Сценарийі. №1-ашық тапсырма. №1-ашық тест «Сүттің тағамдық құндылығы: оның шексіз пайдасы»



бет1/11
Дата26.01.2022
өлшемі137,88 Kb.
#114982
түріСценарий
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ресурс 3.1.Ашық тапсырмалар PISA-2018


PISA-2018 халықаралық зерттеуінің ашық тапсырмалары (оқу сауаттылығы)
МАЗМҰНЫ

БӨЛІМ СЦЕНАРИЙІ. 2

№1-АШЫҚ ТАПСЫРМА. 3

№1-ашық тест «Сүттің тағамдық құндылығы:оның шексіз пайдасы». 4

№2-АШЫҚ ТАПСЫРМА. 5

СЦЕНАРИЙДІҢ (ЖАҒДАЯТТЫҢ) ӨЗГЕРУІ… 6

№3-АШЫҚ ТАПСЫРМА. 7

№2-ашық тест «Сиыр сүтіне «Жоқ!» деңіз ». 8

№4-АШЫҚ ТАПСЫРМА. 9

№5-АШЫҚ ТАПСЫРМА. 10

№6-АШЫҚ ТАПСЫРМА. 12

№7-АШЫҚ ТАПСЫРМА. 13


БӨЛІМ СЦЕНАРИЙІ

Бұл бөлімнің сценарийінде Америка Құрама Штаттарында үш оқушы кофеханадағы хабарландырумен танысады. Хабарландыруда кофеханада енді сиыр сүті сатылмайтыны туралы, оның орнына соя алмастырғышы қолданыста болатыны туралы айтылған.Бұл оқушылар үшін өте қызық болып, олар телефон арқылы ғаламтор желісінен сиыр сүті туралы ақпаратты іздей бастайды, нәтижесін талқылайды. Бұл жағдаят жеке тұлғалық, өйткені онда (кофехана ішінде) үш адам мәтінді оқи отырып өздерінің жеке қызығушылықтарын қанағаттандырады.

Бөлімдегі мәтін екі веб-парақшасынан тұрады. Бірініші веб-парақша «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері». Бұл фирма сиыр сүтімен қоса басқа да сүт өнімдерін ұсынады.

Екінші веб-парақша денсаулық сақтау сайтынан алынған «Сиыр сүтіне «Жоқ!» деңіз» мақала. Әуелі оқушы тек «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» веб-парақшасын көреді.Ол осы веб парақшасының мазмұнына қатысты бірнеше сұрақтарға жауап беруі қажет. Содан кейін шарт өзгереді. Оқушы екінші веб-парақшасына рұқсат алады. Екінші веб-парақшасындағы ақпаратты оқып шығып, оқушы тек осы екінші веб-парақшасының мазмұнын қамтитын бірнеше сұрақтарға жауап беруі тиіс. Содан соң, оқушы екі веб-парақшасында берілген ақпаратты

жинақтап, қорытындылауы қажет ететін сұрақтауға жауап беруі керек.

Мұндай модель оқу сауаттылығын бағалау үшін әзірленген бірнеше мәтінді блокттарында қолданылған. Бұл модель бекерден бекер таңдалмаған.Ол оқушыға алдымен сұрақтарғажауап бере алу дағдысын, содан кейін барып әртүрлі мәтіндердегі ақпаратпен жұмыс істей алу қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мәтін құрылымының маңызды ерекшелігі, өйткені бір мәтінде ұсынылған ақпаратты сәтті игеретін және тіпті бір мәтіннен алынған ақпаратты жинақтай алатын оқырмандар бар, алайда бірнеше мәтіннен алынған ақпаратты жинақтауды сұраған кезде оларда қиындықтар туындайды. Осылайша, мұндай модель оқу сауаттылығы әртүрлі деңгейдегі

оқушыларға осы бөлімнің жеке тапсырмаларын орындау кезінде өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.

"Сиыр сүті" бөлімі күрделілігі орташа бөлім ретінде әзірленген. Бұл екі веб-парақша жеке мәтінмен салыстырғанда бөлім ішінде жұмыс істеу үшін көлемі анағұрлым көп ақпарат береді. Сонымен қатар, екі веб-парақша мәтіндері арасындағы байланысты оқушылар ескеруі тиіс. Олардан осы мәтіндер бірін-бірі растайтынын немесе ұстанымдарымен ерекшеленетінін түсінуді талап ету қажет. Материалмен және бөлім арасындағы осындай когнитивті өзара байланыс тұтастай алынғанда бір мәтін арқылы барлық ақпаратты ұсынатын бөлімге қарағанда көп күш- жігерді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет