Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат СӨЖ 30 сағат



бет3/6
Дата22.08.2017
өлшемі1 Mb.
#23799
түріСеминар
1   2   3   4   5   6

15 апта

29 кредит сағат

15 дәріс



Тақырып: Жануарлар үйірлерінің өсімдік индикаторлары

Дәріс мазмұны: Мазмұны: Өсімдік жануарлар үшін азық көзі т.б. Өсімдіктер мен жануарлардың биоценоздағы б.б. әсері негізінде зооценоз индикаторлапры анықталады.

ОЖСӨЖ мазмұны: Өсімдік индикаторларын экстраполяциялау әдісі

СӨЖ мазмұны: Тіршілік формаларының төрт түрі
30 кредит сағат

15 семинар



Тақырып: Жануарлар үйірлерінің өсімдік индикаторлары

Мазмұны: 1. зооценоздағы өсімдік индикаторлары

2.Жұп тұяқтылар отряды

3.Жыртқыштар отряды

4.Кеміргіштер отряды

5.Балықтар класы



ОЖСӨЖ мазмұны: Өсімдіктің экологиялық типтері

СӨЖ мазмұны: Тіршілік формаларының төрт түрі

Әдебиеттер:

  1. Марков М.В. «Общая геоботаника». М., 1962ж

  2. Воронов А.Г. «Геоботаника». М., 1963ж

  3. Викторов С.В., Востокова Е.А., Вышивкин Д.Д. «Введение в индификационную геоботанику» М.,1962

  4. Алехин В.В. и др. «География растений с основами ботаники» М., 1957ж

  5. Виноградов Б.В., «Растительные индикаторы и их использование при изучении природных ресурсов» М., 1964

  6. Ярошенко П.Д. «Геоботаника» М., 1978

  7. Работнов Т.А. «Геоботаника» М., 1978

  8. Быков Б.а. «Геоботаника» А.А. 1957г..1978г


2.5 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер


  1. Марков М.В. «Общая геоботаника». М., 1962ж

  2. Воронов А.Г. «Геоботаника». М., 1963ж

  3. Викторов С.В., Востокова Е.А., Вышивкин Д.Д. «Введение в индификационную геоботанику» М.,1962

  4. Алехин В.В. и др. «География растений с основами ботаники» М., 1957ж

  5. Виноградов Б.В., «Растительные индикаторы и их использование при изучении природных ресурсов» М., 1964

  6. Ярошенко П.Д. «Геоботаника» М., 1978

  7. Работнов Т.А. «Геоботаника» М., 1978

  8. Быков Б.А. «Геоботаника» А.А. 1957г..1978г



3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Үй тапсырмасы

Тақырыбы: Биогеохимиялық циклдар. Мақсаты: Биогеохимиялық циклдар моделiн құрастыру. 1.Химиялық элементтердiң айналымы. 2.Биосферадағы зат айналымының маңызы.

Бродский.А.К.

Жалпы экологияның қысқаша курсы

1 - 7апта

7 – 15 апта

Бір жұмыс

1(15) % бағаланады

Семинарда баяндау

2

Бақылау жұмысы


Мақсаты: оқыған материалдарын тексеру

Бейсенова.А.

Ж. Акбасова.

Сағымбаев.Ғ.

экология


6, 14 апта

Бiр жұмыс 4(8) % бағаланады


Жазба жұмысын тексеру

3

Реферат

Мақсаты: Әдебиеттермен жұмыс жасап үйрену

Әдебиеттер

5-11 апта

3 (6)%

Жазбаша

4

Глоссарий құрау

1.Экологиялық факторлар. 2.Табиғат ресурстары.3.ҚР халықаралық ынтымақтастық

Бейсенова.А.

Ж.Акбасова.

Сағымбаев.Ғ.

экология

7,15 апта

2 (4)%

Жазбаша

5

Тест, бақылау сұрақтарын құрастыру

1.Экологиялық факторлар. 2.Табиғат ресурстары.3.ҚР халықаралық ынтымақтастық

Бейсенова.А.

Ж.Акбасова.

Сағымбаев.Ғ.

экология

6,14 апта

3 (6)%

Жазбаша

6

Жеке тапсырма

Табиғи орта. Абиоталық, биоталық факторлар.

Бейсенова.А.СШiлдебаев.Ж.Б.

Экология,Алматы Ғылым 2001

4,13 апта

3 (6)%

Жазбаша

7

Аралық микро

емтихан

Материалды қайталау

Сағымбаев.Ғ.К.

Экология негiздерi

Алматы 1995

7-15 апта

6 (12)%

Ауызша

8

Емтихан

Бiлiмдi тексеру




15 апта

40% дейiн

Тест


4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра Биология және экология тьютор Кажымуратова Ж.С.

Пән Индикаторлық геоботаника



(пән атауы)

Кредит саны_2






Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Сағымбаев Ғ.К. Экология негіздері Алматы, 1995

20

---

100







2

Бейсенова А.С., Шилдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология Алматы, Ғылым, 2001.

25

---

100







3

Саданов А.К., Сванбаева З.С. Экология Агроуниверситет, 1999

15

---

70






4


Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б. Экология негіздері (оқу құралы) Алматы, 1998

15

----

70







5

Торманов Н.Т. Экология және табиғат қорғау, Алматы, 1995.

10

---

50







6

Жатқанбаев Ж. Экология терминдерінің түсіндірме сөздігі, Алматы, 2000

10

---

50







7

Шілдебаев Ж. Қызықты экология, Алматы, 2000

15

---

50







8

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы, Алматы, Ғылым 1997 қаз. ауд. Көшкімбаев Қ.С.

15

10

70







9

Мамбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы Алматы Қайнар, 1990

25

10

100







10

Жамалбеков Е.Ү., Білдебаев Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясымен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000

10

----

20







11

Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта Алматы, Ғылым, 1998

10

---

20







12

ҚР «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы Заң (1981 ж)

15

---

50







13

ҚР «Жер қорғау» туралы Заң (1997 ж) Жаршы 1997, 13-14 бет

10

---

20







14

Родзевич Н.Н., Пашканг К.В. Табиғатты қорғау және көркейту, Алматы, 1984

10

1

20







15

Сағымбаев Г.К. Туған табиғатты аялайық Алматы, 1985

15

----

70







16

Петренко А.З. Природно-ресурсный потенциал и проектируемые объекты заповедного фонда ЗКО Уральск, 1980

10

10

20







17

Зеленая книга ЗКО Уральск, 2001.

1

1

0,1









5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Дәріс № 1

Индикаторлық геоботаника - жаратылыстану бағытындағы ғылыми пәндердің бірі. Негізінен геоботаниканың негізгі сұрақтарын жүйелі түрде баяндап, зерттеумен айналысады.

Геоботаниканың мақсаты:


  1. Фитоценоз туралы ілім.

  2. Жануарлардың өсімдіктер жамылғысына тигізетін әсері.

  3. Белгілі бір экологиялық жағдайға байланысты фитоценологияның өсімдіктерді қоршаған ортаның индикаторы ретінде пайдалану әдістерін талдау.

Геоботаника жаратылыстану бағытындағы барлық ғылымдармен

( экология, физиология, география, биология, геодезия т.б.) тығыз байланысты. Геоботаника грекше «гео» - жер, «ботаника» - өсімдік деген сөздерден шыққан.

Геоботаника - жер бетіндегі өсімдіктер мен олардың қауымы туралы және фитоценоздардың құрамы, құрылысы, өнімділігі, пайдалануы, өзгеруі туралы ғылым. Негізгі мақсаты - өсімдік қауымдастығының құрылысын, олардың табиғат және адам әрекетіне байланысты факторлардың әсерінен белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте өзгеруін зерттеу.

« Геоботаника» терминін алғаш рет 1866 жылы Ресейде Рупрехт, Германияда Гризебах енгізген. Әдетте геоботаниканы тарихи, экологиялық және харалогиялық деп бөледі.

Геоботаниканың зерттеу обьектісі: фитоценоздар және олардан құралған жер бетіндегі өсімдік топтары. Геоботаника фитоценоздардың структурасын, олардың ішіндегі биоталық қарым – қатынасын, фитоценоздардың ішкі ортасының ерекшелігін, даму тарихын және фитоценоздарды классфикациялаумен айналысады.

Флора – белгілі бір аймақта, өлкеде, ауданда және жерде тіршілік орындарының барлық типтеріне орналасып, сол жерге тән барлық өсімдік қауымдарын құрайтын өсімдік түрлерінің жиынтығы. Бұл анықтаманы берген 1974 жылы Толмачев. Әр флораның негізгі белгісі - оның түрлік құрамы. Белгілі бір территорияда өсетін өсімдіктердің түрлерін есепке алу немесе инвентаризация жасау, флораның түрлік құрамын есепке алу.

Өсімдіктер дегеніміз - орман, батпақ, дала, шөл, тундра сияқты жерлерде қалыптасатын әртүрлі өсімдіктер қауымдарының жиынтығы. Өсімдіктер табиғатта жекелеп өспейді, бір – бірімен байланысып қауым құрайды. Бұл фитоценоз деп аталады.

Өсімдік қауымының тіршілік заңдылықтарын арнайы ғылым – фитоценолгия зерттейді.

Сонымен, геоботаника өсімдіктер туралы ғылым, ал өсімдіктер жабыны фитоценоздардан тұрады.

Дәріс №2


Фитоценоздың құрамы мынадай элементтерден тұрады:

  1. Флоралық құрамы;

  2. Экобиоморфты құрамы;

  3. Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы;

  4. Фитоценозды құрайтын түрлердің ценопопуляциялық қасиеттері;

Өсімдіктің флоралық құрамын зерттеген кезде біріншіден фитоценоздың немесе ассоциацияның флоралық құрамына көңіл бөлу керек.

« Ассоциация» сөзі латын тілінен аударғанда « қосылу, қосылған » деген мағынаны береді. Ол - өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация дегеніміз – белгілі орында табиғи пайда болатын белгілі құрамды, тіршілік жағдайы біркелкі қауым. Фитоценозды зерттеуді оның флоралық құрамын анықтап, өсімдік түрлерінің тізімін жасаудан бастау керек.

Флоралық құрам фитоценоздың маңызды белгісі. Көбіне сипаттама бергенде күрделі өсімдіктер мен қыналардан басқа қауымның құрамына балдырлар, саңырауқұлақтар және актиномицеттер кіреді.

Фитоценоздың флоралық құрамы дегеніміз – онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығы. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан, қауым туралы толық мағлұмат алу үшін оның флоралық құрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білу қажет. Көптеген өсімдіктер вегетациялық кезеңді әртүрлі уақытта өткізеді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін ондағы түрлерді толық тізімге алу немесе инвентаризация жұмысын 2 мезгілде жүргізу керек: көктемде – жазда, көктемде – жазда және күзде. Нақтылы фитоценоздардың флоралық құрамы оларға диаспоралардың ( diaspora грек тілінен аударғанда «таралу», өсімдіктің таратылуға арналған кез – келген бөлігі ) келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп - өсе алатындығына байланысты анықталады.

Флоралық байлық – белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп, жетілген түрлердің сандық көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау жүргізу үшін әрбір систематикалық топтың – қынаның, мүктің т.б. топтардың түрлерінің санын есептеп шығару керек. Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай және күрделі болып бөлінеді. Жай фитоценоз бір немесе бірнеше түрден, күрделі көп түрден тұрады. Әсіресе орман флорасы бай флоралық құрамға жатады.

Л. Т. Раменский 1924 жылы флоралық құрамы толық және толық емес деген фитоценоз түрлерін бөлді. Өмір сүруге қабілеті бар кейбір түрлер кірмей қалса, оны Раменский толық емес деп атады. Фитоценозға адамдардың басқа жақтан алып келген өсімдік түрлерін кіргізу – интродукциялау соңғы кезде жиі кездеседі. Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің шамамен 90% - ке жуығы кездесетін қауымның ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты табу ауданы дейді. Ал ассоциацияны анықтау ауданы дегеніміз – ассоциацияның барлық негізгі белгілері айқындалатын ең аз ауданды айтамыз. Флоралық байлықты табу ауданы флораны құрайтын өсімдіктің мөлшеріне, үлкен – кішілігіне, өсу молдығына және таралуының біркелкілігіне, тіршілік ету жағдайының бірыңғайлығына байланысты.

Флораның толықтығы .Флоралық байлықты табу ауданының мөлшері өсімдіктің типтеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қауымның флоралық толықтығын анықтауда түрлерді санау оның барлық ауданында немесе оның бір бөлігінде жүргізіледі. Қауымның флоралық толықтығы дегеніміз – ол белгілі бір аудан көлемінде өсетін түрлердің саны. Далалық жерлерде қауымның флоралық толықтығы 1 шаршы метр көлемінде 12 – ден, құрғақ далада, бозды далада 60 – қа дейін, шалғынды далада 80 – ге дейін өзгеріп отырады. Ассоциацияда кездесетін әрбір түрдің маңызды белгісі – оның тұрақтылығы. Ассоциацияны сипаттағанда түрдің тұрақтылығы % - пен көрсетіледі. Тұрақтылық дәрежесі 10 балдық шкаламен белгіленеді.

Экобиоморфа – белгілі бір сыртқы және биоценотикалық ортаның жағдайда табиғи сұрыптау нәтижесінде өсу формалары, биологиялық ритмі және экофизиологиялық, соның ішінде ортаны жасаушы ерекшеліктері ұқсас түрлердің жиынтығы. « Экобиоморфа » гректің

« эко - өмір, био - өсімдік » деген сөздерінен шыққан. Биоморфаның ерекшк түріне қыналар, мүктер, папоротниктер жатады. Экоморфа – сыртқы ортаның жағдайымен қарым – қатынасына байланысты тіршілік формасы. Ең алдымен оған ылғалдылық жатады.

Дәріс№ 3


Фитоценоздың флоралық құрамнан басқа белгісі - түрлердің ара қатынасы. Бір түр басқалармен салыстырғанда басым болады, оны доминантты деп атайды. Санына қарай моно немесе полидоминантты фитоценоз ажыратылады. Фитоценоздағы ценотикалық маңыздылығы әртүрлі тұрлер фитоценотиптер деп аталады. Соның ішінде Сукачевтің, Раменскийдің, Быковтың классификациялары жиі қолданылады.

Сукачев фитоценозда 2 топты ажыратады:



  1. Эдификаторлар – қауымды жасаушылар, құраушылар;

  2. Ассектаторлар – қауымды құрауға қатысушылар.

Раменский фитоценозды 3 – ке бөлді:

  1. Виоленттер

  2. Патиенттер

  3. Эксплерентті

Быков фитоценозды 5 –ке бөлген:

  1. Кондоминанттар

  2. Доминанттар

  3. Субдоминанттар

  4. Эзодоминанттар

  5. Ингредиенттер

Ценопопуляция дегеніміз – (грекше «ценоз» - жалпы) фитоценоздың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы. Ценопопуляцияны ғылымға енгізген 1945 – 1950 жылдары Роботнов, ал толық түсінік берген 1961 жылы Петровский.

Фитоценоздың структурасы.

Структура латын тілінен аударғанда « құрылысы, орналастыру» деген мағынаны білдіреді. Фитоценоздың структурасында төмендегідей топтарды атауға болады:

1. Фитоценоздың морфологиясы немесе кеңістіктегі синморфология;

2. Фитоценоздың храналогиялық структурасы немесе фитоценоздың өзгергіштігі;

3. Эколого – биологиялық структурасы;

4. Фитоценоздың функциональдық структурасы;

5. Конституциялық структурасы;

Фитоценоздың вертикальды структурасының негізі болып ярустылығы, ал горизонтальды структурасының элементі - мозайкалығы. Ярустылық – фитоценоздың әртүрлі дәрежеде қабысқан ассимиляцияға заттар және энергия жинақтауға әрқалай қатысатын қабаттарға, ярустарға, қалқаларға, биогоризонттарға, яғни структуралық немесе функциональдық бөлімдерге бөлшектенуі. Фитоценозда дамитын өсімдіктер популяциялары тығыз қабат құрайды. Ол қабаттың әрқайсысын 2 ярусқа – жер үсті және жер асты ярусына бөлуге болады. Осы қабаттың әрқайсысы өзінше энергетикалық жүйе болып табылады. Сонымен, Быков бойынша қабат дегеніміз – фитоценоздың негізгі структуралық, сонымен бірге экологиялық және энергетикалық бөлігі. Быков фитоценозда төмендегідей қабаттарды ажыратады:


  1. Конституциялық немесе негізгі ( ағаштар, бұталар, шөптер, мүктер)

  2. Эдафикалық ( саңырауқұлақтар, микроорганизмдер)

  3. Орындаушылар ( планктондар)

Қабаттар горизонтальды ярустарға және биогоризонттарға бөлінеді. Ярус – фитоценоздағы қабаттың негізгі бөлігі. Онда негізінен ассимиляция жасайтын немесе сіңіруші және қор жинаушы өсімдік мүшелері үйлесіп орналасады. Басты қабаттың ярусы – басты, екінші қабаттың ярусы – екінші дәрежелі деп аталады. Ярустың өзін қалқа және биогоризонтальды деп бөлуге болады.

Қалқа дегеніміз – ярусты көлденең бөлгендегі бөлшегі немесе биік ағаштардың бөрік басы. Ал биогоризонттар деген ярустық ценоэкожүйедегі функциональдық бөлшегі. Быков ярустарды былай бөлді:



  1. Биіктігі жағынан 1 – ші ағаштар ( 15 – 20 м жоғары)

  2. Биіктігі жағынан 2 – ші ағаштар ( 6 – 15 м)

  3. Аласа ағаштар ( 6 м дейінгілер) – жартылай ағаштар мен бұталар

  4. Биік шөптер мен биіктігі орташа бұталар

  5. Биіктігі орташа шөптер мен аласа бұталар

  6. Аласа шөптер мен бұташалар, жартылай бұташалар

  7. Ерекше өсімдіктер – мүктер , қыналар.

Жер асты ярустары:

  1. Омброфиттер – жаңбыр суын және конденсацияланған ылғалды пайдаланатын өсімдіктер;

  2. Гидрофиттер – тамырсабақтары немесе жер асты өркендері жер бетіне жақын орналасқан, артық ылғалды жағдайда өседі;

  3. Трихофиттер – тамырлары мен тамырсабақтары орташа тереңдікте орналасатын топырақ капиллярларындағы суды пайдаланатын өсімдіктер;

  4. Фреатофиттер – тамырлары мен тамырсабақтары топырақтың терең қабатындағы ылғалды пайдаланатын өсімдіктер;

Фитоценоздың горизонтальды құрылысы.

Фитоценоздың көлденең жазықтықта біркелкі болуы сирек кездеседі. Работнов теңбілділіктің, яғни мозайкалықтың 7 түрін ажыратады:



  1. Эдафатофикалық

  2. Эпизофтық

  3. Синобиотикалық

  4. Клональды

  5. Зоогенді

  6. Антропогендік

  7. Экзогенді.

Дәріс№4 Индикациялық геоботаниканың негізгі түсініктері.

Қоршаған ортамен белгілі тұрақты байланысы бар немесе сол ортаның жағдайын танып – білу үшін қолданылатын өсімдік бірлестігі немесе жекеленген түр индикатор деп аталады. Индикатор көмегімен анықталатын жағдай индикация обьектісі немесе индикат деп аталады, ал анықтау процесі индикация деп аталады. Индикатор жеке түрде олардың бірлестігі де бола алады. Кейде түрдің немесе өте кең экологиялық амплитудасы болуы мүмкін. Кей белгілері әртүрлі экологиялық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Түрікмениядағы Қарақұмдағы калючилисниктің гүлі қызыл түсті, бірақ күкірт жиналған жерде түсі ақ түсті болады. Индикатор мен индикат арасындағы байланыс индикациялық деп аталады. Индикаторлық байланыстың сипатына қарай индикатор тура және жанама болып келеді. Тура индикатордағы аридті аудандардағы жер асты суларының индикаторы облигатты преотифиттер, яғни жер асты суларымен байланысқан өсімдіктер. Оларға жататындар: ши және түйетікен. Бұлар негізінен индикациялық байланыс бұзылса жойылып кетеді. Жанама индикатор – индикатор мен индикат арасында аралық звеноның қатысуымен анықталады. Мысалы, псаммофильді Aristida pennata - шөлдегі құмда, құмның жоғары қабатында жинақталған жер асты суларының мысалы бола алады. Осы пионер псаммофит арқылы құмның әлсіз бекінгенін анықтауға болады. Құмның терең қабатында жақсы аэроция жүреді. Жауын – шашынның еркін инфлитрацмя жасауына мүмкіндік туады. Индикациялық байланыс географиялық тұрақтылық дәрежесіне байланысты панареальды, региональды және локальды болып бөлінеді.

Phragmites auatrialis - панарельды индикатордың мысалы бола алады немесе оны басқаша жоғары ылғалды субстратта өсетін өсімдіктің мысалы бола алады.

Региональды - белгілі бір физико – географиялық облыста өсетін өсімдіктер.

Локальды - бір физико – географиялық ауданда өсетін өсімдіктер.
Индикациялық геоботаникалық бақылаудың нәтижесінде индикациялық геоботаникада төмендегідей бағыттар анықталады: педоиндикация, литоиндикация, гидроиндикация, мәңгі мұздар индикациясы, пайдалы қазбалар индикациясы, табиғи индикация, антропогенді процестердің индикациясы. Педоиндикация + литоиндикация = геоиндикация. Геоиндикация немесе топырақ индикациясы өсімдік жамылғысы мен топырақ арасындағы бағыт. Педоиндикацияның 2 бағыты бар:


  1. әртүрлі таксондар, оған топырақтың типі, типасты, туысы және түрі жатады.

  2. топырақтың белгілі бір қасиеті, яғни физикалық, механикалық қасиеттері жатады.

Таксондар индикациясының маңызы зор. Литоиндикация педоиндикациямен тығыз байланысты. Айырмашылығы – жердің терең қабатын қамтиды. Көптеген өсімдік бірлестігінің топырақ түзілуінің алғашқы стадиясында тау жыныстарының жарықшақталуында олардың химиялық құрылыстарының ерекшеліктерінде ( әктелу, карбонатталу, гранулометриялық құрамы) маңызы зор.

Гидроиндикация – жер асты суларының индикациясы. Көптеген өсімдіктің тамыр жүйелерінің топырақтың суы көп, терең қабаттарымен байланысы қабілетіне негізделеді. Сонымен қатар, олар жер асты суларының минералдану бағасының көрсеткіші бола алады. Мәңгі мұздар жағдайының индикациясы педо, лито, гидроиндикацияларының қорытындысы есебінде қолданылады.

Пайдалы қазбалар индикациясы - индикаторлық геоботаниканың басқа бағытынан ерекшеліктері бар. Тура индикатор ретінде өсімдік бірлестігі, жеке түр немесе ұсақ түрааралық форма, тераттар қолданылады. Индикацияның негізіне көптеген қосылыстардағы күшті форма түзуші рөлі бақыланған факт жатады. Олардың ішкі түріне паталогиялық әсері, түсіне, органикалық морфалогиясына т.б. жатады. Жанама әсері бірлестіктерде де жүргізіледі. Белгілі табиғи жыныстардың таралуымен байланысты практикалық маңызы шектеулі антропогенді процесс индикациясы өсімдік бірлестігінің эколого – генетикалық қатарына жүргізіледі немесе сукцессияға жүргізіледі. Табиғи процестерді индикациялаушы эколого – генетикалық эндодинамикалық қатар фитоценоздың ортасын ауыстырады. Экзодинамикалық ішкі себептерден сукцессия болады. Осы аталған бағыттардан басқа, климаттық жағдайлар индикациясы және тектоникалық құрылымдар индикациясы деген бағыттары бар.

Дәріс №5


Бақылау аудандары мен экологиялық профильдеу әдістері

Бақылау аудандарының әдісі біріншілік индикацияда егер индикатор ретінде тұтастай таралған табиғи объектілер пайдаланғанда қолданылады. Мысалы,топырақ немесе тау жыныстары. Бұл жағдайда кез – келген өсімдік қауымдастығы бұл объектілермен байланыста болады.Мысалы, топырақпен байланыссыз өсімдік бірлестігін қарастыра алмаймыз. Д.Д.Вышевкиннің анықтауынша, (1977) бақылау аудандары болып бірізді,үнемі берілген аудандарда бірнеше өсімдік қауымдастығының рельеф жағдайына,топыраққа және басқа да физико-географиялық комплекстерге байланысты қайталанып отыратын аудандар табылады.

Бақылау аудандарын таңдаудың жақсы әдісі болып оларды аэрофототүсірілімдер арқылы анықтау табылады. Ол үшін алдын ала далаға шықпас бұрын қосымша камералық белгілеу жүргізіледі. Осылайша зерттеуші индикаторларды анықтап,аэрофототүсірілімдердегі шекараларды тушьпен сызып берілген территорияны қарастырады. Нәтижесінде болашақ жұмыстың территориясында аэрофототүсірілімнің неше типі бар екені анықталады. Әрбір аэрофототүсірілім белгілі бір қауымдастықты немесе қауымдастық кешенін көрсетеді.

Бақылау аудандарын таңдау үшін аэрофототүсірілімдердің барлық түрлері 3-5 рет қайталанатындай болуы қажет. Былайша, бір ауданды таңдау мүмкін емес, сондықтан бірнеше ауданды таңдайды. Сараман бір картаның бетінің масштабы 1:100 000 болатынын, нәтижесінде жұмыстың ауданының 20% құрайтын кем дегенде 5 ауданды таңдау керектігін көрсетті. Бұл аудандар өзінің тұтастығында жұмыстың территориясының кішірейтілген көшірмесі болады. Бақылау аудандарын аэрофототүсірілімдерге қарап таңдау олардың жүйелігін қамтамасыз етеді.

Егер аэрофототүсірілімдер болмаса, бақылау аудадарын таңдау үшін ірі немесе орташа масштабты территория типтері (ормандар,бұталар,шалғындық,батпақ т.б) көрсетілген топографиялық карталар қолданылады. Алайда топографиялық карталарды пайдалану анық болмайды. Тек оны аэрофототүсірілімдерді алу мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданамыз.

Бақылау аудандарында жүргізілетін әдістерге сәйкес геоботаникалық жазбалар байқау алаңдарында жүргізіледі. Олар жалпы геоботаникада сәйкесінше объектілерге байланысты (орманда,шалғында т.б) жүргізіледі. Байқау алаңдары ретінде бақылау аудандарында кездесетін әрбір фитоценоз танылуы тиіс. Егер индикат топырақ түзуші аналық қабат немесе тереңдегі грунт сулары болса, онда оларды ашу терең шурфпен жүргізіледі. Бақылау аудандарында байқау алаңынан басқа аудандардың рельефіне енетін профиль сипатталады. Бұл профильдің мақсаты – қауымдастықтың рельеф бойынша таралуын сипаттайды.

Сараман көрсеткендей, тіпті бақылау аудандарын жүйелеу кезінде кейбір қауымдастықтың саны қамтылмай қалады. Бұндай негізгі қателіктерді азайту үшін, сонымен қатар фитоценоздың экологиялық қатарын көрсету үшін анықталып жатқан территория бірнеше профилдермен қиылысады. Олар рельефтің жоғарғы жағында орналасып, мүмкіндігінше бақылау аудандарын бір – бірімен байланыстырады. Профильдеу кезінде қауымдастықтар арасындағы шекараға, олардың арасындағы уақытша өтпелі экотондарға аса көңіл бөлінеді. Соңында профильде рельеф, өсімдіктер, топырақ және олардың жыныстары, жер асты грунт сулары сипатталады. Профильдің белгілі өсімдік жамылғысына жауап беретін төмендегі линиясында топырақтың, тау жынысының және жер асты суларының қасиетін көрсететін диаграммалардың гидрохимиялық анализі көрсетіледі.

Барлығы мәліметтер талданған соң жиналған материалдарды қорытынды тексерістен өткізеді. Ол үшін барлық геоботаникалық жазбалар өздері жататын қауымдастықтарға топтанады. Барлық бақылау аудандары мен профильдерінде жиналған қауымдастықтың анализдерінің қолдауымен жазбалардың саны кем дегенде 50 болуы тиіс. Әрбір қауымдастыққа индикатор ретінде негізгі қасиеттер беріледі. Соңында индикаторлық схема деп аталатын таблица құрылады. Онда өсімдіктер қауымдастығы белгілі бір тәртіппен орналасады. Әрбір қауымдастықтың қарсысындағы белгілі графаға оның белгілері ( топырақ пен тау жынысының жағдайы) және қорытынды бағасы көрсетіледі.

Дәріс№6

Индикациялық түсірілімді жұмыстардың алғашқы кезеңі



Индикациялық түсірілімдер арасында орташа масштабты (1:20000,1:25000) және ірі масштабты (1:25000 астам) түрлерін ажыратуға болады. Соңғысына индикациялық жоспарларды құрастыру жатады. Ең кең таралғаны-орта масштабты түсірілімдер. Олар, көбінесе, нақты әдіспен жүзеге асырылады. Нақты аймақтарда бірлестіктердің шифрларын шешу белгілері және олардың индикациялық мәнін нақтылау жүргізіледі. Одан кейін экстраполяция негізінде алынған нәтижелер барлық территорияларға таралады. Орта масштабты индикациялық түсірілімдерде 3 периодты ажырату қажет: алғашқы камеральды, далалық және аяқталған камеральды. Әрбір период дара этаптардан тұрады. Алғашқы камеральды периодқа:

А) әдеби және фондты материалдардың анализі және жинақтау;

Б) алғашқы индикациялық схеманы құру;

В) аэрофотоматериалдардың алғашқылық шифрларын шешу;

Г) нақты аймақтар және бақылаушы маршруттардардың бағыттарын анықтау.

Әдеби және фондты материалдардың анализденуі мен жинақталуына, олардың қаралуына байланысты, яғни оларды конспектілеп, кестелер ретінде құрастыру. Геоботаникалық мәліметтерге бай ірі көздерге келесі формамен кесте құрастыру қажет.

Индикациялық мәліметтер таблицалары.

(Көздердің аты)

Бірлестік.

Экологиялық жағдайларға байланысты мәліметтер.

(Рельеф, топырақ, таулы құрылымдар, грунтты сулар)

Аэрофотокөріністердің мәліметтері.

Кіші көздерге бір жалпы таблица құруға болады. Алғашқы индикациялық схеманы құрастыру жеке таблицаларды бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы жүзеге асырылады. Көптеген авторлар белгілегендей, бірлестіктердің қоршаған ортаның элементтерімен байланысы мүмкін болатын индикаторы ретінде көрсетіледі.

Өзінің тәжірбиелерінде жинақталған таблицаны қосымша мәліметтермен толықтыруға болады. Алғашқылық шифрларды шешу фотосхемаларда және олардың репродукциясында жасалды. Олардың шифрларын шешуге аудан контурларға бөлінеді, олар аэрофотосуретпен ерекшеленеді. Контурдың шекаралары калькада тушпен көтеріледі. Аэрофотосуреттер физиономиялық ерекшеліктеріне байланысты типизацияланады және аэрофотосуреттердің ұқсас контурлары бірдей индекс алады. Шифрларды шешушінің тәжірибелеріне байланысты аэрофотосуреттердің әртүрлі схемалық типтері геоботаникалық және ландшафтық жағынан талқыланады. Шифрларды шешушінің тәжірибелерінде болашақ индикациялық карталардың нұсқасын құруға болады. Ал, егер оның тәжірибесі аз болса, далалық сараман жұмыстарынан бұрын индекс жағдайларымен танысып, геоботаникалық жағынан қарастырмау қажет.

Алғашқы нақты аймақтарды таңдау шифрларды шешу негізінде жасалады. Аймақтар аэрофотосуреттердің барлық типтерін көрсететіндей болу қажет. Әдетте, оны бір ғана аумақта жүргізу нәтиже бермейді, сондықтан бірнеше аумақты таңдау қажет. Олар зерттелетін территорияның кішкене моделін құру керек. Ориентациялық импирикалық мәліметтер көрсеткендей, индикациялық картографиялауда нақты аймақтардың сандық көрсеткіштері индикаторды анықтағандай болады. Аймақтарға төртбұрышты форма келтіріледі. Олардың территорияларының мезорельефі созылыңқы болып келеді. Ол фитоценоздың бірқатар көлемін қамтуға мүмкіндік береді. Нақты аймақтардан басқа бақылаушы маршруттардың сирек жүйесі бар. Олар көп километрлі маршруттар болып табылады. Аэрофотосуреттер күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл маршруттар аэрофотосуреттердің толық зерттелгені жөнінде және олардың жеке типтерінің жіберілімдерінің жоқ екендігін білу үшін қажет. Белгіленген аймақтардың шекаралары мен бақылашы маршруттардың сызықтары картаға немесе фотосхемалардың репродукциясына белгіленеді. Нақтылы аймақтар және бақылаушы маршруттарды таңдау жұмыстардың камеральды периодымен анықталады.

Дәріс№7

Индикационды түсірілімдер кезінде өсімдіктерді қашықтан түсіру әдісі арқылы зерттеу

Қашықтан түсіру әдісі деп техникалық тәсілдермен зерттелетін ландшафпен байланысты болмауын айтады. Өсімдіктерді зерттеу кезінде қолданылатын ең кең таралған дистационды әдіс аэрофототүсірімдер және космофототүсірімдер, ұшу аппараттары арқылы жерден жоғарыда суретке түсіру немесе ұшқан кезде теледидар камерасымен түсірілген жердің көрінісін беру. ( Кейбір космостық түсірімдердің түрлері ). Аэрофототүсірім деп ауада ұшатын ұшақпен, тік ұшақпен түсірілген суреттер болып табылады, космостық деп орбитальдық станциядағы космостық камералар арқылы түсірілген CD спутниктік түсірімдер. Дистационды әдіске сонымен қатар аэровизуальды бақылауларды жатқызуға болады. Яғни белгілі бір жерді тік ұшақтан немесе ұшақтан көзбен қарау. Аэротүсірімдер және аэровизуальды бақылаулар әдетте аэроәдістер деп аталады. Олар индикациондық бақылауларда кең қолданылады.

Түсірілім көрсетілетін тік ұшақ суретке түсетін ауданға бірқатар параллельді жолдар жасайды. Ландшафты тік ұшақта арнайы аппараттар көмегімен суретке түсіру нәтижесінде аэронегативтік(аэрофильм) сериясы алынады. Суретке түсіру былай жүзеге асады, яғни тік ұшақ бір жүріп өткенде түсірілген көрші аэрофототүсірімдердің шеткі бөліктері бір-бірімен жабылады. Тік ұшақпен бір рет тік жүріп өткен жолдың нәтижесінде түсірілген түсірімдердің сериясы да, параллельді жүріп өткен жолдағы көршілес шеткі серия бөліктерімен жабылады. Нәтижесінде барлық ауданды тегіс жабатын түсірімдер жиынтығы пайда болады. Тік ұшақпен жүріп өткенде жиналып, көптеген бөліктерге бөлінген бөлек түсірімдер зерттелетін территорияның түгелдей бейнесін жасайды. Зерттеуші түсірімдердің орналасуын түсіну үшін соңғысы қандайда бір толық негізіне жапсырылады және әрбір түсірімнің шетінде көрсетілетін түсірімнің саны мен күні көрсетілу үшін белгілі бір деңгейде кішірейтіліп түсіріледі. Осындай түсірімдердің орналасуының кішірейтіәлген сызбанұсқасы накидтік монтаждың реппродукциясы деп аталады. Ол анықталған территорияның әрбір түсірілімінің жиынтығына қолданылады және осы репродукциясыз контактік мөр жасау қиын болады.

Әрбір түсірілімде аймақтың дәл бейнесін оның орталық бөлігі береді, шеткі бөліктері анықталған бұзылыстан зардап шегеді. Түсірілімнің орталық бөліктерін кесіп алу және оларды бір-біріне жалғағанда түгелдей жабық емес территорияның аэрофотобейнесінің түсірілімін алуға болады. Кішірейтілмей түсірілген сурет «фотосызбанұсқа» деп аталады. Фотосызбанұсқадан масштабтың сол немесе басқа кішірейтілген репродукциясы жасалуы мүмкін. Фотосызбанұсқаның монтажы әдетте картаның трапециясынан шығарылады. Фотосызбанұсқалар сияқты олардың репродукциясыда жұмсақ (қағаз), жартылай қатты ( картон), және қатты (фанер) негізде монтаждалады.

Аэрофототүсірілімдер үшін пленканың маңызы зор. Көбінесе изопанхроматикалық түрлері қолданылады. Барлық спектр бөліктері көрінетін деңгейіндегі суретке түсірілетін объектінің орташа ашық бейнесі көрінетін қара-ақ түсті түсірілім алынады.Кейде табиғи түріне жақын, объектінің бейнесін түспен беретін ЦН-3 деп аталатын түсті пленка қолданылады. Спектрозональды пленкалар ( СН-6, СН-6М және т.б.) кең деңгейде қолданылады. Олар әр түрлі объектінің бейнесін контрастты түсте береді, әсіресе өсімдіктерді, бірақ табиғи емес шартты түсте. Мысалы, әртүрлі ағаштар туыстарының дифференцирленген- контрастты киінген пленканы алуға болады, бірақ табиғи түріне мүлдем ұқсамайтын (қызыл, қоңыр көгілдір).

Аэрофототүсірілімдер масштабқа қарай бөлінеді. Өте ұсақ масштабты түсірілімдерге 1: 100000, ұсаққа 1: 35000-нан 1:100000, орташасына 1:12000-нан 1:35000 және ең үлкеніне 1:12000. Космостық түсірілімдер негізінде 1:10000000-нан 1:200000 масштабта түсіріледі.

Аэрофототүсірілімдерден немесе космофототүсірілімдерден алынған ақпарат шифр шешу деп аталады. Пайда болуына байланысты ол суреттегі контурдың нақты мазмұнын ашады. Шифр шешудің мақсаты болып табылатын объект геоботаникалық, топырақтық, геоморфологиялық және т.б. болуы мүмкін. Сонымен қатар егер шифр шешкен кезде түгелдей табиғи- территориялық комплекстер көрсетілсе комплексті, ландшафты болуы мүмкін. Шифр шешу сонымен қатар индикационды болуы мүмкін. Бірінші жағдайда түсірілімде бөлек объектілер (орман, шалғын, батпақ, ауыл және т.б.)көрсетіледі. Индикациондық шифр шешкенде ландшафтың физиономиялық және деципиентті компоненттері арасындағы байланыс қолданылады. Біріншілері индикатор ретінде көрсету, ал екіншілеріт- индикат ретінде көрсетіледі. Осылайша индикационды шифр шешу кең түрдегі географиялық ілімді қажет ететін зерттеу жұмысы болып табылады.

Міндетті шифр шешу объектінің пішініне жататын тікелей белгілерге байланысты. Оларға оның көлемі, оған түсетін көленке, бейненің құрылысы жатады. Индикационды шифр шешу жанама белгілер бойынша жүргізіледі. Олардың ішінде ландшафтың негізгі компоненттеріне байланысты геоморфологиялық, геоботаникалық, гидрографиялық, топырақтық, антропогендік және комплексті ландшафтымен ерекшеленеді.

Аэровизуальды бақылау аймақты тік ұшақпен немесе ұшақпен қарау болып табылады. Ол үшін алдын-ала маршруттардың жүйесі жасалады. Ол картада көрсетілгенмен байланысты болуы керек және маршруттардың дұрыс жүргізілуіне бағыт-бағдар береді. Ұшқанға дейін оның орташа жылдамдығынан шығатын ұшатын аппараттың бағыт-бағдарының жақын уақытын санау керек. Бақылаушы бірлестіктің аэровизуальды белгілерімен таныс болуы керек. Ұшқан кезде бақылаушыда карта, фотосызбанұсқа, бинокль, дыбысты жазатын желателен аппараты болуы керек. Ұшу әдетте 50-150м биіктікте жүргізіледі. Аэровизуальды бақылау кезінде авиадесантты операциялар жүргізіледі. Аэровизуальды бақылау кезінде а) жұмысты бастар кезіндегі территорияның рекогносцировкасы; б)баруға қиын аудандарды қарау; в) шифр шешудің нәтижесін нақтылау; г) далалық жұмысты аяқтау кезінде ауданның түсірілімін қорытындылап қарау

Дәріс №8


Индикациялық геоботаникалық түсірілім дала материалдарымен олардың индикациялық карта құрылуындағы кешенді қолданылудың жұмыс жүйесі болып табылады.Жалпы геоботаникалық картографияға сияқты бұл жүйе маршрутты,пикетажды,контурлы,аэроботаникалық түсірілім негізінде жүзеге асуы мумкін.Индикациялық карта геобота-литалық карталардың ерекше типін көрсетеді.Бұл картада әрбір бірлестік үшін өсімдік индикаторлық топтары үшін және қоршаған ортаның анықталған шарттарын көрсетудің мағынасын береді.Картаның мынадай турлері таралған.

1.Топырақ индикациясы

2.Инженерлі-геологиялық шарттар индикациясы

3.Гидрогеологиялық шарттар индикациясы

4.Қоршаған ортаны ластануына әкелетін көптеген элементтер,пайдалы қазбалардың индикациясы

5.Табиғи және антропогендік процестердің әртүрлі стадияларының индикациясы

Инженерлі-геологиялық шарттар индикациясының картасы литоиндикациялық деп,ал гидрогеологиялық шарттар индикациясының картасы гидроиндикациялық деп аталады.Бұл анықтамалар негізінен нақты емес,өйткені грунт суларының қасиеттерімен түрлерінің литологиялық ерекшеліктері ғана емес,сонымен қатар,жарықшақтардың,жаңа тектоникалардың пацда болуы, қалдықтардың сулануы да индикат бола алады.Жаңа индикаттардың түзілуі,зерттеулердің дамуымен байланысты индикаторлық карталардың да аумағы ұлғаюда.

Индикаторлық карта арнайы түсірілімдер нәтижесінде құрылады.Бірақ, кейін мұндай түсірілімсіз де құруға болады. Ол үшін геоботаникалық картаның жалпы сипаттамасы мен картографиялық және әдеби материалдардың қолданылуымен жузеге асады.Бұндай әдіс сирек кездеседі.Ол геоботаникалық картаның кешенді индикациясының интерпретациясы деп аталды.

Геоботаникалық картографиялық негізгі классификациялық категориясын, жоспарларды және ұсақ, орта, ірі масштабтағы карталарды коруімізге болады.

Казіргі өсімдік жамылғысының индикациялық картасынан басқа қалпына келтірілген өсімдіктердің де картасы құрылады.Онда кездескен реликті фрагменттер,экологиялық жағдайларды анықтацтын фитоценоздар пайдаланылады.Бұндай карталар табиғи шарттарды қалыптастырарда адамның әсерінен коп бұзылған аудандарда қолданылады.Негізінен,индикациялық түсірілімдердің негізгі бөлігі дистационды әдістердің кең қолданылуымен жүргізіледі. Сондықтан да түсірілімдердің әдістерін қарамас бұрын бұл әдістермен индикацияның мағынасын қысқаша тоқталады.

Дәріс№9

Тундра мен орманды тундраға тән индикациялық заңдылықтар.



Тундрада эдификат ретінде тамырсыз өсімдіктер – мүктер мен қыналар, ал оңтүстікке қарай бұталар мен бұташықтарға ауысу тән. Тундраның полюсіне қарай арктикалық полярлық шөл басталады. Тундраның оңтүстік шекарасында орманды тундра алқабы орналасады. Оған сирек ормандар мен қисық ормандар тән. Тундраның оңтүстік шекарасы Коло түбегінде 68 С солтүстік ендікте, Енисей өзеніне дейін Хатанго және Лена өзендерінің төменгі ағысында 71 – 72 С солтүстік ендікке дейін, Колымда 68 С солтүстік ендікке дейін, Ахота мен Беринг теңізіне дейін 67 С солтүстік ендікке дейін соозылып жатыр. Коло түбегінде сирек ормандар мен қисық ормандарда бишіқайың, Ақтеңіздің шығысында сібір шыршасы, Пясино өзеніне дейін сібір балқарағайы, Азияның шығысында кояндер қайыңы және ағаштектес тал болады. Тундрада орман жоқ, «тундра» сөзінің өзі « орман » деген мағынаны береді. Ол 3 аймаққа біріктіріледі: арктикалық, нағыз және оңтүстік тундра. Тундра 8 провинцияға бөлінеді:

  1. Кола түбегі – қыналар мен бишіқайыңнан тұрады;

  2. Шығыс – Европалық кіші және үлкен жерді тундрадан, мүктер мен бұташықтардан тұрады;

  3. Полярлық Урал – мүктер мен қыналар патшалығынан тұрады;

  4. Батыс Сібір жазығы – мүктер мен қыналардан, сібір балқарағайы, бишіқайыңнан тұрады;

  5. Орталық Сібір – дауыр, балқарағайынан тұрады;

  6. Таулы – жазықтықты Мутия тауында қыналар, жазықтығында батпақты мүктерден тұрады;

  7. Анадырь – Пенжа депрессиясы – қыналы, бұташықты тундрадан тұрады;

  8. Куляк – қыналы, бұташықты тундрадан тұрады.

Тундра өсімдік жамылғысы ылғалды, салқын жердің өсімдіктері – психорфиттерден, құрғақ – салқын жердің өсімдіктері – креофиттерден тұрады. Ксероморфты, психрофитті, мәңгі жасыл тырбиып өскен, жерге жабысқан бұташықтардан, брусников, клюква, собульник, жасыл мүктер мен бұталы қыналар кең таралған. Сонымен қатар тырбық қайың, голубика, морожка, курапачатовая трава өседі. Тундраның климаты өте қатал, салқын, жаздың орташа температурасы ең төменгі - 10 С. Үнемі қысы – жазы жел соғып тұрады, Ауада оттегі аз, тереңдігі 300 м – ге дейін мәңгі мұздар жатады.

Жер беті шөгінділерінің индикациялық құрылысын, өсімдіктер жамылғыларының сипатын, тундрада рельефты орналасу ерекшеліктерін білу аэрофото түсірілімінің шифрын оқу көмегімен жүзеге асады. Олар мәңгі мұздықтардағы жыныстардың, жоғары төрттік теңіздер мен теңіз жағалаулық саздар мен саздақ шөгінділердің, тегіс бетті суайрықтарында бұташықтар мен мүктердің дамуымен индукцияланады.


Жоғары төрттік теңіздік, теңіз жағалаулық беттік шөгінділердің

индикациясы.





Индикатор

Индикат

1. саз, саздақ

1. бұташықты,мүкті теңбіл тундра

2. құм, құмайт

2. бұташықты – қыналы тундра

Жоғары төрттік және қазіргі заманғы көл – батпақты және батпақты

тундраға тән ерекшеліктер.



Индикатор

Индикат

1. Орталық және Оңтүстік тундрадағы валикті – полигонды батпақ

Торфтың қалыңдығы 1 метрге дейін

2. Полигонды батпақты тундра және орманды тундра

Торфтың қалыңдығы 0,3 – 0,5 метр

3. Тегістеу – дөңесті оңтүстік тундра – орманды тундра

Торфтың қалыңдығы 1-5 метр

4. Дөңесті – торфты орманды тундра

Торф қалыңдығы 5 – 6 метр

5. Қайыңды – балқарағайлы орманды тундра

Көлді алювиалды шөгінді құм,құмайт

6. Орманды тундрадағы сирек балқарағайлы тундра

Саз, саздақ

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет