Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет16/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221
саусақ жаттығулары, Қимылды ойындар 1 кіші топ
қойылым 
ретінде 
көрсетсе, (суретте 
«Мақта қыз бен 
мысық» ертегісінің 
желісімен)
бала 
жадында 
көбірек 
сақталады деп білемін. 
 
Сонымен қатар балаларды да көріністерге дайындап, түрлі әдіс-
тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек. Мысалы, балаға «Қарға мен түлкі» 
әңгімесіндегі түлкі сөзін жаттап, киініп келуге тапсырма берілсе, бала түлкі 
болуды қызық көріп киініп, сөзін жаттап келуге тырысады. Алайда балаға 
түлкі әрекетінің дұрыс еместігін тәрбиеші нақты түсіндіре білуі қажет. Осылай 
жақсы мен жаманды ажырату қарапайым дүниелерден басталады.
«Әке мен бала» әңгімесінде еңбекқорлық баяндалады. Яғни 
еңбектенсең, адал нан тауып жей алатыны айтылған. Ы. Алтынсарин қарап 
отырсақ, қарапайым сөздер арқылы бір шығармасы мен үлкен мәселені қозғап, 
шешімін көрсетіп кеткен.
Сондай-ақ, бұл өмірдегі теңдесі жоқ асыл адам – анаға деген құрметті 
«Бұл кім?» өлеңі арқылы бала санасына жеткізуге болады. Жастайынан ана 
қадірін, қасиетін түсініп өскен бала қазіргі қоғамда болып жатқан ата-анасын 
қарттар үйіне өткізетін қатігездікке бармайды деген ойдамыз. Бұл өмірдегі 
кез-келген нәрсе алдымен анасын жақсы көріп, құрметтеуден бастау алады. Ал 
анасын сыйлай алмайтын тұлғадан келешекте «Елім!» дейтін азамат не 
азаматша шығуы екіталай.
...Айдынды көлдей шалқытқан
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей, 


23 
Иісін жұпар аңқытқан, демекші, осы 
өлең арқылы баланы анасын сыйлауға, 
қадірін білуге, тілін алуға тәрбиелеуге 
болады. 
Ыбырайдың көптеген өлеңдері бала 
тәрбиесіне бағытталған. Көп өлеңдерінің 
бірі – бала бойында әдемілікке деген 
сүйіспеншілікті оятып, табиғатты аялауға 
шақырады.
Тасыса су бармаған сай қалмайды
Тасыған өзен судың қуатымен 
Көк шығып шөп бітпеген жай 
қалмайды, - дегендей, «
Өзен
» өлеңін 
балаларға оқи отырып, өзеннің суретін 
салдырып, өзенді теледидардан немесе 
ғаламтор желісінен қарап, аққан ағысын 
естуді 
тапсыру 
арқылы 
баланы
ізденімпаздыққа, жанының эстетикалық 
тәрбиемен ұштасуын қалыптастыра аламыз.
Қорытындылай келе, педагогтер үшін басты мәселе, басты жеңіс – 
алдымызға келген әр баланың болашағының жарқын болуы! Өйткені еліміздің 
ертеңі өсіп келе жатқан бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жемісті қалай егіп, 
қалай баптасаң, солай жеміс беретіні тәрізді. Білім мен тәрбие әуел бастан 
қатар жүрсе, баланың болашағы ашық болары анық. «Қисық ағашты жөндей 
алмайсың» дегендей, баланы да өсіп кеткен соң қыңыр мінезін түзете 
алмайсың. Сондықтан да ұлы ұстаздың шығармасы арқылы ұрпағымызды 
көркем мінезділікке тәрбиелейік! «Ортаңа біліміңмен емес, мінезіңмен 
сиясың» дегендей алдымен кез-келген тұлғада көркем мінез болуы керек. Осы 
тұрғыда Ы. Алтынсариннің жоғарыда аталған педагогикалық шығармалары 
баланың жеке тұлғасының дұрыс қалыптасуына зор әсерін тигізеді. Ендеше, 
Ыбырайдың педагогикалық идеялары бала әлемінде шамшырақ болса, 
білімнің алғашқы баспалдағы – мектепке дейінгі ұйымда оқыту мен тәрбие 
құралы болмақ. Сол себепті өшпес даналардың мұрасын шебер және ұтымды 
пайдалана білу – бүгінгі таңда әр педагогтің асыл мұраты. 
Әдебиеттер: 
1.
«Қазақ хрестоматиясы», 2-басылымы, Алматы «Білім» 2007 8б.,22б.,
2.
Ыбырай Алтынсарин, Өлеңдер жинағы, аудиокітабы //kitap.kz/audio-
book/bota-olender12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет