Сборник материалов международной научно-практической конференции



бет12/16
Дата29.01.2018
өлшемі3,5 Mb.
#35988
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Литература

  1. Винокур Г.О., Культура языка, 5 изд., М., 2009

  2. Левковская К.А. Теория слова, принципы ее построения и аспекты изучения лексического материала: в кн. – М.: Высшая школа, 2008

  3. В.М.Лейчик. Терминоведение: предмет, методы, структура, 2009 – 255 с

  4. Н. М. Шанский. Лексикология современного русского языка, – М., 2004



ОӘЖ94(574)

Омарбаев Ы.Қ., ҚазБСҚА (ХБҚ) проф. ассистенті

ИманбаеваМ.М., АТУ оқытушысы

Дүйсенбаев Р.А., Шымкент Назарбаев Зияткерлік мектебіінің мұғалімі
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСУ ҮДЕРІСТЕРІНДЕГІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ

ТАРИХИ РӨЛІ
Мақалада Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың аймақтық қана емес, әлемдік саяси кеңістікте алатын орнына, сондай-ақ Елбасының Орталық Азия аймағындағы тәуелсіз мемлекеттердің арасындағы ынтымақтасу үдерістері бойынша шешуші қадамдарына жан-жақты баға беріліп, оның барыстары мен нәтижелеріне қысқаша тоқталған.

В статье рассматривается роль Президента Республики Казахстан, Лидера Нации Назарбаева Н.А. не только в региональном масштабе, но и в общемировом пространстве, а также даётся всесторонняя оценка роли Елбасы в процессе интеграции независимых государств Центральной Азии в плане их достижений и результатов.

The article discusses the role of the President of Kazakhstan, Leader of Nation N.A. Nazarbayev not only regionally, but also in global space. A comprehensive assessment of Elbasy’s role in integration process of independent states of Central Asia due to their achievements and results.



1991 жылғы КСРО мемлекетінің ыдырауы, Орталық Азия аймағындағы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қырғызстан елдерінің тәуелсіздікке қолжеткізуіне алып келді. Жаңа геосаяси ахуал мен жеке мүдделердің ортаға шығуы жас мемлекеттердің сыртқы қарым-қатынастарын түзуі мен оңтайластыруын талап етті. Орталық Азия елдері өздерінің географиялық орналасуы бойынша бір-бірімен жақын орналасқан және шекаралары басым ретте ортақ болып келеді. Қазақстан Республикасының өзі аталған елдердің үшеуімен (Тәжікстаннан басқа) шекараласады. Сондықтан да 1990-шы жылдардың басындағы аймақтық ынтымақтастық пен келісімдер шараларының негізгі денінде шекара мәселесін анықтау тәртібі тұрды. Бұл өте күрделі мәселелердің бірі болды. Жалпы, тәуелсіз елдің басты белгісі - заңды түрде белгіленген өз территориясы болуы. Бәрі де осыдан басталады. Демократиялық қағидаттар халықаралық қарым-қатынастарда орныға қоймаған өткен замандарда бір елдің бір елге басып кіруі, сол жерді өз иелігіне айналдыра салуы қалыпты жайға айналып кеткен. Есте жоқ ескі кезеңдерді қозғамай-ақ қояйық, бергі уақыттың өзінде шекаралас елдердің арасында жер үшін қаншама қанды қырқыс болғанын білеміз. Сондықтан да мен 1992 жылдың өзінде-ақ, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғаннан кейінгі Бас Ассамблеяның алғашқы сессиясында қалыптасқан шекараларды қайта қарауға шақырудың қандайлық зардаптары болуы мүмкін екенін Ұлт көшбасшысы атап өткен болатын.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халқы тығыз орналасқан аудандардың елдімекендеріндегі шекараны демаркациялау келісімдері ұтымды тәсілдер мен келісімдерді қажетке алды. Бұл тұрғыда жауапкершіліктің салмағын ұғынып, мемлекетаралық қарым-қатынастың басқа да қырларын байыпқа салып шешімдерге барған Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сарабдал саяси қадамдарын ерекше атап өту қажет.

«Ортақ экономикалық кеңістік» ұғымы қайдан пайда болды деген сұрақ туындауы мүмкін. 1998 жылдың қаңтар айында «төрттік» (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) мәжілісіне Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «қарапайым адамдарға деген 10 қадам» идеясын ұсынды және бұл идея төрт елдің үкіметтері тарапынан қолдау да тапты. Қазақстан тарапынан 1998 жылдың ақпан айында «Ортақ экономикалық кеңістік құру туралы шарт» жобасы ұсынылған болатын [1, 94 б.]. Интеграциялық комитет (бұл органға жұмыстың екінші бөлімінде тоқталамыз) бұл жобаны талдай келе 1998 жылдың маусым айында Шарттың мәтінін негізінен қолдай отырып «Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік (КО және ОЭК) туралы» Шарт ретінде мақұлдады. Мұндай шартты қабылдауға алып келген оқиғалар желісі былай сипатталады: 1993 жылың қыркүйек айында – «Экономикалық одақ туралы» Шартты және 1994 жылғы сәуірде «Еркін сауда аймағын құру туралы» Келісімді 12 мемлекет қабылдады. 1995 жылдың қаңтарында – «Кеден одағы туралы» Келісімді Беларусь, Ресей, сәл кейіннен Қазақстан қабылдады. Бірінші саты – еркін сауда аймағын құру болса, екінші саты – ортақ кеден территориясын құру болатын. 1996 жылдың наурыз айында – «Экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы» Шартты Беларусь, Қазақстан, Ресей қабылдап тауарлар, қызметтер, еңбек және капиталдың ортақ рыногын құруды басты мақсат ретінде алға қойды. 1998 жылдың аяғында Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік Шартына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты, ортақ экономикалық интеграцияны дамыту болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты өзара ықпалдастықтың, соның ішінде сауда-экономика, отын-энергетика, ғарыш салалары мен мәдени-гуманитарлық саладағы кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Ресей президенттері өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді де қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан президенті болып сайланғаннан кейін шетелге алғашқы ресми сапармен шығып отырғанын атап өтті.

1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесіне қабылданды. Сол жылдың 5 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының пленарлық жиналысында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бірінші сөз сөйлеуі болды, олжерде Президент Азиядағы Өзара қатынас пен сенім шаралары бойынша кеңес шақыру туралы тәуелсіз Қазақстанның бірінші халықаралық бастамасын ұсынды (ӨҚСШК) [2, 67 б.].

Сонымен қатар бүгінгі заманның «үш жамандығы» көбінесе аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің басқа ауыр қаупімен байланысты екенін атап өткен жөн, ол — есірткінің заңсыз айналымы. Осыған байланысты, 2004 жылдың 17 маусымында ШЫҰ шеңберінде есірткі заттардың, есуастандырғыш заттардың және олардың алғы нышандарының заңсыз айналымымен қарсы күрес бойынша ынтымақтастық туралы келісімнің қабылданғанын атап өткен жөн [3, 6 б.].

Осы келісімнің орындалуы мақсатында 2011 жылдың 14-15 маусымында Астанада өткізілген ШЫҰ мерейтойлық саммитінде 2011-2016 жылдарға арналған ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің Есірткіге қарсы стратегиясы және ШЫҰ кеңістігінде есірткі қаупіне қарсы күрес бойынша бірлесе жасалған шаралардың тиімділігін арттыруына септігін тигізетін Іс-әрекет бағдарламасы бекітілді [1, 46 б.]. Берілген құжаттарды қабылдағаннан басқа, Қазақстан АТҚҚ және Есірткі мен есуастандырғыш заттардың заңсыз айналымымен қарсы күрес бойынша Орта Азиялық ақпараттық үйлестіруші орталығы (ОААҮО) арасында Өзара түсіністік хаттамасына қол қоюға едәуір септігін тигізді, сонымен қоса ШЫҰ-ның Есірткі мен қылмысқа қарсы күрес бойынша БҰҰ (UNODC) Басқармасымен Өзара түсіністік меморандумының қабылдану бастамасын қолға алды. Сондай-ақ терроризммен, есірткі мен қарудың заңсыз айналымымен және трансұлтты қылмыстардың басқа да түрлерімен байланысты тұлғалардың кіріп кету каналдарын жабу мақсатында, Қазақстан ШЫҰ шеңберінде заңсыз көшіп-қонумен қарсы күресте ынтымақтастық туралы Келісімге қол қоюды ұсынды [4, 75 б.].

Сөйтіп, қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзілік саяси үдерістің толық құқылы авторы, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аймақтық көшбасшы және біріктіру үдерістері мен бірлестіктердің бастамашысы болып табылады. Орталық Азия мемлекеттерімен достастық және тату көршілік ынтымақтастықта өзара тиімді қарым-қатынастарды жүйелі және жоспарлы түрде дамыта отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев аймақтағы тұрақты және қауіпсіз бейбітшілікті құрудың сәулетшісі мен жақтаушысы болып табылады.


Әдебиет

1. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2011. – 448 б.

2. Абрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі. – Алматы: Атамұра, 2006. – 392 б. 

3. Назарбаев Н.Ә. Нұр Отанның дамуында жаңа белес басталды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтің «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. – № 21 – 18 қаңтар. – 2008. 

4. Мы строим новое государство. Очерк политической биографии Н. Назарбаева. Консультант А.Нысанбаев. – М. – 2000. – с. 82.

УДК372:8:811.161.1



Cадыканова С.Х., ассист. проф. КазГАСА (МОК)
СОВРЕМЕННЫЕ ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ
Данная статья посвящена возможностям реализации современных технологий в процессе преподавания, которые в нынешнее время имеют большое значение для обучаемых.

Осы мақала білім алушылар үшін маңызы зор оқыту үрдісінде қазіргі технологияларды іске асыру мүмкіндіктеріне арналған.

The article is devoted to the possibilities of realization of modern technology in teaching process which plays an important meaning for learners nowadays.
Современная педагогическая теория признает целесообразность внедрение мировых прогрессивных технологий в учебный процесс. Использование современных педагогических технологий в учебном процессе вуза создает совершенно новые возможности реализации дидактических принципов индивидуализации и дифференциации обучения, положительно влияет на развитие познавательной деятельности студентов, их творческой активности, сознательности, реализует условия перехода от обучения к самообразованию.

Исследования по теории педагогической технологии нашли отражение в работах российских ученых (В.П. Беспалько В.М. Монахов, О.Ф. Шаталов и др.), казахстанских (Ж.А. Караев, М.М. Жампеисова и др.), зарубежных (В. Блума, Б.Ф. Скиннера, Ю.А. Краудера и др.).

На занятиях возможны варианты использования не одной, а нескольких технологий, т.е. это может быть сочетание модульной технологии, уровневой дифференциации обучения, многоуровневые вопросы, планирование результатов обучения и т.д. При этом учитываются существующие и новые требования к содержанию занятий:

1.Развитие активной познавательной деятельности, стимулирующего у студентов формирования и применения приёмов мыслительной деятельности;

2.Структура содержания должна соответствовать процессу познания, определять структуру каждой темы, каждого раздела, курса;

3.Учет дидактических возможностей компьютерной техники;

4.Учет национальных и региональных особенностей обучаемых, закономерностей психологии, при этом национальные ценности должны оптимально сочетаться с общечеловеческими качествами;

5.Соответствие требованиям педагогической технологии.

Особый интерес вызывают занятия русского языка с применением компьютерных программ, с использованием мультимедийного проектора, мультимедийных, электронных учебников. Мультимедийные программы представляют информацию в различных формах и тем самым делают процесс обучения более эффективным.

Использование информационных моделей даёт возможность: самостоятельно разобрать материал, используя подсказки и текстовые справочники; расширить знания по справочникам; составить индивидуальную программу обучения для каждого ученика; проводить контроль учащихся; научить владеть эффективными готовыми программами, позволяющими решать очень разные задачи. Применение компьютерных технологий можно рассматривать как объяснительно-иллюстративный метод обучения, основным назначением которого является организация усвоения учащимися информации путем сообщения учебного материала и обеспечения его успешного восприятия, которое усиливается при подключении зрительной памяти.

В условиях гуманизации и демократизации образования основными формами обучения являются групповая и индивидуальная.

Фронтальная форма обучения используется преимущественно при ориентации, обсуждении и коррекции.

На первом же году обучения на занятиях по русскому языку студенческая группа делится на три подгруппы, каждую из которых ведет консультант. Консультант выбирается преподавателем после проведения тестирования и письменной работы. В течение учебного года он координирует работу своей группы. Преподаватель разрабатывает занятие на основе учебного модуля. Учебный модуль состоит из трех структурных частей: вводной, диалогической и итоговой. Каждый учебный модуль состоит из разного количества часов. Это зависит от часов, отведенных по учебной программе на тему, блок тем или раздел. Наиболее оптимальным является учебный модуль, состоящей из 7-12 часов (по технологии модульного обучения М.М. Жампеисовой). Особенностью учебного модуля является то, что на вводную и итоговую части при любом количестве часов отводится по 1-2 часа. Все оставшееся время отведено на диалогическую часть.

Вводная часть знакомит студентов со всей структурой учебного модуля, с его целями и задачами. Затем кратко объясняется учебный материал, рассчитанный на изучение в течение всех часов данного учебного модуля, с опорой на схемы, таблицы и т.п., то есть на знаковые символы.

Многократная проработка учебного материала на уровнях воспроизведения элементарных умений и навыков, переноса знаний производится на занятиях диалогической части. На каждом занятии каждый имеет возможность слушать, записывать, видеть, проговаривать.

Обязательным условием является обучение посредством ролевых игр и применения разнообразных активных форм (групповой, индивидуально-групповой, парной работы, диспута, дискуссии). Использование технологии критического мышления на занятиях включает в себя различные стратегии. Каждая из этих стратегий может быть использована на занятиях в течение всего занятия, или в какой-либо её части. Возможно использование нескольких стратегий на различных этапах, в зависимости от поставленной преподавателем цели. Основные стратегии критического мышления: мозговая атака, ключевые термины, слова, перемешанные события, графические органайзеры, свободное чтение, дискуссионная карта, многоуровневые вопросы по Блуму, направленное чтение, свободное письмо. Поскольку главная цель образования – формирование саморазвивающейся личности, студенты должны овладевать методами и приемами самостоятельной познавательной деятельности. Тестовая система контроля позволяет преподавателю объективно оценить полученные студентами знания, оживить урок, придать ему характер игры, викторины. Тестовая система может быть использована комплексно, в качестве итоговой проверки или выборочно.



Применение опорных таблиц в учебном процессе имеет несомненный положительный результат. Они создают дополнительные стимулы у обучаемых к качественному изучению предмета, преподавателей – к качественной работе. Опорные таблицы совершенствуют систему опроса, дают возможность охватить им всех студентов, повышают качество знаний, постоянно расширяя и углубляя их. При завершении изучения тем, при обобщении и систематизации изученного Таким образом, современную педагогическую технологию обучения характеризуют следующие позиции: технология разрабатывается под конкретный педагогический замысел, в основе ее лежит определенная методологическая, философская позиция автора; технологическая цепочка действий, операций выстраивается строго в соответствии с целевыми установками, имеющими форму конкретного ожидаемого результата; функционирование технологии предусматривает взаимосвязанную деятельность преподавателя и обучающихся на договорной основе с учетом принципов индивидуализации и дифференциации, оптимальную реализацию человеческих и технических возможностей, использование диалога, общения; поэтапное планирование и последовательное воплощение элементов педагогической технологии должны быть, с одной стороны, воспроизведены любым преподавателем и, с другой, гарантировать достижение планируемых результатов всеми обучающимися; органической частью педагогической технологии являются диагностические процедуры, содержащие критерии, показатели и инструментарий измерения результатов деятельности. 
Литература

1. Жампеисова М.М. Модульная технология обучения как средство развития. – А. – 2002.

2. Караев Ж.А. Педагогическая технология обучения. – А. – 1999.

3. Монахов В.М. Технологическая карта – паспорт проектируемого учебного процесса. – Новокузнецк. – 1997.

4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М. – 1989.

5. Халперн Д. Психология критического мышления. – 2004.

6. Якиманская И.С. Развивающее обучение. – М. – 2008.

7. Селевко Т.В. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 2008.

УДК37.044(574)

Сейдуллаева Г.А., ф.ғ.к., ҚазБСҚА (ХБК) ассоц. профессоры
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ РУХАНИ

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ТІРЕГІ
Мақалада Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясында көрсетілген жеті құндылық негізінде жаөспірімдердің бойында патриоттық сезімді дамыту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мәселелері сөз болады.

В статье рассматривается сущность процесса патриотического воспитания, формирования национального самосознания, гражданственности у студентов колледжей в контексте национальной идеи «Мәңгілік Ел».

The essence of process of patriotic upbringins, formation of national self-awareness and students’ citizenship in the framework of national idea «Eternal Nation» is shawn in the article.
«Басты мақсатымыз-Қазақстанның Тәуелсіздігін,

егемендігін баянды ету, оны ұрпақтарға жеткізу, мемлекетті нығайту»

Н. Назарбаев.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға терең мән берілген. Атап айтқанда, еліміздің білім саласын дамытуға бағытталған бұл маңызды мемлекеттік құжатта: «Жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру жастарды қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқарады. Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарындағы тәрбие процесіне «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары енгізіледі» делінген [1].

Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде оқитын жасөспірім студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысы – олардың бойында жоғары азаматтық, рухани-моралдық, психологиялық қасиеттердің дамытуға және дене дайындығын, мінез-құлық, жүріс-тұрыс және іс-әрекет әдеттерін қалыптастыру мақсатына бағытталған жүйелі үдеріс. Қазіргі жаһандану заманындағы қоғамға білімі терең кәсіби маман ғана емес, сонымен бірге жоғары мәдениетті, бойында адамгершілік-рухани құндылықтар қалыптасқан, жан-жақты тәрбиелі, азаматтық ұстанымы белсенді, жауапкершілігі мол тұлға керек. Сондықтан тәрбие жұмысы білім берудегі ең маңызды басымдық ретінде айқындалады, ал азаматтық жауапкершілік, құқықтық сана-сезім, руханилық пен мәдениет, бастамашылдық, дербестілік, толеранттылық, әлеуметтену қабілеттіліктерін қалыптастыру тәрбие жұмысының маңызды міндеттері болып қарастырылады.

Колледждердегі студенттік кезең – белгілі бір кемелге толысқан тұлғалық жас кезеңі, бұл шақта ол өзінің болашағы мен іс-әрекетінің маңызын түсінуге тырысады, үлкен адам өмірінде тұрақты болып жататын үдерістерді енді өз басынан дербес өткізе бастайды, жауапкершілігі арта түседі. Бірақ мектеп қабырғасынан, отбасынан бөлініп жаңа келген жас адам өз өміріндегі мұндай жедел өтетін іс-әрекеттерге толыққанды дайын бола бермейді. Сонымен бірге олардың тұлғалық қасиеттері енді ғана айқындала бастайды және үнемі даму үстінде болады.

Сондықтан колледждерде білім алушылардың өз өмір жолына дұрыс бағдарлануында, оның бойында патриоттық сезімнің толыққанды қалыптасуында тәрбие жұмысын ұйымдастыратын құрылымдық бөлімшелер мен эдвайзерлердің (кураторлардың) орны ерекше екенін атап көрсеткен жөн. Эдавйзердің ұтымды ұйымдастырылған жұмысы танымдық, отбасылық, рухани-мәдени, қоғамдық-саяси салаларда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті маман дайындауға тікелей ықпал етеді. Тәрбие сол себепті аудиториядан тыс ұйымдастырылатын жұмыс қана емес, ол оқу үдерісінің құрамдас бөлігі саналып, жоспарлы түрде жүйелі жүргізіледі. Колледждердегі тәрбиенің ерекшелігі де сол – таңдаған мамандығына кәсіби дайындау арқылы жасөспірімдердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде болашақ маманның тұлғасын қалыптастыру.

Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру осыған қол жеткізудің басты құралы болып табылады. «Мәңгілік Ел» – Қазақ елін дамытуға бағытталған құндылықтардың негізі және мақсатқа жетудің басты жолы. Елбасы Н. Назарбаев осы құндылықтарды өскелең ұрпақ бойында қалыптастыру арқылы еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек ететін, азаматтық ұстанымы белсенді, жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі кең, елін сүйетін тұлғаны тәрбиелеуге басты назар аударып отыр. Елбасы өз Жолдауында «Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп атап өтті [2].

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпы ұлттық құндылықтар болып табылады. Олар: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана,қоғамымыздағы Ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам және жоғары руханият, индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу, жалпыға бірдей еңбек қоғамы, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы, ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы. Бұл рухани құндылықтар қоғамның рухани өмірінің бір бөлігі ретінде жас ұрпақ бойында жаңа қазақстандық патриотизм тәрбиесін сіңіруге негізделген.

ҚазБСҚА колледжінде «Мәңгілік Ел» идеясының мемлекет біріктіруші идеяларын насихаттау және оны білім алушы жастар бойында қалыптастыру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазіргі жаһандану заманында кез келген қоғамның белсенді әрі әлеуетті буыны болып табылатын студенттердің білім мен тәрбиенің сабақтастығы арқылы бәсекеге қабілеттілігін ұлттық болмыспен қатар тәрбиелеу жұмысы аса маңызды. Колледжде студенттерді әлеуметтендіру, өзін-өзін жүзеге асыруға ықпал ету, оларды тың бастамаларға қанаттандыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Оқу орнында білім алушы студенттер республикалық, қалалық деңгейдегі түрлі іс-шараларға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінуде.

Студент жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, олардың өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету, рухани тәрбие беруді жетілдіру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында колледжде «Жас сәулетші», «Пішу және тігу», «Жас кәсіптік шебер» сияқты түрлі үйірмелер мен клубтар құрылған. Ал колледжде білім алатын белсенді, көшбасшы студенттердің басын қосқан жастар комитеті олардың бос уақытын ұйымдастыруға, қоғамдық белсенділігін арттыруға, студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өздік, қоғамдық қызметінің ерекше үлгісі болып табылады.

Топ эдвайзерлерінің тәрбиелеу үдерісіндегі орны да маңызды. Олардың жетекшілігімен жастарға патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыруда: «Студент қатарына қабылдау», «Тұңғыш Президент күні», «Тәуелсіздік күні», «Күзгі бал», «Мемлекеттік рәміздер күні» және тағы басқа саяхаттар, тақырыптық кештер, дөңгелек үстел, іскерлік, рөлдік ойындар, конференциялар, олимпиадалар, кездесулер, фестивальдер, викториналар, тренингтер, көрмелер, конкурстар, интеллектуалды ойындар және т.б тұрақты түрде өткізіліп отырылады. Мұндай іс-шаралар егемен еліміз үшін айтулы даталар Қазақстан Республикасының 25 жылдығы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығына да арналып өткізілуде.



ҚазБСҚА колледжінде алдағы уақытта да студенттер бойына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын сіңіру және оларды қоғамдық қызметке, патриотизмді дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікке, салауатты өмір салтын насихаттауға, өзін-өзі басқаруды дамытуға бағыттайтын жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет