демократияның кезкелген түсінігі мағынасыз болатын бірқатар ережелерді бөліп көрсетеді. Бұл жалпы ережелер демократия принциптері деген атауға ие.
Принциптер демократияны көпөлшемді феномен ретінде сипаттайды және, тиісінше, отбасыдан бастап қоғамнан аяқтап кез-келген социумға деген қатынас бойынша күшке ие болады. Олар демократияны жалпыадамзаттық әлеуметтік, саяси және рухани құндылық ретінде, ерікті жәнс ашық қоғамның идеалды моделі ретінде сипаттайды.
Қазіргі демократияның негізіңде жатқан принциптер саяси ұйымдасқан қауымдастықтардың тарихи дамуының аясында пайда болып, қалыптасқан және қоғамның тарихи даму процесінде байытылған.
Демократияның принциптері қаңдай деген сұрақ туады. Ұғымның («халық билігі») этимологиясының өзі демократияның бірінші базалық принципі халық тәуелсіздігінің принципі болып табылатындығын көрсетеді. Ол халықтың демократиялық қоғамдағы биліктің субъектісі мен бастауы екендігін білдіреді. ҚР Конституциясында да солай жазылған: «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық» (3 бап, 1 тармақ). Халық билігі Конституция және мемлекеттің басқа да заңнамалық актілерінің негізінде жүзеге асырылады.
Халықтың суверенитетінің идеясы буржуазиялық революциялар дәуірінде қалыптасты және осы дәуірдегі монархтың ел билеу суверенитетінің қиратылуымен байланысты болды. Ол биліктің бір адамның немесе адамдар тобының қолына жинақталуына қарсы бағытталған.
Халық суверенитетінің принципі:
- халыққа конституцияда бекітілген мемлекеттік биліктің толықтығы жататындығын;
- халықтың өз өкілдерін белгілі бір мерзімге сайлау жолымен биліктің, өкілдік және басқа да органдарын қалыптастыратындығын;
- халықтың референдумдар мен плебесциттер арқылы зандарды жобалау мен қабылдауға тікелей қатысатындығын;
- халықтың құндылықтардың белгілі бір жүйесі негізінде биліктің легитимділігін қамтамасыз ететіндігін білдіреді.
Саяси практикада және саяси ғылымда халық суверенитетінің қаты-настары мен бағалары біртекті емес. Дәл сол сияқты бұл принциптің тіпті демократия дамыған елдерде де жүзеге асуының деңгейі (немесе дәрежесі) де әртүрлі.
Белгілі бір жағдайларда немесе мұндай болмаған жағдайда демократия деспотияға өзгереді. Д.Мэдисон тиранияны немесе көпшілік деспотизмін жою жолдарын дамытады және дәйектейді. АҚШ-ты құрушылардың бірі: «Халық тұрақсыз және өзгермелі, ол дұрыс пайымдар мен шешімдерді түсіне бермейді»2, — деген екен. Көрнекті саяси ойшыл Алексис де Токвиль өзінше мынадай түжырым айтады: ол жас американдық демократияның деспотияға, көпшілік өктемдігіне өзгеруін қарастырады.
Халық билігі принципі XX ғ. көрнекті орыс философы Н.А.Бердяев тарапынан да қатал сынға ұшырады. 1917 ж. қазанында жарияланған бүқара демократиясын жоққа шығара отырып, ол: «Халықтың билігі адамның билігі. Адамның билігі ешқандай шекті білмейді және адам бостандықтары мен қүқықтарына озбырлық жасайды», — деп жазды. «Тәуелсіз халық адамнан өз игілігіне қажет болатын нәрсенің бәрін алып қояды. Халықтың самодержавиесі ең қорқынышты самодержавие, өйткені онда адам тобырға тәуелді болады»3. Көрініп тұрғандай, ол демократия деспотияның ең жаман түрі деген Канттың ойын қолдап қана қоймай, оның неге осылай екенін түсіндіреді.
Біздің, заманымызда бұл идеяны К.Поппер дамытады. Ол халық суверенитеті қоғамдықты өктемдіктен құтқара алмайды деп есептейді. И.Кант идеяларымен келісе отырып, бір адамның деспотиясы (абсолюттік монархия), адамдар тобының деспотиясы (олигархия) және халық (демократия) деспотиясы бірдей қауіпті дейді. К.Поппер ешқандай адам, ешқандай топ, ешқандай тап суверенді болып танылуы, яғни билікті өздері ойлағандай қолдануы мүмкін емес деп әділін айтып отыр. Тура сол тәрізді халықтың билікке суверенитеті, осындай суверенитеттің абсолюттілігі тиранияға алып келеді дейді.
Әр дәуірдегі ойшылдардың демократияға теріс көзқараста болуы, біріншіден, демократияны көпшіліктің шексіз билігімен теңестірумен, яғни халық суверенитеті принципінің абсолютизациясымен байланысты. Екіншіден, мұндай теңестіру антикалық дүниенің де, қазіргі дүниенің де саяси практикасында орын алып отыр. Мұның неге алып келетіні бәрімізге мәлім. Дәл осы толық емес практикаға демократия қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың теріс формасы деп есептеуге бейім Аристотельдің ізін жалғастырушылар өз тұжырымдарында сүйенді. Бұл теоретиктер өтпелі кезеңнің барлық қасіреттері мен ауыртпалықтарын дәйексіз байланыстыратын бұқаралық сананың шегінен шыға алмай отыр.
Халық суверенитеті принциптері демократияның барлық кон-цепциялары мен теорияларында танылғанымен, оған демократияның коллективистік концепциясы ерекше назар аударады. Оларда халық билігі мемлекетті басқаруға халықтың тікелей қатысуы есебінде түсіндіріледі, сондықтан тікелей демократияны халық билігін жүзеге асырудың бірден-бір мүмкін формасы, халық суверенитеті принципін іске асыру ретінде қарастырады.
Халық суверенитсті принципімен көпшілік және өкілдік принципі тығыз және үздіксіз байланысты. Көпшіліктің мақұлдауы бойынша шешімдер қабылдау және оларды іске асыруда азшылықтың кепшілікке бағынуы — демократияның ең басты белгісі.
Алайда, азшылықтың көпшілікке бағынуы шексіз болмауы және адамның тіршілік әрекетінің барлық тараптарына таралмауы тиіс. Керісінше жағдайда демократия емес, деспотия орын алады. Ол бұқараның өтпелі көңіл-күйімен, кесірімен, назымен және өктемдігімен байланысты көпшіліктің абсолютті, ешкім және ешнәрсемен шектелмеген билігін білдіреді. Көпшіліктің деспотиясы, — деп жазады Эктон — бұл одан ешкім ешқайда жасырына алмайтын, ешқайда қашып құтыла алмайтын деспотия. Егер көпшілік билігі тұлғадан толықтай бағынуды талап етсе және оған толық көлемдегі бақылауды орнатуға ұмтылса. Онда тоталитаризм орын алады. XX ғасырдың қасіретті тәжірибесі — оның жарқын мысалы.
Демократия көпшіліктің билігін белгілі бір шеңберге кіргізеді, заңның, ең алдымен конституцияның көмегімен және биліктің бөлінуі арқылы оның өкілеттіктері мен функцияларын шектейді және сонымен бірге азшылық пен жеке тұлғалардың автономиясы мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда, азшылық, көпшілікке бағынатын және сонымен бірге азшьшықтың құқықтары мен бостандықтарын, оның жеке көзқарасы мен өз мүдделерін білдіруге құқығын құрметтейтін және кепілдік беретін жерде демократия болады. Поппер жазғандай: «Демократия көпшілік билігімен табыстыруға болмайды... Өйткені көпшілік тирандық методтармен басқаруы мүмкін, Демократияда басқарушы күштердің билігі шектелуі қажет»1. Бірақ басқа жағынан қарағанда, азшылық пен тұлғаның автономиясы мен бостандығынан көпшіліктің еркін білдіретін заңдар шеңберінде жүзеге асуы керек. ( К.Поппер. Открытое общество и его враги. А.,1992, 164 б.)
Әрине, көпшілік принципі өзінің өткірлігімен бір адамның (диктатордың) билігіне және жеке диктатураға, бір топтың (әлеуметтік, этникалык, діни және т.б.) билігіне қарсы бағытталған. Бірақ, бір жағынан бұл принципті демократияның бірден-бір критерийі ретінде қарауға болмайды. Дәл осы ойды Бердяев Н.А. өрбітеді. Ол большевизмды демократияны қарапайым санның — көпшілікгің, бұқараның — тұлғаға, тобырдың — адамға бөлінбейтін үстемдігі туралы мағлүматы үшін қатаң сынға алды. Өзінің «Теңсіздік философиясың атты еңбегінде: «Демократияның дерексіз идеясына адам мен халықтың қасиеттеріне деген үлкен жеккөрушілік жатыр... Сіздер көпшілік даусының шешімі үшін шындық пен ақикатты бергіңіз келе ме және оны жалпы сайлау құқығы арқылы өткізгіңіз келе ме... Бірақ үстемдік критерийлеріне және шындық пен ақикаттың жиынтығына қандай да бір қатынастың болуы мүмкін бе». (Бердяев

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет