Сценарийі. №1-ашық тапсырма. №1-ашық тест «Сүттің тағамдық құндылығы: оның шексіз пайдасы»



бет10/11
Дата26.01.2022
өлшемі137,88 Kb.
#114982
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ресурс 3.1.Ашық тапсырмалар PISA-2018

Тапсырма номері

CR557Q13

Когнитивті процесс

қарама- қайшылықтарды анықтау және жою

Жауаптар формасы

қарапайым көптік таңдау (компьютермен автоматты түрде тексеріледі)

Деңгейі

2




PISA-2018

Сиыр сүті 9/9-шы сұрақ

Денсаулық туралы мақалалар

Сол жақта берілген «Сиыр сүтіне

«Жоқ!» деңіз» мәтіннің ақпараттын пайдаланыңыз. Сұрақтың жауабы ретінде дұрыс жауап нұсқасын белгілеңіз.

Анна мен Кристофер және Сэм екі мәтінді талқылап жатыр.
Кристофер:Кофехана қожайыны не десе о десін, ал өз басым күнделікті сүт ішуден бас тарпаймын.Ол шынымен мен үшін пайдалы.

Аня: Ал мен, сүттің пайдасы шамалы болғандықтан енді оны аз ішетін боламын.
Сэм: Мен білмей тұрмын.Менің ойымша қорытынды жасамас бұрын бізге әлі осы мәселе бойынша көбірек білу керек сияқты.
Кіммен келісесіз?


  • Кристофермен

  • Аннамен

  • Сэммен

Жауабыңызды түсіндіріңіз.Екі мәтіннің біріндегі ақпаратты пайдаланыңыз.



«Сиыр сүтіне «Жоқ!» деңіз»

Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі репортер,



доктор Р. Гарза Сиыр сүті Америка Құрама Штаттарында көптеген адамдардың өмірінде үлкен рөл атқарады. Сәбилер бөтелкемен сүт ішеді. Балалар сүт қосып жүгері қауызын жейді. Тіпті ересектердің өзі ара тұра бір стақан салқын сүт ішіп отырады. Иә, сиыр сүті бүкіл әлемде адамдардың тамақтануында маңызды орын алады . Алайда, танымал американдық жарнамалық слоганда айтылғандай көптеген зерттеулер сиыр сүті " адам ағзасына еш бір жақсылық әкелмейтін де шығар» деген ойда. АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі, сүт өнімдері жөніндегі Америка кеңесі, сүт өнімдері қоғамдастығы және басқа да ұйымдар көп жылдар бойы сүтті пайдалануды насихаттау үшін тынымсыз еңбек етті . Олар ересек адамдарды күніне кем дегенде үш стакан сүт ішуге шақырады. Алайда соңғы он жылда жүргізілген кейбір зерттеулер сүттің сүйектерді нығайту қабілетіне, сондай-ақ сүттің пайдасы туралы басқа да мәлімдемелерге күмән келтірді . Зерттеу нәтижелері сізді таң қалдырады . 2014 жылдың қазан айында "Британдық медициналық журнал" (British Medical Journal) журналында сиыр сүтін ішудің әсері туралы ең заманауи және маңызды зерттеулердің бірі жарияланды. Бұл зерттеудің нәтижелері сүтті пайдалану туралы бірқатар қорытынды жасауға мүмкіндік берді . Осы зерттеу аясында Швецияда 100 000-нан астам адам 20-30 жыл бойы бақылауда болды. Зерттеушілер сүт ішетін әйелдер жиі сүйек сынуынан зардап шегетінін ашты. Бұдан басқа, сүт ішкен ерлер мен әйелдер жүрек пен қан тамырлары және рак ауруларына осал келеді екен. Бұл таңқаларлық нәтижелер басқа зерттеулердің нәтижелеріне ұқсас. Медицина бойынша жауапты дәрігерлер комитеті (PCRM-the Physicians Committee for Responsible Medicine) сүтті тұтынумен байланысты денсаулық мәселелері туралы өз пікірін білдірді. Комитеттің айтуынша, сүт және сүт өнімдері "сүйекке не аз ғана пайда әкеледі немесе оның мүлдем еш пайдасы жоқ". Медицина бойынша жауапты дәрігерлер комитеті (PCRM) әрі қарай, сүтті пайдалануға байланысты нақты мәселелерді сипаттайды:

"Сүт өнімдеріндегі сүт протеиндері, сүт қанты, майлар мен қаныққан майлар балаларға қауіп төндіреді және семіздіктің беталуына, қант диабеті мен жүрек ауруларының пайда болуына ықпал етеді ". Бұл маңызды мәлімдеме. Оларды растау үшін қосымша зерттеулер қажет. Дегенмен, сүт ішу біздің ағзамызға бұрын айтылғанна гөрі пайдасы аз екенін дәлелдейді. Егер бұл айтылғандардың бәрі даусыз фактілер болса,

онда сиыр сүтіне "жоқ" дейтін уақыт келді.


Бұл тапсырмада оқушы нұсқаулықта берәлген үш пікірді оқиды.Оқушылардың бірі сүт ішуден бас тартпайтыны туралы, екіншісі аз мөлшерде ішетіні туралы, ал үшіншісі қорытынды жасамас бұрын осы мәселе бойынша әлі де көбірек ақпарат қажет екені туралы айтады. Оқушы

ұсынылған үш пікірдің кез келгенін таңдай алады, бірақ ол кем дегенде бір мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып , таңдау себебін түсіндіруі қажет. Төменде осы тапсырманы бағалау үшін және оқушы үш нұсқаның әрқайсысы үшін өз таңдауын дәлелдей алатын қолайлы тәсілдер көрсетілген нұсқаулық берілген.

Бұл тапсырма негізінен қарама- қайшылықты анықтауға емес, оны жоюға бағытталған. Ұсынылған пікірлердің бірімен келісе отырып және жауапты дәлелдеу үшін веб-парақшасын немесе веб-парақшаларын пайдалана отырып, оқушы екі веб-парақшасындағы ұсынылған ақпарат арасындағы қарама-қайшылықты шешу жолдарын қалай анықтай алатынын көрсетеді.




Тапсырма номері

CR557Q14

Когнитивті процесс

қарама- қайшылықтарды анықтау және жою

Жауаптар формасы

Толық жауапты талап етеді ( эксперттік тексеру)

Деңгейі

3





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет