Семинар- тақырыбы: Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер


Семинар- 3 Тақырыбы: Оқушыларды оқытуда мультимедияны пайдаланудың әдістері



бет6/13
Дата12.10.2023
өлшемі62,17 Kb.
#184840
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
семинар ҚО және АОТ (1)
Назарова А отчет 2023, Олимпиада, aman-azy-yzy-m-phd-povtorno (4), bibliofond.ru 901474
Семинар- 3
Тақырыбы: Оқушыларды оқытуда мультимедияны пайдаланудың әдістері

  1. Оқушылардың өз бетіндік жұмыстарындағы мультимедия

2. Компьютерді басқару және компьютерлік тестілеу.


1. Оқушылардың өз бетіндік жұмыстарындағы мультимедия. Мультимедия технологияларды пайдалану оқушыларының өзіндік оқу жұмысының тиімділігін артыра отырып, түрін айтарлықтай өзгертуі мүмкін.
Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу оқу процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдау мүмкіндігін береді. Оларды таңдау кезінде технологияның оқушының жеке игеру қабілеті мен нақты пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келуіне көңіл бөлінуі тиіс. Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты танымдық әрекеттерге араласа алады. Осындай процесс барысында оқушылар білім алып, оны іс-жүзінде қолданып ғана қоймай, сол ортадағы қосымша мәлімет көздерімен қажетті деген құралдарын өздері таңдап ала алады.
Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, оларды жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады. Қазіргі заманғы ақпарат алмасудың жоғары жылдамдығы, жан-жақтан түсіп жатқан түрлі форматтағы мәліметтер ағыны білім беру саласындағы мамандарды да мультимедиялық құралдарға мұқият зер салуға шақырады.
Мультимедиялық презентация мыналарды қамтиды:
· компьютерлік анимациялар
· иллюстрациялық қатар
· дыбыстық қатар
· видеофрагменттер
· гипермәтін мен гиперсілтемелер.
Мультимедиялық құралдар білім берудің қазіргі заман талаптарына сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған мультимедиялық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз.
Компьютерде мультимедиалық құрылғыларды пайдалануға арналған Windows-тің арнайы программалары бар. Олардың кейбіреулерін, мысалы, лазерлік ойнатқышты, әмбебап ойнатқыш пен фонографты, PowerPoint-ты қарастырдым.
Ойнатқыш 2 ге бөлінеді. Олар: Әмбебап және лазерлік ойнатқыштар. Әмбебап ойнатқыш дыбыстық және видео файлдарды ойнатуға, ал лазерлік ойнатқыш тек қана дыбыстық файлдарды ойнатуға арналған.
Power Point программасының информатика сабағын өткізуде пайдалануға болатын көптеген мүмкіндіктері бар. Олар: слайдтар жасау, анимациялар құру, кесте, диаграмма, суреттер, мәтіндер кірістіру мысалдарын қарастыруға болады.
Бұл үшін компьютермен оқытудың мынадай мүмкіндіктерін пайдалана алсақ, аталған мәселелер шешімін табады деп ойлаймын:
– сабақ барысында компьютерлік мүмкіндіктерді пайдаланып, слайдқа түсіру;
– интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу;
– сөздік жұмыстарын компьютерге микрафон арқылы жаздырып, тыңдалым қабілеттерін арттыру;
– арнайы дайындалған электронды оқулықтар арқылы өтілетін тақырып төңірегінде оқушыға жан-жақты білім беру;
– әр түрлі тесттік тапсырмалар мен басқа да компьютерлік нұсқадағы тапсырмаларды өз бетінше ойлана отырып, шешімін табуға мүмкіндік беру т.б.
Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері
- Әр-түрлі фигурадағы мәтін енгізу
- Суреттер енгізу
- Дыбыстар кірістіру
- Видеолар кірістіру
- Анимациялар құру
Қазіргі кездегі компьютерлерде тек жазып, оқып, сурет салып қана қоймай, суреттер, әр түрлі фигурадағы мәтіндер кірістіруге, анимациялар құруға бейнефильмдерді көруге және компакт дискіден музыкалық шығармалар тыңдауға болады. Компьютерлер осы үшін компакт дискілерді оқитын қосымша құрылғылармен, микрофонмен және колонкалармен жабдықталған.
Қорытынды
Мультимедиялық құралдарды пайдалану білім беру саласын, оқыту үрдісін айтарлықтай жақсарта алады. Бұл зерттеу мидың ақпаратты қалай өңдейтінін түсіндіре алатын мультимедиялық құралдардың тиімділігін түсінуімізге барынша ықпал жасады. Осы зерттеу мультимедиялық құралдарды оқыту мақсатына пайдаланудың тиімді, тиімсіздігін көрсететін бірнеше қағидаларды айқындады. Мультимедиялық құралдарды пайдаланатын оқыту барлық мәселелерді шешпегенімен, ХХІ ғасырда қолданылып жатқан (қолданылатын) оқыту құралдарының ішінде өзіндік маңызды орнын алары айқын. Зерттеулерге сүйенсек, мультимедиялық оқыту құралдары оқушыларды сабаққа ынталандырудың және оқытудың ең маңызды құралы болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет