Сценарийі. №1-ашық тапсырма. №1-ашық тест «Сүттің тағамдық құндылығы: оның шексіз пайдасы»



бет4/11
Дата26.01.2022
өлшемі137,88 Kb.
#114982
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ресурс 3.1.Ашық тапсырмалар PISA-2018

Тапсырма номері

CR557Q03

Когнитивті процесс

Тура мағынаны анықтау

Жауаптар формасы

Қарапайым көптік таңдау (компьютермен автоматты

түрде тексеріледі)



Деңгейі


№2-АШЫҚ ТАПСЫРМА




PISA-2018

Сиыр сүті 2/9-шы сұрақ

«Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері»

Біз туралы Тағамдар Тамақтану

Сол жақта берілген «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» мәтіннің ақпараттын

пайдаланыңыз. Сұрақтың жауабы ретінде дұрыс жауап нұсқасын белгілеңіз.


Мәтіннің негізгі мақсаты не?


  • Сүт өнімдері салмақ тастауға ықпал ететінін хабарлау.




  • "Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері" сауда маркасының сүт өнімдерін басқа маркалармен салыстыру үшін.




  • Адамдарды жүрек ауруларымен

байланысты қауіп-

қатерлер туралы хабардар ету.




  • "Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері" сауда маркасының өнімдерін тұтынуды қолдау.

«Сүттің тағамдық құндылығы:оның шексіз пайдасы» "Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері" сауда маркасының сүт өнімдерінде негізгі қоректік заттар: кальций, протеиндер, D витамині, B12 витамині , рибофлавин және калий бар. Бұл витаминдер мен минералдар "Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері" сауда маркасының сүт өнімдерін дұрыс тамақтанудың маңызды құрамдас бөлігіне айналдырады. "Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері" сауда маркасының сүт өнімдерін күнделікті қолдану - бұл ағзаны барлық қажетті дәрумендермен және минералдармен қамтамасыз етудің тамаша тәсілі. "Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері" сауда маркасының сүт өнімдерін күнделікті рационға енгізу салмақ тастауға ықпал етеді және дененің таза әрі салаутты массасын сақтауға көмектеседі. Сүт сүйекті қатайтады және оның мықтылығын арттырады. Ол тіпті жүрек пен қантамыр жүйесін нығайтады және қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі. Бір стақан сүт витаминдер мен минералдарға толы және денсаулық үшін көп пайда әкеледі. Медицина ғылымдарының докторы, Ирвайндағы Калифорния университетінің клиникалық педиатрия профессоры Билл Сирстың пікірінше сүт құрамында көптеген маңызды қоректік заттар бар . Халықаралық сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы (IDFA) бұл пікірді қолдайды. Оның үстіне, сүт өнімдерін өндірушілердің халықаралық қауымдастығы (IDFA) Денсаулық сақтау саласындағы көптеген мамандар мен ұйымдар да осы пікірмен келіседі деген ойда. Сүт ең маңызды деген он қоректік заттардың толық жиынтығын қамтиды. Сүт-кальций мен D витаминінің керемет көзі ғана емес, сонымен қатар оның құрамында А витамині, протеин және калий көп. Дәрігерлер сүт өнімдерін пайдалануды ұсынады. Салауатты тамақтанудағы сүт өнімдерінің рөлін салауатты тамақтану жөніндегі қауымдастықтар мен ғылыми қауымдастықтар бұрыннан бері мойындаған.

Бұл пікірді остеопороздың Ұлттық қоры, АҚШ-тың бас хирургі, ұлттық денсаулық сақтау институттары, ғылыми мәселелер жөніндегі Америка медициналық қауымдастығының кеңесі және денсаулық сақтау саласындағы басқа да көптеген жетекші ұйымдар сияқты ұйымдарды қолдайды.


Сүт өнімдерін өндірушілердің халықаралық қоғамдастығы, 2007 жылдың 27-ші қыркүйегі

Бұл тапсырмада оқушы веб-парақшасының негізгі мақсатын анықтау керек. Бұл тапсырмада оқушының негізгі идеяны анықтауды сұрамайтынына назар аударыңыз. Оның орнына оқушы веб-парақшасының жалпы мағынасын түсінуі керек, содан кейін оны неге жариялағанын және оның қалай жазылғанын талдауы керек. Оқушы мәтіннің мазмұны мен формасына көңіл бөліп ойлануы керек. Мұнда дұрыс жауап (D) «"Нарықтағы

фермерлік сүт өнімдері" сауда маркасының өнімдерін тұтынуды қолдау».


Тапсырма номері

CR557Q03

Когнитивті процесс

Тура мағынаны анықтау

Жауаптар формасы

Қарапайым көптік таңдау (компьютермен автоматты түрде тексеріледі)

Деңгейі



СЦЕНАРИЙДІҢ ӨЗГЕРУІ (ЖАҒДАЯТТЫҢ)



Бұл кезеңде оқушы ұсынылған жағдаятта (сценарийде) болған өзгерістер туралы, атап айтқанда, үш оқушының бірі (Кристофер) сиыр сүті туралы басқа мақаланы тауып, достарымен бөлісетіні туралы оқиды. Мақала «Сиыр сүтіне «Жоқ!» деңіз» деп аталады. Атауының өзі айтып тұрғандай бұл мақалада сиыр сүті туралы жағымды ақпарат болмауы мүмкін екенін көрсетеді. Скриншотта мақаланың толық мәтіні ұсынылғанына назар аударыңыз. Мәтіннің толық нұсқасы осы мақаланың мақсаттарына қол жеткізу үшін ұсынылған. Тапсырманы компьютерлік форматта орындау барысында оқушыға толық мәтінді көру үшін айналдыру жолағын пайдалану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет