Семинар- тақырыбы: Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер



бет1/13
Дата12.10.2023
өлшемі62,17 Kb.
#184840
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
семинар ҚО және АОТ (1)
Назарова А отчет 2023, Олимпиада, aman-azy-yzy-m-phd-povtorno (4), bibliofond.ru 901474

ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
«Педагогика және жаратылыстану ғылымдары» факультеті
«Химия» кафедрасы


Қашықтықтан оқытудың әдістемесі мен технологиясы

ШЫМКЕНТ 2023


Семинар- 1.
Тақырыбы: Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер.



    1. Білімді ақпараттандырудың жағымды қырлары

    2. Қоғамды ақпараттандырудың білімді ақпараттандыруға әсері.

1. Білімді ақпараттандырудың жағымды қырлары
Білімді ақпараттандыру құралдарын білім қызметі саласының қайсысын да болмасын пайдалану әр қашан дұрыс болатындай әсер қалдыруы мүмкін. Айтары жоқ, көп жағдайда бұл тура осылай. Сонымен бірге білімді ақпараттандырудың бір қатар теріс қырлары да бар. Әр педагогтың білімді ақпараттандырудың жағымды факторларын біліп, практикалық жұмыста ескеруі қажет.
Мамандар даярлау жүйесінде ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану оқу орнының педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметінің келесі:
- Білім мазмұнын іріктеу мен қалыптастыру әдістері мен технологияларын жетілдіру;
- Информатика мен ақпараттық технологияларға байланысты оқытудың жаңа арнайы оқу пәндері мен бағыттарын ендіріп дамыту;
- Информатикаға тікелей байланысты емес дәстүрлі пәндердің көбісін оқытуға өзгеріс енгізу;
- Оқыту тиімділігін, оның дараландырылуы мен сараландырылуы деңгейін өсіру, қосымша мотивациялық тетіктерін пайдалану арқылы арттыру;
- Оқу үдерісіне әрекеттестіктің жаңа түрлерін ұйымдастырып, оқытушы мен оқушы қызметінің мазмұны мен сипатын өзгерту;
- Білім жүйесін басқарудың механизмдерін жетілдірудің елеулі мүмкіндіктерімен байытылуына әкеп тірейді.
Көп жағдайларда білімді ақпараттандыру құралдарын пайдалану оқушыларды нақтылы тәжірибелерді өз қолымен жүргізу мүмкіндіктерінен айырады. Ал мұның оқыту нәтижелеріне әсер ететіні сөзсіз.
Сонымен ақпараттандыру құралдарының көпшілігін шамадан тыс және жөнсіз пайдалану оқу үдерісіне қатысушылардың барлығының денсаулықтарына теріс әсер ететіндігі туралы ұмытпаған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет